Қазақша тақпақ: Туған жер — Тақпақтар — Bilim
Қапаш Гүлжанар
Гүлдене бер туған ел, гүлдене бер
Сен гүлденсең менде бірге гүлденем
Сен шашатын нұрыңменен оянып
Әніңді естіп құшағында тербелем
Гүлге толсын айналаң, әнге толсын
Толастамай көгіңде нұрын жаусын
Сенің байтақ кең далаңда жайнаған
Мен бір дәнмін жаңа жарған қауызын
Бір өзіңсің жырыма шуақ беретін
Көңіліме шаттық нұрын себетін
Сөзіме нәрді өзің байқап қосарсың
Саған айтқан аз болса егер алғысым
Қарлығаш ұшып көгінде қанат қаққан
Осы жерге алғаш кіндік қаным тамған
Саған айтқан жыр асылын тыймадым
Атыңнан мен Көктерек деген айналам.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: