Айгүл Иманбаева директор болған Сәбит Әбдіхалықовқа ақ тілегін арнады

0

Айгүл Иманбаева бұрынғы күйеуі Сәбит Әбдіхалықовты жаңа басшылық қызметімен құттықтады. Әнші Әуезов драма театрының директоры болып тағайындалған актерге желіде жазба арнаған деп жазады NUR.KZ.

Шоу-бизнес жұлдызы күйеуімен ажырасып кетсе де, жақсы қарым-қатынас сақтап қалған көрінеді. Ол тіпті, бұрынғы жұбайын жаңа қызметке келуіне орай, оны Instagram арқылы құттықтауды аянып қалмаған.

Оған қоса, әнші дәл осы жазбасына пікір қалдыру мүмкіндігіне шектеу қойып қойған.

https://www.instagram.com/p/Br44-TJBop6/?utm_source=ig_embed

Айта кетейік, күні кеше театр саласында бірқатар жаңа тағайындалулар болды.

Сәбит Әбдіхалықов Мүсірепов театрындағы басшылық қызметінен кетіп, Әуезов театрының директоры болды. Балалар мен жасөспірімдер театрындағы оның орнын әріптесі Азамат Сатыбалды тағайындалды.