«AMANAT» МЕДИА СЫЙЛЫҒЫ – 2022 журналистер арасындағы республикалық байқауға өтінімдер қабылдау басталды

0

20 мамыр, 2022. «AMANAT» партиясы бұқаралық ақпарат қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында республика деңгейінде өтетін дәстүрлі байқаудың басталғанын хабарлайды. 

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің әлеуетін арттыруға бағытталған ашық байқауда еліміз үшін аса маңызды саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени тақырыптар қамтылған үздік материалдар сынға түседі.

Биылғы медиа сыйлық БАҚ жанрлары бойынша емес, тақырыптық бағыттар бойынша ұсынылған үздік жұмыстарға беріледі.

Сондай-ақ, «AMANAT» медиа сыйлығы аясында арнайы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Сөз зергері» сыйлығы, Шерхан Мұртаза және Камал Смайылов атындағы «Телевизия үздігі» және белсенді азаматтық ұстанымы үшін деген номинацияда арнайы сыйлықтар қарастырылған.

Өтінімдер 20 мамырдан 20 маусымға дейін қабылданады. Жеңімпаздар 24 маусым күні  салтанатты түрде марапатталады. Биылғы байқаудың үздіктері «AMANAT» медиа сыйлығы мүсіншесімен және қаржылай сыйлықпен марапатталады.

Байқау жеңімпаздары екі бағыттағы он номинация бойынша анықталады.

Тақырыбы бойынша: 

• «Жаңа Қазақстанды» құру туралы үздік материал;

• «AMANAT» партиясының трансформациясы туралы үздік материал;

• Әлеуметтік мәселеге арналған үздік материал;

• Аймақ туралы үздік материал;

• Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығы; туралы үздік материал;

• Жастар туралы үздік материал;

• Рухани-мәдени дамуға арналған үздік материал.

Арнайы сыйлықтар: 

• Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Сөз зергері» сыйлығы;

• Шерхан Мұртаза және Камал Смайылов атындағы «Телевизия үздігі» сыйлығы;

• Белсенді азаматтық ұстанымы үшін сыйлығы.

Көрсетілген әр номинация бойынша жеңімпаз жеке табыс салығын есепке алмағанда 1 (бір) миллион теңге мөлшерінде «AMANAT МЕДИА СЫЙЛЫҒЫ» сыйлығымен марапатталады.

Толық ақпаратты amanatpartiasy.kz сайтынан алуға болады.

Байланыс үшін: 8-7172-916-005, 8-778-097-55-23. 

Электрондық мекенжай: media_premiya@amanatpartiasy.kz

Жүктеу: Конкурс ережелері