Назарбаев Қырғызстаннан Ақаев пен Бакиевті қалай алып шыққанын айтты

0
107
Сурет: russ.azattyk.mobi

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Хабар» телеарнасына берген сұқбатында Қырғызстанның экс-президенттері Асқар Ақаев пен Құрманбек Бакиевті 2005 және 2010 жылдардағы революциялар кезінде көрші елден қалай алып шыққаны туралы әңгімеледі, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

«Мен Ақаевты Бішкектен Таразға тікұшақпен алып шығуға мәжбүр болдым. Жағдай қиын болған, олар оқ атуы мүмкін еді. Жағдайды ушықтырмас үшін мен оны алып шықтым. Одан кейін де осыған ұқсас жағдай қайталанды. Ол Ошқа бекініп, жақтастарын жинап, оларға қару беріп, Бішкекке баруға оқталды», – деді Назарбаев.

Экс-президенттің айтуынша, Роза Отунбаева Назарбаевтан «Бакиевті сабырға шақыруын сұраған». Келіссөздерден соң Құрманбек Бакиевті Қырғызстаннан кетуге көндірдім, дейді Назарбаев.

«Сол кезде Вашингтонда ядролық қаруға қарсы істер жөнінде жиналыс өтіп жатқан, Ресейдің сол кездегі президенті Медведев еді, Обама үшеуміз оңаша шығып, ана жақта азамат соғысы басталғалы жатқанын, Бакиев Бішкекке қарай барғысы келетінін талқыладық. Мен оны елден шығаратынымды айтып, Медведевтен ресейлік әскери ұшақтармен менің ұшағымды қорғауын сұрадым», – деді Назарбаев.

Оның айтуынша, осылай жасамағанда, көрші елде қырғыз болуы мүмкін еді.

2005 жылы алғашқы революция кезінде елдің сол кездегі президенті Асқар Ақаев отбасымен Ресейге қашты. Одан кейін билікке келген Құрманбек Бакиев 2010 жылғы революция кезінде отбасымен бірге елден қашты. Қазір ол Беларусьта тұрады.