Ақ үй қазақ қызы Сәуле Омарованың кандидатурасын сенатқа мақұлдауға жіберді

0
2405

Ақ үй АҚШ валюта басқармасының жетекшілігіне 55 жастағы Сәуле Омарованы тағайындауды ұсынып, сенатқа ұсыныс жолдады (Comptroller of the Currency), деп хабарлайды kznews.kz сайты Ақ үйдің ресми мәлімдемесіне сілтеме жасап.

«Сенатқа Нью-Йорктен Сәуле Омарованы АҚШ-тың ақша айналымын бақылау басқармасының (Comptroller of the Currency) басшысы лауазымына бес жыл мерзімге тағайындау туралы ұсыныс жіберіледі», – делінген Ақ үй хабарламасында.

АҚШ ақша айналымын бақылау басқармасы (Office of the Comptroller of the Currency) АҚШ Қаржы министрлігінің Тәуелсіз бөлімшесі, сондай-ақ елдің банк секторының негізгі реттеушісі болып табылады.

Басқарманың 1 200 триллион долларлық жиынтық активтері бар. Басқарма 14 банкті бақылайды. Бұл – елдегі банк жүйесінің барлық активтерінің үштен екісін құрайды.

Сәуле Омарова аталған лауазымға бекітілген жағдайда, 1863 жылы құрылған басқармаға жетекшілік ететін қазақстандық алғашқы әйел болмақ.

Ескерте кетейік, АҚШ-та валюта басқармасының жетекшілігіне кандидатты президент ұсынғанымен сенат мақұлдайды. Сәуле Омарованың кандидатурасы бекітілуі үшін сенаттағы демократтар бірауыздан оны қолдауы тиіс.

Оралбай Мергенбайұлы