Жомарт кәсіпкер үміткерлер қатарында
Маңғыстау облысы, Тұщықұдық ауылының тумасы Асқар Керелбаев бүгінгі таңда облыстық мәслихат депутаттыға үміткер.
Облыстағы қала, аудандарда бірқатар мектеп, балабақша, мәдениет үйі, тұрғын үй салумен айналысқан ол туған жерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын, жерлестерінің әл-ауқатын арттыруға бағытталған бастамалардан тыс қалған емес. Сондықтан бүгінгі күні «Amanat” партиясында өзін депутаттар қатарына ұсынып, өңірдің ерекшеліктері ескеріле отырып жасалған сайлауалды бағдарламаның басым бағыттарының орындалуына ықпал етпек.
-Мектеп — болашағымыздың бастауы. Балабақша — бүлдіршіндеріміздің саясы. Мәдени ошақтар — халықтың демалыс орны. Тұрғын үй — жерлестерімнің жылы ұясы. Сондықтан осы жолда еңбек етіп келемін. Алдағы уақытта да бұл жұмыстарды жалғастыра беретініме сенімдімін. Ең бастысы — жерлестерімнің жайлы өмір сүруі, балаларымыздың емін-еркін мектептерде білім алуы. Партияның сайлауалды бағдарламасында мектеп, балабақша санын арттыру, халықтың әлеуметтік осал топтарын баспанамен қамту мәселесі бірінші орында тұр. Сол себепті осы игі бастамалардың басы-қасында жүру міндетім деп білемін,-дейді Асқар Керелбаев.
Асқар Керелбаев 1966 жылы 14 маусымда Тұщықұдық ауылында дүниеге келген. Мамандығы инженер-стройтель. Бүгінде Ақтау қаласының құрметті азаматы. «Құрмет» орденінің, «Ерен еңбегі» медалінің иегері.
1996 жылы кәсіпке келіп, ең алғашқы жұмысын Мұнайлы ауданына су тартудан бастайды. Осы күнге дейін Маңғыстау, Мұнайлы, Қарақия, Түпқараған, Бейнеу аудандарында, Ақтау, Жаңаөзен қалаларында 30-дан астам мектеп, балабақша, тұрғын үй, мәдени ошақтарын салған.
Күні кеше Маңғыстау шаруаларын әуре-сарсаңға салған қуаңшылықта облысқа Ақтөбеден мал азығын әкелуге қаржылай қолдау білдірген. Сондай-ақ Арыстағы оқиғадан кейін жапа шеккен тұрғындарға 87 үй салып берген жомарт азамат.
Асқар Керелбаев бұқаралық спортты дамытуға көп көңіл бөліп жүрген кәсіпкер. Өзі туып өскен Тұщықұдық ауылына спорт зал, Мұнайлы ауданына «Досан батыр» спорт кешенін салып берген. Қазіргі таңда «Досан батыр» спорт залының жанынан бассейін салу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Аталған спорт залдарында бірнеше ауыл жастары жаттығып жүр. Араларында Қазақстан, Азия чемпиондары бар. Сонымен қатар кәсіпкер үнемі спортшыларға қаржылай қолдау білдіреді. Олардың қатарында Әділбек Ниязымбетов, Елдос Жаңабергенов, Берік Әбдірахманов, Бекзат Нұрдәулетов сынды спортшылар бар. Бокстан чемпион болған спортшыларға үй алып беріп, спортқа деген жанашырлығын тұрақты түрде көрсетіп жүрген азамат.
Асқар Керелбаев қоғамға ғана емес, өзінің бірге туған ағайын-туысына , дос-жаранға да қол ұшын беруден тыс қалған емес. Сонымен қатар облыстағы ең ірі перзентхана — Ана мен бала орталығының ішкі жөндеу жұмыстарына да атсалысқан жомарт кәсіпкер.
Тапсырыс беруші: Н.Қарасаев.
Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.