Тимур Құлыбаев су тасқыны салдарын жоюға 30 млрд бөлді

0

Тимур Құлыбаев су тасқынынан зардап шеккен Атырау облысына 30 млрд теңге аудармақшы, деп хабарлайды Orda.kz порталы.

Қазақстанның бірқатар өңірлеріндегі тұрғын үйлер мен инфрақұрылым нысандарына айтарлықтай зиян келтірген бұрын-соңды болмаған және жойқын су тасқынына байланысты Тимур Құлыбаев Атырау облысын қалпына келтіруге 30 млрд теңге беріп отыр.

Қаражат тұрғын үйлерді қалпына келтіру мен салуға, инфрақұрылымды қалпына келтіруге, сондай-ақ табиғи апаттан зардап шеккен азаматтарды қолдауға бағытталады. Жұмыс залалды бағалау аяқталғаннан кейін бірден басталады.

«Мен су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көңілімді білдіремін. Алғашқы күндерден бастап су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға көмек көрсетудеміз. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен барлық қиындықтарды бірге еңсеретінімізге сенімдімін», – деді Құлыбаев.

Мемлекет басшысының жойқын су тасқынында күш біріктіру туралы үндеуіне Қазақстанның кәсіпкерлері мен белсенді азаматтары да қосылды. Соңғы жылдары Құлыбаевтың компаниялары президент бастамаларын қолдауға және қайырымдылыққа 85 миллиард теңгеден астам қаржы бөлді.

Айта кетейік, қазірдің өзінде су тасқынымен күресуге 1,5 миллиард теңге бөлінді.