Айқын жаңа бейнебаянын сүйіктісіне арнады. Жеке өмірі жайлы көп айта бермейтін Төлепберген жұбайына арнап видео түсіремін деп біраз қалтасын жұқартқан.

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі НТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

“Бұрынғы клиптерден өзгешелеу, бюджеті де бұрынғы клиптерге қарағанда үлкендеу. Содан кейін ән де орысша. Алдыңғы әндердің бәрі қазақша. Бұл ән орысша. «Ты моя» деп аталады. Өзім әні мен сөзін жазған әнім. Өзі түгелімен идеясын шығарған әнім”, – дейді Төлепберген.

Айқынның кезекті туындысына басқа емес, Ерболат Беделхан режиссерлік етуде. Төлепберген “91” тобының продюсеріне өзі ұсыныс жасапты.

“Маған «Найнти уанның» клиптері ұнады, содан кейін ойладым бұл әнге келетін бейнебаянды Ерболат түсіру керек деп, осы Ерболатпен сөйлестім. «Найнти уанның» клиптері өзі өзгеше ғой. Сондай стильде түсіргім келді толығымен”, – дейді Айқын.

Алайда Ерболат Айқынның туындысын Ninety one-ның хиттарына ұқсатқысы жоқ.

“Жоқ, бұл «91» тобына ұқсамайды. Себебі Айқын мен «91» тобының өнері, бағыты екі бөлек. Бұл жерде енді сапа деп айтуға болады”, – дейді Беделхан.

Айқын мен Ерболат осыдан бір ай бұрын келісімге келген. Ал жаңа бейнебаянда Айқынның өмірлік жарын елімізге белгілі қыздардың бірі сомдайды екен. Өнер иесі бейнебаяндағы кейіпкерін жасырып қалғанымен, клиптің расымен де жұбайына арналғанын растап отыр.

“Айтқым келгені жай кез-келген жігіт машинада келіп жатып, әнді қойып өзінің ғашығын есіне түсіреді. Сосын қоңырау шалып: «ты моя если что, ты моя конкретно» деген сияқты… Иә, сүйіктіме арналған”, – дейді Айқын.

Айқын романтикаға толы видеосын жарты айдың көлемінде көрерменге ұсынамын деп уәде етті.

Источник: Stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз