Ұлттық экономика министрі азық-түлікке айына қанша ақша жұмсайды (видео)

0

Бүгін Мәжіліс отырысынан кейін Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев журналистердің сұрағына жауап берді, деп хабарлайды kznews.

Видео Instagram-дағы ztb парақшасында жарияланды.

Ұлттық экономика министріне тілшілер «күніне немесе айына азық-түлікке қанша қаражат жұмсайсыз?» деген сауал қойды.

Әсет Ерғалиев «50-60 мың теңге кетеді» деп жауап берді.

Тек оның жауабынан бұл ақша бір айға ма, әлде күніне осынша ақшаға азықтана ма, онша түсініксіз болып қалды. Дегенмен министр видеода «айына» деп нақтылағандай болды.

Министрдің айтуынша, оның отбасы бүкіл Қазақстандағы басқа отбасылардан ерекшеленбейді, сондықтан жейтін негізгі азық түрлері — нан, сүт, қант секілді қарапайым азық-түліктен тұрады.