Президент әкімдермен кеңес өткізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауға келген облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерімен кеңес өткізді, — деп хабарлайды Kznews.kz сайты BORT N1 телеграмм-арнасына сілтеме жасап.
Президенттің тапсырмалары:
- Үкімет пен әкімдер әлеуметтік-экономикалық мәселелерді жедел шешу және халықтың әл-ауқатын арттыру жөнінде шаралар кешенін қабылдауы қажет;
- Жаңа Қазақстанды құру стратегиясы аясында саяси реформалардың кезекті топтамасын іске асыру керек;
- Әкімдердің азаматтармен жұмыс істеу тәртібін қайта қарап, олардың аудан және ауыл тұрғындарымен жиі кездесіп, мазалаған мәселелерді шешуі, қоғам сенімін арттыруы қажет;
- Үкімет пен әкімдіктер жұмыссыздық деңгейін төмендету, кәсіпкерлікті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу жөнінде жүйелі шаралар қабылдауы тиіс;
- Облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері бүгінгі Қазақстан халқына арналған Жолдауда жүктелген міндеттерді сапалы жүзеге асыры керек.
(Фото BORT N1 телеграмм-каналынан алынды)