Ресейлік тарихшы: КСРО пайда болмауы керек еді

0

Екінші дүниежүзілік соғыстың алдын алу үшін КСРО «пайда болмауы керек еді». Бұл туралы ресейлік публицист және тарихшы Марк Солонин айтты.

«Бұл қанды соғыстан сақтану үшін КСРО не істеуі керек еді?», — деген сұраққа, Солонин мынадай жауап берді: «Пайда болмау керек еді!».  Ресейлік публицист және тарихшы Марк Солониннің пікірінше, 1920-ші және 1930-ші жылдардың басында бүкіл Еуропада және Аргентинада тоталитарлық режимдердің пайда болуы «кездейсоқ емес және оның тамыры тереңде жатыр».

«Соған қарамастан, бұл ақылсыздықтың бәрі Ресейде немесе Ресей империясында басталды, сосың құрылған Кеңес Одағы Ресей империясының тәжірибесін пайдаланды. Сұмдықтың жеңісі өзінің қатыгездігімен, адамгершіліксіздігімен және тоталитарлық коммунистік режимді ұйымдастырудағы ессіздігімен, яғни халықаралық режим деп аталатын алып елде (Кеңес Одағы, Ресей империясы — бұл үлкен ресурстарға ие алып ел, әлемдегі жағдайға әсер етудің үлкен мүмкіндігі) ХХ ғасырдағы ең үлкен геосаяси апат болды. Мұнда күшейе бастаған сәттен бастап ресми түрде олардың қарсыластары («қоңыр» формальды түрде «қызылға» қарсылас саналды, бірақ жалпы екі реңк болды) билікке келудің үлкен мүмкіндіктері болды», — деді Солонин.

Солониннің айтуы бойынша, егер Ресей империясындағы большевиктердің жеңісі және «лениндік-сталиндік масқара жағдайы (ленинско-сталинское безобразие деп сипаттады Солонин)» болмаса, Германияда фашистер болмас еді және біз екінші дүниежүзілік соғыс дегеннің не екенін білмес едік!».

Керімсал Жұбатқанов, тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақ-Орыс халықаралық университетінің доценті