«Ханның қызы» жапон елшісімен неге қатар отырмады? (ВИДЕО)
«Өзіңіз келе жатқанда жолды жаптыратын Ханның қызысыз ба?»,- деп былтыр Жаңақорғанда іс-сапарда жүрген кезінде жергілікті тұрғыннан сөз естіген Гүлшара Әбдіхалықованың басы тағы дауға қалды, деп хабарлайды kznews 31 арнаға сілтеме жасап.
Бұл жолы Қызылорда облысының әкімі Жапонияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Джун Ямаданді протоколға сәйкес қарсы алмапты.
Білім және экология саласын талқылауға келген елшімен Әбдіхалықова бір үстелдің басында бір-біріне қарама-қарсы отырмаған. Әкім өзі төрге шығып, қонақты сол жағына жайғастырыпты.
Ресми кездесудің бұл форматын аудан басшысы дәл осылай қайталапты. Бұл сөзсіз көпшілікке ұнаған жоқ.
Әлеуметтік желіде Қызылода өңірі әкімдерінің Жапон елшісін үстелдің сол жағына отырғызып, өздерінің төрге шығып алуын еліміздегі басшы қызметте жүргендердің үйреншікті әдеті деген сарындағы пікірлер жарыса жазылды.
Ал облыс пен аудан әкімдері протоколға сәйкес инвесторлармен неге бір-біріне қарама-қарсы отырып, келіссөз жүргізбегенін түсіндіріп бере алмады.
Мұндай ресми кездесулерге жауапты әкім аппаратының жетекшілері де бекітілген ереженің бұзылғанына қатысты жауап берген жоқ.
Жергілікті жұртшылық, әкімдердің жұмысы қанша қауырт болғанымен, әкімдік аппаратының жіберген қателігін аудан мен білдей облыс басшыларының байқамағанына масқарадан басқа айтар сөзіміз жоқ деді.
ҒАНИ ӘЛИЕВ, қоғам белсендісі:
– Шақыртумен келген қонақ болғаннан кейін, қарама-қарсы отырып қарсы алу керек. Ал бұлар как-будто ауданның әкімін қабылдап отырғандай болды. Ол кісі сол жағында төмен жағында отыр да, оң жаққа өзінің орынбасары, жауапты адамдарын отырғызып қойып, ол оның өзінен жоғары отыр. Как будто сол Жапонның Президенті сияқты елшіні қабылдап отырған.
ЛӘЗЗАТ БАҚТЫБАЕВА, қоғам белсендісі:
– Енді осы күнге дейін бізге инвестиция қажет деп сол инвестицияны құюға келген алпауыт ел ғой енді Жапония деген. Сол Жапонияның азаматтарына құрметті көрсетпеу,ол түбегейлі қазақ еліне сын болды деп есептелінеді.
Гүлшара Наушанқызы өзі мемлекеттік қызметте жұмыс жасаған. Яғни, ол бұған дейін де азаматтармен қарым-қатынас жасаған тұлға.
Арал ауданының әкімі Серік Сермағамбетов те бұған дейін өзі осындай жауапты жұмыстарды қадағалап жүретін Қызылорда қаласы әкімі аппаратының жетекшісі болған.
Жергілікті басшылардың инвесторларды осылай қабылдап жүргенін екі жыл бұрын Президент Қасым Жомарт Тоқаев та сынға алған еді.
Сол кезде мемлекет басшысы әкімдер қомақты қаржы құюға келген шетелдік инвесторларды тартуға құлықсыз кейіп танытып отыратындықтарын баса айтқан болатын.
Ал сөз түзелсе іс түзелер деп, 10 жыл бұрын қолданыстағы «бастық» сөзін «басшы немесе жетекші» деп өзгеру керек деп дәл осы Қызылорда облысында іс-сапармен жүргенде айтқан Әлихан Байменовтың ұсынысынан кейін, бір жылдан соң қоданыстан да алынып тасталынып еді.
Қоғам қайраткері, кейбір басшылардың Кеңестік дәуірден сіңіп қалған мінезін әлі де түзеу керек екенін айтады.
ӘЛИХАН БАЙМЕНОВ, Қазақстанның мемлекет қайраткері:
– Ресей империясында аймақтарды басқарушыларды генерал-губернатор деуді ол әскери құрылымға тән,тікелей бұйрық беріп, басып-жаншитын ұғымды енгізді. Сондықтан, Махамбет Исатай басшы мен қосшы дейді. Сол себептен де басшы сөзі мемлекеттік басқарудың мәдениетіне де әсер етуі тиіс. Бірақ батпандап кірген мысқылдап шығады. Елшіні осындай құрметпен қарсы алуды аудандық әкімдік алдымен облыста өткен кездесуге қарап өздері де жиынды осындай форматта ұйымдастыра салғандарын түс ауа телефонмен айтты.