Ермек Тұрсынов: 30 елдің қатарына несиеге белшесінен батқан халықпен, дәулеттің 90%-ін иеленген бір топ баймен кіреміз бе?

0

Танымал режиссер Ермек Тұрсынов Тоқаевпен алғашқы кездесуден кейін қалған әсерін бөлісті. Десе де, ол Қазақстанды жаңа деңгейге шығару үшін радикалды әрекеттердің жетіспей отырғанын, бұған мемлекет басшысының дипломат болғаны кедергі жасайтынын жасырмады.

«Ол президент болған кезде мен қуандым. Онымен кездесіп, сөйлескеннен кейін ұнаттым. Әрине, бұл алғашқы әсер. Ал алғашқы әсер әрдайым шынайы болады. Бірақ оның қазіргі жағдайы оның еркін әрекет етуіне мүмкіндік бермейді. Бәлкім оған дипломатияғы толы өткен өмірі көп әсер ететін шығар. Ол — дипломат.

Біздің мемлекет тап болған әртүрлі жағдай — клан мүддесі, отбасы мүддесі, әртүрлі қаржылық ұйымдар және т.б. көптеген проблема бар. Білесіз бе? Мен осы тұста Мұстафа Шоқаймен аналогия жасап өткім келеді. Мұстафа Шоқай — «Алаш Орданың» жетекшілерінің бірі. Ол Түркістан легионының негізін қалаушылардың бірі болды. Сталинге оппозиция болды, ол да өзгерісті қалады. Осы уақытта Ата-Түрк өмір сүрді.

Түркияны қалай бар сол күнге бір Мұстафа жеткізе алды, ал екінші Мұстафаның қолынан келмеді. Неге? Біріншісі бәрібір – гуманитар, ол өмір бойы тарих пәнінің ұстазы болғысы келген. Ол қандай да бір радикал әрекеттерге дайын болмады. Ал Ататүрік радикал әрекеттерге барды, оның қолынан келді. Мұнда Антанта, Германия сияқты мүдделер көп. Бірақ бәрібір Түркия құрылды. Қазақстан саяси еркіндігі жоқ болған соң, орныға алмай отыр. Өзіңнің мінезің мен табиғатыңа қарсы келетін сәттер өте көп. Қазір Тоқаевқа қарсы жұмыс істейтін уақыт келді. Мен оның жағындамын.

Қазір болып жатқанды үлкен өкінішпен бақылап отырмыз. Біз қайтадан артқа кетіп барамыз. Салынған жолмен жүре беру оңай екенін түсінемін, бірақ осылай жалғаса беретін болса, ешнәрсе өзгермейді. 30 елдің қатарына кіреміз деген декларациялар – ертегі. Себебі, онда немен кіреміз? Несиеге белшесінен батқан халық пен бүкіл экономиканың 90 пайыз дәулетін иеленген бір топ баймен кіреміз бе? 30 елдің қатарына мұндай мемлекеттерді қабыл алмайды. Надан әрі мәдениетсіздерді де қабылдамайды. Бізде «2030» деп аталатын өз антиутопиялық романымыз бар», — деп аяқтады сөзін Ермек Тұрсынов.