Валютаның еркін айналымдағы бағам режімдері

0

Тақырыбы: Валютаның еркін айналымдағы бағам режімдері

Мазмұны  Кіріспе……………………………………………………………………………………………………….5

1  Валюта негізгі түсініктері, еркін валюта бағамдары………………………………………..7

2  Валютаның еркін айналымдағы бағам режімдеріндегі салыстырмалы тиімділік………………………………………………………………………………………..18

3  Теңгенің тұрақтандыру мәселесі……………………………………………………………..28

Қорытынды……………………………………………………………………………………………29

Пайдалынған әдебиеттер тізімі………………………………………………………………30

Кіріспе

Валюталық жүйенің маңызды элементі — валюталық бағам болып табылады. Оның пайда болуы: тауарлар мен көрсетілген қызметтердің халықаралық саудасы барысында, капитал және несиенің қозғалысында валюталармен өзара айырбастың қажеттігінен; дүниежүзілік және ұлттық нарықтардағы бағаларды, сондай-ақ ұлттық немесе шетелдік валюталарда бейнеленген әр түрлі елдердің құндық көрсеткіштерін салыстыруға; банктер мен фирмалардың шетел валютасындағы шоттарын уақтылы қайта бағалап отыруға байланысты негізделеді.

Валюталық бағам — бұл бір елдің ақша бірлігінің басқа бір елдердің ақша бірліктеріне бейнеленген бағасы. Әрбір елдің ұлттық валюталарын салыстыру олардың өндіріс және айырбас процессінде пайда болатын объективті құндық қатынастарына негізделеді. Валюталық бағам валюталарға сұраныс пен ұсынысқа ықпал етуші көптеген факторларға байланысты өзгереді:

Бағамның қалыптасуына ықпал ететін үш факторлар тобын бөліп қарауға болады:

Саяси — саяси тұрақтылық, валюталық заңдылықтардың ырықтандырылуы, валюталық саясат және т.б. экономикалық, халықаралық тәжірибеде анықталатын экономикалық тікбұрыштың шыңы сияқты: экономикалық өсу, валюта тұрақтылығы және инфляцияның төменгі қарқыны (жылына 10%-ке дейін), жұмыссыздықтың төменгі деңгейі (жылына_ 8%-ға дейін), дүниежүзілік нарықтағы теп-тендік; психологиялық: жаппай сұраныс, негізгі капиталды тәуекелден қорғануға ұмтылыс және т.б.

Валюталық бағамның ауытқу шектері паритеттің 1%-нан асқан жоқ және қажетті валютада ауыстыру мақсатыңда алтынды шетелге тасымалдау шығындарымен анықталды.

Қазақстанның валюталық саясаты мемлекеттің және тұтастай алғанда экономиканың ақша жүйесін теңгенің айырбас бағамының күрт ауытқуының теріс салдарынан қорғауды қамтамасыз етуге тиіс. Ұлттық валютаның объективті белгіленген айырбас бағамы мемлекеттің макроэкономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ететін іргелі негіз болып табылады.

Осыған байланысты мемлекеттің валюталық реттеу саласындағы негізгі басымдығы ұлттық валютаның бағамын қайта бағалауға жол бермейтін және үнемі өзгеріп отыратын әлемдік конъюнктура жағдайында отандық өндірістің бәсекеге қабілеттілігіне теріс әсер етпейтін бағам саясатын таңдау болуға тиіс.

Шикізатқа әлемдік бағаның көтерілуі және 1999 жылы сәуірде жүргізілген теңгені құнсыздандыру өндіруші және кейбір импорт алмастырушы салалардың өсуіне және мемлекет экономикасының жандануына ықпал етті. Айырбас бағамы саясаты әлемдік бағаның өзгеруіне, сыртқы сауда талабына дұрыс икемделе отырып, ішкі экономика дамуының іргетасы болуға тиіс. Осы саясатты жаңа технологияларды, жабдықтарды пайдалану, еңбек сапасын арттыру сияқты факторлармен үйлестіре отырып, қатаң ұстану арқылы мемлекет жедел даму траекториясына шыға алады.

Мұнан кейінгі бес жыл ішінде теңгенің еркін құбылмалы айырбас бағамын сақтау көзделеді, ол құнсызданудың ел ішіндегі және шетелдегі инфляция деңгейінің өзгеруіне барабар болуын көздейді, мұның өзі Қазақстан тауарларының сыртқы нарықтағы баға бәсекесіне қабілеттілігінің сақталуына және сол арқылы қалыптасып келе жатқан қолайлы экономикалық позицияның нығаюына және Қазақстанның болашақта табысты дамуы үшін алғышарттар жасауға ықпал етеді.

Осы валюталық режимді сақтау өндірістің және әлбетте экспорттың шикізаттық бағытының жойылмауынан туындап отыр, яғни шикізатқа әлемдік бағаның өзгеруіне қарай ел экономикасының жоғары осалдығы сақталады. Бұған қоса, елдің сыртқы сауда айналымында Ресейдің үлесі жоғары, сондықтан экономиканың дамуы Ресейдегі ахуалға тәуелді болады.

Егер экономиканың осы тәуелділігі еңсерілсе, онда, әрине, ұлттық валютаның айырбас бағамын басқарудың валюталық режимін өзгерту қажеттігі туындайды. Бұл арада жаңа валюталық режимнің мынадай бірнеше нұсқасы болуы мүмкін:

Сонымөн бірге, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қолдауға бағам саясатының есебінен ғана шешіле қоймайды. Бұл арада еңбек өнімділігін, өнім сапасын арттыру, қосылған құны жоғары өнім шығаруды ұлғайту бағытында экономиканы құрылымдық қайта құру, сондай-ақ экспортты әртараптандыру жөніндегі шаралар негізгі рөл атқаруға тиіс.

  1. Валюта негізгі түсініктері, еркін валюта бағамдары

Мемлекеттің әлемдік нарықтагы жетістіктері мен «жалпы әрекеттерінің айнасы ретінде төлем балансын қарастыруға болады. Шынында да төлем балансының ішіне елдің барлық жасаған қарым-қатынасының экономикалық жағы, яғни сандық мәні енеді. Ал  валюта қорының анықтамасы бойынша оның құрамына — операциялар балансы мен капитал қозғалысының балансы жатады.Елдің барлық іс-әрекеттері мен сауда операциялары төлем балансында көрініс алады.

Елдің экспорттық операциялары (тауар экспорты, қызмет экспорты) елдің импортынан артық болған жағдайда төлем балансын активті (оң), ал кем болған жағдайда пассивті (теріс) сальдолы деп атаймыз. Оң төлем балансы импортқа қажет  валютасымен қамтамасыз етіледі.,

Төлем балансы төмендегідей тармақтардан құралады:

  • ағымдағы операциялар: сауда, табыс қозғалысы,аударымдар (мемлекеттік және жеке тұлғалардың);
  • капитал қозғалысының балансы: ұзақ мерзімдік инвестициялар — тікелей және қоржындық, қысқа мерзімдік капиталдар қозгалысы;
  • тұрақтандырушы тармақта қорларды қайта бағалау және қозғалысы, ХВҚ (халықаралық валюта қоры) қаражатын қолдану, басқа да қаржы көздері;
  • қорлардың соңғы өзгерісі: алтын, валютасының, несиелердің өзгерісі.

Төменде берілген негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге қарайық. Бұл кестеден көріп отырғанымыздай Қазақстан Республикасының сальдосы 1998 ж. теріс болды, ған жылдары оң сальдо байқалады. 1998 ж. елдің экспорт операциялары импортқа қарағанда аз болып,  валютаның тапшылығы пайда болды. Бірақ елдің теріс салъдосының нәтижесі экономикаға қатты әсер еткен жоқ, себебі тапшылық көлемі үлкен болған жоқ және де ол ұзақ уақыт бойы қайталанған жоқ. Төлем балансының экономикаға әсері валюта айналымдарға әсер етуі арқылы жүреді. Шыпында да сальдоның өз алдына тек сандық сипаты және статистикалық мәні болады, оның еш экономикалық магынасы жоқ. Ал валюта айналымы елдің тауар айналымын жүргізеді. Ол елдің ішіндегі өзінің 5 функңиясын (қызметін) орындауына бағамымен әсер етуінде. Себебі қазіргі заманда әлемдік экономикага қатысу елдің жалпы дамуының негізгі алғышарттарының бірі. Сондықтан да валюта айналымын толығырақ қарастырайық.

Егерде Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы теңгемен басқа елде, мысалы Ресейде сауда жасасаңыз ол төлем бола алмайды. Себебі Ресейде мемлекет белгілеген өзіндік валюта бар. Ал егерде Ресей азаматтары ҚР аумағында сауда жасауга ниет білдірсе, онда ол төлем құралы ретінде ‘*теңге» валютасын қолдануы керек. Мысалы, қазақстандық бір компания Ресейдің бір резидентіне қант сатты дейік. Ресейдегі сатып алушы қазақстандық жабдықтаушыға қанттың құнын теңгемен төлеуі қажет, себебі қазақстандық жабдықтаушы өз елінде теңгемен салық, жалақы және т.б. төлемдер төлеуі қажет. Ал сатып алушының қолында өзінің ұлттық валютасы ғана бар. Осыңдай себептерден валюталарды айырбастау қажеттілігі туындайды. Ондай қажеттілікті валюта нарығы арқылы қанағаттандырады. Оның ең басты алғышарты «екі әр түрлі ұлттың валюталарды қолдану мәселесі» болып табылады. Мысалы, Қазақстандағы валюта нарығында адам демалуға, жұмыс бабымен, оқуға бара жатқан кез келген елдің валютасына теңгені айырбастай алады, ал шет ел азаматтары теңгеге өз валютасын айырбастауына мүмкіндік бар. Ал айырбастағанда валюта белгілі бір қатынаспен, бағаммен айырбасталады. Валюта еркін айналым деп бір елдің валютасын екінші елдің валютасына айырбастагандағы валюталардың қатынасын атаймыз. Мысалы: 153 тг = 1$, 70 тг = DМ, 4 тг = RR.

Қазіргі заманда валюта еркін айналым белгілеуде бір-біріне қарама-қарсы екі әдіс бар:

  • валютаның еркін айналымдағы бағамы;
  • тағайындалатын валюта айналым әдісі.Валютаның еркін   айналымдағы   бағамы   кезінде бағам ұсыныс пен сұраныстың әсерінен қалыптасады. Оны келесі графиктен көре аламыз.

Теңгенің рубльге айырбасталына алынатын бағам жағдайын қарастырайық (сурет).

 

Бірші жағдай. Рубльге деген сұраныс төмендейді. Соның арқасында қазақстандықтарға рубль арзандап, онымен бірге Ресей тауарлары да арзандайды. Сондықтан қазақстандықтар Ресей тауарларына деген сұранысты өсіреді, ал ол өз барысында сол тауарларды сатып алуға қажет рубльге деген сұранысты өсіреді.

Екінші жағдай. Рубль ұсынысы азаяды. Қазақстандық тауарлар арзан болып, оған деген сұраныс жоғарылап, теңгеге деген сұраныс та жоғарылайды.

Сонымен сұраныс пен ұсыныс арақатынасының жалпы әдісі осы түрде болады және 1-ші кесте бойынша бір теңге бес рубльге тең болады.

Валютаның еркін айналымдағы бағамына көптеген факторлар әсер етеді. Олар:

  • Тұтынушы талғамының өзгеруі. Басқа елдің тауарына деген тұтынушының талғамы, көзқарасы ол елдің валютасына қатты әсер етеді. Мысалы, америкалық машиналардың беделі артса, онда тұтынушылар оны алуға тырысып, долларға қосымша сұраныс тудырады. Немесе Қазақстанға Ресейден демалушылар көп келсе, онда рубль ұсынысы көбейіп, арзандайды.
  • Табыстың салыстырмалы азаюы. Бір елдің ұлттық табысы басқа елдердің ұлттық табысына қарағанда есімі салыстырмалы жоғары болған жағдайда, ол елдің валюта бағамы төмендейді. Себебі елдің импорты оның табыс деңгейіне қатысты болады.
  • Бағаның салыстырмалы өзгеруі. Егер Қазақстанда баға өссе, ал Ресейде қалыпты болса, онда қазақстандықтар ресейліктердің салыстырмалы арзан тауарын тұтынуға тырысып, рубльге қосымша сұраныс тудырады. Ал ресейліктердің керісінше, біздің тауарды тұтынуға деген ынтасы азайып, рубль ұсынысын кемітеді. Бұл екі жағдай бірігіп теңгені құнсыздандырады.
  • Салыстырмалы нақты пайыздық мөлшерлемелвріиің өзгеруі. Мынандай жағдайды ойластырайық. Қазақстанда инфляцияны тежеу мақсатында «Қымбат ақша» саясаты жүргізілді. Нәтижесінде инфляцияны есептей отырып алынган нақты пайыздық мөлшерлеме мөлшері басқа елдерге қарағанда жоғары болды. Соның арқасында Қазақстан инвестициялауға өте тиімді елге айналды, ал ол инвесторларды (елдің экономикасы тұрақты болған жағдайда) теңгені алуға иермелейді.
  • Алыпсатарлық. Қазақстан экономикасында: а) Ресей экономикасына қарағанда жылдам өсу қарқыны болады деген жорамал бар; ә) басқа елдерге қарағанда инфляция жоғары болады деген қауіп бар; б) төмен мөлшерлеменің пайыздық мөлшері күтілуде. Ондай жагдайда теңгесі бар тұлгалар қолындағы теңгені басқа, қалыпты валютаға айырбастауга ұмтылады. Ал ол сол валютаға сұранысты жоғарылатып, оны теңгеге қарағанда қымбаттатады.

Ал бұл әдістің тиімділігіне келетін болсақ, онда оны жақтаушылардың айтатын дәлелі: бұл әдісте валюта бағамы автоматты түрде түзетіліп, соның арқасында төлем балансының тапшылығы мен қалдықтары жойылады. Бұны сұраныс пен ұсыныс функцияларының көмегімен көрсетуге болады (1-сурет).

Тепе-теңдік валюта бағамы 1 гг = ах 1 тг. жағдайда орнайды және де теріс сальдо балансы жоқ деп есептейміз. Бұл жагдайда Қазақстанның қажет ететін рублі мен Ресейдің қажет ететін теңге көлемі бір-біріне тең деп санаймыз. Енді белгілі бір факторлардың әсерінен қазақстандықтардың рубльге деген сұранысы D-дан D-ге артты дейік. Қазақстандық экспорттық операциялар елге «аА» көлемде рубльді әкеледі, ал импорттық операциялар «аС» көлемді қажет етеді. Сонда алгашқы бағам бойынша төлем балансының тапшылығы АС қисыгына тең болады. Бағам нарық зандарымен қалыптасатындықтан ол Ігг = ах Ітг. бағамға ауысады. Ал бұл бағам бойынша ресейліктерге қазақстандық тауарлар арзан болып, қазақстандықтарға керісінше қымбаттап, Қазақстанның экспорты тиімді болып, теңгеге деген сүраныс артады, ал Қазақстандағы рубльге деген сүраныс азаяды. Сондықтан төлем балансы автоматты түрде түзетіледі.

Еркін айналым кемшілікгері:

  • Белгісіздік және сауданың нашарлауы. Белгісіздік және қауіп сауда жүргізуде қиыншылықтар туғызады. Мысалы, қазақстандық кәсіпкер АҚШ-тан 90 мың долларға машина алуға шартқа отырды. Ол есептегенде долларды 79 теңгемен санады, ал елдегі жағдайга байланысты төлем уақыты келген кезде доллар 150 тг. болды. Сонда кәсіпкер екі есе көп ақша төлейтін болады.
  • Сауда жағдапы. Елдің экономикасы халықаралық нарық валютасының еркін айналымы төмендеген жағдайда нашарлайды. Валюта бағамына тәуелді болады.
  • Тұрақсыздық. Ішкі экономикаға жағымсыз әсер етеді. Тағайындалатын валюта бағамы әдісі. Бұл тәсіл жоғарыда қарастырған тәсілге қарама-қарсы әдіспен жасалынады. Оның қолданылуы мемлекеттің валютаның еркін айналуын тұрақтандырып отыру қажеттілігінің туындауымен қиындатылады. Мысалы, жоғарыдағы жағдайда (1-су-рет) валюта жетіспеушілігі автоматты түрде жойылады, ал тағайындау жағдайында тапшылықты мемлекет жоюы керек. Осы мәселе тағайындалатын валюта бағамының ең күрделі сұрақтарының бірі. Оны жою жалпы келесі әдістермен жасалады және олар қазіргі замандағы барлық елдерде қолданыла алады:
  • Резервтерді қолдану. Бұл валюта бағамын тұрақтандырудың ең бір жеңіл тәсілі. Ол нарыққа мемлекеттің өзінің валюта қорымен әсер ету механизмі. Ал валю-та қоры қалай жиналады? Мысал қарастырып отырған еліміз алдыңғы жылы оң салъдолы болып, біраз валютаны иемденіп қалды. Ол қор мемлекеттің иелігінде алтын ретінде сақталып, бағам ауытқулары байқалған кезде

3)  алтынның  экспорты  мен  импортына  кедергі болмау қажет.

Әр сл валютасыидагы алтын құрамын өзі тағайыидайды және алтын салмағының қатынасы валюталық бағамды білдірді. Мысалы, АҚШ-тың доллары = 25 грамм, фунт = 50 грамм, сонда 1 фунт = 2 доллар.

Бұл жерде алтындық қатынасты есептегенде біз орауыштың құнын, тасымалдау шығындарын, сақтандыру шыгындарын есептемейміз. Бірақ бұл шығындар үлкен емес. Біз 50 грамм алтынға бұндай шығындарды 3 цент деп есептейік. Бұндай жағдайда америкалықтар бір фунт үшін 2,03 доллар төлейді. Бұл жағдайдан бағам үлкен болса Америкадан алтынның ағылуы басталады. Бұл нүктені алтынның экспорттық нүктесі деп атайды.

Алтын Америкаға ағылу үшін бағам 1,97-ге дейін түсуі керек. Бұл бағамнан төмен бағам қалыптасқан жағдайда алтын Америкаға ағылады. Ал бұл нүкте алтынның импорттық нүктесі деп аталады.

Бұл жүйенің макроэкономикалық негіздерін қарастырайық. Фунт пен доллардың тепе-тендік жағдайы 1-су-реттегі сұраныс  пен  ұсыныс  жағдайындай  болсын. Белгілі бір себептердің әсерінен британдық фунтқа сұ-раныс артсын (ІУ қисығына дейін). Соның нәтижесінде Америка үшін бағам алтынның экспорттық нүктелерінен артып, алтынның елден ағылуы пайда болсын. Алтын стандартының алғашқы заңына сәйкес елдегі ақша көлемі мен алтын көлемі тең болып, Америкада ақша келемі қысқарады, ал Британияда ақша көлемі керісінше үлкейеді. Ақша жиынының азаюы Америкада жалпы сұранысты азайтады және оның нәтижесінде ұлттық өндірістің, жұмысшылар санының, баға деңгейінің төмендеуіне әкеліп соғады. Оған қоса ақша жиынының азаюы найыздық мөлшерлеме деңгейін үлкейтеді.Ал Британияда керісінше жалпы сұраныс деңгейінің, ұлттық табыс деңгейінің, жұмыс істеушілер санының, баға деңгейінің өсуі байқалады. Ал банктік несие-нің пайыздық мөлшерлемесі керісінше төмендейді. Осыдан барып фунтке деген сұраныс төмендеп, керісіншіе долларға деген сұраныс артады. Себебі арзан америкалық тауарлар британдықтардың салыстырмалы қымбат тауарларынан тиімді көрініп, доллар қажет бола бастайды және үлкен пайыздық мөлшерлеме инвесторлардың қызығушылығын тудырады. Осындай себептерден фунтқа деген сұраныс қайтадан (D) нүктесіне түседі. Бұл жүйенің нашар жағы: жұмыссыздық деңгейінің өсуі, жалпы сұраныс деңгейінің төмендеу жағдайына ұшырауы. Төлем баланысы жагымсыз болган жағдайда елдегі алтын басқа елдерге көшуінен туындайтын жоғарыда айтылған жағдайлардың әсерінен ел экономикасының құлдырау қаупі бар. Бретгон-Вуд валюталық жүйесі. 1944 жылы АҚШ-тың Нью-Хэмпшир штатының Бреттон-Вуд қаласында болған халықаралық басқосуда (саммитте) «әсер етілетін байланған валюталық бағам жүйесі» туралы келісімге қол қойылды. Жаңа жүйе алтын стандарттың тиімді жақтарымен оның келеңсіз әсерін жоятын жүйе болуы керек. Ол конференцияда Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) құрылды. Ол бүл жүйені қадағалау мен оған әсер ету қызметін 1971 жылға дейін жүргізіп келді.

Бұл жүйенің пайда болуына не әсер етті? Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көпшілік елдер өз валютасын, ел өндірген тауарлардың бәсекелестік мүмкіндігін жақсарту мақсатында девальвацияға (ақшаның құнсыздануына) ұшыратты. Себебі ел валютасы басқа валюталарға қарағавда арзан болса, онда тауарлары да арзан болады. Мысалы, «а» және «б» елдері бар және «а» елі өз валютасының құнын «б» елінің валютасына қараганда арзан етіп, өзінің тауарларына сұранысты үлкейтті. Соның нәтижесінде таза экспорт ұлғайып, елдің өндіріс көлемі мен жұмыс орындары арта түсті. Бірақ өнімде «а» және «б» елдері жалгыз емес және олардың көбі өзін «а» елінің жағдайына жеткізгісі келеда. Сондықтан бұл жүйенің ең басты мақсаты ~ дүние жүзіндегі валюта бағамының тұрақтылығын сақтау болды. Әр ел өзінің ұлттық валютасын алтынмен немесе доллармен бағалап, оның тұрақтылығын сақтауға міндетті болды. Бағамды ХВҚ-ның рұқсатынсыз (10%-ға ғана) өзгертуге мүмкіндік берілда. Валюта бағамын өзгертпей ұстауға алтынның немесе басқа да қордың болуы қажет. Себебі теріс баланс кезінде елдең шетел валютасына қажеттілігі 1-суреттен көріп отырғанымыздай АВ кесіңдісін құрайды. Сол кесіндіні толтыру, яғни валютаны қалыпты бағамда ұстау келесі көздерден жүргізіледі:

1)    Қорлар. Алдыңғы жылдарда қалыптасқан оң сауда балансының кемегімен жиналған шетел валютасының қоры. Басқаша айтқанда көмекші қор;

2)     Алтын қоры. Елдің үкіметі өзінің алтын қорын қажет елдің валютасына сатып, оны өз елінің валютасына жәрдем ретінде қолдануы;

3) ХВҚ-дан қарыз алу. Бреттон-Вуд валюталық жүйесіне енген әр ел өзінің ЖҰӨ-іне, халық санына, сауда көлеміне байланысты жыл сайын төлем жасап түруы келісілген еді. Сол төлемдерден жиналған қордан әр ел өзіне қажетті мөлшерде қарыз алуға, оны өз валютасымен қайтаруға құқығы бар. Олардан алынған шетел валютасы ішкі нарықта сатылып, қосымша ұсыныс қалыптастырады.

Бұл жүйенің кемшілігі бар. Егерде елдің салъдосы оң, теріс болып өзгеріп отырған жағдайда бір жылдағы тиімділік екінші жылдағы шығындарды жабады. Ал теріс салъдо бірнеше жылдар бойы қайталанып отырса, онда елдің қоры таусылып қалады немесе қарыз алуға мәжбұр болады.

Бұл жүйеге алтын стандарты мен еркін баға жүйелерінің жақсы жақтары тән. Ол тұрақты валюта бағамын Қамтамасыз етіп әлемдік сауданы ынталандырады. ХВҚ-ның көмегімен валюта бағамын тұрақты ұстап тұруда Қиыншылықтарға ұшырамауын қамтамасыз етті.

Бұл жүйе неге жойылып кетті? Оның себебі бұл жүйеде халықаралық валюта ретінде алтын немесе доллар қолданылуы қажет болды. Алтынды қолдану көптеген қиыншылықтар тудырғандықтан доллар баршаға танымал дүниежүзілік валютаға айналды. Оған келесі жағдайлар әсер етті:

  • АҚШ екінші дүниежүзілік соғыстан экономикасы ең сау ел болып шықты.
  • Алтынның үлкен қорын құрап алды.

Осы себептерден доллар ең мықты валютаға айналып, дүниежүзілік ақша рөлін атқарды. Доллар бүл рөлді атқару үшін ең алдымен алтынға тұрақты бағаммен жеңіл аударылуы керек. Сондықтан да доллар Бреттон-Вуд жүйесінің ортақ ақша рөлін, онымен бірге жалпы жүйенің тіршілігін жойды. Ол Американың бірнеше жылдар бойы теріс сальдоны иемденіп, одан шығу жол-дарын таба алмауынан 1971 ж. 15 тамызда доллардың алтынға айналғыштығын (37 жыл бойы 35 доллар 1 унция алтынға тең болды) тоқтатты.

  1. Бұл жүйені «реттеулі ауытқулы валютаның еркін айналымы» деп атаған дұрыс болады. Қалыпты валюта еркін айналуы кейбір кезде Орталық банк интервенция жасау арқылы ауытқуларды реттеп, елдің саясатын көздейді. Ел экономикасының өзгеруі еркін айналуды реттеуді қажет етеді. Ал тапшылық немесе артықшылық пайда болмауы үшін әдетте бағамға сұраныс пен ұсыныс арақатынасынан қалыптасқан нүктеге дейін еркін өзгеріп, автоматты түрде жоюға мүмкіндік туғызады. Соның нәтижесінде Бреттон-Вуд жүйесіне қарағанда бағам ауытқулары айқын көрінеді (2-сурет). Бірақ азын-аулақ болып тұратын ауытқулар елдің сауда қатынастарына кедергі жасайды. Сондықтан да Орталық банк анда-санда шетел валютасын сатып алып, оны ішкі нарықта сатады. Екі мысал келтірейік:

1.1987 жыяғы «Үлкен жетілік» интервенциясы (бас-ныншылығы). 1987 ж. АҚШ, Германия, Жапония, Ұлыбритания, Франция, Италия, Канада елдері долларды тұрақтандыруға келісім жасасады. Америкада байқалған көпжылдық теріс сальдоның салдарынан доллардың құны төмендеп, дамыған елдердің экономикасына кері әсер етеді деп танылып, дамыған елдер оны сатып алуға яғни қосымша сұраныс тудыруға келісті.

  1. 1994 жылгы иитервенция. 1994 жылы доллардың құны көп жылғы теріс сальдо әсерінен төмендеді. Бағалы қағаздарды инвестициялауға басқа елдердегі доллардың сатылуы да әсер етті. Оны шешу үшін АҚШ-тың Қарамағындағы 16 Орталық банктердің долларды сатып алуы көзделіп, іске асырылды. Бұндай әрекеттің нәтижесінде доллардың арзандау қарқыны төмендеді.

Шындытында бұл жүйе жоғарьщағы мысалдардан да күрделі әдістермен жүргізіледі. Оның жақтаушылары да, Қарсыластары да бар.

Жақтаушыларының келтіретін дәлелі:

  • сауда көлемінің өсуі. Бұл жүйе кезінде сауда нақты көлемінің өсуі байқалды;
  • келеңсіз жағдайлардың басқарылуы. Экономикалық қиыншылықтарды өткізу жеңілденді.

Қарсыластары бұл жүйенің келесідей кемшіліктерің айтуда:

  • ауыспалылықпен бейімделу. Валюта бағамы экономикалық көрсеткіштер бірқалыпты болған жағдайдың өзінде де өзгеріп отырды;
  • «жүйелі еместігі».Белгіленген нормалардың болмауынан әр ел бағамды өзгерту туралы шешім қабылдайды.

Сонымен бұл жүйе қазіргі кездегі қолданылып келе жатқан бірден-бір жүйе.

Жоғарыда айтылған бағам қалыптастыру түрлеріне байланысты мемлекеттің саясаты мен әрекеттері де әр түрлі болады. Төмендегідей негізгі түсініктерді білу қажет.

Экономикадагы бұл түсініктердің қолданылуын қарастырайық.

  1. Ақша мен валюта бағамының тепе-тендік формуласы. Ол үшін келесі формулалар мен түсініктерді анықтайық.

Ақша нарығындағы тепе-теңдік формуласы:

: і(і*) — елдегі (шетелдегі) пайыздық мөлшерлеме;

Е+і — келесі кезеңдегі бағам. Мына формуланы табамыз:

МV(і)=ЕР*О

Бұл формуланың графигі 2-суретте берілген. Көріп отырғанымыздай Е-нің өсуі М-нің өсуіне әкеледі, ал керісінше төмендеуі М-нің де төмендеуіне соқтырады. Бұл формуланы валюта бағам жүйесіне байланысты түрлендіруге болады. Мысалы, тағайындалатын валютаның еркін айналым жүйесінде бізге Е-ге байланысты М-нің мәнін табу керек. Яғни:

М=((ЕР*Q)/  (Vі))

Ал бағам еркін тағайындалатын болса, бізге М-ге байланысты Е-нің мәнін табу керек. Яғни:

Е=((МV(і))/(Р*Q))

Басқаша айтқанда, бағамды Орталық банк белгілеген жағдайда Е экзогенді айнымалы шама болып Орталық банктің тағайындауымен анықталады, ал М болса экономикадағы жағдайдан құралып, эндогендік шама болады. Баға еркін тағайындалатын жагдайда керісінше екеуі орындарын ауыстырады.

а) Тағайындалатын бағам кезінде Е-ні Орталық банк тағайындап, оның арзавдауына кедергі жасауға тырысады. Сол мақсатта ол өзінің валюта қорын сата бастайды. Ол бұл әрекетті М-нің бастапқы қалпына келгенге дейін жасауы керек. Ең соңында Орталық банк алғашқы М-нан ауытқу көлеміне тең мөлшерде валюта сатуға мәжбүр болады.

Мүнда: В* — валюта қорының мөлшері;

D — Орталық банктегі мемлекеттік облигациялар мөлшері.

ә) Уақыт өткеннен соң Орталық банк өзінің валюта қорының азайғандығын, ал ішкі облигациялардың керісінше көбейгендігін байқайды.

Сонымен жоғарыдагыдан анықтағанымыз Орталық баж ақша мөлшеріне әсер ете алмайды, яғни М эндогенді.

Бұл жерде алмастыру коэффициенті (ОС) түсінігін аша кету керек. Ол Орталық банктің облигациялар мөлшеріне кетірген валюта мөлшерінің қатынасын анықтайды.

2.Валютаның еркін айналымдағы бағам режімдеріндегі салыстырмалы тиімділік

Тағайындалатын валюта бағамын ұстап түру үшін, төлем балансында мезгіл-мезгіл болып тұратын тапшылықты жабуға резервтер қажет. Егерде резервтер жеткіліксіз болса, онда мемлекеттер табыс пен бағаны төмендететін дефляциялық саясатты пайдалануы керек, төлем балансының жағдайын уақытша жақсарту үшін, валютаны қадағалау немесе протекциялық сауда шараларын ендіру қажет.

Валютаны қадағалау — басқа әлем мен осы мемлекет арасында болатын мәмілелерді үкімет тарапынан қадағалау. Мысалы, шет мемлекеттерде жұмсауға арналған шетел валютасын резенттерге ауыстыруды үкімет тарапынан шектеу.

Еркін айналымдағы бағам, қысқа мерзім кезеңінде ұзақ мерзіммен салыстырғанда тиімсіз. Керісінше тағайындалатын бағам ұзақ мерзіммен салыстырғанда қысқа мерзім кезеңінде тиімді.

Бұл жүйелердің ешқайсысы төлем балансын реттеуде және бағаның деңгейін тұрақтандыруда, өте үлкен артықшылықпен ресурстардың толық қамтылуына мүмкіндік беруімен ерекшеленбейді.

Қазіргі жағдайда мемлекеттер аралас жүйені пайдаланады, бұл жүйеде тағайындалатын және еркін айналымдағы бағамдар аралас пайдаланылады. Олар: бағамның «жүзуін» басқару — ресми мекемелердің валюта бағамын жаңа паритет пайда болғанша жиі өзгертіп отыруын жорамалдау. Оған қозғалыс барысында, бұрын тағайындалған мөлшерде ұлттық валютаның күнделікті кұнсыздануы жатады («ползущая привязка» — «сырғымалы беркіту»)-

«Сырғымалы беркіту’ жағдайында бағам алдын ала жарияланган немесе жарияланбаған мөлшсрден де үлкен мөлшерге өзгеріп отырады («грязное плавание» — «лас құбылу»).

Мұндай жағдайда үкімет экономиканы жаңа жағдайға бейімдейді және валюталық нарықта қажетті операцияларды жүзеге асыру үшін қаржы құралдарын іздестіреді.

Төмендегі кесте тағайындалған және еркін айналымдағы бағамдардың салыстырмалы тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.

Кесте-1

3.Теңгенің тұрақтандыру мәселесі

Валюта — бұл ақша бірлігі және оны тауар қүны мөлшерін өлшеу үшін қолданылады. «Валюта» ұғымы үш мағынада қолданылады: а) сол елдің ақша бірлігі (Казакстан теңгесі, АҚШ доллары, Ресей рублі, Жапония иені, Ағылшын фунт стерлингі және т.б.) және онын әртүрлі типтері — алтын, күміс, қағаз; ә) шетел мемлекетінің ақша белгісі, шетел ақша бірлігі түріндегі несие мен төлем құралдары және халықаралық есептеуде қолданылатын — шетел валютасы; б) халықаралық (аймақтық) ақша есептеу бірлігі және төлем құралы (евро).

Валюта қолдану саласы мен тәртібіне қарай былай бөлінеді:

а) еркін конверсияланатын (толық қайтарымды) және ол кез-
келген шетел валютасына белгілі баламамен шексіз айырбасталады;

ә) барлық валюталық операция бойынша ішінара (ішінара қайтарымды) конверсияланатын; конверсияланбайтын (қайтпайтын, тұйық) — тек бір елдің шеңберінде айналымда болатын

б) басқа шетел валютасына айырбасталмайды. Еркін
конверсияланатын валютаға: АҚШ доллары, ағылшын фунт
стерлингі, швейцария франкісі және жапон иені жатады.

Көптеген дамушы елдердің ұлтгық валютасы тұйықталған болып келеді. Біздің ұлттық валютамыз «теңгеге» келетін болсақ, ол әлемдегі бірден-бір конверсияланбайтын, тұйық валютаға жатады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республккасының ғалым-экономистері «теңгенің» конверсиялануына қол жеткізуін қарастыруда. Олар экономикалық реформаны терендету жолдарын іздестіруде. Шетел мамандарының ойынша, қазір теңгенің конверсияланбауы төмендегідей себептермен түсіндіріледі: а) валюталық курстың жоғарылығы: ә) ішкі бағаның рационалды болмауы; б) тауардың конверсияланбауы. Соңғысын тек қана тұтыну нарығьін баланстандыру жолымен жоюға болады.

Нарыктык экономика жағдайында ұлттық валютатеңге нарықтың Қалыптасуына және онда бәсекенін болуына көмектеседі, ішкі бағаны нактылайды, отандык өндірісті әлемдік деңгейге көтеруді қамтамасыз етеді. дәйекті сырткы экономикалык мамандануды жүзеге асырады. Осы кезде капиталдың халыкаралык ынтымақтасуының жаңа түрі пайда болып, елдің халықаралық инвесторға айналуы басталады.

Ұлттык валюта теңгенің енгізілуі Казақстан Республикасы -егеменді мемлекетінің барлық атрибутгарының толық безендірілуінің ‘соңғы қадамы болады. Қазақстанның кеп ғасырлық тарихында алғашкы рет өзінің ұлттық ақша бірлігі — теңгеге ие бодды. Ұлттық валютаны енгізу туралы шешім ең дұрыс шешім болып табылады.

Барлык елдерде валютаны конверсиялау жетістік ретінде карастырылады, прогрессивті өзгерістер нәтижесін жүзеге асырушы және тұрғындардың өмір деңгейін көтеруге бағытталады. Ашық жономикалы қоғамда валютаны конверсиялау ұлттық экономиканы әлемлік шаруашылықпен байланыстыруда интеграциялық факторларды құрудың басты тетіктеріне айналады. Өзінің тауарлы массасын балама емес айырбастан және экономикалык егемеғідікті кұрудың басты белгісі бола алды.

Валютаны конверсияландыру дегеніміз алдыменен -жономиканың әлемдік нарықта бәсекелестік қабілеттілігін жасау, ал валюта-қаржы жүиесін сыртқы сауда мен валюта-несие қатынастарын халыкаралық стаңдартқа сай қайтақұру. Қазакстан Республикасында өндірістін тұрақты құлдырауы кезінде бюджет тапшылығының , барынша аса ұлғайуында және үздіксіз инфляцияда теңгенің қажетгі конверсиялау шарты мыналар болмақ: а) өнімнің технологиялык ирофилінің импортты ауыстыратын өндірісінің міндетті дамуын калыптастыру; ә) мемлекеттің төлем балансын жетілдіру; б) инфляцияның қарқынын төмендету. Мемлекет қандайда бір қатан акша саясатын жүргізуге тырысады, осы факторларды ескермей теңгенің конверсиялануына кол жеткізу мүмкін емес. Экономиканы көтеру керек, себебі ол сырткы сауданың технологиялық профилінін негізі болып табылады. Бұл ұлттық валютаньщ конверсиялау мәселесін шешуге мүмкіңдікжасайды.

Казіргі уакытта Казақстан Республикасының экономикалық тұрақсыздануда және оның тезірек жөнделуі үшін жылдар екі себебі оның ар жағында нақты тауар массасы жок. Тіптті  әлем елдеріндегі алтын қорының болуы ұлттық валютаға бсолютгік кепілдік бере алмайды. Халыкаралык Валюталык Қор «ХВЮ» Бүкіләлемдік банк, Азиялык банк, Еуропалық даму және кайта кұру банктері біздің валютаны қолдайды. Алайда шетелден келген көмек ұлттық жетістігімізге оң салдар жасауы екіталай. Жаңа технологиялы ірі инвестиция бұл басқа шаруа, себебі ол өндірістің кұлдырауын жоюға көмектеседі. Тауар өндірушілер үшін жұмсақ валютанын курстық аракатынасын анықтауды қалыптастыру әкімшілдік емес нұсқауды ұлғайту немесе өнім өндіруді қарастыру керек. Кейінірек төлем одағының дамуымен толық қанды валютаны құру сауалы тууы әбден мүмкін, себебі соның негізінде елдер біріктіріледі. Нәтижесінде кандайда болмасын бір килирингтік валюта болуы мүмкін, сонда біркелкі ұлттык банк құрылады. Бір жағынан — экономикалық саясаттың жалпы бағытталуы мемлекеттің қатаң әрі іргелі акша-несие саясатын шектен жүргізілтен болса, екінші жағынан — барлъік шаруашылык субъектілері өзінің қаржы нәтижесі кызметіне жауапкершілікгі күшейтеді.

Валюта қаржылық және тауарлық конверсиялану жағдайына жүзеге асады.

Қаржылық — бұл шетел мемлекеті валютасына конверсиялануы. Тауарлық — бұл кезкелген тауарды шығу тегіне карамай-ақ алу мүмкіндігі.

Сондай-ақ валютаны конверсиялануы бойынша — сыртқы және ішкі деп жіктейміз. Сыртқы конверсиялану — бұл елдің ішінде ұлттык валютаны қолдануға шектеудің болмауы және оның шетел азаматгарынада (резидентгер) солай болуы. Әрине, бұл жағдайда ішкі нарықтық механизм ұлттық валютанын (еркін тандауы бойынша) кезкелген валютаға, тауар, массасына, әртүрлі бағалы кағаздарға (мемлекетгік және жеке) конверсиялану кепілдігін береді.

Ұлттық валютаны енгізетін уақыт жайында пікірталас көп болды. Біреулер Қазақстан тәуелсіздік алысымен, ұлттық валютаны енгізудің қажеті жоқ, өйткені бүл көп жылдар бойы республикалар арасында қалыптасқ-ан экономикалық байланысты бүзады, сондай-ақ біртұтас сом аймағының игілігін пайдалану мүмкіндігінен айырады деп санады. Енді біреулер ұлттық валютаны неғүрлым тезірек енгізу қажет, тек осы жағдайда ғана еліміз көршіге жалтақтамай өзіндік экономикалық саясатын жүргізе алады деп санады. Дауды уақыттың өзі шешіп берді. Ресей біздің республиканы сом аймағынан шығуға мәжбүр ететін саясат жүргізді. Оның бірі —1993 жылы маусымда Ресейдің жаңа рублінің енгізілуі, 1993 жылғы шілде-тамызда Ресейде ақша реформасының жүзеге асуы еді. Соның нәтижесінде кеңестік сом кәдеге жарамай қалды, Қазақстанға басқа республикалардан ескі ақша бақылаусыз ағылды да, елдің қаржы жүйесі , инфляция күн санап өсті, халықтың тұрмыс деңгейі барынша нашарлап кетті.

Жаңа сом аймағына кіруге Ресей қойған талап Қазақстан үшін мейлінше қолайсыз болды, Қазақстанның негізгі экономикалық мүдделеріне қысым жа-салды, ұлттық егемендікті белгілі мөлшерде шектеу талап етілді. Солардың ішінде,біріншіден, біздің алтын-валюта резервімізді Ресейдің басқаруына беру, екіншіден, Қазақстанды Ресей сомымен қамтамасыз еткенде, ол ақша Ресей алдындағы біздің борыш болып есептеледі деген талаптар болды. Ресей сомын өз валютамыз ретінде пайдалану дербес ақша-несие саясатын жүргізу мүмкіндігін қатты шектейтін еді және қолдағы бар ақшаға байланысты орын алған мәселелердің одан әрі шиеленісу қаупін төндірді. Осының бәрі біртұтас сом аймағын сақтаудан Қазақстан алатын пайданы мүмкін етпейтін еді. Айта кету керек, сол кезде Қазақстан үшін сом аймағында қалу тиімді болатын. Өйткені бұл қалыптасқан экономикалық байланыстардың сақталуына мүмкіндік жасайтын еді, одан басқа, көптеген қазақстандық кәсіпорындар сол кезде де, осы күнге дейін де Ресеймен технологиялық жағынан байланысты болатын. Сондай-ақ біртұтас қаржы кеңістігін сақтауда пайдалы еді. Мұны қазіргі кезде валюта жүйесін жақындастыру, валюталық реттеу, валюталық бақылау жұмысын үйлестіру туралы жүргізіліп жатқан келіссөздер растайды.

—    Теңгені енгізген бетте оның АҚШ доллары жөніндегі бағамы   4,70
теңге еді. Келесі 1994 жылдың соңында ол 54Г26 теңгеге жетті, яғни бірден
11,5 есе қүнсызданды. Келесі 1995 жылдың соңында теңге бағамы 63,95
теңге болды, яғни 13,5 есеге дейін қүнсызданды. Осының себептері қандай?

—  Біздің ел үшін ұлттық валюта енгеннен кейінгі алғашқы екі жыл өте ауыр
болды. Қазақстан экономикасы бағаны ырқымен жіберуге және өндірістің құлдырауына байланысты ішкі жалпы өнімнің 1993 жылғы төмендеуі — 9,2 %, 1994 жылы — 12,6%) инфляция бой бермей кетті (1993 жылы — 2165%, 1994 жылы 1158%). Мемлекет тарапынан берілетін дотация мен субсидия тоқтатылды. Импорттық тауарларға қанағаттандырылмаған сүранымның елеулі көлемі, сондай-ақ сыртқы сауданың ырқымен жіберілуі Қазақстанға әкелінетін импорт тауарлар көлемінің өсуін туындатты және оның экспорт көлемінен көп болуы шет ел валютасына сұранымды арттырды, яғни оның бағамының артуына соқтырды.

Теңгені енгізуге байланысты есептер жасалған кезде, ұлттық валютаның тұрақтылығына әсерін тигізуі мүмкін факторлардың бәрі де, соның ішінде баға мен сыртқы базардың ырықтылығы да есепке алынған болатын. 1993-1994 жылдары Қазақстанда болған экономикалық жағдайда теңге бағамының айтарлықтай төмендеуі күтілген болатын.

Кейінгі жылдары да теңгенің АҚШ долларына қатысты құнсыздануының ай-тарлықтай төмендегенін айтуға болады, мәселен 1995 жылы теңге бағамы 17,9 пайыз, 1996 жылы — 15,4, 1999 жылы — 2,8 пайыз төмендеді.

—   Теңгенің одан соң қатты құнсызданып, құлдырауы 1999 жылғы сәуірдің басында болды. Оның себебі көп елге түсінікті сияқты, олар — 1997-1998 жылдардағы Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі және 1998 жылғы тамыздағы Ресейдегі дағдарыстың әсері, әрі біздің экспорттық тауарларымыз мұнай мен металға әлемдік бағаның төмендеуі секілді, Бұл жерде біз теңгенің
еркін бағамына неге 1998 жылы көшпей, 1999 жылдың сәуіріне дейін созып
келдік деген сүрақ бар.

—  Егер Қазақстан 1998 жылғы Ресейдегі тамыз дағдарысынан кейін бірден
теңге бағамын еркін қалыптасуға көшірген болса, бұл Қазақстан экономикасына және теңгенің бағамына айтарлықтай қатты соққы болатын ёді. 1998 жылдың күзінде ТМД елдеріндегі қаржы базарларының тұрақсыз жағдайында, сондай-ақ ел ішінде теңгенің айтарлықтай құнсыздануы күтіліп отырған жағдайда теңге бағамын бетімен жіберуде ешқандай логика жоқ болатын.

Ақшаның құнсыздануын күтудің басты себебінің сақталуы (Ресейдегі қаржы ахуалының тұрақсыздығы және ішкі инвесторлардың оның Қазақстан базарына тікелей әсері барына сенімділігі) ақшаның құнсыздануын күтуді жоймаған бо-лар еді, демек ішкі валюталық базарға қысымды азайтпайтын еді.

Ақшаның құнсыздану нәтижесінде жасалған валюталық бағамның кез кел-ген тепе-теңдігі мұндай жағдайда тез арада теңдестігін жоғалтқан болар еді де, бүл валюта базарының дүрбелең жағдайын тудыратынды және оны құлататынды, тиісінше түтас алғандағы қаржы базарына теріс ықпалын тигізетінді. Теңгенің АҚШ долларына қарағанда аса қатты құлдырауы экономиканың долларлануын күшейткен және капиталдың елден кетуін туғызған болар еді. Мұнан соң үлттық валютаны валюта базарында қолдау мақсатында елеулі көлемде жасалған интервенция елдің алтын-валюта резервінің апатты қысқаруына әкелер еді.

Үкімет пен Ұлттық банктің 1998 жылдың төртінші тоқсанымен 1999 жылдың бірінші тоқсаны кезінде келісіп жүзеге асырған шаралары валюта базарында тұрақтандырушы ықпал жасау мақсатында істелді. Мұнымен бір мезгілде ақша бағамын төмендетуді жүзеге асырудың ең дұрыс жолын таңдап алу жөнінде жүмыс істеліп жатты. Теңгенің еркін бағамына көшу, біріншіден, сыртқы қолайлы жағдай туған кезде (Ресейде қаржы ахуалы түрақтанды), екіншіден, ішкі қолайлы ахуал қалыптасқан кезде (қаржы базарындағы ахуал айтарлықтай тұрақты, ақшаның құнсыздануын күту төменгі күйде, ішкі борыш біршама аз болды, ал сыртқы борыш бойынша төлем онша көп болған жоқ) жүзеге асырылды. Осының бәрі жүрт үшін жасалған жұмсартушы қосымша шаралармен бірге (банк салымшылары және зейнетақыны жинақтау қоры үшін) ақшаның құнсыздануының теріс зардабын азайтты.

Қазақстан Республикасының үкіметі мен Ұлттық банк экономикаға тиетін соққыны жұмсартуға қажетті барлық шараларды қолданды (халық тұтынатын тауарлардың импортын шектеу және басқадай), осының бәрі кейіннен қаржы секторын және азаматтардың әл-ауқатын төмендетпей сақтап қалуға мүмкіндік берді.

— Ұлттық банк пен республика Қаржы министрлігінің басшылары екі жылдан бері теңгенің долларға деген бағамын 150 теңгеге жеткізуге, тіпті одан да жоғарылатуға ынталы екенін өз сөздерінде талай рет айтты. Мұнысын экспортты ұлғайтуға, инвестиция тартуға қолайлы жағдай туындайды деп түсіндіреді. Ал қара халық теңгенің долларға қарағанда әлсірегенін байқай қалсаг базардағы бағаны көтере қояды. Яғни теңге құнсызданса, бар-лық тауарлардың бағасы өседі, инфляция да өседі, халықтың сатып алу қабілеті мен күнкөріс дәрежесі төмендейді.

Ұлттық банктің мақсаты Қазақстан теңгесінің тұрақтылығын және оның нақты құнын қамтамасыз ету екнін, оның жалпы экономикалық ахуалға, төлем балансының жағдайына және басқа да жағдайларға байланысты екенін атап өткім келеді. Осыған байланысты АҚШ-тың 1 долларына бағамды 150 тең-геге және одан да көпке жеткізуге ұмтылыс жоқ екенін айту қажет. Ұлттық банк басқа елдермен эквивалентті (баламалы) тауар айырбасына мүмкіндік туғызатын теңге бағамының тепе-теңдік мәнін табуға ұмтылады. Тек осындай жағдайда ғана ел экономикасы үшін, демек оның азаматтарының әл-ауқаты үшін ең жоғары тиімділікке қол жетеді.

Бағамның не төмен, не жоғары болып кез келген жаққа қарай ауытқуы Қазақ-стан экономикасына теріс әсерін тигізеді. Мәселен, Ұлттық валютаны сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі талабынан едәуір артық етіп құнсыздандыру елдің ұлттық байлығын арзандатылған бағамен (демпинг) сатуға, демек еліміздің азаматтарының әл-ауқатының төмендеуіне апарып соқтырар еді. Керісінше, бағамды шектен тыс күшейту азаматтардың әл-ауқатының тек уақытша ғана жақсаруына әкелген болар еді. Сонымен бірге, бағам қолдан күшейтілген бойда қазақстандық тауарлардың бәсекеге жарамдылығы төмендейді, отандық өндіріс құлдырайды, жұмыссыздық және қоғамдағы әлеуметтік шиеленіс өседі.

1998 жылғы Ресей дағдарысы және оның іле-шала сомның құнсыздануы, сондай-ақ Украинаның, Беларустың, Қырғызстанның валюталарының құнсыздануы теңгенің айтарлықтай нығаюына әкелді. Нәтижесінде ТМД елдерінің валюталарына қарағанда 1998 жылы 25 пайыз нақты қымбаттады. Алыс шет елдерді есепке алғанда бұл қымбаттау 17 пайыз болды. Осының салдарынан отандық өндірушілердің бәсекелестік қабілеті тек сыртқы ғана емес, ішкі базарда да нашарлады, яғни біздің тауарлар қымбаттай түсті және сатып алуға тиімсіз болып шықты. Бұл 1998 жылғы сыртқы сауда операциялары балансының нашарлауында шешуші рөл атқарды. 1997 жылға қарағанда сауда балансының тапшылығы үш есеге жуық көбейді.

1998 жылдың екінші жартысында ТМД елдерінің экспортының тым қатты құлап түсуі (1997 жылдың тиісті көрсеткішіне қарағанда 43 пайыз) жылды тұтас алғанда Қазақстан экспортының қүнының 15 пайыз төмендеуіңе әкеліп соқты.

ТМД елдерінің валюталарына қарағанда теңгенің нақты қымбаттауы валютаның нақты құнының өзгеруіне икемді ол елдерден тұтыну тауарларының импортының айтарлықтай көбеюін тудырды. ТМД елдерінен әкелінген тұтыну тауарларының көлемі 76 пайыз, оның ішінде Ресейден — 114 пайыз өстіг бұған

1998 жылғы қыркүйекте Ресейден арзан импорттың қаптап кетуі себепші болды.
Егер 1998 жылдың басында өнеркәсіп өндірісі көлемінің өсуі байқалса, жылдың екінші жартысында өсу қайта кеміді, ал жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 2,4 пайыз кеміді. Экономиканың басқа салаларында да өндіріс көлемі, сыртқы сауда айналымының көлемі төмендеді. Соның нәтижесінде ҰЖӨ-нің 1998 жылғы нақты құлдырауы 1,9 пайыз болды. Жоғарыда аталған факторларға байланысты өндірістің құлдырауы тиісінше кәсіпорындардың қуатын қысқартуға әкеліп соқтырды, ал бұл өз кезегінде жұмыс орнын мәжбүрлі түрде қысқартуды, сөйтіп жұмыссыздар қатарын көбейтуді туындатады. Жұмыссыздық деңгейінің өсуі қоғамдағы әлеуметтік шиеленісті күшейтеді, атап айтқанда еңбек базарындағы ахуалды шиеленістіреді, азамат-тардың тұрмыс деңгейін төмендетеді.

Біз қалыптасқан әлемдік экономикалық қолайлы жағдайдың сақталуы және төлем балансының оң сальдосы есебінен теңге бағамы тұрақты болады деп күтеміз. Мұндай қолайлы ішкі және сыртқы ахуал таяу арадағы келешекте сақталады деген үмітіміз бар.

Әрине, ұлттық валютаның бағамының күшеюі жүрттың тұрмыс деңгейінің
жақсаруына септескен болар еді, бірақ уақытша ғана. Біздің экономикамыздың
сипаты шикізатта екенін және әлемдік базардағы ахуалға өте күшті бағынышты
екенін ескерген жөн. Ал ертең ахуал өзгере қалса не болмақ?

Бағамды айтарлықтай асыра бағалаған жағдайда жүрт екі рет ұтылатынын

1999  жылғы тәжірибе көрсетті, бірінші рет, ұлттық валютаны амалсыздан қүнсыздандырған жағдайда, жұрттың теңгедей жинаған ақшасы құнын жойды. Екінші рет әлемдік базарда отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігі төмендеді. Мұның өзі елде жұмыссыздықты көбейтеді.

Сондықтан, Ұлттық банктің теңге бағамын артық бағалауға жол бермеуге бағытталған қызметі қазіргі жұрттың тұрмыс деңгейінің біраз төмендеуіне соқтырып отырғанымен ұзақ мерзімді келешекте адамдардың жұмыспен қамтылуының, демек тұрақты табыс табуының кепілі іспетті. Валюта курсының саясатын дұрыс таңдай білу үлкен жауапкершілік жүктейді. Аталған уақыт ішінде теңгеге қатысты саясат екі рет өзгеріске ұшырады — ұлттық банктің интервен-цияларымен валюта нарығында бақылаудағы жүзу режимі саясатынан еркін жүзу режиміне ауысты. Онда да Ұлттық банк үлкен ауытқушылықтар орын алған кезде араласа алады. Теңгенің тұрақтылығы сондай-ақ, мемлекеттің алтын валюталық қорына да байланысты, Теңге қолданысқа енген уақытта алтын валюталық қор 500 млн. долларды құраған. Қазіргі таңда еліміздің халықаралық қоры, ұлттық қордың қаржысын қосқанда 14,5 млрд. долларды құрады, яғни 30 есе ұлғайды.

Ұлттық банк валюта нарығын қолма-қол шетелдік валюталар нарығын дамыту арқылы қадағалады. 1995 жылдан бастап банк жүйесін реформалау, яғни оның жұмысын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру жұмыстары басылды, Халықтық банктерге деген сенімін арттыру үшін 1999 жылы халықтың салымдарына кепіл беру қоры құрылды. Банктер арасындағы бәсекелестіктің дамуы қызмет көрсетудің сапасын арттырып, экономикаға берілетін несиелік ресурстарға төленетін төлемақының бағасын түсірді. Нәтижесінде елімізде кәсіпкерлер тобы қалыптасып, халықтың табысы едәуір артты. Осының арқасында тұтынушыларға несие беру ісі қарыштап дамыды.

Ұлттық банктің негізгі міндеті  ұлттық валюта — теңгенің ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз етудің орындалуына баға беретін фактор — халық салымдарының доллардан теңгеге ауысуы. Бүгінде ұлттық валютамыз сыртқы экономикалық есептеуде де пайдаланылады.

2005 жылы валюталық режимді либерализациялау  бағдарламасы

аяқталды. 2007 жылдан бастап валюталық    операциялар жүргізудегі барлық шектеулер  жойылады.  Теңге толық конвертациялануға қол жеткізді. Теңгенің сапасы мен көркемдік құндылығын  мойындады. Қай заманда болсын, аптын мен күмістен жасалған ақшаны шығару абыройлы іс екенін қазақстандықтар мен еліміздің қонақтары түсінді. Іскерлік қарым-қатынастар дамыту үшін бүдан артық сыйлықты ойлап табу мүмкін емес.

Жоғарыда айтылғапдай, КСРО-ның мемлекеттік банкінің Республикалық кеңсесі Қазақстан Реелубліжкасының Ұлттык банкі болып қайта құрылған. Ол жай клиенттерге қызмет көрсететін мемлекеттік банктен орталық эмиссиялық банкке өзгертілді және «банктердің банкі» болды.

Тәжірибе жүзінде кассалық резервтердің барлығы Ұлттық банкке шоғырлаиады жәме олардың шарушшылық айналымға түсуі ұлттық банкінің мекемелері арқылы ксоммерциялық банктердің кассаларын толтыру негізінде жүреді. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банкте рдің мекемелері арқылы жүргізеді, ал қажет жагдайда Ұлттық банкі деп несие алады.

Осының нәтижесінде қолма-қол және қолма-қолсыз есеп айырысу айналысы ұлттық банкіде және оның мекемелерінде шоғырланады.

Ұлтттық банк — ақша резервтерінен, алітын валюта резервтерінен, басқа да материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкі бар заңды тұлға. Мүліктің құралу көездеріне — банк ісінен түскен табыстар, бағалы қағаздардам түскеіи табыстар және сәйкес бюджеттердем түскен дотациялар жатады.

Заңның 9-бабына сәйкес, Ұлттық банк жарғылық қорын 10 млрд теңге көлемінде мына қаражаттар есебінен құрайды: республикалық бюджеттен болінген қаражаттар, мемл екеттен алынған негізгі қорлар және Ұлттық банк тапқан пайдадан аударымдар.

Әлемдік тәжірибеде, нарықтық экономигеа жағдайында Орталық банкінің жұмысын ұйымдастырудың әр түрлі іс құқықтық формалары бар:

  • оның капиталының қалыптасуы 100% мемліекеттің қара-
    жаты есебінеи болатын унитарлық банік;
  • акцияларының бөлігі мемлекетке тиесілі немесе мем-
    лекеттің қатысуынсыз) акционерлік қоғам;
  • бірлестік типтес ұйым (мемлекеттің қатысуымен немесе
    қатысуынсыз);
  • Орталық банкінің қызметім бірігіп атқаратын тәуелсіз
    банктер жүйесі.

АҚШ-та орталық банктердіц капиталына мемлекет қатыспайды, олардың капиталы Федералды резервтік жүйенің (ФРЖ) мүше банктеріиің жарна пұл төлемдерінен тұрады.

Иегізі Ұлттық баик унитарлық орган болып табылады. Мемлекет — жарғылық қордың жалғыз иесі. Негізгі қор — ғимараттардан, құрылғылардан, көлік және басқа да құндылықтардан тұрады, ал айналым қаражаты — банкіге тиесілі ақша қаражаттарымам тұрады. Ұлттық банк резервтік жэне басқа қорлар құрады. Резервтік қор жарғылық көлемінде құрылып, ол өзіндік табыс есебінем толтырылады және осы қорға байланысты нормаларга сәйкес жүргізілетіи операциялар бойынша шығындарды жабуға арналады.

Ұлттық банкінің қаржылық жылдағы пайдасы сол жылга жатқызылатын табыстар мен шығындардың айырмасы ретінде анықталады. Ондай шығындарға: активтер амортизациясы, оның ішіндегі банкноттар мен монеталардың құндарының бір бөлігі жатады.

Пайданың жарғылық, резервтік және басқа қорларды құрғаннан қалған бөлігі республикалық бюджетке аударылады. Ұлттық банк және оның мекемелері барлық салықтар мен төлемдерден босатылады.

Қазақстан Республикасының үлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісіне мынадай қосымша міндеттер жүктеледі:

  • Қазақстанның экономикалық дамуы және оның дүние-жүзілік экономикаға интеграциялануы мақсаттарына жетуге көмектесетін ақша айналысы, несие, банктік есептеулерді және валюталық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жасау және жүзеге асыру;
  • ақша-несие және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуғе көмектесу;

—   оанктік және оасқа несиелік мекемелердің қызметін реттейтін ережелерді жасау және олардың орындалуына бақылау жасау негізінде баик несие берушілердің, салымшылардыц мүдделерін қорғауы.

  • елдегі несиелік ресурстарды жэне ақша айналысын басқару;
  • өзіне бағынышты мекемелер арқылы ақшалай түсімді инкассациялауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
  • халық шаруашылығындагы несиелік, есеп айырысу және кассалық операцияларды жүзеге асыру бойынша ережелерді, әдістемелік инструкциялық мормативтік актілерді шығару (барлық банктерге міндеттін, есеп жүргізу және банктердің есеп беруін ұйымдастыру;
  • бамк ісін лицензиялау, ақша-несиелік реттеудіц әдістерінің формаларын талдау;
  • банк ісін бақылау жэне қадағалау;

елдің банк жүйесінің тәуелсіз балансын жасау; ғылыми-зерттеу және аналитикалық жұмыстар жүргізу;

—   валюталық операцияларды жүргізу ережелерін жәие тәртібін жасау, біркелкі валюталық саясатын жүргізу және т.б.

  • меншікті қаражаттары;
  • басқа банктерден тартылған және келісімшарт негізінде
    Ұлттық банкіге орналастырылгам ақшалай қаражаттар;
  • Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден тартылған қаражаттар;

Қорытынды.

Ұлттық валюталық нарықтар деп, ережеге сәйкес, халықаралық операцияларды жүргізуге маманданбаған, өз клиенттеріне (олардың қатарында компаниялар, жеке тұлғалар және банктер болуы мүмкін) валюта бойынша қызмет көрсететін сол елдің аумағында орналасқан банктердің жүзеге асыратын операцияларының жиынтығын айтады. Сонымен қатар, ішкі ұлттық нарықтағы операцияларға жекелеген компаниялар арасында жасалатын операцияларды, жеке тұлғалар арасындағы операцияларды, сондай-ақ валюта биржасында жүргізілетін операцияларды да жатқызады. Жоғарыда келтірілген сипаттамаға қарап, Қазақстанда ұлттық нарықтың жұмыс жасайтынын айтуға болады.. Қазақстанда Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің жүргізетін саясаты, айырбас орындарының көптеп ашылуы пайда массасын өсіру үшін банктер арасында бәсекені ұлғайта отырып, «көше» нарықтарында валютамен сауданы азайтуға және соның нәти-жееінде «қара нарықтың» әрекет ету аясының қысқаруына әкелді.

Валюталық операцияларды жүргізуге құқылы банктер өкілетті немесе девиздік банктер деп аталады.

Әдетте, валюталық операциялар банктер арасында тікелей жүргізіледі (телекс немесе телефон бойынша), бірақ кейбір елдерде (Скандинавия елінде) Орталық банк өкілдерінің валюталық нарыққа қатысушылармен кездесетін валюталық биражалар сақталған. Мұндай жағдай Қазақстан Республикасында да әрекет етеді, яғни Қазақстан қор биржасында аптасына 2 рет валютамен сауда жүргізіледі.

Ұлттық валюталық жүйе мен дүниежүзілік шаруашылықтың даму негізінде қалыптасқан және мемлекетаралық келісім-шарттармен бекітілген халықаралық валюталық қатынастарды ұйымдастыру формасы — дүниежүзілік валюталық жүйе өзара ажырамастай байланысты. Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйелердің мұндай байланыстылығы олардың біртұтас екендігін білдірмейді, себебі олардың міндеттері, қызмет етуі және реттеу шарттары, жекелеген елдер экономикасын және дүниежүзілік шаруашылыққа ықпал етуі әр түрлі болып келеді. Дүниежүзілік валюталық жүйені ұлттық жүйемен байланыстыратын, яғни валюталық қатынастарға қызмет көрсететін және реттейтін,  мемлекетаралық валюталық реттеулердс және валюталық саясатты шоғырландыруда негіз болатын ұлттық банктер болып табылады.

Дүниежүзілік валюталық жүйені мемлекеттік-құқықтық ұйымдастыру формасы жетекші елдердің мүдделігімен және дүниежүзілік аренадағы күштердің орналастырылуымен, өндірістің және дүниежүзілік сауданың дамуымен анықталады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.«ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы.30.03. 1995.

2.2002 жылы 3 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасының № 213 қаулысымен бекітілген «Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциялық нормативтер туралы» ереже.

3.«ҚР ұлттық банкі туралы» ҚР заңы. 30.03. 1995.

4.«ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы.30.03. 1995.

5.2002 жылы 3 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасының № 213 қаулысымен бекітілген «Екінші деңгейдегі банктерге арналған лруденциялық нормативтер туралы» ереже.

6.Банки и банковские операции в России / Под ред. Лапидуса М.Х. — М., 1996.

7.Банки и банковские операции / Под ред. Жукова Е.Ф. — М.,1999

8.Банковское дело / Под ред. Лаврушина О.И. — М., 1992

9.Банковское дело / Под ред. Колесникова В.И. — М., 1995.

10.Банковское дело: стратегическое руководство /Под ред. Платонова В., Хиггниса М. — М.: Консалтбанкир, 1998.

Мерзімді басылымдар тізімі

11.Екінші деңгейдегі банктердің несиелік саясаты.-Аль-Пари,2004,N6

12.Қазақстандағы депозиттер нарығы –Қаржы-Қаражат,2001,N

13.Коммерциялық банк құрылымы.- «АльПари» 2002ж, 6.

14.»Коммерциялық банктер операциялары», Мақыш С.Б., Алматы-2004ж.

15.»Банки Казахстана», 2005-ж., N6.

16.»Ұлттық банктің статистикалық бюллетені»-1999-2004жж-Ақиқат,1999,N5.