Үйлену тойға тілек / Уйлену тойга тилек

0

 

Жарастырдың жұбыңды жанып жүрек,
Жүріңдерші біріңе-бірің терек.
Ата-Ананы қуантың істеріңмен,
Ағайын-дос тілесін жақсы тілек.

Бақыт құсы кетпесінші қусаң да,
Несібе мол болсын ыдыс жусаң да.
Жарасымды, жылу енген үй болың,
Барлық балаң ұл боп келсін тусаң да.

Думандатқан той боп жатыр біздерде,
Жалғанар ма үміт жібі үзгенге.
Жұптарың еш жазылмастан жүріңдер,
Тілектер көп шын ниетті тізгенге.

Бастарыңа бақ қонсын,
Алдарыңа ас толсын.
Сезімдерің солмайтын,
Қартаймайтын жас болсын!

Бір жерден шығып ойларың,
Үйлену тойын тойладың.
Бақыттың бағы ашылсын,
Үзілмей мәңгі тойларың.

Қайғыларың жоқ болсын,
Қарындарың тоқ болсын!
Үлгілі Ата-Ана боп,
Ұл-қыздарың көп болсын!

Осы үй бақытты дейтіндей,
Бақ пенен байлыққа толыңдар!
Сезімнің сөнбейтін кейпіндей,
Махаббат символы болыңдар!

Ата—Ананың қуанышы, шаттығы,
Жастық шақтың куәсі дәл, пәктігі.
Екі жасқа бақытты өмір тілейік,
Аяласын мәңгі өмір ақ гүлі.

Ағайын тойға келіңдер,
Баталы тілек беріңдер.
Тойдың басы екі жас
100 жасты жасап көріңдер.

Қыстай қатты мықты болсын денсаулық,
Көктемдей боп көңіл тұрсын гүл жауып.
Жаздай ыстық сезімдерің өшпесін.
Күздей жомарт несібеңе 1000 саулық.

Секундтарың сыйласын тек бақыт-нұр,
Сағат сырғыр сезім сырдан татып сыр.
Апталарың ала келсін ақ арман,
Жылдарыңда жасырынып ақық тұр.

Шыршадай сарғаймаңдар жасыл жанып,
Бұлбұлдай махаббаттың әнін салып.
АЛЛАНЫҢ нұры түскен жан болыңдар,
Өмірдің бақытының бәрін алып.

Лайланбасын өмірлерің тұнық көлдей,
Жұлдыздарың жарқырасын күйіп сөнбей.
Тіккен отау болашақ Орда болсын,
Мәртебе көтерілсін биікке өрлей.

Ал, бастадым, ақ қайны, өзiңе аппақ тiлектi,
Мiне, нағыз ер дердей бiлiмдi, әрi бiлектi.
Орнында бар оңалар,әке жолын жалғадың,
Аққудай боп иiлген жартысын тауып жүректiң.

әкемiз көрмес қызықты көрсеткiн ендi Анаға,
Анадан артық жұмақты таба алмассың балаға.
әкеден алған тағылым, анадан алған тәлiммен,
Жарыңа адал, сыйлы бол, ағайынға пана да.

Сыйлы келiн-күйеу боп бақытың алдан ашылсын,
өмiрдiң барлық сыйлығы ақ сандықтан шашылсын.
қазаны қайнар қонақтан жайлы боп туыс-туғанға,
Абырой берiп Жаратқан жұлдызыңды асырсын.

«Адам болар жiгiттiң,
Жары өзiне лайық,
Керуен бастар жiгiттiң,
Нары өзiне лайық.»

Осы отырған, Оралым,
Шапалақты ұрайық.
Аймекен мен Ардаққа,
құрметпенен тұрайық.

Есте қалсын мәңгiлiк,
Ақ тiлектер құрайық.
Бал-бұл жанған жүздерге,
Тамсана көңiл бұрайық.

Мәңгiлiк болсын шаттығы
Бiр АЛЛАДАН сұрайық.
Еш сүрiнбей өмiрде
Тойларда ғана құлайық!

Үйлену оңай, үй болу қиын,
Туысқа, досқа кетпесін сыйың.
Үйіңде әркез болсын думан,
Қуаныш тойлап жасаған жиын.

Түндерің армандарға болар тыңшы,
Ағайын әр ісіңе олар сыншы.
Үйіңнен ыдыс-аяқ сылдыры емес,
Былдыры балақанның естілсінші.

Сақтағанмын барымды шашу шашам тойға деп,
Мейірім мен саулықты берсін АЛЛА бойға көп.
Мақтанайын, ағайын, екі жаспен тойға кел.
Дақ түспесін араңа, кірмесін арам ойға жел.

Махаббаттың үлгісі боп жүріңдер,
Қуаныштан шаттанумен күліңдер.
Қол ұстасып болашаққа сенумен,
Жазылмай жұп бақытты өмір сүріңдер.

Аққу құстың қанатынан жаралған
Махаббаттың мақсатынан нәр алған,
Бас қосыпсың екі ғашық бүгін күн,
Жан болыңдар бақытты отау саналған.

Асау толқын лақтырса жағаға,
Жасымаңдар, жасқана да қарама.
Қол ұстастың сол үшін де екі жас,
Сенім керек, ену керек санаға.

Жұбайлардың жырын айтып қарсы алдық,
Жас келіннің сымбатына тамсандық.
Шаңырағың сәби үнге толсын деп,
Бақытты бол екі жас деп жар салдық.

Той болуда асыл ойлар самғағасын,
Армандарың орындалсын алдамасын.
Пейілдерің кең болсын, жомарт болсын,
Еске салар қазақтың сары даласын.


Тегтер:тилек үйлену тойга досымауйлену той кутты болсынуйлену той куттыктаууйлену той куттыктауларуйлену тойга куттыктаууйлену тойга куттыктау созуйлену тойга куттыктау создеруйлену тойга куттыктау тилекуйлену тойга тилекуйлену тойга тилек балаларгауйлену тойга тилек доскауйлену тойга тилек кыз жолдасуйлену тойга тилек кыз узатууйлену тойга тилек кызымауйлену тойына куттыктаууйлену тойына куттыктау созүйлену тойга арналған тақпақтарүйлену тойга куттыктау тилектерүйлену тойына арналған құттықтау тілектерүйлену тойына тақпақүйлену тойына құттықтауүйлену тойына құттықтау сөзүйлену тойына құттықтауларүйлену тойға тілекүйлену тойға тілек інімеүйлену тойға тілек ағамаүйлену тойға тілек досымаүйлену тойға тілек сіңілімеүйлену тойға тілек тақпақүйлену тойға тілек құрбымаүйлену тойға тілек ұлымаүйлену тойға тілек әпкемеүйлену тойға тілек өлеңдерүйлену тойға тілектерүйлену тойға тақпақүйлену тойға тақпақтарүйлену тойға құттықтауүйлену тойға құттықтау сөздерүйлену тойға құттықтау тілекүйлену тойға құттықтау тілектерүйлену тойға құттықтау өлеңүйлену тойға құттықтаулар