Латвия жаңа президенті туралы не білеміз?

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Латвияда жаңа мемлекет басшысы сайланды. Кәсіби заңгер Эгил Левитс республиканың президенті болды. Жаңадан сайланған Латвия президентінің саяси көзқарасы туралы мынадай мәліметтер бар.

Латвияның жаңадан сайланған басшысы Ресей мемлекетіне қатаң және дәйекті саясат жүргізу керектігін айтады. Эгил Левитс антиресейлік санкцияларды қолдайды және осы мәселе бойынша әріптестерінің әлемдік деңгейде пікірін ортаға салады. Саясаткер латвиялық ұлттың өзін-өзі тануды қолдайды және орыс мектептерінің жабылуына қолдау көрсетеді.

Левитс кандидатурасына көпшілік дауыс берілді: 61 депутат оны президент болуына лайықты деп санады. Саяси қарсыластар мынадай көрсеткіштермен артта қалды: депутат Дисдис Шмитс 24 дауыс алды, құқық қорғаушы Юрис Янсонс 8 дауыс алды.

Левитс Германия, Швеция, Австрия, Венгрия сияқты елдерде елші болып жұмыс істеді. Содан кейін ол Әділет министрі болып тағайындалды, одан кейін маман ретінде Еуропалық Адам құқықтары жөніндегі сот судьясы қызметін атқарды. Осы лауазымда 9 жыл жұмыс істеді.

Жаңадан сайланған Латвия президентінің саяси ұраны: «Мен адамдарға ұнау үшін бірдеңеңі жасамаймын. Бұл менің міндетім емес. Саясат – бұл маңызды мәселе».

Керімсал Жұбатқанов, тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақ-Орыс Халықаралық Университетінің доценті.

Загрузка...