ХАМАС содырлары кепілге алынған екі израильдік азаматты босатты

0

ХАМАС лаңкестік қозғалысының өкілдері қазанның 7-сі күні Израильге жасалған шабуылдан кейін Газа секторында тұтқынға алынған екі әйелді босатты. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі The Times of Israel басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Хамас содырларының хабарлауынша, кибуц Нир Оз қаласында тұратын Израиль азаматтары, 79 жастағы Нурит Купер және 85 жастағы Йохавед Лифшиц Мысыр мен Катардың арашалауымен босатылған. Ал олардың күйеулері Газада кепілде қалды.

Израильдік әйелдер Газа секторының Мысырмен шекарасындағы Рафах шекара бекетіне жеткізіліп, Қызыл Крест қызметкерлеріне тапсырылды.

Еске салайық, 7 қазанда ХАМАС Израильге шабуыл жасады. Лаңкестер Газа секторымен шекаралас Израиль қауымдастығына кіріп, жүздеген тұрғынды өлтіріп, адамдарды кепілге алды. Бұған жауап ретінде Израиль Газа секторына соққы бере бастады.

23 қазандағы мәлімет бойынша, ХАМАС шабуылы салдарынан Израильде 1400-ге жуық адам қаза тауып, тағы 222 адам кепілге алынған. Палестина билігі екі апта ішінде Газа секторындағы шабуылдардан 4000 мыңнан астам адам қаза тапты деп мәлімдеді.