8 наурыз құттықтау анаға

0

Аяулы, сүйікті, қамқоршым – Асыл Анам, Сізді 8 наурыз мерекеңізбен шын жүректен құттықтаймын. Сіз болмағанда жарық дүниенің қадірін, махаббаттың ләззатын, мейір-шапағаттың тереңін сезінбес ем. Қашанда жаныңызға жақсылық нәсіп болғай. Сізді сүйемін.
Бесік жырың ғұмырымды күй қылған,
Есіл нұрың ойыма ақыл құйдырған.
Асыл ана, құтты болсын мерекең,
Құшағына күллі әлемді сыйдырған.

8 наурыз – халықаралық әйелдер мерекесі. Аяулы анаға, сүйікті жарға, қызғалдақтай құрбы-қыздарға деген тілек ешқашан бір ауыз сөзбен, бір шумақ жырмен шектелмек емес. Осындай бір сәттерде көңілдің толқуынан, жүректің шынайы қуанышынан айтарға сөз де табылмай қалатын сәттер болады. Сол үшін де осы бір аяулы жандарға арналған СМС тілектерді ұсынамыз. Мұның кейбірін ақын-жазушылардың өлең-сөздерінен алсақ, кейбірін өз шығармашылығымызға сүйене отырып, жазып шыққандай болдық. Әркім өз қалауын алар, ұнағанын таңдар. Соңында, көңілде жүрген тамаша тілектер болса, пікір ретінде қалдырарсыздар. Келе жатқан 8 наурыз мерекесі құтты болсын!

Аналарды құттықтау

Аяулы, сүйікті, қамқоршым – Асыл Анам, Сізді 8 наурыз мерекеңізбен шын жүректен құттықтаймын. Сіз болмағанда жарық дүниенің қадірін, махаббаттың ләззатын, мейір-шапағаттың тереңін сезінбес ем. Қашанда жаныңызға жақсылық нәсіп болғай. Сізді сүйемін.

Бесік жырың ғұмырымды күй қылған,

Есіл нұрың ойыма ақыл құйдырған.

Асыл ана, құтты болсын мерекең,

Құшағына күллі әлемді сыйдырған.

***

Менің қамқорым, ақылшым, өмірімнің бұла күші, көңілімнің қуанышы, сезімімнің жыр ағысы – аяулы анам, 8 наурыз мерекеңіз құтты болсын. Ұл-қызыңыздың қызығын көріп, аман-сау ортамызда жүре беріңіз. Бақытты отбасыңыздың берекесі мәңгілік болсын.

Анашым шалқып күлсең,

Алдымда ұзақ жүрсең,

Жүрегім жыр толғайды,

Көңілім ортаймайды.

Анасы бар адамдар,

Ешқашан қартаймайды.

***

Сүйікті менің анашым, сіздің мейірбан жүзіңіздей көктемнің алғашқы мерекесі, төл мерекеңіз 8 наурыз құтты болсын. Бүгін сіз үшін бүкіл адам баласы қуанышқа бөленер, сіз үшін жүрекжарды тілектерін арнайтын күн. Мен үшін сіздің аман-сау ортамызда жүрген әр күніңіз үлкен мереке.

Мен өзіңнен қабылдаппын сүюді,

Мен өзіңнен қабылдаппын күюді.

Сенің жаның жүрегімде ораулы,

Менің жаным жаулығыңа түюлі.

Құрбы қыздарды құттықтау

Көктемнің алғашқы күндерімен бірге көңілге қуаныш ала келетін 8 наурыз мерекең құтты болсын. Көктемнің бар гүлі, көңілдің сазды үні тек саған арналсын. Жаныңа жылылық, жүрегіңе ұлылық берсін. Әмәнда аман-сау, көңілді болғайсың.

Қыз күніңнің қызғалдағы болғайсың,

Жүз ғұмырдың ізгі арманы болғайсың.

Бар қазаққа биік тұмар болғайсың,

Ханзадаға сүйікті жар болғайсың.

Мерекелі, жаның әппақ болғай шын,

Берекелі шаңыраққа қонғайсың.

***

Аяулы құрбыжан, Сізді бүгінгі 8 наурыз төл мерекеңізбен шын жүректен құттықтап, денсаулық, сұлулық, бақыт, қуаныш тілеймін! Әрқашан мына өмірге сән беріп, жылу таратып, мейірім төгіп, шуақ шашып тұрғандарыңыз үшін Сіздер қашанда өздеріңіздің сыйлы, сүйікті, қадірлі екендеріңізді, Сіздерсіз мына дүние бос екенін ұмытпағайсың.

Әйелсіз-ақ күн кешем деу далбаса,
Жігіт болсаң жар табуға қам жаса!
Ол бар жерде сен өзіңді зор сана,
Ол бар жерде басқа бақыт аңсама! Сендерсіз жер бетінде бақыт та болмас! Тағы да 8 наурыз мерекесі құтты болсын!

***

Өмір саған жылы сөзін арнасын,
Қайғы-мұңға жүректе орын болмасын.
Жанарыңнан күн күлімдеп әрқашан,
Ай мен жұлдыз кеудеңе кеп орнасын.

Мынау жарық жалғанның Ай мен жұлдызы, мерекең құтты болсын! Болашағың жарқын, күндерің көңілді, ғұмырың ұзақ, махаббатың ләззатті болсын. Қашанда Қазақ дейтін қара ормандай халқыңның ай маңдай аруы болып, аман жүргейсің.

***

Әйел сенің ақылшың да айбарың,
Ол барында естімейсің қайғы әнін.
Әйел сенің күзетшің де сақшың да,
Әйел сенің мерекең мен мейрамың.

Бір өзінде барлық үміт, бар арман,
Жеңбей қоймас нұрлы жанар қадалған,
Барлық гүлден жұпар жинап бойына
Әйел күннің шуағынан жаралған.

Сіздер барда ер-азамат атаулыға әр күн мереке, әр күн мейрам, әр күн біз үшін қуаныш пен шаттыққа, береке мен мерекеге толы. 8 наурыз мерекең құтты болсын. Күндей күлімдеп, жаздай жадырап, гүлдей құлпырып аман-сау жүргейсің.

***

Дүниеге қан тамырдай тарайтын,

Жер бетінде әйел жайлы ертек көп.

Әйелдерге немқұрайды қаратын,

Еркекті мен санамаймын еркек деп.

8 наурыз мерекесі құтты болсын. Жер бетіндегі сұлулық атаулының қайнары, жігіттік намыс атаулының айбары өздеріңнен басталмақ. Сол үшін де дәл бүгін ғана емес, жылдың толық күнінде азамат атаулы өздеріңнің дендеріңе саулық, күндеріңе көңілділік тілейді. Бақытты болуға, бүкіл адамзат атаулыны бақытты етуге тиіссіздер. Ғұмырың жарқын болсын!

Сүйікті жарға ақ тілек

Бақытымның бастауы, ғұмырымның шынары, өмірімнің сыңары, бүлдіршін ботақандарымның аяулы анасы, 8 наурыз мерекеңмен шын жүректен құттықтаймын. Қашанда отбасымыздан шаттықтың күлкісі үзілмесін. Өзіңе бар тілегімді арнап, ғұмырымның соңына дейін қасымда болуыңа тілектеспін.

Өмір бізге артқан екен мол сенім,

Көңіл бізге тартқан сый қып көл сезім.

Ғұмырыма қуат берген қашанда,

«Мәңгі сүйем» дейтін сенің сол сөзің.

Бар ғаламның сұлулығын, сүйіктім,

Тек өзіңмен келбетіңмен өлшедім.

Мерекең құтты болсын, Аяулым!

***

От жанарың күйдірердей күн бетін,

Қызғалдақтан сұлу сенің суретің.

Бұл көктемнің жылылық пен мейірі –

Менің саған арнаған бар құрметім.

Адалдықтың асқары да өзіңсің,

Сені сүю – о бастағы сүннетім.

Сенсіз мынау жарық шашқан күн де түн!

Сенсіз менің ғұмырым да тұл жетім.

Саған деген бар махаббатымды жыр жолы түгілі, ғарыш көктегі құс жолына да сыйдыра алмаспын. 8 наурыз мерекесі құтты болсын, аяулым!


Менің қамқорым, ақылшым, өмірімнің бұла күші, көңілімнің қуанышы, сезімімнің жыр ағысы – аяулы анам, 8 наурыз мерекеңіз құтты болсын. Ұл-қызыңыздың қызығын көріп, аман-сау ортамызда жүре беріңіз. Бақытты отбасыңыздың берекесі мәңгілік болсын.
Анашым шалқып күлсең,
Алдымда ұзақ жүрсең,
Жүрегім жыр толғайды,
Көңілім ортаймайды.
Анасы бар адамдар,
Ешқашан қартаймайды.


Сүйікті менің анашым, сіздің мейірбан жүзіңіздей көктемнің алғашқы мерекесі, төл мерекеңіз 8 наурыз құтты болсын. Бүгін сіз үшін бүкіл адам баласы қуанышқа бөленер, сіз үшін жүрекжарды тілектерін арнайтын күн. Мен үшін сіздің аман-сау ортамызда жүрген әр күніңіз үлкен мереке.
Мен өзіңнен қабылдаппын сүюді,
Мен өзіңнен қабылдаппын күюді.
Сенің жаның жүрегімде ораулы,
Менің жаным жаулығыңа түюлі.

8 наурыз құттықтау анаға, тілектер анаға, құттықтау сөздер 8 март аналарға арналған, құттықтау сөздер 8 наурыз анаға, куттыктау анага