Мейіржан өзін таптағысы келетін адамдарға сеніп отыр — Дана Есеева

0

«Мейіржан және мен жайлы жалған сөйлеп жүрген блогерлер мен журналистерді көрдім. Намысқа тиіп, шындыққа жанаспайтын сөздер айтуда. Бұл белгілі адамдардың тапсырысы немесе өтінішіне ұқсайды. Қазір ақпараттық соғыстың басталғанын көбісі түсінеді, бірақ оны бастаған біз емес.

Біз ұзақ уақыт бойы үндемедік, себебі Мейіржан аузын ашқан жағдайда үстінен баптар қосылатынын бізге ашық ескертті», — деп бөлісті Дана Есеева.

Айтуынша, енді органдар оның көйлек дүкені мен тұшпара шығаратын фабрикасын тексеруге тырысуда.

«Енді мен 12 жыл бойы құрған бизнесті тексермекші. Бірақ ол жерден не табады? Көйлектер мен тұшпара? Қолда бардың бәріне таза еңбекпен жеттік. Күндіз-түні жұмыс істедік.

Ал Мейіржан алданып қалса, ол сенгіштігінен. Сіздер түсіну үшін айтайын, ол қазір өзін таптағысы келетін адамдарға сеніп отыр», — деді Есеева.