Алтынай Жорабаева: ЛГБТ үгіт-насихатына мемлекет тарапынан шектеу қойылсын

0

Алтынай Жорабаева ЛГБТ өкілдерінің өзін насихаттауына қарсы шықты. Балаларымызға теріс үлгі көрсетеді деген әнші ЛГБТ өкілдеріне қарсы үндеу жасады.

«Алматы қаласындағы біраз Аналар, ұрпағымыз үшін, ұлтымыз үшін алаңдап, лгбт(лесби, гей, бисексуал, транс еркек, транс әйел) өкілдерінің ашық түрде, емін-еркін өздерін насихаттап, өздері сияқты болуға үгіттеуіне қарсы үндеу жасады. Алла разы болсын.

Расында, бұл лгбт өкілдерінің болмыстарына күлуден, мазақ етуден, қырып-жой деп айтудан аулақпыз. Өздерімен кетсін, аулақ. Біздің болашақ жастарымызды үгіттеуіне, емін-еркін ашықтан ашық өздерін насихаттауына қарсымыз. Мемлекет тарапынан рұқсат берілмеуін талап етеміз», — деді әнші.

Желі қолданушылары бірауыздан қолдау білдіріп, өз ойын жазып жатыр.

 

«Аллаға шүкір, жөні түзу сөз айтатын аналар бар екен. Ішкен-жегенін көрсетіп, қыдырғанын айтып жүретіндерден басқа да болашақта ойлайтын әншілер барына қуандым. Сөзіңіз дұрыс».

«Ұрпағым үшін алаңдаймын! Алла өзің қорғай гөр!».

«Алтынай ханым, тек Алладан ұрпақтарымыздың болашағын осындайдан сақтауын сұрайық».

«Түбімен жойылсын, елден аластатылсын. Қазақ ұлтын жою мақсатымен жасалынып жатқан саясат, бұндайлардың үнін өшіру қажет. Мен қарсымын», — деп жазды олар.