Домой Жаңалықтар Президент әкімдермен кеңес өткізді

Президент әкімдермен кеңес өткізді

0
52

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауға келген облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерімен кеңес өткізді, — деп хабарлайды Kznews.kz сайты BORT N1 телеграмм-арнасына сілтеме жасап.

Президенттің тапсырмалары:

  • Үкімет пен әкімдер әлеуметтік-экономикалық мәселелерді жедел шешу және халықтың әл-ауқатын арттыру жөнінде шаралар кешенін қабылдауы қажет;
  • Жаңа Қазақстанды құру стратегиясы аясында саяси реформалардың кезекті топтамасын іске асыру керек;
  • Әкімдердің азаматтармен жұмыс істеу тәртібін қайта қарап, олардың аудан және ауыл тұрғындарымен жиі кездесіп, мазалаған мәселелерді шешуі, қоғам сенімін арттыруы қажет;
  •  Үкімет пен әкімдіктер жұмыссыздық деңгейін төмендету, кәсіпкерлікті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу жөнінде жүйелі шаралар қабылдауы тиіс;
  •  Облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері бүгінгі Қазақстан халқына арналған Жолдауда жүктелген міндеттерді сапалы жүзеге асыры керек.

(Фото BORT N1 телеграмм-каналынан алынды)