Валюталық жүйелер және валюталық қатынастардың ұғымы

0

Тақырыбы: Валюталық жүйелер және валюталық қатынастардың ұғымы

Жоспар

  • тарау. Валюталық жүйелер және валюталық қатынастардың ұғымы
    • Халықаралық валюталық  жүйе
    • Халықаралық валюталық  қатынастар

2-тарау. Валюталық бағам, валюталық «Қоржын»  және құбылмалы, тұрақты валюталық бағамдар

2.1.  Валюталық  бағам  және  валюталық  қоржын

2.2.  Құбылмалы және тұрақты валюталық бағамдар

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер тiзiмi.

1- тарау. ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР ЖӘНЕ ВАЛЮТАЛЫҚ           

                      ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ҰҒЫМЫ.

1.1.  Халықаралық валюталық жүйе

Халықаралық валюталық қатынастар — бұл ұлттық шаруашылық қызметтерінің нәтижелері мен өзара алмасуына қызмет ететін және дүниежүзілік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.

Валюталық қатынастардың жекелеген элементтері — вексель ісі түрінде Ертедегі Грецияда пайда болған. Олардың келесі даму кезеңдері Лиондағы «вексель жәрмеңкелері» мен басқа да Орта ғасырлык Еуропадағы сауда орталықтары болды, онда есеп айырысулар вексель арқылы жүргізілді. Халықаралық қатынастардың одан әрі дамуы өндіргіш күштерінің өсуімен, дүниежүзілік нарықтардың кұрылуымен, халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуімен байланысты болды.

Халықаралық валюталық қатынастар материалдық өндіріс саласына, сондай-ақ бөлу, айырбас және тұтыну салаларына  қатынастар қатысты  халықаралық экономикалық қатынастарға делдал болады.

Валюталық қатынастар жағдайы ұлтгық және дүниежүзілік экономиканың дамуына, саяси жағдайға, елдер арасындағы күштердің арақатынасына тәуелді.

Халықаралық шаруашылық байланыстардың дамуы шамасына байланысты валюталық жүйе құрылды. Экономикалық тұрғыдан қарағанда — бұл шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан валюталық-экономикалық қатынастар жиынтығы; ұйымдық-заңдық тұрғысынан қарағанда — белгілі бір қоғамдық-экономикалық формация шегіндегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың мемлекетгік-құқыктық формасы.

Тарихта мынадай валюталық жүйенің типтері қалыптасқан: ұлттық, дүниежүзілік, аймақтық.

Басында елдегі ұдайы өндіріс процесіне қажетті валюталық ресурстарды қалыптастыруға және пайдалануға, халықаралық айналымды жүзеге асыруға көмектесетін валюталық-экономикалық  қатынастардың  жиынтығы  ретінде  ұлттык жүйе пайда болды. Ұйымдық-зандық тұрғысынан қарағанда — бұл   шаруашылық   байланыстарды   интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан және халықаралық құқық нормаларын ескере отырып ұлттық заңдылықтармен бекітілген,  елдегі   валюталық  қатынастарды  ұйымдастырудың  мемлекеттік-құқықтық  формасы.  Ұлттық  валюталық  жүйе елдің акша жүйесінің бір бөлігі бола отырып, өзінше дербес және ұлттық шекарадан шыға алады. Ұлттық валюталық жүйенің ерекшелігі ел  экономикасындағы  сыртқы  экономикалық байланыстардың даму дәрежесімен анықталады.

Ұлттық валюталық жүйе мен дүниежүзілік шаруашылықтың даму негізінде қалыптасқан және мемлекетаралық келісім-шарттармен бекітілген халықаралық валюталық қатынастарды ұйымдастыру формасы — дүниежүзілік валюталық жүйе өзара ажырамастай байланысты. Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйелердің мұндай байланыстылығы олардын біртұтас екендігін білдірмейді, себебі олардың міндеттері, қызмет етуі және реттеу шарттары, жекелеген елдер экономикасын және дүниежүзілік шаруашылыққа ықпал етуі әр түрлі болып келеді. Дүниежүзілік валюталық жүйені ұлттық жүйемен байланыстыратын, яғни валюталық қатынастарға қызмет көрсететін және реттейтін, мемлекетаралық валюталық реттеулерде және валюталық саясатты шоғырландыруда негіз болатын ұлттық банктер болып табылады.

Дүниежүзілік валюталық жүйені мемлекеттік-құқықтық ұйымдастыру формасы жетекші елдердің мүдделігімен және дүниежүзілік аренадағы күштердің орналастырылуымен, өндірістің және дүниежүзілік сауданың дамуымен анықталады.

Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйе арасындағы байланыс пен айырмашылықтар, олардың элементтерінен байқалады.

Егер ұлттық валюталық жүйе ұлттық валютаға — елдің ақша бірлігіне негізделген болса, ал дүниежүзілік валюталық жүйе — бір немесе бірнеше резервтік валюталарға немесе халықаралық есептесу бірліктеріне негізделеді.

Резервтік валюта — халықаралық төлем және резерв құралы функциясын орындайтын, басқа елдер үшін валюталық паритет пен валюталық бағамды анықтауға базалық кызмет ететін, валюталар бағамын реттеу мақсатында валюталық интервенция жүргізуде пайдаланылатын алдыңғы қатарлы елдердің айырбасталған ұлттық валюталарының  ерекше  категориясы.

Резервтік валюта мәртебесін алудағы алғышарттар:

— дүниежүзілік өндірісте, тауарлар мен капитал экспорттарында елдердің билік ету позициясы;

— жоғары тиімді байланыс жүйесі бар несиелік-банктік мекемелердің дамыған торабы;

— басқа елдерде оған деген сұранысты қамтамасыз ететін, халықаралық айналымдағы валютаның еркін айналымдығы және валюталық шектеудің болмауы.

Резервтік валюта мәртебесі эмитент-елдің экономикасына белгілі бір міндеттемелерді жүктейді: осы валютаның тұрақтылығын қолдап отыру қажеттігі, сауда және валюталық шектеулердің болмауы, девальвация жүргізбеу. Сонымен қатар, ұлттық валютаны резервтік дәрежеге  көтеру ұлттық шаруашылық үшін төлем балансының тапшылығын ұлттық валютамен автоматты түрде пайызсыз және мерзімсіз халықаралық несие алу жолымен жабу мүмкіндіктері түрінде бірқатар артықшылықтар береді.

Халықаралық есептік ақша бірлігі — валюталық паритет пен валюталық бағамды белгілеу, халықаралық талаптар мен міндеттемелерді өлшеу үшін шартты бірлік ретінде пайдаланылатын валюталық бірлік. Қазіргі уақытта халықаралық экономикалық қатынастарға қызмет ету үшін қажетті дүниежүзілік несиелік ақша типтері ретінде СДР (арнайы қарыз алу құқығы) және ЭКЮ (еуропа валюта бірлігі) қызмет етеді. Бұл халықаралық активтер қолма-қолсыз халықаралық есеп айырысуларда елдердің арнайы шоттарына жазбаша жазу жолымен: СДР — Халықаралық валюталық қорда, ЭКЮ–Еуропалық қауымдастыққа ынтымақтастық валюталық Еуропалық қорында пайдаланылады. Олардың шартты құны валюталық «қоржынға» кіретін валюталардың орташа өлшемді кұнын және бағамдарын өлшеу негізінде есептеледі.

Валюталык «қоржын» 1973 жылы наурыз айынан бастап өзгермелі бағам режимін енгізумен байланысты банктерді және халықаралық валюталы-несиелік ұйымдарда қолданылады. Осы топтағы валюталар саны, олардың құрамы және валюталық компоненттердің мөлшері орташа өлшемді бағам мақсатына байланысты белгіленеді.

Валюталардың орташа өлшемді құны, топқа кіретін валюталардың АҚШ долларына қатысты нарықтық құныньң сомасында есептеледі. СДР халықаралық есептесу бірлігінің негізін құрған валюталық «қоржын» бес валютадан тұрады (1.01.1991 ж. жағдай бойынша); АҚШ доллары — 40%, неміс маркасы — 21%, жапон йені — 17%, француз франкі — 11%, фунт стерлинг 11%.

Елдің экономикалық және валюталық жағдайларына байланысты анықталатын валюталардың конверсиялау дәрежесі валюталық жүйенің келесі бір элементін сипаттайды. Басқа да ұлттық валюталарга еркін айырбасталатын, ақша бірліктері ретінде еркін конверсияланатын валюталар болады. 1978 жылдан бастап халықаралық валюталық қорлар мынадай ұғымдарды енгізген болатын:

— «еркін пайдаланылатын валюта», яғни халықаралық есеп айырысуларда және валюталық нарықтардын негізгі операцияларында кеңінен қолданылатын;

— валюталық шектеулері бар, жартылай конверсияланған елдердің валюталары;

— валюталар айырбасына тыйым салынған, елдердің конверсияланбайтын валюталары.

Валюталық паритет — бұл валюталық бағамның негізі болып табылатын және заңды түрде бекітілетін екі валюта арасындағы шекті қатынасты білдіреді. ХВҚ Жарғысы бойынша валюталық паритет СДР негізінде белгіленеді.

Ұлттық валюталық жүйенің шегінде ХВҚ арқылы мемлекетаралық реттеу объектісі болып саналатын валютамен жасалатын операцияларға шек қою, яғни валюталык шектеу енгізілуде.

Халықаралық ақшалай талаптар мен міндеттемелерді мемлекеттік реттеумен байланысты бейнелейтін және жекелеген елдің немесе барлық елдердің төлем қабілетін сипаттайтын — халықаралық өтімділік валюталық жүйенің элементі болып табылады. Халықаралық валюта өтімділігінің құрылымына шетел валютасы, алтын, Халықаралық валюталық қатынастағы резервтік позиция, СДР және ЭКЮ-дағы шоттар кіреді.

Халықаралық несиелік құралдарды пайдалану ережелерінің регламенттелуі және халықаралық есеп айырысулар жүйелік халықаралық нормаларға (Женева вексельдік және чектік конвенция, 1930ж.) сәйкес жүзеге асырылады.

Валюталық жүйенің институтциональдық құрылымы ұлттық және мемлекетаралық деңгейлерде реттеледі.

Аймақтық валюталық жүйелердің пайда болуының себептерінің біріне, жаңа валюталық орталықты құру және оны дүниежүзілік валюталық жүйе аумағына қосу жатады.

Аймақтық валюталық жүйе — валюталық бағамдардың ауытқуын азайту және интеграциялық процессті ынталандыру мақсатында бірлестікке мүше елдердің валюталық қатынастарын мемлекеттік-құқтық ұйымдастыру формасының және экономикалық интеграция шегінде валюталардың қызмет етуімен байланысты қалыптасатын қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады (Еуропалық валюталық жүйе, 1979 ж. наурыз).

Валюталық жүйенің даму кезеңдері өндірістің, дүние-жүзілік нарықтың, халықаралық еңбек бөлінісінің, дүниежүзілік шаруашылықтың дамуымен байланысты болып келеді.

Бірінші дүниежүзілік валюталық жүйе өнеркәсіптік революциядан кейін алтын монометаллизмі базасында алтын монета стандарты формасында қалыптасты. 1867 ж. Париж келісімі алтынды дүниежүзілік ақшалардың жалғыз формасы ретінде мойындады. Ұлттық және дүниежүзілік валюта және ақша жүйелері біріктірілген болатын, себебі ақша дүниежүзілік нарықта төлемге массасы (салмағы) бойынша қабылданды. Алтын стандарты өндірісті, сыртқы экономикалық байланыстарды, ақша айналыс, халықаралық есеп айырысуларды реттеуші ретінде белгілі бір роль атқарды.

Кейіннен классикалық алтын монета стандарты өзін түсіріп алды, себебі, ол дүниежүзілік шаруашылықтың шаруашылық байланыстарына сәйкес келмеді. 1914 ж. валюталық шектеу енгізілді. Бірінші дүниежүзілік соғыс тұсында пайда болған валюталық былықтан соң, алтын және жетекшi валюталарға негізделген мемлекетаралық алтын девиз стандарты құрылды.

Екiншi дүниежүзілік валюталық жүйе 1922 ж. Генуэз  конференциясындағы мемлекетаралық келісіммен құрылды. 30 елдiң ақша жүйесі алтын девиз стандарты базасында қызмет етгі. Ол кезеңдерде резервтік валюта мәртебесі ресми түрде бір валютаға бекітілмеді, бірақ та фунт стерлинг пен АҚШ доллары, жетекшiлік танытты.

Үшiншi дүниежүзiлiк валюталық жүйе 1944 ж. Бреттон-Вудстағы (АҚШ) валюта-қаржы конференциясында рәсімделді. Қатысушылары 44 ел болды, ХВҚ Жарғысы бекітiтiлп, онда дүниежүзілік валюталық жүйенiң мынадай қағидалары анықталды:

— алтынға және екі резервтік валютаға (АҚШ доллары және фунт (стерлингке) негізделген мемлекетаралық алтын девиздік стандарттың жүйесі белгіленді. Бұл жерде алтын девиз стандарты халықаралық қатынастарда сақталып, ал ақша жүйесi айырбасталмайтын несиелiк ақшаларға негізделді.

Бреттон-Вудс келiсімі бойынша алтынды пайдаланудың төрт негіэі формасы қарастырылды: валюталардың алтындық паритеті және олардың Халықаралық валюталық қорда есепке алынуы, халықаралық есеп айырысулардың қалдығын жабатын ақырғы кұрал және халықаралық валюта өтімділiгінің компоненті. АҚШ долларын алтынға теңестіру және оны шетелдік орталық банктерде 31,10352 г (1934 ж.) тең 1 тройцк унциясы үшiн 35 доллар ресми бағада айырбастау жүзеге асырылып, іс жүзінде долларлық стандарт орын алды:

— валюталық саясат және валюталық шектеу халықаралық келісім-шарттарға бағынды;

— валюталық паритеттер алтынмен немесе АҚШ долларымен бейнеленді, паритетгі өзгерту тек қана Халықаралық валюталық қордың рұқсатымен іске асты;

— валюталық бағамдардың режимі белгіленді (±0,75%-паритеттен ауытқуға болады).

60-жылдардың аяғынан бастап, үшінші дүниежүзілік валюталық жүйе кұлдырады. Төртінші дүниежүзілік валюталык жүйенiң қағидалары Кингстонда (Ямайка) 1976-1978 жж. ХВҚ-ға мүше елдердің келісімімен рәсімделді. Онда Халықаралық валюталық қор Жарғысына түзетулер енгізілді. Ямайка валюталық жүйесінің негізгі қағидасы мыналар:

— СДР стаңдарты енгізілді, бірақ іс жүзінде долларлық стандарт сақталды, себебі доллар СДР жүйесіндегі есеп айырысуларды көбірек пайдаланды (валюталық «қоржындағы» доллардың үлесі — 40%, ресми валюталық резервтерде — 60%-ға жуық). Бірақ Халықаралық валюталық қорға мүше елдерге валюталық паритеттерін кез келген валютада белгілеуге құқық берілді, соның негiзiнде көп валюталы стандартқа өту заңдастырылды;

— алтынды демонетизациялауға заңды түрде тыйым салынды: ресми баға, алтындық паритет алынып тасталып, доллардың алтынға айырбасталуы тоқтатылды;

— валюталық бағамдар режимін таңдауға құқық берілдi (1973ж.                  6 наурыздан бастап өзгермелі бағамдар жүйесі енгізілді);

— ХВҚ арқылы мемлекетаралық реттеу күшейді.

Сонымен дүниежүзілік валюталық жүйе дағдарысқа ұшырауы ескі жүйенi құлатуға және оны жаңамен ауыстыруға әкелді. Жаңа валюталық жүйені құруда үш кезеңді бөліп қарауға болады:

  • жаңа валюталық жүйені кұру, алғышарттарын қалыптастыру, қағидаларын анықтау;
  • құрылымдық біртұтастығын қалыптастыру, құруды аяқтау, жаңа жүйенің кағидаларын біртіндеп іске қосу;
  • біртұтас және элементгері өзара байланысқан толыққанды қызмет ететін дамыған дүниежүзілік валюталық жүйені құру.

Ямайка валюталық жүйесіне қарсы Еуропалық экономикалық қауымдастық елдері 1979 жылы наурызда ваяюталар бағамын тұрактандыру және инфляция деңгейін қысқарту жолымен Еуропадағы экономиканың өсуін қолдау мақсатында Еуропалық валюталық жүйесін құрды. Бұл жүйе ЕМЖ мүше елдердің валюталық бағамдарының айырмасын Еуропалық валюталық жүйе мүше елдердің ресми алтын-доллар резервтерінің 20% біріктіре отырып, алтынды ЭКЮ-ді жартылай қамтамасыз ету үшін пайдаланады. Валюталық бағамдардың режимдері барынша мүмкін болар қатынастар валюталардың бірлесіп өзгеруі негізiнде өзара ауытқу шегінде белгіленген, жаңа мүшелер үшін ±6% және басқа жағдайларда ± 2,25%. Еуропаның Орталық банктері белгіленген ауытқулар  шегінде  интервенция  жүргізеді. 1987 жылдан бастап маргинальды және интермаргинальды интервенциялық стратегия жүргізілуде, маргиналдық интервенцияның шектері диаграммада көрсетілген.

Еуропаның экономикалық жүйелері мен монетарлы саясатының жақындасуы, экономикалық билікті көп ұлтты институттарға беруі, ЕВО шеңберінде келісім-шарттарды реттеу және жүйелендіру барысы 1988 жылы Еуропалық валюталық жүйесін құрудың алғышарттары болып табылды.

Одақты құрудың мақсаты — ЕО шегінде тауарлар, көрсетілген қызметтер мен капиталдардың еркін қозғалысы; ақша саясатына, интервенцияның шекарасын қалпына келтіруге, валюталар арасында тұрақты өзара қатынас белгілеу, капиталдар нарығын ырықтандыруға қатысты бірігіп шешімдер қабылдау.

ЕВО 12 елінің мемлекеттерінің басшылары Еуропалық одақ жөнінде жоба дайындап, оған 1992 жылы 7 ақпанда қол қойылды және оны Мастрихты келісім-шарты деп атады. Келісім-шартта болашақ экономикалық және ақшалай одаққа қатысты ережелер жинағы жасалып және бұрынғы ЕО келісім-шарттарына толықтырулар мен түзетулер енгізілді.

Келісім-шартта мемлекеттердің Еуропалық валюта одағына кіру критерийлері анықталды:

— инфляция деңгейі үш тұрақты қатысушы елдің орташа инфляция деңгейінің 1,5%-нан аспауы тиіс;

— бюджет тапшылығы да өте өлшеусіз болмауы керек;

— ЕВО-ға мүше болған екі жыл ішінде валюта қысымға және девальвациялануға ұшырамауы тиіс,

— ұзақ мерзімді пайыз мөлшерлемесі үш тұрақты елдің орташа деңгейінің 2%-нан аспауға тиіс.

Сонымен қатар, қатысушы елдердің ақша саясатын анықтайтын, оның шарттарын жасайтын„ валюталық операцияларды жүзеге асыратын және валюталық резервтерді қолдап отыратын, Еуропалық Орталық банк пен қатысушы елдердің орталық банктерін қамтитын орталық банктердің жүйесі құрылды.

Қазақстан Республикасы Халықаралық валюталық қорға мүше бола отырып, дүниежүзілік валюталық жүйелердің бірден-бір қатысушысы болып саналады.

— шарушылық байланыстардың интернационалдануы негізінде валюталық нарықтардың интернационалдануының күшеюі;

— байланыстың жаңа жүйелерін пайдалану;

— әлемнің  барлық бөліктеріне тәулік ішінде үздіксіз операцияларды жасау;

— банктердiң корреспонденттік шоттары бойынша жазбаша түрде негізделетін валюталық операцияларды жүргізу техникасын біртұтастандыру;

— коммерциялық валюталық мәмілелермен салыстырғанда алыпсатарлық және арбитраждық валюталық мәмілелер көлемін ұлғайту.

1.2.  Халықаралық валюталық қатынастар

Валюталық операциялардың көлеміне, сипатына және пайдаланылатын валюталар тобына қарай қазіргі валюталық нарықтар халықаралық, аймақтық және ұлттық (жергілікті) болып бөлінеді.

Халықаралық валюталық нарықтар ірі дүниежүзілік каржы орталықтарында шоғырланған. Олардың ішінде: Лондондағы, Нью-Йорктегі, Франкфурт-на-Майнедегі, Париждегі, Цюрихе, Токио, Сингапурдағы, Гонконгтағы валюталық нарықтарды бөліп айтуға болады. Бұл нарықтарды халықаралық төлем айналымында кеңінен қолданылатын валюталармен операциялар жүзеге асырылады.

Аймақтық және жергілікті нарықтарда белгілі бір конвертирленетін валюталармен операциялар жүргізіледі. Оның қатарында сингапур доллары, сауд риалы, кувейт динары және т.б. бар.

Ұлттық   валюталық   нарықтар   деп,   ережеге   сәйкес, халықаралық  операцияларды  жүргізуге  маманданбаған,  өз клиенттеріне (олардың қатарында компаниялар, жеке тұлғалар және банктер болуы мүмкін) валюта бойынша қызмет көрсететін сол елдің аумағында орналасқан банктердің жү-зеге асыратын операцияларының жиынтығын айтады. Сонымен қатар, ішкі ұлттық нарықтығы операцияларға жекелеген компаниялар   арасында   жасалатын   операцияларды,   жеке тұлғалар арасындағы операцияларды, сондай-ақ валюта биржасында жүргізілетін операцияларды да жатқызады. Жоғарыда келтірілген сипаттамаға қарап, Қазақстанда ұлттық нарықтың жұмыс жасайтынын айтуға болады. 1997 ж. операциялар көлемі USD — 1124735 мың, DЕМ — 11165 мыңды құрайды.

Cол немесе басқа елдің ішкі валюталық заңдылықтарының ырықтандырылуына байланысты ресми валюталық нарық «қара нарықпен» толықтырылуы мүмкін. «Қара нарықтың» болуы барлық ТМД елдеріне тән сипат. Қазақстанда Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің жүргізетін саясаты, айырбас орындарының көптеп ашылуы пайда массасын өсіру үшін банктер арасында бәсекені ұлғайта отырып, «көше» нарықтарында валютамен сауданы азайтуға және соның нәтижесінде «қара нарықтың» әрекет ету аясының қысқаруына әкелді.

Институтциональдық көзқараспен қарағанда, валюталық нарық банктер, банкирлер үйін, брокерлік фирма және ірі корпорациялардың жиынтығын білдіреді.

Қалған банктер мен брокерлік фирмалар өздерінің валюталық операцияларын ірі коммерциялық банктердің жетекшілік етуімен, ережеге сәйкес олардың қарамағында жүзеге асырады. Валюталық нарықтардағы валюталық мәселелердің 95%-ға дейінгі банктер мен брокерілік фирмалардың үлесіне келеді. Мұндай сызба, валюталық нарықты банкаралық нарық тәрізді сипаттауға мүмкіндік береді.

Валюталық операцияларды жүргізуге құқылы банктер өкілетті немесе девиздік банктер деп аталады.

Девиздік банктердің валюталық нарықтағы операцияларға қатысу дәрежесі көп факторларға: банк шамасына, оның беделіне, шетелдік бөлімдер және филиалдар тораптарының даму дәрежесіне, жүргізілетін халықаралық есеп айырысулар көлеміне, телекс, телефон және т.б. байланыс жүйелерінің жағдайына, банк саясатына байланысты.

Әдетте, валюталық операциялар банктер арасында тікелей жүргізіледі (телекс немесе телефон бойынша), бірақ кейбір елдерде (Скандинавия елінде) орталық банк өкілдерінің валюталық нарыққа қатысушылармен кездесетін валюталық биражалар сақталған. Мұндай жағдай Қазақстан Республикасында да әрекет етеді, яғни Қазақстан қор биржасында аптасына 2 рет валютамен сауда жүргізіледі.

Нарықтың қатысушы барлық мүшелерін екі негізгі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа пассивті қатысушылар, Яғни оларда валюталық операциялар жүргізу қажеттілігі әр кездерде туындайды да, баға белгіленгенiн білу үшін олар басқа банктерге өтініш жасайды (маркет-юзерлер). Активті қатысушылар (екінші топ) өздеріне баға белгіленімін білуге өтініш жасайтын банктер үшін бағаны белгілейді (маркет-мэйкерлер). Осы қатысушылар арасында әлемнің барлық жерлеріне  таралған бөлімше тораптары және үлкен дилерлер штаты бар 20-ға жуық банктер ерекше бөлінеді. Бұл банктер 100 млн. АҚШ долларындағы (мәміленің стандартты сомасы — 5 немесе 10 млн.) ірі сомаға мәміле жасай отырып, валюталық нарыққа маңызды ықпал етеді.  Дүниежүзінің тек өте ірі банктерінде валюталық департаменттер және валюталық операциялармен айналысатын білікті дилерлер бар. Өз клиенттерінің тапсырмаларын ғана орындайтын және валюталық операцияларды каражаттары  есебінен жүргізбейтін, халықаралық валюталық нарықта жұмыс жасайтын банктерге, өздерінің клиентi мен банк арасындағы делдалдық ролді жетістіктермен атқару үшін, валюталық операциялар туралы жалпы түсінігі бар банктік кызметкер болса жеткілікті. Мысалға, 2000-ға жуық бөлімшелері мен кеңсесі бар, бірақ та үш бөлімінде ғана (Франкфурт-на-Майнеде, Дюсельдорфта және Гамбургте) халықаралық банкаралық валюталық нарықта операциялар жүргізетін валюталық департаменті бар Германияның ірі коммерциялық банкі — Дойче Банкті алуға болады. Қалған бөлімшелері валюталық операцияларды шектеулі сомалар бойынша, Дойче Банктің үш бөлімшесінің бірінің «Сименс» каналы арқылы берілетін бағамдар бойынша жүргізе алады.

Банктердің басқа да топтары ірі, бірақ азырақ диверсификацияланған банктер болып табылады. Әдетте, олар бір, екі-үш валюталармен операциялар жүргізуге маманданады және стандартты сомаларға баға қояды. Күнделікті жұмыстарында бұл банктер брокерлік фирмалардың қызметтерін пайдаланады.

Брокерлік фирмалар 30%-ға жуық валюталық операцияларға қызмет етеді және сол банкпен жұмыс жасайтын нақты брокер тұлғасында, екі банкінің арасында — валюталарды сатушы және сатып алушы банктер арасында делдал ролінде де жүреді.

Брокерлер делдал ретінде бола отырып, клиенттерден брокерлік комиссиялық ақы алады (брокер арқылы сатылған немесе сатып алынған әрбір миллион доллар үшін 20 АҚШ доллары), ол төлемді халықаралық тәжірбиедегідей сатып алушы мен сатушы тең бөледі және онда котировка қосылмайды, әр ай сайын тікелей брокерге төленіп отырады.

Брокер мәмiле жасайтын және баға белгілейтін өзінің банк-клиенттеріне толық тәуелді. Брокер арқылы жұмыс істеудің айтарлықтай артықшылығы мыналар: котировка процесінің үздіксіздігі және брокер белгілейтін кез келген бағамен мәміле жасау мүмкіндігі, мәміле жасағандағы құпиялық және өз бағасын ұсыну мүмкіндігі. Дилер мен брокердің арасындағы іскерлік ынтымақтастық тек өзара түсіністік, сенім және сыйластық болғанда ғана мүмкін және ол тығыз өзара қатынас. негізінде қалыптасады.

Банктердің валютамен жасалатын операциялары клиенттердің есебінен де, сондай-ақ өздерінің есебінен де жүзеге асырылады.

Шетел валютасы халықаралық төлем айналымында әдетте ақшалай белгілер түрінде болмайды, ол банктік және несиелік айналыс құралдары формасында — шетел валютасына сәйкес телеграфтық және пошталық аударым, чек, тратта түрінде болады.

Аударым — бұл басқа елдегі банк-корреспондентіне өзінің клиентінің өтініші бойынша және оның есебінен телеграфтық немесе пошталық аударым (бұйрық) негізінде белгілі бір ақша сомасын шетелдік алушыға (бенефициарға) төлеу туралы банктің бұйрығы. Аударым барысында банк екі операцияны бір уақытта жүзеге асырады: өз клиентіне ұлттық валютаға шетел валютасын сатады және шетел валютасын шетелге аударады. Бұл жерде телеграфтық аударым жасау барысында есеп айрысуды жеделдетеді және арнайы код қолдану арқылы қорғауға кепіл береді.

Банктік чек — шетелдік банк-корреспондентке чекті ұстаушының ағымдық шотынан белгілі бір ақша сомасын төлеу туралы банктің жазбаша бұйрығы. Экспортер, ондай чекті ала отырып, оны өзінің банкіне сатады.

Банктік вексель — осы елдің банкінің шетелдік банк-корреспондентке берген траттасы (аудармалы векселі). Импортерлер өздерінің банктерінен бұл вексельді сатып алады және оны олардың экспортерлеріне (несие берушілеріне) жіберу арқылы өздерінің борыштық міндеттемесін өтейді. Ал осы елдің банкінің міндеттемесі мерзімі жеткенде вексельді төлеуді өзінің корреспондентінің шотын қажетті валюталық қаражаттармен қамтамасыз ету болып табылады.

Бұл жерде чектер мен тратталарды тек қана банктер емес, сондай-ақ сауда және өнеркәсіптік фирмалардың, жеке тұлғалардың бере алатынын да есте сақтау қажет.

Несиелік айналыс құралдары халықаралық төлем айналымынан алтын мен шетел валюталарын ығыстырып, әр түрлі елдердің банктері арасында корреспонденттік қатынастардың дамуына және шетел валютасында ағымдағы корреспонденттік шоттарды жүргізу тәжірибелерінің таралуына қатты ықпал етті. Бұл өз кезегінде операцияларды қолма-қолсыз түрде жүргізуге, есеп айырысуларды жеделдетуге және айналыс шығынын азайтуға мүмкіндік жасайды.

Халықаралық есеп айырысулардың сызбалы механизмін былай беруге болады: тауарды (қызметті) экспорттаушы сатқан тауары (қызметі) үшін импорттаушыдан алған шетел валютасына жататын чек, аударым және басқа да төлем кұжаттарын өз елінде коммерциялық банкіге сата отырып, оның орнына экспорттық өндіріс үшін қажетті ұлттық валютаны алады. Коммерциялық банк өзінің шетелдегі банк-корреспондентіне бұл төлем құжаттарды жібереді де төлеушілер мен борышқорлардан, жіберілген құжаттар бойынша валюталық қаражаттарды төлеуін талап етеді. Алынған шетел валютасындағы соманы шетел банкі экспортер банкінің корреспонденттік шотына түсіреді. Халықаралық есеп айырысулардың осындай механизмі қолма-қол ақшаны пайдаланусыз, қарама-қарсы талаптарды өзара есепке алу жолымен банк-корреспонденттер арқылы сыртқы экономикалық операциялары бойынша барлық есеп айырысуларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

 

  • тарау.Валюталық бағам,валюталық «Қоржын« және құбылмалы, тұрақты валюталық бағамдар 

2.1.  Валюталық бағам және валюталық қоржын     

Валюталық жүйенің маңызды элементі — валюталық бағам болып табылады. Оның пайда болуы: тауарлар мен көрсетілген қызметтердің халықаралық саудасы барысында, капитал және несиенің қозғалысында валюталармен өзара айырбастың қажеттігінен; дүниежүзілік және ұлттық нарықтардағы бағаларды, сондай-ақ ұлттық немесе шетелдік валюталарда бейнеленген әр түрлі елдердің құндық көрсеткіштерін салыстыруға; банктер мен фирмалардың шетел валютасындағы шоттарын уақтылы қайта бағалап отыруға байланысты негізделеді.

Валюталық бағам — бұл бір елдің ақша бірлігінің басқа бір елдердің ақша бірліктеріне бейнеленген бағасы. Әрбір елдің ұлттық валюталарын салыстыру олардың өндіріс және айырбас процессінде пайда болатын объективті құндық қатынастарына негізделеді. Валюталық бағам валюталарға сұраныс пен ұсынысқа ықпал етуші көптеген факторларға байланысты өзгереді.

Бағамның қалыптасуына ықпал ететін үш факторлар тобын бөліп қарауға болады:

  • саяси — саяси тұрақтылық, валюталық заңдылықгардың ырықгандырылуы, валюталық саясат және т.б.
  • экономикалық, халықаралық тәжірибеде анықгалатын экономикалық тікбұрыштың шыңы сияқты: экономикалық өсу, валюта тұрақтылығы және инфляцияның төменгі қарқыны (жылына 10%-ға дейін), жұмыссыздықтың төменгі деңгейі (жылына 8%-ға дейін), дүниежүзілік нарықтағы теп-теңцік;
  • психологиялық: жаппай сұраныс, негізгі капиталды тәуекелден қорғануға ұмтылыс және т.б.

Валюталық бағамның дамуы жай тауар өндірісінен қазіргі дүниежүзілік шаруашылыққа қозғалыстың тарихи процесін көрсетеді.

Монометаллизм тұсында — алтын немесе күміс — валюталық бағамның базасы монеталық (алтындық) паритет болып табылды, яғни ол, әр түрлі елдердің ақша бірліктерінің олардың металдық құрамына байланысты арақатынасын сипаттайды. Ол валюталық паритет ұғымымен сәйкес келеді. Алтын монометаллизмі тұсында валютаның бағамы алтын паритетіне сүйенді (валюталардың шекті қатынасы олардың ресми алтындық құрамына байланысты) және стихиялы түрде алтын нүктелерінің шегінде оның айнала-сында ауытқып отырды. Алтын нүктелерінің классикалық механизмі тек екі жағдайда жүзеге асты: алтынды еркін түрде сатып алу-сату және сыртқа шығару. Валюталық бағамның ауытқу шектері паритеттің 1%-нан асқан жоқ және қажетті валютада ауыстыру мақсатында алтынды шетелге тасымалдау шығындарымен анықталды.

1930-1933 жж. фунт стерлингтің алтындық құрамы 7,32 г болса, ал АҚШ долларыныкі -15 г. Бір фунт стерлинггің монеталық паритегі былай анықталды: 1ф.ст.= 7,32000/1,50416=4,86 доллар. Фунт стерлингтің ең төменгі бағамы (Англия мен АҚШ-тың пассивті төлем балансы тұсында) монеталық паритеттен оның аударым құны — 0,05 долл. шегергендегі сомаға теңесті. Фунт стерлингтін төменгі алтындық нүктесі 1ф.ст.=4,86+0,5=4,81 (долл.). Валюталық бағамның осы нүктесіне жеткен  кезде  АҚШ-қа  алтынның  кетуі  басталды.  Жоғары алтындық нүктеге жеткен кезде (1ф.ст.=4,86 долл. +0,5 долл.=4,91 долл.) АҚШ-тан алтынның келуі байқалды.

Валюталық бағам алтын нүктелерінің шегінен шығып  кете алмады, себебі осы нүктелерге жеткенде борышқорлар үшін, тауарларды ұлттық валютаға сатып алып, ал алтынды сыртқа шығарған тиімдірек болды. Алтын стандартын алып  тастағаннан   кейін,   алтын   нүктелерінің   механизмі   істен  шықты.

1971 жылы долларды алтынға ресми бағасы бойынша ауыстыру тоқтатылғаннан кейін, валюталардың алтындық құрамы және алтын паритеттері сандық түсінікке айналды.ХВҚ оларды 1975 жылдан жариялауды тоқтатты. Валюталық бағамның негізі ретінде алтын паритетінен заңды түрде бас тарту Ямайка валюталық конференциясымен рәсімделді.

Бұл жағдайда валюталық бағамның «қалыптасу ерекшелігі мынада: валюталар өзінің құндық көрінісін алтында емес, яғни алтын нарығында стихиялы түрде болатын нақты баға ауқымы, несиелік ақшалардың салыстырмалы құны арқылы болуында.

Валюталық бағам валюталық паритет шеңберінде ауытқиды. ХВҚ-ның Жарғысы бойынша 1978 жылдан бастап, валюталық паритет СДР немесе ЭКЮ-да валюталық «қоржын»  базасында бекітілді.

Валюта бағамдарының динамикасы  ақша бірліктерінің сатып алу қабілеттеріне, инфляция қарқынына, сұраныс пен ұсынысқа ықпал ететін төлем балансының жағдайы, пайыздық мөлшерлеме деңгейіндегі  айырма;  валюталық нарық қызметтері мен алыпсатарлык валюталық операциялар, валюталық бағамды мемлекеттік реттеу, дүниежүзілік ңарықтағы валютаға деген сенімділік дәрежесіне байланысты.

Жалпы алғанда валюталық бағамның қозғалысының бағыттарын анықтайтын факторларды үш топқа бөлуге болады: фундаментальды, техникалық, қысқа мерзімді күтпеген факторлар.

Фундаментальды факторлар орта мерзімде әрекет ететін ұлттық экономиканың жағдайының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері болып табылады. Әдетте олар, ұлттық статистикалық органдармен жарияланатын макроэконмикалық статистиканың мәліметтерін білдіреді. Мынадай негізгі факторлар бар: сатып алу қабілетінің паритеті бойынша валюталық бағам, жалпы ұлттық өнім, нақты пайыз мөлшерлемесінің деңгейі, жұмыссыздық деңгейі, инфляция, төлем балансы, өнеркәсіптік өндіріс индексі, іскерлік оптимизм индексі.

Техникалық талдау — бұл бағамды жүргізу графигін (чарт) талдауды сипаттайды. График-чарттардың келесідей типтерін ажырата білу керек: сызықты, кесінді графиктері, жапон шамдарының «крестиктер-ноликтер» графигі. Валюталық бағамның қозғалысы толқынға ұқсас болып келеді және онда бір жерде жоғарласа, екінші бір жерде төмендеу байқалады.

Қысқа мерзімді күтпеген факторлар валюталық бағам динамикасына маңызды түзетулер енгізуі мүмкін. Оларға мыналар жатады: төтенше оқиғалар (форс-мажор) оқиғалар, саяси оқиғалар, саяси лидерлердің сөздері, валюталық инвестиция.

Валюталық нарыққа қатысушылардың арасындағы валюталық операциялар валюталары айырбастаусыз және олардың пропорцияларын анықтаусыз жүзеге аспайды. Бір валютаны басқа валютаға айырбастау деп шетел валютасын ұлттық валютаға немесе басқа валюталарға сату немесе сатып алу, ал оларды айырбастау пропорциялары валюталық котировка арқылы анықталады. Валюталар котировкасы айырбасқа ұсынған екі ақша бірлігінің қатынасын анықтауға мүмкіндік береді. Көптеген елдерде валюталық бағамды бекіткенде жанама баға белгіленімі қолданылады. Ол мынадай мағынаны береді: шетел валютасының белгісінің бір сомасы (мысалы, 1, 10, 100, 1000 бірлік), ұлттық валюталық сәйкес сомасының өзгерісін көрсету үшін қолданылады (мысалы, 1 1/80=76,212 КгТ). Жаңа баға белгіленімін көп қолданбайды. Бұл жағдайда негіз ретінде ұлттық валютаның бірлігі болады. Бұл баға белгіленімі көбінесе Ұлыбританияда қолданьлады (мысалы, 1 GВР=1,5860 USD).

АҚШ-тың ішкі айналысында жанама баға белгіленімі неміс маркасына қатысты қолданылады.

Валюталық баға белгіленімінің түрі валютаның жағдайына, оның курстық деңгейіне әсер етпейді, өйткені валюталық бағамның мәні өзгермей тек формасы ғана өзгереді.

Әр валюта бойынша сұраныс пен ұсынысты салыстыру жолымен банкаралық бағамды анықтаудан және тіркеуден тұратын баға белгілеу процедурасы фиксинг деп аталады. Фиксинг негізінде егер банк валютаны сатса, сатушының бағамы бекітіледі, ал егер валютаны сатып алса, сатып алу-шының бағамы бекітіледі.

Мысалы, 1,9430/50 неміс маркасы АҚШ-тың 1 доллары үшін баға белгіленімі — банк клиенттен 1 долл. 1,9430 неміс маркасына сатып алуға және 1 долл. 1,9450 неміс маркасына сатуға мүмкіндігі бар.

Сатушы және сатып алушы курстарының арасындағы айырма банктің шығындарын жабу үшін қолданылады және банк табысын құрайды. Бұл айырма маржа немесе спред деп аталады да, валюталық нарықта болатын нақты жағдайы және валюта статусына, мәміле көлеміне, компанияның немесе банктің статусына байланысты өзгереді.

Банкаралық валюталық нарықтардағы операциялар халықаралық төлем және резерв құралы болып табылатын АҚШ долларына қатысты жасалынады.

Сауда-өнеркәсіп клиентурасы үшін валюталар котировкасы банкімен кросс-курс негізінде бекітіледі. Кросс-бағам бұл екі валютаның, олардың үшінші валютаға қатысты есептелінетін бағамнан шығатын қатынасын білдіреді (көбінесе АҚШ долларына).

Франция банкінің клиенті үшін неміс маркасының сатып алу бағамын анықтау қажет. Бұл үшін банк сату бағамы бойынша неміс банкісінен АҚШ долларына неміс маркасын сатып алады: АҚШ-тың 1 долл.=1,6600 неміс маркасымен, бірақ ол сатып алушының бағамы бойынша алдын ала француз франктерін АҚШ долларына сатады: АҚШ-тың бағамы бойынша 1 долл.=5,6110 француз франкі. Осылайша, 1 неміс маркасы =3,380 француз франкі — сатушы бағамы (Қазақстан Республикасының   Ұлттық   банкісінің   валюталық   бағамы 5,6110/1,66 = 3,380).

Сатушылар және сатып алушылар бағамдары ресми бюллетеньдерде жарияланады. Көбінесе баға белгілеу кестелерінде соңғы бағамдар жарияланады (соңғы валюталық мәмілелер бойынша).

Телеграфтық аударымдарда шетел валютасы банкпен тура сол уақытта немесе келесі күні төленеді, бұл бағам өзгерісіне байланысты пайда болатын валюталық нышандарды болдырмауға көмек береді. Банк-корреспонденттер арнайы бағамдарды қолданғанда, өздерінің клиенттеріне аударым жасағанда валюталық қателерді болдырмауға мүмкіндік береді.

Чектің бағамы телеграф аударымының бағамынан төмен, өйткені осы төлем құжатын бір елден екінші елге әуе поштасымен тасымалдау үшін қажетті күндерге пайыз шегеріледі. Бұнда банк чек бойынша төлемді, тек бұл төлем құралын беріп, шетел банкісі, банк-корреспондент инкассаға алғанда жасайды. Чектің бағамы тратта бағамынан жоғары болады, өйткені тратта бағамын анықтағанда оның төлеу мерзімі, кепілдемесі және төлем валютасы ескеріледі.

Мерзімді траттаның бағамы телеграф бағамы негізінде вексельді сатып алғаннан бастап, оны өтеуге дейінгі күндер үшін пайызды шегергенге тең. Пайыздар көбінесе осы чекте жазылған валютада сол елдің мөлшерлемесі бойынша анықталады: егер тратта алдыңғы қатарлы сауда векселі болса, пайыздар эмиссионды банктің есептік мөлшерлемесі бойынша анықгалады; егер тратга банктік акцепт болса, ресми мөлшерлемеден төмен болатын нарықгық мөлшерлеме бойынша анықталады.

Шетел вапюталарының бағамы пошталық аударымдардың бағамына сұраныс пен ұсынысқа байланысты жақындайды. Сатып алу кезінде банкноталардың бағамы чектен төмен бағаммен, ал сату кезінде жоғары бағаммен бекітіледі. Банкнота бағамынын мөлшеріне банкноталарды жолда сақтандырумен байланысты шығындар әсер етеді (чектер тасымалдау кезінде сақтандырылмайды). Нью-Йорк валюта нарығында негізгі төлем құралдарының бағамдары келесідей түрде құрылады: телеграфтық аударым — 4,866 АҚШ доллары 1 ф.ст. үшін, пошталық аударым — 4,861, чек — 4,861, ұсынылған кезде өтелінетін вексель — 4,861 және вексель (3 ай) -4,825 АҚШ доллары — 1 ф.ст. ұшін.

Валюталық мәмілелердің түрлеріне байланысты ағымдағы және мерзімді (спот және форвард) бағамдары болады. Ағымдағы валюталық мәмілелерді жасағанда валюта айырбасы сол сәтте ағымдағы валюта бағамы бойынша жүзеге асады. Мерзімді валюталык мәмілені жасағанда валютаны айырбастау алдын ала белгіленген мерзімде бекітілген форвард бағамы бойынша жүзеге асады. Форвардты бағамды ағымдағы бағамға сыйақыны қосқанда немесе одан жеңілдікті алып тастағанда табамыз. Валюталық нарықта валюта сыйақы немесе дисконт бойынша оның күтілетін динамикасына, сол немесе басқа валюталардың халықаралық пайыздық мөлшерлемелерінің деңгейіне байланысты баға белгіленеді. Егер валюта жеңілдікпен мерзімге баға белгіленсе, онда оның форвардты бағамы ағымдағыдан төмен және керсінше болады.

2.2 Құбылмалы және тұрақты валюталық бағамдар.

1973 жылдан бастап дамыған елдер валюталарды өзара айырбастаудағы тұрақты қатынастардан бас тартып, валюталық нарықтарда сұраныс пен ұсынысқа байланысты еркін орын алатын «құбылмалы» бағамдарына ауысты. Валюталық нарықтардағы фактілердің тұрақты болмауына байланысты, дамыған батыс елдердің валюталары көп өзгереді, ол бір ай ішінде 5-10 пайыз болуы мүмкін. Мұндай «құбылмалы» валюталық бағамдардың өзгерістері халықаралық есепті жүзеге асырғанда көптеген қиындықтар туғызады. Осыған байланысты кейбір елдер валюталық топтар кұрып, өздерінің валюталары арасындағы тұрақты қатынасты орнатады. Еуропада мұндай топ, Еуропалық валюталық жүйе болып табылады (ЕВЖ), ол 1979 жылы құрылды, оған батыс Еуропаның 10 елі кіреді (Германия, Франция, Италия, Нидерландия, Дания, Ирландия, Бельгия, Люксембург, Испания). Осы елдердің валюталық бағамдары бекітілген тұрақты бағамдардан 21,25%-дан артық ауытқымайды. Ағымдағы бағамның жоғары немесе төменгі ауытқуы шектеріне жеткен жағдайда ЕВЖ-ге мүше мемлекеттер бекітілген шектерде бағамды ұстау үшін валюталық интервенция және тағы басқа шаралар қолданады; егер бұлар көмектеспесе ұлттық валюталық ресми ревалвациясы немесе девальвациясы жүргізіледі. Кейбір дамушы елдер өздерінің ұлггық валюталарын дамыған батыс валюталарына немесе халықаралық валюталық бірліктерге «байлауға» тырысады. Қазіргі кезде 30-дан аса ел  өздерінің ұлттық валюталарын АҚШ долларына, 13-і француз франкасына, 10-нан көбірегі СДР-ге «байлайды». Валюталық бағамдардың көптігі. Кейбір мемлекеттерде операцияның әр түрі бойынша қолданылатын ұлттық валюта бағамдарының бірнеше түрі бар. Бельгияда 2 бағам  қолданылады: біреуі — коммерциялық, екіншісі — қаржылық операциялар бойынша. Дамушы елдерде валюталық бағамдардың көптігі белгілі тауарларды экспорттық қолдау үшін және импорттық кейбір түрлерін шектеу үшін қолданылады.

Айырбас валюталық бағамдардан басқа статистикалық және экономикалық талдау кезінде қолданылатын есептеу бағамдары бар. Оған жататын орташа бағам — сатушы және сатып алушы бағамдарының арифметикалык орташасы. Шын мәнінде айтсақ мұндай бағам жоқ, бірақ оның мөлшері күнделікті ақпарат құралдарында жарияланады.

Батыста көптеген валюталық бағамдардың индекстері тараған. Көптеген валюталық бағамы бірдей өзгеруі мүмкін болғандықтан, жеке ақша бірліктерінің басқалармен салыстырғанда арзандау (қымбаттау) дәрежесін анықтау мәселесі бар. Валюта бағамдарының өзгеру дәрежесін өлшеу үшін арнайы индекстер есептелінеді, олардың негізінде валюталық «қоржындар» болады.

Валюталық «қоржындарды» қолданудың бірден-бір сферасы осы елдің сыртқы экономикалық қатынастарында үлкен орын алатын, мемлекеттердің валюталары жатқызылатын, сәйкес қоржынға қатысты бағамның динамикасын көрсететін тиімді валюталық бағамдардың индекстері болып табылады. Оған кіретін валюталар құрамына байланысты бұл индекстердің динамикасы халықаралық валюталық нарықтардағы валюта бағамдарының бірдей емес мөлшерде өзгеруіне байланысты әр түрлі болады. Көбінесе валюталық бағамдардың индекстері тауарлардың бәсекелестік қабілеттіліктеріне әсер ету, ұлттық ақша бірлігінің бағамдарының өзгерісіне әсер ету, сондай-ақ елдің сауда және төлем балансына әсер етуін бағалау үшін қолданылады. Сондықтан осы индекстердің валюталық «қоржындарының» құрылымы осы елдің импорты мен экспортын бөлуді сақтандыру және осы елмен саудада негізгі сауда әріптестерінің үлес салмағын көрсетеді.

АҚШ долларының валюталық бағамдарының тиімді индекстерінің ішіндегі біршама белгілі болып табылатындарына ФРЖ-нің Директорлар кеңесінің индексі, «Морган гэранти траст» және ХВҚ индексі жатады. Соңғысын үнемі Халықаралық валюталық қор доллар үшін ғана емес, сондай-ақ барлық ірі валюталық нарықтар үшін де есептейді. 18 валютадан тұратын валюта «қоржыны» индексі төлем балансының сәйкес ақша бірліктердің бағамдарының өзгерістеріне ықпал етуін есепке ала отырып құрылған.

Валюта бағамдарының ағымын талдау барысында номиналдық және нақты валюталық бағамдардың индексі кеңінен қолданылған. Соңғылары, әдетте валюталық бағам өзгерістерінің бәскелестік қабілетке әсерін тереңірек оқып білу үшін, оның ішінде валюталар инфляциялық құнсыздануға ұшыраған жағдайда пайдаланылады.

Нақты валюта бағамының индексі сәйкес келетін екі елдің ішкі бағаларындағы өзгерістерге қатысты түзетілген валюта бағамының индексін білдіреді. Аталған индекс бәсекелестік қабілетке ықпал етуші ақшалай, факторларды көрсетеді, себебі ол инфляциямен байланысты, сол немесе басқа елдердің экспортерлерінің бәсекелестік қабілетіне қатысты нашарлауын және жақсаруын есепке алады. Нақты валюта бағамы индексінің дефляторы ретінде ішкі бағаның өсу индексін немесе шығынның элементтерін, мысалы, жұмыс күшін төлеуге кететін үлесті шығындардың индексін пайдаланады.

Соған сәйкес, нақты тиімді валюта бағамының индексі аталған топқа жататын елдердігі олардың өзгерістері бойынша сол елдің ішкі бағаларының (шығындар) өзгеруіне қатысты түзетілген тиімді валюта индексін білдіреді.

Қазіргі кездегі АҚШ долларының тиімді бағамының индексі номиналды және нақты түрде есептеледі.

ҚОРЫТЫНДЫ

  1. Валюталық жүйенің басты элементі — валюталық бағам. Валюталық бағамның қалыптасуына ықпал ететін факторлар қатары анықталған. Шетел валюталарының бағамдарының әр түрлі түрлері мен баға белгіленімдері берілген.
  2. Валюталық нарықтарды валюталық операцияларды жүргізудің негізіне халықаралық сауда, сонымен байланысты көрсетілген қызметтер және капиталдар мен несиелердің халықаралық қозғалысы жатады. Валюталық нарықтар валютаға деген сұраныс пен ұсыныс негізінде валюталарды сатып алу-сату операциялары жүргізілетін ресми орталықты білдіреді. Валюталық операциялардың көлеміне байланысты валюталық нарықгар халықаралық, аймақгық және ұлттық  болып бөлінеді.
  3. Валюталық нарықтардың қатысушыларын екі басты 2 топқа бөледі: пассивті, валюталық операцияларды жүргізу кажет болғанда басқа банктерден және брокерлік фирмалардан баға белгіленімін білгісі келетіндер; активті баға белгіленімін сұрағандар үшін банкерге бағаны қоюшылар.
  4. Шетел валютасы халықаралық төлем айнальмында ең бастысы банктік және несиелік айналыс құралдары — телеграфтық және пошталық аударымдар, чектер, тратталар түрінде болады. Әр түрлі елдердің валюталарының салыстырылуы олардың өндіріс және айырбас процесінде қалыптасатын» объективті құндық катынастарына негізделеді.
  5. Валюталық бағам — басқа елдің ақша бірлігіне қатысты сол елдің ақша бірлігінің бағасы. Ол заңды түрде бекітілген валюталық паритет шеңберінде ауытқып отырады.
  6. Валюталардың баға белгіленімі айырбас үшін ұсынылған екі ақша бірлігінің шекті қатынасын анықтауға мүмкіндік жасайды. Валюталық баға белгілеу түрі валютаның жағдайына, оның бағамының деңгейіне әсер етпейді, өйткені валюта бағамының мәні қалады, ал оның формасы өзгереді.
  7. Сауда-өнеркәсіптік клиенттер үшін валюталар баға белгілеу кросс-бағам негізінде бекітіледі, ол екі валютаның өзара қатынасының үшінші валютаға қатысты анықталуын сипаттайды.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Н. Қ. Мамыров, Д. М. Мадиярова, А. Е. Қалдыбаева «Халықаралық экономикалық қатынастар» Алматы — 1998.
  2. Балабанов И.Т. валютные операции. – М., «Финансы и статистика», 1998.
  3. Лавров С. Н., Фролов Б. А. «Валютно-финансовые отношения». – М., АО «Менатеп-Информ», 1994.
  4. «Международные валютно-кредитные и финансовые отношения». Учебник / Под. Ред. Л. Н. Красавиной. – М., «Финансы и статистика». 1996
  5. Петро М. «Международные экономические, валютные и финансовые отношения». – М., «Прогресс-Универс», 1995.

6.Көшенова Б.А. Ақша.Несие.Банктер.Валюта қатынастары. Оқу құралы/-Алматы: Экономика, 2000.

7.Саниев М.С. Ақша, Несие, Банктер. Оқу құралы-Алматы: Алматы экономика және статистика институты, 2001.