Қайда жерленгені әлі белгісіз: Әлемдік БАҚ Айсұлтан Назарбаевтың неден қайтыс болғанын жазды

0
50801

Financial Times газеті Қазақстанның бірінші президентінің немересі Айсұлтан Назарбаевтың кокаинді мөлшерден тыс тұтынғаннан көз жұмғанын мәлімдеді, деп хабарлайды mediazona.ca.

Газет мәліметінше, Айсұлтан Назарбаев FT басылымына берген сұхбатында «білетіні» жайында айтуға әзір екенін жеткізген. Кіші Назарбаев қазақстандық оппозиция өкілдерімен байланысқа шығып, мұнай саласындағы жемқорлық сызбасын жария еткен. Сондай-ақ жемқорлыққа отбасы мүшелері мен Кремльден кімдердің қатысы барын да айтқан.
Газет зерттеген құжаттардағы кей мәліметтер Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі айтқанымен бірдей.

13 ақпан күні Айсұлтан Назарбаев Facebook парақшасында «Ресей мен Қазақстан билігі арасындағы ауқымды жемқорлық» туралы ақпараты бары туралы жазған еді. Желідегі жазбасында қазақстандық газдың Ресей «Газпромына» «бақыр тиынға» сатылып жатқаны туралы жазған болатын.

16 тамыз күні Айсұлтан Назарбаевтың жүрегі тоқтап көз жұмғаны белгілі болды. Сол күні анасы Дариға Назарбаева ақпаратты растады.

Financial Times Айсұлтан Назарбаевтың 2020 жылы тамызда Лондон орталығындағы Грин-паркте көз жұмғаны туралы жазды. Лондон келесі жылы тергеу жүргізбек.

Елбасы немересінің қайда жерленгені әлі күнге дейін белгісіз. Елшілер бұған қатысты ақпарат беруден бас тартты.

Қаңтар айының соңында Айсұлтан екіұшты мәлімдеме жасап, 2019 жылдың маусымында белгілі бір себептермен әлеуметтік желі қолдана алмағанын айтқан еді. Сондай-ақ, жас жігіт жуық арада өзін әлдекімнің өлтіретінін немесе қабілетсіз деп танылатынын мәлімдеді.