Әбдіжаппар Әлқожадан қожалар туралы сұраған журналист өз шындығын айтты
Қожалар жөнінде өрбіген сұхбат салдарынан Әбдіжаппар Әлқожаның ғана емес, оны бағдарламасына шақырған журналисті де басы дауға қалған. Анна Данченко бұл жағдайда өзін жазықсыз кінәләп жатқанын айтып, керағар пікірлердің жанына қатты батқанын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Анна Данченко Instagram парақшасында шу тудырған сұқбатқа қатысты пікір білдіріп, өзіне жала жабылып жатқанын алға тартты.
«Көп нәрсе жазғым-ақ келеді, бірақ біреуге күйе жағып, жамандық тілеуден аулақпын. Алла бәрін көріп тұр.«Жазықсыз адамды кінәлі деп айтудың өзі үлкен күнә». Мені өзге ұлт екенімді біліп, ішкі жан дүниемді түсінуге тырысқан адамдардың аз екенін түсіндім. Өзім де кеудемді ұрып, «қазақпын» демеймін. Бірақ мен Қазақ елінің қызымын.
Қазақи тәрбие көрген, қарапайым отбасында дүниеге келген Аралдың тумасымын. Көптің жазып жатқан пікірлері жаныма батты. Үндемеймін. Өзімнен үлкен кісілерге сөз қайтарып қайтем?! Менің тәрбием басқа. Әке-шешем үлкенге құрмет көрсет деп үйреткен.
Бірақ, жасамаған әрекетімді жасадың деп жала жапқандарды Аллаға тапсырдым. Досты дос деп санайтын адаммын. Достыққа адалмын, шүкір! Бір күндік xайп үшін, қасықтап жинаған абыройымды шелеткеп төккісі келетіндерге не деймін?! Бәрі уақыт еншісінде» , — деп жазған Анна Данченко.
Айта кетейік, қожалар жайлы айтамын деп басы дауға қалған Әбдіжаппар Әлқожа ел арасында қызу талқыға түскен сұқбатына қатысты видео- үндеу жолдап, өз сөзіне пікір білдірген еді.
Әншіге өнердегі әріптестері де қолдау білдіріп, отандық жұлдыздар Әбдіжаппардың ойын дұрыс жеткізе алмағанын алға тартып, оған түсіністікпен қарауға шақырған.