«80-дегі шал хабарласты»: Түсіпбаеваның қыр-соңынан қалмай жүрген кім

0
2517
Сурет: instagram.com/meruert_tusupbaeva/
Advertisement

Отандық танымал әнші Меруерт Түсіпбаева әлеуметтік желіде оқырмандарына ашылып, өзінің қыр-соңынан қалмай жүрген қария туралы бар шындықты айтты. Елордаға барған өнер иесін 80 жастағы ер адам түн жарымда қоймай кездесуге шақырған, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

Меруерт Түсіпбаева Instagram парақшасында өзіне маза бермей жүрген азамат туралы азулы жазба жариялады. Шоу-бизнес жұлдызының сөзінше, бейтаныс ер адам түнгі он бірде оны кездесуге шақырып, оған арнайы дайындап қойған тосын сыйы бар екенін айтқан. Сонымен қатар, әншінің бөліскен жазбасынан қоңырау шалған адамның 80 жаста екені мәлім болды. Эстрада өкілі ер адамдардың қырындағаны жынына тиетінін алға тартып, жеке өміріне қатысты маңызды жайтты жария етті. Белгілі болғандай, өнер иесінің жүрегі бос емес екен.

«Кешегі күн ауыр болды. “Пендеміз ғой” ток- шоуы Әлібиге арналды, онсызда жалғызбасты әкесі әділетсіздікпен күресіп шаршаған, денсаулығы сыр берген, толқып әзер сөйледі. Бағдарламадан ауыр тас көтеріп шыққандай сезімде болдым. Құдай басқа салмасын, жазықсыз Әліби,2 жылға жуық қамауда. Қонақ уйден кешкі ас ішіп , демалайын десем, 80- дегі шал қоңырау шалады. «Кездесейік, менде Астанадамын» деп. Оның нөмірін қара тізімге қоямын.

Басқа нөмірлерден звондап, арасында сытылып шығып кетеді блоктан. Мен кеше қатты ашуландым. Аса дөрекі болған да шығармын. Әдемі қартая алмаған қарияға мені жөніме қалдыр дей жаздадым. Маған сағат түнгі он бірде кездесейік р кездесейік, саған тосын сыйым бар дейді. Алдағы уақытта 16 желтоқсан мақтау қағаздарына қол қоясың деді. Өтірік! 16 желтоқсанға қарсы, Әлібиді шығарса, маған сол ең керемет атақ, кез келген жүлдеден артық дедім де, телефонды жауып, шал- дың жаңа нөмірін блоктап тастадым!

Әліби кім екенін түсінбей, дал болған шығар. Таңертең ояна салсам, жекеге біреу хат жазады. “Хабар “арнасында жұмыс жасайды деп жазылып тұр екен профильде. Түріне қарасаң, дені сау адам сияқты. Уақыт таңғы 8:30 болған. Ерініп отырып жауап жаздым. Сөйтсем, бұл ерте алжыған біреу екен. Еркектердің қырындауы менің ғана жыныма тиеді ма?! Шынымен жыным ұстайды. Мазамды алмаңыздаршы. Жүрегім бос емес» , – деп жазды Түсіпбаева. 

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз