“Егер келесі президент Дариға болса, мен бұл елден көшіп кетемін”
Тұңғыш президенттің мерзімінен бұрын өкілеттіллігін тоқтату туралы шешім ешкімді бей-жай қалдырған жоқ. Пікір білдіргендер қатарында елге белгілі өнер жұлдыздары да бар.
Танымал актриса Сая Оразғалиева билік төңірегінде ой білдіремін деп басы дауға қалды. Ол наурыз мейрамы қарсаңында әлеуметтік желідегі парақшасына жариялаған жазбасында билікті қатаң сынға алған.
Әрине, Елорданың атауын өзгертуге қарсылықтан бұрын, актрисаның сөзінде қаражатты дұрыс жерге жұмсаса екен деген тілек басым болды. Бірақ сөз соңында ол “қай елге кетіп қалсам болады?” деген сауал тастап, пікірлер бағанында да екіұшты тіркестермен жоғары жақты қағытып өткен. Дәл осы жазбадан соң, желіні Оразғалиеваның орынсыз әзілі шарлап кетті. Инстаақпаратқа сенсек, Сая “Егер келесі президент Дариға болса, мен бұл елден көшіп кетемін” деп кесіп айтқан. Оқырмандар пікірі екіге жарылып, оны ашық айтқан ойы үшін мақтап жатса, біреулер, “сені ұстап тұрған ешкім жоқ, қазір кет” деп ашуға мінді.