Назарбаев: Қыздар аз туылатын ұлт құрдымға кетеді

0

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздарымен кездесу барысында аруларды аялауға шақырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Президент қыздардың ұлт болашағы екенін айтқан.

«Қыздар дүниеге аз келетін мемлекеттердің болашағы жоқ деп есептей беріңіздер. Қытайды мысалы әйелдерге қарағанда ер адамдардың саны 60 миллонға артық болып отыр. Онда ер адамдар өздеріне жұп табу үшін, өзге елдерге барады. Мемлекетте қыз балалардың саны азайған сайын, ұлттың жойылып кету қаупі де жоғарылай түседі», — дейді президент.

Президенттің айтуынша, 3000 жылы қай ұлт жоғалатыны белгілі болады екен.

«Қыздар дүниеге аз келген ұлттар ең алдымен құрдымға кетеді. Әрине ондайды ойлаудың өзі қорқынышты, бірақ шындық осы. Сондықтан қыздарды аялайық!», — деді мемлекет басшысы.