Тоқмәди түрмеден шықпайды – сот шешім шығарды
Алматы облысының сотында «ТұранӘлем банкінің» негізін қалаушы Ержан Тәтішевті өлтіргені үшін сотталған Мұратхан Тоқмадидің ісі қаралып, шешім шықты, деп хабарлайды Kznews.kz.
Бүгін Алматы облыстық сотында Мұратхан Тоқмадиді шартты түрде мерзімінен бұрын босату жөніндегі апелляциялық сатының үшінші отырысы өтті. Сот оны босату жөнінде шешімнің күшін жойды.
Бірінші сатыда Қонаевтағы сот Тоқмадидің колониядан шығуға құқығы бар деген шешім шығарған. 9 тамызда бұл ақпарат көпшілікке белгілі болды, содан кейін жәбірленуші тарап апелляциялық шағым түсірген.
2018 жылы Мұратхан Тоқмади банкир Ержан Тәтішевті өлтіргені үшін 10,5 жылға сотталған. Сот шешіміне сәйкес, 2004 жылы ол Мұхтар Әблязовтың тапсырысы бойынша кәсіпкерді атып өлтірген.
Тәтішевтің хаты
Еске сала кетейік, бизнесмен, “Кусто групп” компаниясының негізін қалаушы Еркін Тәтішев Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жолдаған еді. Қонаев қаласы сотының шешімі бойынша ағасының өліміне кінәлі азамат шартты түрде бостандықта жүруі себепті президентке жүгінуге мәжбүр екенін мәлімдеген.
2018 жылғы 24 қазанда Тараз қаласында Мұхтар Әблязовтың банкир Ержан Тәтішевті өлтіруін ұйымдастыру туралы ісі бойынша сот талқылауы басталған еді. Іс материалдары бойынша 2004 жылдың желтоқсан айында Тәтішев «ТұранӘлем» банкі АҚ басқарма төрағасы кезінде аң аулап жүрген жерінде қаза тапқан. Ол кезде оның өлімі жазатайым оқиға деп танылды.
Тергеу мәліметтері бойынша кәсіпкер Мұратхан Тоқмәдидің қолындағы мылтық көлік шайқалғанда кездейсоқ атылып кеткен. 2007 жылы Тоқмәди аң аулау кезінде Ержан Тәтішевке абайсызда өлтірді деген айыппен бір жылға бас бостандығынан айырылып, бірден рақымшылықпен босатылды.
Алайда 2017 жылы Мұратхан Тоқмәди 2004 жылы Тәтішевтің өлімі жазатайым оқиға емес, Мұхтар Әблязовтың өтініші бойынша жасағанын, тапсырыспен кісі өлтіргенін мойындаған болатын.
Алматыда өткен баспасөз мәслихатында 2004 жылы қаза тапқан банкир Ержан Тәтішевтің бауыры баспасөз мәслихатын өткізді. Ол Мұратхан Тоқмадиді шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы бірінші сатыдағы соттың шешімімен келіспейтінін мәлімдеді.
Ulysmedia.kz бас редакторы Самал Ибраеваға берген сұқбатында АҚШ ФБР-дің бұрынғы директоры Луи Фри банкирге жасалған қастандық әрекеті кездейсоқ болмағанын және бұл кісі өлтірудің артында үлкен адамдар тұрғанын айтқан.