Экономика әлі күнге дейін пайдалы қазбаларға тәуелді болып отыр
Мемлекет басшысы Үкімет пен Парламентке геологиялық барлау және кеніштерді игеру ісіне инвестиция тартып, салаға қатысты нақты шаралар әзірлеуді тапсырды.
«Еліміздің өндірістік әлеуетін барынша арттыру маңызды. Қазақстан экономикасы әлі күнге дейін пайдалы қазбаларға тәуелді болып отыр, яғни ел экономикасының құрылымы қарапайым. Шын мәнінде, бізге қарқынды даму үшін күрделі, әртарапты экономикалық құрылым қажет. Әрине, шикізат нарығындағы әлемдік бәсекеде біздің өз артықшылығымыз бар. Қазіргі және стратегиялық міндеттерді орындау үшін оны тиімді пайдалану қажет. Сондықтан, осы саланы одан әрі дамыта беру керек», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.