Назарбаев Вашингтондағы лоббистерге миллиондаған ақша төлеген
Экс-презтидент Нұрсұлтан Назарбаев Вашингтондағы лоббистерге миллиондаған ақша төлеген. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі Eurasianet басылымына сілетеме жасап хабарлайды.
Бұл туралы 2011-2014 жылдары Өзбекстандағы АҚШ елшісі қызметін атқарған Джордж Кролдың Қазақстан мен Өзбекстанның тұңғыш президенттері туралы жазған естеліктерінде айталған. Естелікте мұнай мен табиғи ресурстары Қазақстанды Америка Құрама Штаттарының Орталық Азиядағы таңдаулы серіктесі ретінде қысқа уақытта алдыңғы қатарға шығарғанын айтылған.
“Назарбаев АҚШ-қа қалағанының көп бөлігін берді, әсіресе, оның орасан зор мұнай байлығына қол жеткізді, бірақ әрқашан өзінің билігіне қауіп төндіретін немесе солтүстік пен шығыстағы ірі көршілерімен қарым-қатынасын бұзатын нәрселерден аулақ болуға тырысты. Оның үкіметі Вашингтонның лоббистеріне, имидж қалыптастыру жобаларына миллиондаған қаражат жұмсады”, – делінген жазбада.
Басылым АҚШ әкімшілігі мен конгресінің Назарбаевқа қалауынша әрекет етуге кең мүмкіндік бергенін айтады.
Жазба авторы Назарбаевтың Қазақстанның мүдделерін қорғауда нағыз шебері болғанын, өз елінің осал географиялық, демографиялық және геосаяси жағдайын жақсы түсінгенін атап өтеді. Оның пікірінше, Назарбаев Америка Құрама Штаттарына сырттай дос болып көрінгенімен, ол Вашингтонның Қазақстанды қорғайтынына іштей сенбеген, сондықтан өз елінің егемендігін, гүлденуі мен қауіпсіздігін сақтау үшін шебер саясат жүргізген.
Еске салсақ, бұған дейін АҚШ-тың бұрынғы елшісі Қазақстан мен Өзбекстанның экс-президенттері туралы естелігін айтқан еді.