«Полицияның лауазымды өкілдері өтінген»: Құқық қорғаушы Ағаділдің ұлының өліміне күдіктінің өз кінәсін мойындамайтынын айтты

1

Қазақстанда азаматтық белсенді болған марқұм Дулат Ағаділдің ұлының өліміне күдікті ешкімді өлтірмегенін айтады, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

Бұдан бөлек, оның адвокатының сөзінше, істе заң бұзушылықтар көп. Жанболат Ағаділ 11 қарашада Нұр-Сұлтан шетінде төбелес кезінде пышақ жарақатынан қайтыс болды.

Әлеуметтік желіде полиция учаскесінен түсірілген видео пайда болды. Онда 21 жастағы күдікті Өміржан Рахмет қылмыс болған жерге қалай келгенін айтқан. Күдіктінің адвокаты Жандос Тұяқов Рахмет кінәсін мойындамайды деді.

«Қорғалушымның сөзінше, полиция учаскесінде тергеуден кейін, оны бөлек бөлмеге алып кеткен. Онда онымен полицияның жоғары лауазымды өкілдері сөйлесіп, камераға Ағаділдің отбасынан кешірім сұрауын өтінген. Осыдан кейін Өміржан Рахметті бірден үйіне жібереміз деген. Ең бастысы – дәл сол кезде оған Жанболат Ағаділдің өлгенін оған айтпаған», — дейді адвокат.

Адвокат бірнеше күннен бері қорғалушысына жібермегенін айтты. Оның сөзінше, «жоғарыдан бұйрық берілмей» полиция өкілдері тергеу ісіндегі видеоны жариялай алмайды.

Тағы бір заңгер Жангелді Сүлеймановтың сөзінше, бұл заңға қайшы.

«Тергеудің өзінің түсініктемесі бар. Сұрауға алу – тергеуші күдіктіге сұрақтар қояды. Ал бұл тергеу ісі емес. Бұл түсініксіз, күдіктінің мойындауын видеоға түсіру заңсыз іс-әрекет», — дейді Сүлейманов.

Видеожазбаның әлеуметтік желіге қалай тарап кеткенін ішкі істер министрлігінің өзі түсіндіріп бере алмай жатыр. Нұр-Сұлтан полициясының департаменті болса, видеоны түсірмегенін, ешкім таратпағанын айтады.

Әзірге басты күдіктінің адвокаты прокуратураға полиция әрекетіне қарсы шағым бермекші. Шағымды 21 жастағы Өміржан Рахметтің өзі жазды. Ол ешкімді өлтірмегенін айтады. Бұдан бөлек істе тағы екі күдікті бар. Олар жайында әзірге ешнәрсе белгісіз.