Тоқаев пен Зеленский телефон арқылы байланысты
Әңгіме Украина тарапының бастамасымен өтті. Мемлекет басшылары Қазақстан мен Украина арасындағы гуманитарлық байланыстар мәселелерін талқылады.
Тоқаев сондай-ақ БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған нормалары негізінде Ресей мен Украина арасындағы қарулы қақтығысты дипломатиялық шешуге қатысты Қазақстанның ұстанымын растады.
фото: kapital.kz