«Жихадшылар әйелін сатады»: Сириядағы қазақ қызы сұмдық жайттарды айтты

0

Шетелдік журналистер Канара деп атаған келіншек ANF News басылымында ДАИШ-тағы қазақ әйелі туралы жарияланған мақаланың басты кейіпкеріне айналды. Сирияға келген қазақ қызы небәрі 26 жаста болса да, екі содырға тұрмысқа шығып, бес баланы дүниеге әкелген деп жазады NUR.KZ.

ДАИШ-та бес жылын өткізген қыз шетелдік журналистермен араб тілінде еркін сөйлеседі. Ұйым туралы ақпаратты ғаламтордан білген ол өз еркімен Қазақстаннан Сирияға Түркия арқылы келген екен.

Мұнда бойжеткенді күтіп алғандар оны ДАИШ құрамындағы қазақ жігітіне тұрмысқа берген екен. Осылайша, бойжеткен Сириядағы содырдан үш бала дүниеге әкеліпті.

Артынша Канараның күйеуі Сирия демократиялық күштерінің әскері қолынан қаза тапқан. Осы тұста Шаддади қаласына қашып үлгерген қазақ қызы тағы бір лаңкеске тұрмысқа шығып, екі бала босанған екен.

Фото: anfenglishmobile.com

Сириядағы соғыс туралы ашық айтқан Канара содырлардың жихадтың атын жамылып, өз әйелдерін сатып жіберетіндерін алға тартты. Ал қазақ қызы ДАИШ-тың басқа да мүшелерімен бірге бастапқыда Иракка, артынша қайтадан Сирияға қашуға мәжбүр болған екен.

Ол бірнеше рет қашуға әрекеттенгенімен, қолынан ештеңе келмегінін айтады. Себебі, ДАИШ шетелдіктерге қысым көрсетіп, ұсталған жағдайда жақ ашпауды бұйырған екен.

Фото: anfenglishmobile.com

ДАИШ-тағы жиһадшы жанұялардың мүшелері Сирия демократиялық күштері ұйымдастырған дәліз арқылы қашып үлгеріпті.

Солардың қатарынан табылған Канара да бес баласымен бірге Хасектегі Хоул лагеріне орналасыпты. Келіншектің ендігі арманы -өз отаны Қазақстанға оралу.

Фото: anfenglishmobile.com

Сұхбат 23 ақпан күні болған. Ал 24 ақпанда Хоул лагерінде мұнай өнімдері бар сыйымдылықтар жарылған. Оқыс оқиғадан 14 адам зардап шеккен екен. Жарылыстың себептері анықталып жатыр.