«Актердің жары болу өте қиын». Тәуекел Мүсілімнің жары мұңын шақты

0
251

Актер Тәуекел Мүсілімнің жұбайы Махаббат Мүсілім алғаш рет телебағдарлама эфирінен көрінді. Ол өзінің жұлдыз жарымен бірге «Алматы» телеарнасындағы бағдарламалардың біріне түскен, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Отбасы күніне арналған мерекелік бағдарламаға Тәуекел Мүсілім отандық эстрададағы жұлдызды жұптар – Жәния Джуринская мен Дания Хихметовты, Мейіржан Төребеков пен оның жұбайы Дана Есееваны, сонымен бірге өзінің жұбайы – Махаббатты да шақырған. Көңіл көтеруге арналған шоу-бағдарламада түрлі ойындар ұйымдастырылып, шоу қонақтарына түрлі қызықты сұрақтар қойылды. Осындай сұрақ-жауаптардың бірінде Махаббат Мүсілім Тәуекелдің үйде қандай адам екенін жасырмай айтып берді.

«Үйде Тәуекел басқа адам. Қамқор әке, қамқор күйеу. Отбасына көбірек көңіл бөлуге тырысады. Бірге тауға шығып, уақыт өткізгенді ұнатады. Біз көп жағдайда оның жұмыс кестесіне қарай демалысымызды ұйымдастырамыз», – дейді ол.

Бұдан бөлек, Махаббат Тәуекелдің ас талғамайтынын, алдына ұсынған кез келген асты сүйсіне жейтінін айтты. Айтуынша, оның жұлдызды жолдасы темекі шекпейтін және ішімдік ішпейтін жан.