Елбасы елге шақырған Кекілбаев министрге керек болмады

0
6543

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен Монреальдағы Халықаралық азаматтық авиация ұйымындағы қызметін тастап, елге оралған көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың немересі Абыл Кекілбаев қызметсіз жүр Бұл туралы ол «ҚазИнформ» халықаралық ақпараттық агенттігінің (inform.kz) тілшісіне берген сұхбатында айтты.
«2015 жылы атамыз Әбіш Кекілбаевтың қазасына Елбасы келді. Сол кезде менің қайда жұмыс істеп жүргенімді сұрады. ІСАО-ға өткен кезім еді. «Тәжірибе жинақтап қайтып келесің» деп уәдемді алған. Уәдемде тұрып қайтып келдім. Бірақ қазір мұнда авиациядан тыс шаруалармен айналысып жүрмін. Шыны керек, уәдемде тұрып қайтып келдім де, министрдің кеңесшісі ретінде жұмыс істеп көрдім. Бірақ ол жерде өзімнің қажет екенімді сезіне алмадым», дейді Абыл Кекілбаев.
Сұхбатта Абыл Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі болып жүргенде авиация саласына көптеген өзгерістер енгізілгенін айтады. Әр жылдары еңбек жолын «Қазаэронавигация» мекемесінде маман болып бастап, бас директордың даму жөніндегі орынбасарлығына дейін өскен білікті маман 2016-2017жылдары ІСАО бағдарламасы бойынша Канадада тәжірибесін шыңдаған. Соңғы қызметі Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында бас директордың кеңесшісі болған Абыл қазір жұмыссыз жүр.Ол министрдің кеңесші қызметін атқарған кезде ондағы авиация саласындағы кейбір өзгерістерге көңілі толмайтынын айтқан.