Қазақша тақпақ: Ақын болам — Тақпақтар — Bilim
Ақтөбе облысы, Темір ауданы
№1 Шұбарқұдық мектеп-гимназисының
3 сынып оқушысы Елшат Қарақат
Жетекшісі: Бектай Әсемгүл
Ақын болам өскенде
Әлі талай уақыт бар.
Өлеңдерді жазамын,
Өскен кезде әсерлі
Ақындардың өмірі,
Болады әсем жырлармен.
Шығарамын өлеңді,
Жазамын әсем талантпен.
Мамандықтар көп екен,
Таңдау керек біреуін.
Әрине мен таңдаймын,
Ақын деген өлеңді.
Өлеңді көп жазатын,
Абай деген атамыз.
Кіп-кішкентай болсам да
Ұқсауға мен тырысам.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: