Валюталық жүйе және оның түрлері туралы реферат

0

Тақырыбы: Валюталық жүйе және оның түрлері

Халқаралық валюталық қатынастар-ұлттық шаруашылықтарының қызметтерінің нәтижесінен өзара қызмет ететін және әлемдік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасқан қоғамдық қатынастар жиынтығы.
Валюталық қатынастардың жекелеген элементтері ертеГрецияда және Ертедегі Римде вексель түрінде пайда болды.Келесі даму кезеңі Лиондағы және Батыс Еуропа елдерінің басқа да сауда орталықтарында ортағасырлық вексель жәрмнңкелнрі жатады.Мұнда аудармалы вексель жәрмеңкелері жатады. Мұнда аудармалы вексель (тратта) бойынша есеп айырысулар жүргізілген. Феодализм қарсаңында және өндірістің капиталистік тәсілінің құрылуымен байланысты банктер арқылы халықаралық есеп айырысулар жүйелері дами түсті.
Халықаралық валюталық қатынастар халықаралық экономикалық қатынастарды жалғастырады. Валюталық қатынастардың жағдайы ұлттық және әлемдік экономиканың дамуына, саяси тұрақтылыққа, елдер арасындағы күштердің шекті қатынасына тәуелді болып келеді.Сыртқы эканомикалық байланыстарда оның ішінде вальюталық байланыстарды саясатпен эканомика,дипломатия мен комерция,өнеркәсіптік өндіріс пен сауда бір-бірімен өзара бітісе байланысуы валюталық қатынастардың ұлттық және әлемдік шаруашылықтағы орны ерекшелігін көтсетеді.
Капиталдық шеңбер айналысы процесінде ұлттық нарықтан әлемдік нарыққа қосылуы натижесінде ұлттық ақшалардың ішіндегі ақшалай капиталының бір бөлігі шетел валютасына айналды немесе керісіншілікте.Ол көріністі халықаралық есеп айырысуларда,валюталық,несиелік және қаржылық операциялардың барысында байқауға болады.
Шаруашылықтың интернационализациялунуы жағдайында ұдайы өндірістің сыртқы факторларға;әлемдік өндіріс динамикасы,шетелдік ғылым мен техника деңгеиіне,халықаралық сауданың дамуына,шетел капиталының ағыиы арта түседі.Сондықтан да,бұл валюталық қатынастар мен ұдайы өндірістің арасында тікелеи және кері байланысты болатынын көрсетеді.Халықаралық валюталық қатынастар тұрақсыздығы мен валюталық дағдарыс ұдайы өндіріс процесіне кері әсерін тигізеді.
Валюталық жүйе-ұлттық заңдылықтармен немесе мемлекетаралық келісімшарттармен немесе бекітілетін валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасы.
Валюталық жүйелер үш түрге бөлінеді;
-ұлттық валюталық жүйе
-дүнйежүзілік валюталық жүйе
-аймақтық немесе мемлекетаралық валюталық жүйе
Тарихта ұлттық валюталық жүйе ең бірінші қалыптасқан.
Ұлттық валюталық жүйе-халқаралық төлем айналымын жүзеге асыратын ұдайы өндіріс процесіне қажетті валюталық ресурсты құрайтын және оны пайдалануға көмектесетін экономикалық қатынастар жиынтығын білдіреді.
Ұлттық валюталық жүйе дүниежүзілік валюталық жүйе мен тығыз байланысты.Дүниежүзілік валюталық жүйе 19ғ ортасына таман құрылған.
Дүниежүзілік валюталық жүие-бұл халықаралық несие-қаржы институттары мен валюталық құралдардың қызмет етуін қамтамасыз ететін халықаралық келісімшарттар мен мемлекетаралық құқықтық нормалар кешенін қамтиды.
Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүиелер арасындағы байланыс пен айырмашылықтары олардың негізгі элементтерінен көрінеді.

Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйенің элементтері.

Ұлттық валюталық жүйе Дүниежүзілік валюталық жүйе
3.Ұлттық валюта паритеті Валюталық паритеттерінің ортақ режимі
4.Ұлттық валюта бағамының режимі Валюталық бағамдар режимінің регламентациясы
5.валюталық шектеудің,валюталық бақылаудың болуы немесе болмауы Валюталық шектеуді мемлекетаралық реттеу
6.Елдің халқаралық валюталық өтімділігін ұлттық реттеу Халықаралық валюталық өтімділікті мемлекетаралық реттеу
7.Халықаралық несиелік айналыс құралдарын пайдалануды регламенттеу Халықаралық несиелік айналыс құралдарын пайдаланудың ережелерінің бір тұтастығы
8.Елдің халықаралық есеп айырысуларын регламенттеу Халықаралық есеп айырысудың негізгі формаларының біртұтастылығы
9.Ұлттық валюталық нарық пен алтын нарығының режимі Дүниежүзілік валюталық нарықтар мен алтын нарықтарының режимі
10.Елдің валюталық қатынастарын басқаратын және реттейтін ұлттық ұйымдары Мемлекетаралық валюталық реттеуді жүзеге асыратын халықаралық ұйымдар

Аумақтық валюталық жүйе өнеркәсібі дамыған елдердегі әлемдік валюталық жүйе төңірегінде құрылады.
Мысалы,Еуропалық валюталық жүйе-бұл Еуропалық қоғамдастыққа мүше елдердің валюта аумағында ұйымдастырылу-экономикалық формасындағы қатынастарды білдіреді.
Мұндағы,валюталық паритет-валюталық бағамның негізі болып табылатын заңды тәртіпте белгіленетін екі валюта арасындағы шекті қатынасы.
ХВҚ жарғысы бойынша валюталық паритет СДР негізінде белгіленеді.Егерде ұлттық валюталық жүйе ұлттық валютаға,яғни елдің ақша бірлігіне негізделсе,ал дүниежүзілік валюталық жүйе-бір немесе бірнеше резервтік валюталарға немесе халықаралық есептеу бірліктеріне негізделеді.
Резервтік валюта-бұл басқа елдер үшін валюталық паритетпен валюталық бағамды анықтауда негіз ретінде қызмет ететін және валюталық бағамын реттеу мақсатында валюталық интервенция жүргізуде пайдаланылатын халықаралық төлем және резерв құралы қызыметін атқаратын, әлемннің алдынғы қатарлы елдерінің еркін ауыстырылатын ұлттық валюталары.
Валюта-бұл біріншіден, сол елдің ақша бірлігі;екіншіден,шетел мемлекеттерінің ақша белгілері;үшіншіден, халықаралық есептесу бірліктері және төлем құралы (СДР,Еуро)
Валюталық бағам –бір елдің ақша бірлігінің екінші бір елдің ақша бірлігіне қатысты бейнеленетін бағасы.
Валюталық бағамның қажеттілігі;
1.тауарлар мен қызметтермен сауда-саттықта,капиталдар мен несиелер қозғалысы барысында өзара валюталарды айырбастайды. Импортер ұлттық валютасын шетелден тауар алғаны үшін шетел валютасына ауыстырады.

2.дүниежүзілік және ұлттық нарықтағы бағаларды,сол сияқты әр елдің құндық көрсеткіштерін салыстыруға;
3.фирмалардың және банктердің шетел валютасындағы шоттарын үздіксіз қайта бағалап отыруға.Валюталық бағамға әсер ететін факторлар ықпал етеді;
Инфляция қарқыны.Инфляция қаншалықты жоғары болса,ол елдің валютасының бағамы төмен болады.
Ақшаның инфляциялық құнсыздануы,ол ел валютасының төлем қабілеттігін және басқа елдің валютасына қатысты бағамын төмендетеді.
Төлем баланысының жағдайы.
Егерде төлем баланысының жағдайы активті болса,онда шетелдік борышқорлар жақтан ұлттық валютаға сұраныс өсіп,ұлттық валютаның курсын жоғарылатуға мүмкіндік береді.Ал пассивтік болса,борышқорлар оларды өздерінің сыртқы міндеттемелерін өтеу үшін шетел валютасына сатып,ұлттық валюта бағамын төмендетеді,
Әр елдегі пайыз мөлшерлемесіндегі айырма.Бұл фактордың валюталық бағамға әсері екі жағдаймен болады.
1 елдегі пайыз мөлшерлемесіндегі өзгерістер,капиталдың халқаралық қозғалысына,ең алдымен,қысқа мерзімді қозғалысына әсер етеді. Шын мәнінде пайыз молшерлемесінің өсуі,шетел капиталының ішке ағылуын ынталандырып,ал оның төмендеуі ұлттық капйталдың шетелге шығуына жол береді
2 пайыз мөлшерлемесі валюталық нарықтағы операцияларға және ссуданың капиталдар нарығына әсеретеді, яғни шетелден арзан несие алып,оны ішкі нарыққа орналастырады.
Белгілі бір валютаның Еуронарықта және халықаралық есеп айырысуда пайдалану дәрежесі. Мысалы Еуробанктер 60-70% операцияларын АҚШ долларымен жасағандықтан,оған деген сұраныс пен ұсыныс ауқымы анықталды.