Қазақстан тарихындағы әйелдер кетірген Үкімет

0

Сонымен, Үкімет отставкаға кетті.
Бұл Қазақстанның, егер қателеспесем, 10-Үкіметі.
Шыны керек, Үкіметтің жұмысы керемет болды деп айтуға ауыз бармайды.
Осы Үкіметтің тұсында, елімізде қаншама бағдарлама қабылданды, қаншама стратегиялық шешімдер іске асырылды. Бірақ, осынау шешімдер халықтың әл-ауқатына оң әсер ете алмады.
Ана мен баланың мәселесі мүлдемге ушығып кеткендігін, көптеген министрлер білмеген де.
Яғни, қоғамнан алшақтап кеткен министрлер…
Министрлер Кабинетінің адами, рухани-әлеуметтік келбеті халық алдында көмескілене берді.
Елден алшақ, халықтан бөлек топ тәрізді болып кетті.
Институционалдық реформа, Конституциялық реформалар іс жүзіне асырылып, Үкіметтің құзыры кеңейтілсе де, сол құзырды пайдалануға қорқатын көрінеді, бұл Үкімет.
Жауапкершілікті өзіне жүктеу, күрмеленген мәселелерді творчестволық әдіспен шешу жағынан мүлдемге қадам жоқ.
Халық арасына барып, елмен сөйлесіп, ауыл-аймақтардың тыныс-тіршілігін сараптау өңіміз тұрмақ, түсімізде де жоқ.
Сондықтан, Үкіметтің кетуі логикалық тұрғыдан дұрыс шешім.
Бұл Үкімет тарихта «ана мен бала дағдарысы», әйелдер кетірген Үкіметі деп қалатын болар…

Ерлан Саировтың фейсбук парақшасынан

Сурет: qamshy.kz