Цой ҚР Президенті істері басқармасы Медициналық орталығының басшысы болып тағайындалды
Алексей Цой медицина мен басқару саласында жоғары санатты маман болып табылады.
Алексей Цой ҚР Президенті істері басқармасына қарасты Медициналық орталықтың басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алексей Цой медицина және басқару саласында жоғары деңгейлі маман саналады. Медицина және құқық саласы бойынша білімі бар, іскерлік басқару ісінің докторы, медицина ғылымдарының кандидаты.
Sels College (Лондон), Қазақ мемлекеттік медициналық академиясының аспирантурасын, Оңтүстік Қазақстан облысындағы мемлекеттік медициналық академиясын, халықаралық құқық пен халықаралық бизнестің «Дәнекер» институтын, Ресей Президенті жанындағы мемлекеттік қызмет және халық шаруашылығын корпоративтік басқару жөніндегі Жоғары мектепті және Халықаралық бизнес академиясын бітірген.
Еңбек жолын хирург-эндоскопист болып бастаған.
2007 — 2010 жылдары ҚР Президенті істері басқармасының Жаңа медициналық технологиялар енгізу орталығын басқарған.
2010-11 жж. «ҚР Президенті істері басқармасының Медициналық орталығы» ММ бастығы болған.
2011 – 2014 жылдары –Астана қалалық №1 ауруханасының бас дәрігері.
2014 жылдан бастап – ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі.
19 ақпанда өзге қызметке ауысуына байланысты ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі лауазымынан босатылғаны белгілі болды.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
[ad_2]
Zakon.kz