Қырым көпіріндегі жарылыс: жүк көлігінің жүргізушісі тапсырысты қайдан алғаны анықталды

0
Қырым көпірінде жарылған жүк көлігінің жүргізушісі, 51 жастағы Махир Юсубовқа тапсырыс қайдан түскені анықталды, деп хабарлайды Kznews.kz ақпарат агенттігі “МК” порталына сілтеме жасап.

Тергеушілер көлік бағытын зерттеді. Оларды, әсіресе, Юсубовқа тапсырыс түскен Армавир қаласы қызықтырды. Жүктің салмағы (құжаттарда қосалқы бөлшектер деп көрсетілген) 7-ден 25 тоннаға дейін, көлемі — 87 текше метрді құрады. Жүргізуші оны Симферопольге апаруы керек еді. Юсубов жарылғыш заттарды тиегенін білмеген болуы мүмкін.

Бірқатар телеграмма арнаның журналистері Юсубов Армавирде 7 қазанда сағат 12-ден 16-ға дейін болғанын анықтады. Бастапқыда жүкті алуға тапсырыс 6 қазанда жасалып, жүк көлігі 7 қазанда таңертең көпірге кіруі керек болған. Бірақ белгісіз себептермен сапар бір күнге өзгерді.

Достары Махир Юсубовтың радикалды мұсылмандар және қылмыскерлер қатарынан емес екенін мәлімдеді.

Құқық қорғау органдары да лаңкестік әрекетті ұйымдастырушылар жүргізушіні пайдаланды деген ойда.

Еске сала кетейік, Қырым көпірінде сенбі күні таңғы сағат алтылар шамасында жарылыс болды. Жүк көлігінің жарылуы төтенше жағдай нұсқасы деп танылды — бұл бақылау камерасының кадрларымен расталады.

Салдарынан екі вагон аралығы опырылып, жарылыс болған жерден өтіп бара жатқан пойыздың жанармай құйылған жеті цистернасы өртенген.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Қырым көпіріндегі жарылыстан үш адам қаза тапқан, деп жазады РИА Новости Ресейдің Тергеу комитетіне сілтеме жасап.

Ер адам мен әйелдің денесі судан шығарылған.

Сондай-ақ, Қырым көпірінде жарылған жүк көлігінің иесі Краснодар өлкесінің тұрғыны екені айтылады.