Асхат Оралов Мәдениет және спорт министрі лауазымын сақтап қалды

0

Мемлекет басшысының Жарлығымен Асхат Раздықұлы Оралов Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды, Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында. 

Асхат Оралов 1990 жылы Павлодар облысында туған.

  • Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетін, ҚР СІМ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар университетін бітірген.
  • Еңбек жолын 2011 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің Әлеуметтік тәрбие жұмысы департаменті Жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бөлімінің бас маманы ретінде бастады.
  • 2019-2020 ж.ж. – Павлодар облысы әкімінің орынбасары.
  • 2020-2021 ж.ж. – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің вице-министрі.
  • 2021 — 2022 ж.ж.– Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары.
  • 2022 — 2023 ж.ж. — AMANAT партиясының атқарушы хатшысы қызметін атқарды.
  • 2023 жылдың 4 қаңтарында Мәдениет және спорт министрі қызметіне тағайындалды.