Жетісулық журналист Түркияда өз таңдауын жасады
Түркияның Анкара, Ыстамбұл және Анталиядағы дипломатиялық өкілдіктерінде сайлау уческелері жұмыс істеді. Ондағы науқан да жоғары деңгейде өтуде.
Осы ретте, шетелде жүрген жетісулық әріптесімізден Түркиядағы сайлау қызығын сұрап білдік. «Өз елімдегі әрбір жаңалықты сізердің «Жетісу» газетінің желілік басылымынан оқып-біліп отырамын. Бұл жолы елдегі саяси науқанға қатысты да уақытылы ақпарат алып отырдым» деген Жансая Биқұрман ертемен барып өз таңдауын жасағанын жеткізді.
«Мен үшін Қазақстанның саяси өміріндегі әрбір жаңалық маңызды. Себебі, Түркияның өзінде жергілікті халық кейде «түркінің қарашаңырағы» дегенде кеудемді мақтаныш билейді. Тіпті, сол адамдардың сол сөзді еш пафоссыз айтып тұрғанына көзім жететін. Енді, міне, сол ыстық Отанда тағы бір тарихи сәтке куә болып отырсыздар. Мен де өз таңдауымды жасадым», — дейді ол.
Айта кетейік, аталмыш қалаларда 2 мыңға жуық жерлестеріміз дауыс беруге тіркелген.