Қазақша тақпақ: Табиғатым!

0

Табиғат қандай тамаша,
Әрбір күні жаңаша.
Таң атады нұрланып,
Бұлбұл сайрап бақтарда.
Тау ішінде бұлағы,
Сарқырап бір жатқанда.
Көк кілемдей төселген,
Жерім қандай тамаша.
Хош иісі даламның,
Бақыт сыйлар адамға.
Ей, адамзат аялайық,қорғайық,
Адамзаттық борышымызды ақтайық,
Табиғаттың тазалығын сақтайық…