Жалған құжат жасағаны үшін мемлекеттік қызметкердің үстінен арыз-шағым түскен

0
40
фото almaty-akshamy.kz сайтынан алынды

Аягөз қаласының тұрғыны Нургуль Молбаевадан арыз-шағым түсті.
Айтуынша, Аягөз Ауданының Әкімдігінің аппарат басшысы Қарлығаш Рысбекқызы өз өмірбаянын жазғанда өтірік мәліметтер жазған.

«Мен Нұргүл Молбаева содан күдіктеніп, журналист Марат Жұмабаевқа осыған зерттеу жасауды өтіндім. Нәтижесінде Қарлығаш Рысбекқызы 1998-2000 жылдары өз өмірбаянында көрсеткендей Аягөз қалалық «Игілік» АҚ заңгер болып жұмыс істемеген!
Ал оның алдында «Игілік» банкінде істедім деген. Өтірігі әшкере болғасын «Игілік» АҚ деп өзгеріпті. Біз оның онда да жұмыс істемегенін Аягөздегі архив арқылы құжатпен дәлелдедік!
Мен алдында осы мәселені Антикорға жазғанымда бір жарым ай бойы ол жақтан ешқандай тексеру келген жоқ. Сіздің өтінішіңіз қабылданды деген жауап қана алдым. Ал журналист Жұмабаевқа сіздің жауабыңыз қанағаттандырусыз қалды деп жауап берген. Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің ШҚО департаменті Қарлығаш Рысбекқызы Игілік АҚ істеген деп ресми құжатпен жауап берді. Ал, архив ресми түрде ол кісі «Игілік» АҚ істеген жоқ деген анықтама берді. Ал, Аягөздегі Жақсылық базарының иесі Төрежанов «иә, Рысбекқызы сол кезде жұмыс атқарған. Бірге қызмет істедік» деп өтірік анықтама беру арқылы куә болды.
Сонда мемлекеттік қызметкер жалған құжат жасағаны үшін жауапкершілікке тартылмай ма? Еңбек кітапшасын қызмет бабын асыра пайдалана отырып жалған құжат жасау арқылы заңдастырған мемлекеттік қызметкердің мемлекеттік қызметте жұмыс істеуі қаншалықты заңды?

Сонда мемлекеттік қызметкер жалған құжат жасағаны үшін жауапкершілікке тартылмай ма? Еңбек кітапшасын қызмет бабын асыра пайдалана отырып жалған құжат жасау арқылы заңдастырған мемлекеттік қызметкердің мемлекеттік қызметте жұмыс істеуі қаншалықты заңды?
Сосын ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі өтірік құжат ұсынған ШҚО мемлекеттік қызмет істері департаментіне шара қолдануларыңызды сұраймын.
Айтпақшы, Қарлығаш Рысбекқызы журналист Марат Жұмабаевтың үстінен сотқа шағым түсірген. Маған жала жапты деп. Сот Рысбекқызының арызын қанағаттандырмады. Осыдан-ақ заңның кім жағында екенін біле беруге болады. Бірақ, Аягөз бен облыстағы құзырлы орындар осы заңсыздыққа көз жұма қарап отырғандықтан республикалық БАҚтар арқылы үнімізді елордаға жеткізсек дейміз! Дәлел ретінде құжаттарды қоса ұсынып отырмын».

Міне, әділдік іздеп хабарласқан Аягөз қаласының тұрғыны осылай дейді. Қарсы тараптың да пікірі мен уәжін жариялауға дайынбыз.
ҚР Бас прокуратурасының назарына . ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі.

Ақпарат https://www.facebook.com/100008177013860/posts/3269129116702957/?d=n парақшасынан алынды.