СаЙлауалды бағдарламада облыстағы экология мәселесінің шешу жолдары қарастырылған

0

Бүгін «Amanat” партиясының Маңғыстау облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Киікбай Ешманов, Людмила Меңдығалиева, Жанболат Тангиев және Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің консультанты Ардан Аралбай облыстағы сауда базарларының бірі «Хазар» базарына барып, жұмысшылармен пікірлесіп, ұсыныстарын тыңдады.

Алдымен партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылды.

-Біз сіздердің өтініштеріңіз негізделген аймақ мәселелеріне нақты көзқарасымыз және облыс тұрғындарының әл-ауқатын арттыру бойынша нақты іс-қимыл жоспарымыз бар. Біз сайлауға нақты мақсатпен және елдің болашағы үшін жауапкершілікті толық түсініп барамыз! «AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасы аясында 2021 – 2022 жылдары 55 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылды. 2,2 млн шаршы метр тұрғын үй берілді. Екі жыл ішінде облыстың барлық тұрғыны үшін сумен жабдықтау қызметтері қамтамасыз етілді. «AMANAT» партиясы алдағы уақытта да халықтың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі жұмысты жалғастыратын болады,- деді Киікбай Ешманов.

Кездесуде «Хазар» базарының жұмысшылары облыстағы бірқатар мәселені көтерді. Соның бірі — экология мәселесінің өзектілігі.

Сонымен қатар базар айналасында қоғамдық көлік қатынайтын аялдамалардың болмауы да сауда үйіне келетін тұрғындардың емін-еркін қатынауына кедергі келтіріп отыр.

Ұсыныстарға құлақ асқан үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасында аталған мәселелердің шешімі ескерілетінін жеткізді.

-Экологиялық жағдайды жақсарту үшін «AMANAT» партиясы 70 гектарға жуық жасыл қорғаныс аймағын құру және «Қошқар Ата» қалдық қоймасын рекультивациялау бойынша жұмыстар жүргізу, Бейнеу және Сам мемлекеттік орман қорының аумағын 4,68 мың гектар алқапқа сексеуіл тұқымын егу арқылы 23,4 тонна ұлғайту, барлық рұқсат етілмеген полигондарды жою, елді мекендерде 86,4 мың ағаш отырғызуды қамтамасыз ету және оларды дұрыс суаруды ұйымдастыру, Түпқараған ауданында қалдықтарды басқарудың өңірлік жүйесін салу, 2023 – 2025 жылдар кезеңінде барлық ауылдарда ҚТҚ үшін кемінде 7,0 мың контейнер орнату, сонымен қатар облыстың барлық елді мекенінде экологиялық мәдениетті қалыптастыру және аумақтарды тазарту жөніндегі іс-шараларды қалыптастыру бойынша TazaLik жобасын іске асыру көзделіп отыр,- деп түсіндірді Людмила Меңдығалиева.

Нәтижесінде алдағы 5 жылда қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу үлесі 32,0-ден 42,3%-ға дейін ұлғайтылады.

Тапсырыс беруші: Н.Қарасаев.

Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.