Айжұлдыз Адайбекова мен Сәкен Қағаров мешітте неке қидырды

Танымал блогер Айжұлдыз Адайбекова мобилограф Сәкен Қағаровпен некесін қидырды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желі жұлдызы жеке парақшасында жақсы жаңалықты сүйіншіледі.
“Әрекет пен дұға түбі – береке. Ерлі-зайыптымыз. Қасымда болғандарыңа рақмет”, – деп жазды Айжұлдыз.
Айта кетейік, блогерге жігіті Исландиядағы сарқырамада тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаған еді.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, екі жасқа бақыт тілеп жатыр.
“Некелерің мәңгілік болсын!” Екеуі бір-бірі үшін жаралғандай”, “Екі дүниенің бақытын бұйыртсын!”, “Құрған отауларың берік болсын!”, – деп жазды көпшілік.
Еске салайық, блогер мобилограф Қыран Талапбекпен шаңырақ көтеріп, кейін ажырасып кеткен еді. Назар есімді ортақ ұлдары бар.