Валюталық жүйе мәні және оның түрлері

0

МАЗМҰНЫ

КIРIСПЕ

I-ТАРАУ. ВАЛЮТА ЖҮЙЕ: МӘНІ МЕН ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТТЕРІ

1.1 Валюта жүйе: экономикалық мәні мен түрлері

1.2 Валюталық жүйенің негізгі элементтері: маңызы мен қажеттігі

II-ТАРАУ. ВАЛЮТАЛЫҚ БАҒАМ ЖӘНЕ ТӨЛЕМ БАЛАНСЫ ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТІ РЕТІНДЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУІ

2.1 Валюталық бағам және оның экономикадағы маңыздылығы

2.2 Төлем балансы валюталық жүйедегі елдер  қатынастарының сауда жағдайын анықтайтын негізгі көрсеткіш

III-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІ

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КIРIСПЕ

Бүгiнгi әлемде экономикалық және шаруашылық қатынастар күннен-күнге даму барысында халықаралық валюта қатынастарының өркендеуi өндiргiш күштердiң қарқынды өсуiмен, дүниежүзiлiк рыноктың қалыптасуымен, халықаралық еңбек бөлiнiсiнiң тереңдеуiмен, шаруашылық байланыстарының интеннационалдануы және жаһанданумен сипатталады.

Халықаралық валюталық қатынастар халықаралық экономикалық қатынастардың дамуына жалпылама түрде өзiнiң онды әсерiн тигiзедi.

Халықаралық валюталық жүйе дүниежүзiлiк шарушылықтың шеңберiндегi сатып алу және сату айналымын тудыратын әдiстер, құрал жабдықтар және мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрi даму экономикасы халықаралық ақша кеңiстiгiндегi адекватты шарттарды талап ететiн ұлтаралық капитал үрдiсiнiң объективтi дамуын бейнелейдi.

Халықаралық валюталық жүйенiң негiзгi құраушы элементтерi ретiнде әлемдiк ақшалай тауар және халықаралық өтiмдiлiк,  валюталық курс,  валюталық рыноктар,  халықаралық валюта, қаржылық ұйымдар және мемлекетаралық валюталық келiсiм шарттарды атауға болады.

Ваюталық  жүйе — ұлттық  заңдылықтарымен  немесе  мемлекет  аралық  келiсiм шарттарымен  бекiтiлетiн  валюталық  қатынастарды  ұйымдастыру  және  реттеу  формасын  бiлдiредi .

Курстық жұмыстың өзектiлiгi елiмiздiң әлемдiк рынокта алдынғы қатарлы елдер санатына қосылуы үшiн iшкi экономикалық өсумен қатар, халықаралық экономикалық қатынастарымыз дамып, соның iшiнде өзектi саласы халықаралық валюталық қатынастардың дамуы елiмiз үшiн маңызды. Өйткенi бiздiң экономикамызда теңгемiз еркiн айналысқа шыққандықтан, әлемдегi валюта өзгерiстерi бiзге де зор әсер етедi.

Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын  “Валюталық жүйе: мәні және оның түрлері” деп алдым.

Бұл курстық жұмысымды жазудағы негiзгi мақсатым мен мiндеттерiм мыналар:

  • валюталық жүйенiң түсiнiгiн анықтап, оның пайда болуының себептерiн талдау және оның мәнін ашу;
  • халықаралық валюталық жүйенiң негiзгi элементтерiн анықтау және талдау;
  • халықаралық валюталық жүйенiң, сондай-ақ дүниежүзілік және ұлттық валюталық жүйелерді салыстыру және олардың байланысын анықтау;
  • валюталық жүйенің негізгі элементтеріне тоқталу және оларды талдау;
  • Қазақстан Республикасындағы валюталық жүйенiң қалыптасуы мен қазiргi жағдайы қарастырылды.

I-ТАРАУ. ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ: МӘНІ МЕН ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТТЕРІ

1.1 Валюта жүйесі: экономикалық мәні мен түрлері

Валюта  ( италиян сөзi , сөзбе — сөз – құн ) – елдiң  ақша бiрлiгi , оның  шартты түрi, халықаралық төлем есеп айырысу айналымының  каналдары  арқылы  ұлттық  ақшаларды  қолданудың  ерекше  формасы.  Осы халықаралық немесе ұлттық валюта қатынастарының негізінде валюталық жүйе ұғымы пайда болады.

Ваюталық  жүйе — ұлттық  заңдылықтарымен  немесе  мемлекет  аралық  келiсiм шарттарымен  бекiтiлетiн  валюталық  қатынастарды  ұйымдастыру  және  реттеу  формасын  бiлдiредi .

Халықаралық валюталар қатынастар – ұлттық  шаруашылықтарының  қызметкерлерiнiң  нәтижесiнен  өзара қызмет  ететiн  және  әлемдiк шаруашылықтағы  валюталардың  қызмет  етуi  барысында  қалыптасқан  қоғамдық  қатынастар  жиынтығы  бiлдiреді.

Валюталық қатынастардың жекелеген элементтері ерте Грецияда және Римде вексель түрінде пайда болды. Яғни, оларда алғаш рет вексель жәрменкелері пайда болып, аудармалы вексель бойынша есеп айырысулар жүргізілді.

Шаруашылықтың  интернационалдануы  және  әлемдiк  еңбек  бөлiнiсiн  интенсивтендiрілуі  халықаралық  нарықтың  құрылуына  себепшi болды. Өндiрiс  күштерiнiң  дамуымен  iшкi  рыноктағы  өркендеген салалардың  өнiмiн  сатуда  туындайтын  қиындықтар, тауарлар тасымалы  жағдайларын  жетiлдiру – мiне  осылардың  бәрi  әлемдiк  сауда  саттық  байланыстардың  кеңесiне  әсер  еттi.  Яғни, сыртқы сауда жағдайларын, әр елдің валютасының құнын анықтау қажеттігі туындады. Алғашында мұндай айналыстарға елдер немесе аумақтар бойынша алтын қолданылса, ал осы заманғы күрделенген төлем жүйелерінің және төлем тәртіптерінің пайда болуына байланысты бұл валюталық қатынастар одан сайын күрделене түсті.

Әлемдегi  елдердiң  қарым – қатынастарына тауарлар, қызмет, капитал  және  несие  жылдан – жылға  ұлғая түсуде. Ұлттық  қоғамдағы  ұдайы  өндiрiс  процесiнде  қалыптасқан  тауар  айналымы тұрақты  түрде   әлемдiк  нарыққа  ұласады  және  де  әрбiр  егемен  мемлекеттiң  заңды  төлем  құралы  болып оның ұлттық ақшасы саналады. Халықаралық  тауар  айналымында, әдетте, шетел  валютасы  қолданылады.  Елдердiң  әлемдiк  шаруашылыққа  интеграциялауына ақша  капиталының  бiр  бөлiгiнiң  ұлттық  ақшадан  шетел  валютасына  және  керiсiнше  айналуын  туындатады. Ол  халықаралық  валюта  есеп  айырылысу  және несие – қаржы  қатынастарында  жүзеге асады.

Халықаралық  валюталық  қатынастар  халықаралық  экономикалық қатынастарды  жалғастырады. Валюталық  қатынастардың  ұлттық  және  әсемдiк  экономиксының  дамуына,  саяси  тұрақтылыққа, елдер  арсындағы  күштердiң  шектi  қатынастарына  тәуелдi  болып  келедi. Сыртқы  экономикалық  байланыстарда, оның  iшiнде  валюталық  байланыстарда саясат  пен  экономика, дипломация   мен комерция, өнер кәсiптiк  сауда  мен  өндiрiс  бiр – бiрiмен  өзара бетеме  байланысуы  валюталық  қарыс – қатынастардың  ұлттық  және  әлемдiк  шаруашылықтағы орны  ерекшелiгiн көрсетедi.

Капиталдың  шеңбер  айналысы  процесiнде  ұлттық нарықтан әсемдiк  нарыққа қосылуы  нәтижесiнде  ұлттық  ақшалардың  iшiндегi  ақшалай  капиталының  бiр бөлiгi  шетел  валютасына  айналады  немесе  керiсiнше . Ол көрiнiстi  халықаралық  есеп  айырысуларда, валюталық, несиелiк  және  қаржылық  операциялардың  барысында  байқауға  болады.

Шаруашылықтың  интернационализациялануы  жағдайында  ұдайы  өндiрiстiң  сыртқы  факторларға:  әлемдiк  өндiрiс  динамикасы; шетелдiк  ғылым  деңгейiне, халық  аралық  сауданың  дамуына, шетел  капиталы  ағымына  арта  түседi. Сондықтан  да  бұл  валюталық  қатынастар  мен  ұдайы  өндiрiстiң  арасында  тiкелей  және  керi  байланыстың  болатынын  көрсетедi. Халықаралық  сауданың  дамуына, валюталық  қатынастар  тұрақсыздығы  мен  валюталық  дағдарыс  ұдайы  өндiрiс процентiне  керi  әсерiн  тигiзедi.

Дүниежүзілiк  валюталық  жүйелердiң  арсындағы  дағдарыс  тұсында  оның  құрылымдық қағидаларының  әрекетi  бұзылып, аяқ  асты  валюталық  қайшылықтар орын алды. Дүниежүзілiк  валюталық  жүйедегi дағдарыс ескi жүйенiң бұзылып және оның орнына валюталық тұрақтылықты қамтамасыз ететiн жаңа жүйемен ауысуына әкеледi.

Валюталық жүйелер 3  түрге  бөлiнедi:

  1. Ұлттық валюталық  жүйе;
  2. Дүниежүзілiк валюталық  жүйе;
  3. Аймақтық немесе  мемлекет  аралық  валюталық  жүйе.

Тарихта ұлттық  валюталық  жүйе  ең  бiрiншi  қалыптасқан.

Ұлттық валюталық жүйе – халықаралық төлем  айналымын  жүзеге  асыратын, ұдайы  өндiрiс  процесiне  қажеттi  валюталық ресурсты сұрайтын  және  оны  пайдалануға  қөмектесетiн экономикалық  қатынастар жиынтық  бiлдiредi.

Ұлттық валюта елдің ақша бірлігі. Ол қолма-қол формада (банкнота, монета) және қолма-қолсыз формада (банктік шоттағы ақша қалдығы) бола алады. Оның эмитенттері Орталық және коммерциялық банктер.

Ұлттық валюталық жүйе елдің ақша жүйесінің бір бөлігі. Оның ерекшеліктері елдің құрамдас экономикасының және сыртқы экономикалық байланыстардың даму дәрежесі мен жағдайына байланысты анықталады.

Ұлттық  валюта  дүниежүзлiк  валюталық  жүйемен  тығыз  байланысты. Дүниежүзілiк  валюталық  жүйе  XIX ғасырдың  ортасына  қарай  құрылған .

Дүниежүзілік  валюталық  жүйе – бұл  халықаралық  несие  қаржы  институттары  мен  валюталық  құралдардың  қызмет  етуiн  қамтамасыз  ететiн  халықаралық  келiсiм  шарттары  мен  мемлекет  аралық  құқұқтардың нормалар  кешенiн  құрайды . Бұл ереже шарттардың негізгі міндеті – халықаралық сауда-саттық процестерін жеңілдету, саудаға қатысушы фирмалардың іс-әрекетінің тиімділігін қамтамасыз ету. Жалпы валюта жүйесі халықаралық экономикалық және сауда  қатынастарын ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік туғызуы қажет.

Ұлттық  және  дүниежүзлiк  валюталық  жүйелер  арасындағы  байланыстар  мен  айырмашылықтары  олардың  негiзгi  элементтерiнен көрiнедi. Оны келесi 1-ші суреттен көре аламыз.

Ұлттық валюталық жүйе Дүниежүзілiк валюталық жүйе
1.Ұлттық валюта. Резервтік  валюталар, халықаралық  есептесу  валюталық  бiрлiктері
2. Ұлттық валютаның  алмастырылу шарты Валюталардың өзара алмастырылуы
3. Ұлттық валюта паритетi. Валюталық  паритеттiң ортақ режимi
4. Ұлттық валюта  бағамының режимi Валюталық  бағамдар  режимiнiң регламентациясы.
5. Валюталық  шектеудiң, валюталық бақылаудың болуы немесе болмауы Валюталық шектеудi  мемлекет аралық реттеу
6. Елдiң халықаралық валюталық өтiмдiлiгiн реттеу. Халықаралық валюталық өтiмдiлiктi мемлекет  аралық  реттеу.
7.  Халықаралық несиелiк айналыс  құралдарын пайдалануды регламенттеу. Халықаралық  несилiк айналыс  құрылыстарды  пайдаланудың  ережелерiнiң  бiртұтастығы
8. Елдiң  халықаралық есеп айырысуларын регламенттеу. Халықаралық  есеп  айырысудың негiзгi  формаларының  бiр  тұтастығы
9. Ұлттық  валюталық  рынок  пен  алтын  рыногiнiң  режимi. Дүниежүзілiк  валюталық  рыноктар  мен  алтын  рыноктарының  режимi.
10. Елдiң  валюталық  қатынастарын  басқаратын  және  реттейтiн  үлттық  ұйымдар. Мемлекет аралық  валюталық  реттеудi  жүзеге  асыратын  халықаралық  ұйымдар.

 

Сурет-1 — Ұлттық және дүниежүзілiк валюталық жүйенiң

негiзгi элементтерi

Жаңа  дүниежүзілiк  валюталық  жүйенi  құру  үш  басты  кезеңнен  жүргiзiледi:

1-шi кезең, жаңа  жүйенiң  қағидаларының  қалыптасуы, алғы  шарттардың  түзiлуiн, анықталуын  қамтиды, мұнда бұрынғы жүйемен  өзара  байланыс  сақталады.

2-шi кезең, жаңа  жүйенiң  қағидаларының  құрылымдары  толығымен аяқталып, бiртiндеп  iске  қосылады.

3-шi кезең, толық  қызмет  ететiн  жаңа  дүниежүзлiк  жүйе  құрылады.

Валюта жүйесі әлемдік шаруашылық байланыстарда дербес рөл атқарады. Ол өндірістің даму қарқынына, халықаралық айырбастың көлеміне, баға саясаты мен жалақыға әсер етеді. Дүниежүзілік валюта жүйесі елдер арасындағы ақша-есептеу қатынастарын, сондай-ақ қатысушы елдердің әрқайсысының ішкі ақша айналымын қамтиды. Дүниежүзілік валюталық жүйе мен ұлттық валюталық жүйе арасындағы тығыз байланыс, сыртқы экономикалық қызмет көрсететін Орталық банктер арқылы жүзеге асырылады.

Аймақтық  валюталық  жүйе  өнеркәсiбi  дамыған  елдердiң  әлемдiк  валюталық  жүйе  тереңдiгiне  құрылады. Мысалы, Еуропалық  валюталық  жүйе  –  бұл  Еуропалық  қоғамдастыққа  мүше  елдердiң  қоғамдастық  валюта  аймағында  ұйымдастырылуы  –  экономикалық  формасындағы катынастырды  бiлдiредi.

Валюталық  жүйелердiң  даму  заңдылықтары  ұдайы  өндiрiс белгiлерiне  байланысты  анықталып  отырып, ұлттық  және  әлемдiк  шаруашылықтың  негiзгi  даму  кезеңдерiн  көрсетедi.

Дүниежүзілiк  валюталық  жүйелердiң  арасындағы  дағдарыс  тұсында  оның  құрылымдық қағидаларының  әрекетi  бұзылып, аяқ  асты  валюталық  қайшылықтар орын алды. Дүниежүзілiк  валюталық  жүйедегi дағдарыс ескi жүйенiң бұзылып және оның орнына валюталық тұрақтылықты қамтамасыз ететiн жаңа жүйемен ауысуына әкеледi.

Жаңа  дүниежүзілiк  валюталық  жүйенi  құру  үш  басты  кезеңнен  жүргiзiледi:

1-шi кезең, жаңа  жүйенiң  қағидаларының  қалыптасуы, алғы  шарттардың  түзiлуiн, анықталуын  қамтиды, мұнда бұрынғы жүйемен  өзара  байланысы  сақталады.

2-шi кезең, жаңа  жүйенiң  қағидаларының  құрылымдары  толығымен аяқталып, бiртiндеп  iске  қосылады.

3-шi кезең, толық  қызмет  ететiн  жаңа  дүниежүзлiк  жүйе  құрылады.

Дүниежүзілiк  ваюталардың  жүйенiң  мынандай  эваолюциялары  белгiлi:

  1. Жаңа валюталық жүйенiң  құрылуының  алғы  шарттары.
  2. Париждiң валюталық жүйесi.
  3. Генуэз валюталық жүйесi.
  4. Бреттон – Вудс валюталық жүйесi.
  5. Ямайка валюталық жүйесi.
  6. Еуропалық валюталық жүйесi.

1929-1936  жылдарда  дүниежүзілiк  валюталық  дағдарыстың  басты  ерекшелiктерi  келесiдей:

–  циклдiк сипат: валюталық  дағдарыс  дүние  жүзлiк  экономикалық және  ақша   несиесiмен  байланысты  болды;

– құрылымдық  сипат: дүниежүзлiк  валюталық  жүйенiң  алтын девиздiк  стандарт  қағидасы  құлдырауға ұшырады;

–  ұзаққа созылуы: 1929 жылдан  1936 жылдың  күзiне дейiн болуы.

БҰҰ–ның  Бретон–Вудстағы  1944 жылы  болған валюталық қаржылық  конференциясында  дүниежүзлiк  сауданың  ұйымдастырудың, валюталық, несиелiк  және  қаржылық  қатынастарды  ұйымдастырудың  ережелерi  бекiтiлiп  үшiншi  валюталық  жұйе  дүниеге  келдi.

60  жылдардың  аяғынан  бастап, Бреттон – Вудс  валюталық  жүйенiң  дағдарысқа  ұшырауы. 1976 жылғы  қаңтардағы  ХВК — ға  мүше елдердiң Кинготондағы  келiсiмi  ХВК – дың жарғысына  өзгерiстер  енгiзе  отырып, төртiншi  валюталық жүйенiң  келесiдей  бағыттарын  бекiттi:

  • Алтын – девиз стандартты  орнына  СДР  стандарты  енгiзiлдi;
  • Елдерге кез-келген  валюталық  бағам  режимiнiң  таңдауға  құқық  берiлдi.

СДР-дiң  қызметт  етуiнiң  мынандай  басты  мәселесi  болды:

  1. эмиссиялау және  басу;
  2. қамтамасыз ету;
  3. бағамды анықтау  әдiсi;
  4. СДР-дiң пайдалану ауқымы;

Еуропалық  валюталық  жүйе, экономикалық  интеграциялану  процесiн  ынталандыру  мақсатында  құрылды. Интеграцияналдану процесiнiң  даму  себептерiне: шаруашылықтың  интеграциялануы, өндiрiстiң қарсылас  орталықтардың  дүниежүзлiк  нарықтағы өзара  қарсы  күресi  және  валюталық  тұрақсыздағы  жатады . Еуропалық  экономикалық  қоғамдастық – бұл  батыс  еуропа  елдерiнiң  бiршама  дамыған аумақты интеграцияналдыру  тобын  бiлдiредi , ол 1957 жылы  наурызда  алты  елдiң: ФРГ, Франция, Италия, Бельгия, Нидерландия, Люксембург, Рим  елдерiнiң  арасыында  жасалған  келiсiм  шартында  қабылданып, 1958 жылдың  1  каңтарында  басты  қызмет  етедi.

Батыс  еуропалық  интеграция  өзiнiң  iрi  ерекшелiктерiмен   ажыратылады:

Бiрiншiден, ЕҚ құрылуы  көмiрдiң  ортақ  нарығынан  басталады  және  шаруашылық  кешен  интегралданғанға  дейiн  6  ел  және  12  саяси одақ болса, бiрiншi  уақытта  15-16  мемлекетке  жеттi.

Екiншiден, ЕҚ – ның институционалдық құрылымы  мемлекеттiң  құрылымына  жақын  және  мынадай  ұйымдардан  тұрады:

  • Еуропалық кеңес;
  • Министiрлер кеңесi – заң шығарушы орган;
  • ЕҚ комисиясы – атқарушы орган
  • Еуропалық парламент – кеңес берушi орган. Бұл орган ЕҚ  және министiрлер  кеңесiнiң  қызметiн  бақылайды, ЕҚ  бюджетiн  бекiтедi.

ЕҚ  соты – құқықтық  нормаларын  сақтамаудың  қадағалау  ұйымы.

Үшiншiден,  интеграцйиялық  процестiң  материялдық негiзi болып, ЕҚ – тың  бюджетiнiң бiр  бөлiгiнен  құралған  көп  бiрлескен  қорлар қызмет  етедi.

1999 жылдың  1  қаңтарынан  бастап, Евро  қолма – қолсыз  төлемдер үшiн мемлекеттердiң жаңа  қағаздарын  орналастыру  енгiзiлiп, эволюциялық  одаққа  мүше  елдердiң  ұмтық  ақша  бiрлiктерi  2002 жылы  1 шiлдесiнен  бастап  өз қызметтерiн  жойды  делiнген.

ЕВЖ, алтындынақты  резервтiк  активтер  пайдаланды:

Бiрiншiден, Еуро  –  алтынмен  жартылай  қамтамасыз  етiлген;

Екiншiден, ЕҚ – қа  бiрлестiгi  үшiн  207 кг мөлшерiнде бiрлескен алтын қоры құралған.

ЕВЖ-дегi  мемлекет  аралық  аймақтықты  реттеу  орталықты  банктерге  уақытша  төлем  балансындағы  тапшылықты  жабуға  және  валюталық  интеграцияға  байланысты  есеп айырысулар  үшiн  несие  беру  жолымен жүзеге асырылады.

Екiншi  дүниежүзілiк  соғыста  Еуропа  мемлекеттерiнiң  қираған  экономикасын қалпына  келтiру  және  тұрақтандыру  мәселелерiн  шешу  мақстында  Бреттон-Вудстағы өткен  халықаралық  валюта  қаржылық  конференциясында  2  ұйым: Халықаралық  валюта  қорын (ХВҚ) және  халықаралық қайта  құру және даму банкi ( ХҚҚДБ) құру  туралы  қаулы  қабылданды. Қор  әлемдiк  валюта  жүйесiнiң   тұрақтылығын  қолдау  үшiн, ал  банк  оған  қатысушы  елдердiң  ұзақ  мерзiмдi  экономикалық  дамуын ынталандыру  үшiн  құрылған .

1.2  Валюталық жүйенің негізгі элементтері: маңызы мен қажеттігі

Валюталық жүйенің негізгі элементтерін қарастыру үшін оларды ұлттық және халықаралық деңгейлерге жіктеуге тура келеді ( 1 сурет). Осыларға жеке тоқталып, олардың элементтерінің қызмет етуіндегі байланыстары мен ерекшеліктерін қарастрайық.

Ұлттық валюталық жүйенің негізгі элементтері:

1) Ұлттық валюта.  1993 жылы 12 қарашада Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаев “Қазақстан Республикасында Ұлттық валютаны енгiзу түралы” Жарғыға қол қойды және осы жарғымен 1993 жылы 15 қарашада сағат 8-ден бастап ұлттық валюта – «теңге» енгiзiлдi.  Ал 1999 жылы ұлттық валютамызды ұлттық және әлемдiк валюталық қатынастарды еркiн рыноктық түрде дамыту үшiн еркiн айналымға жiбердiк. Бүгiнгi таңда ұлттық валютамыз күннен-күнге нығайып, елiмiздiң тұрақты экономикалық өсуiне даңғыл жол ашуда.

2) Ұлттық валютаның шетел валютасына айырбасталу жағдайлары, яғни: а) еркін айырбасталатын және ә) жарым-жартылай немесе айырбасталмайтын (тұйық) валюта. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы теңге еркін айырбасталатын валюта болып табылады.

3)  Валюталық паритеттің бірдейлік ережесі – валюталардың алтын құрамына байланысты өзара қатысы.  Сондай-ақ 1970 жылдардан бастап Еуропа елдерінде және 1991 жылдан бастап Қазақстанда ХВҚ-ның Жарғысы бойынша валюта паритеті тек СДР (арнайы қарыз алу құқығы) – арнаулы ақша өлшемімен немесе басқа халықаарлық валютамен өлшенуі мүмкін, бірақ алтын емес.

Сонымен валюталық паритет дегеніміз – валюталық бағамның негізі болып табылатын заңлы тәртіпте белгіленетін екі валюта арасындағы шекті қатынас. Мұнда егер ұлттық валюта теңгеге, яғни елдің ақша бірлігіне негізделсе, ал дүниежүзілік валюталық жүйе – бір немесе бірнеше резервтік валюталарға немесе халықаралық есептеу бірліктеріне негізделеді.

Резервтік валюта – бұл басқа елдер үшін валюталық паритет пен валюталық бағамды анықтауда негізі ретінде қызмет ететін және валюталар бағамын реттеу мақсатында валюталық интервенция жүргізуге пайдаланылатын халықаралық төлем және резерв құралы қызметін атқаратын әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің еркін ауыстырылатын ұлттық валюталарын сипаттайды. (мысалы, АҚШ доллары мен еуро ақша бірліктері).

70 жылдардан бастап паритеттер валюта қоржыны негізінде анықталуға көшті. Валюта қоржыны деп бірнеше валюталардың белгілі бөліктерінің сомасын сол валюталардың нарықтық бағамына көбейтіп, оларды АҚШ долларына бөлумен анықталатын бір валютаның орташа өлшенген бағамын айтады.

3)  Валюталық  жүйенiң  маңызды  элементтерi – валюталық бағам болып табылады. Оның  пайда  болуы: тауарлармен  көрсетiлген қызметтердiң  халықаралық  барысында, капитал  және несиенiң қозғалысында валюталармен  өзара  байланыстардың  қажеттiлiгiнен: дүниежүзлiк және  ұлттық  нарықтағы бағаларды, сондай-ақ ұлттық    немесе  шетелдiк валюталарды  бейнелеген  әр  түрлi  елдердiң  құндық  көрсеткiштерiн  салыстыруға  банктер  мен  формалардың  шетел  валютасындағы  шоттарын уақытылы  қайта  бағалап  отыра  байланысты негiзделедi.

Валюталық  бағам  –  бұл  бiр  елдiң  ақша  бiрлiгiнiң  басқа  бiр елдiң ақша бiрлiктерiне  бейнеленген  бағасы. Әрбiр елдiң ұлттық ваюталарын салыстыру  оларды өндiрiс  және  айырбас  процесiнде  пайда  болатын  обьективтi  құндық  қатынастарына  негiзделедi. Валюталық  бағам  валюталарға  сұраныс  пен  ұсынысқа ықпал  етушi  көптеген  факторларға  байланысты  өзгередi.   Валюталық бағамның қажеттігі:

  • Тауар және қызметтермен сауда-саттықта, капиталдар мен несиелер қозғалысы барысында өзара валюталарды айырбастайды. Ипортер ұлттық валютаны шетелден тауар алғаны үшін шетел валютасына алмастырады;
  • Дүниежүзілік және ұлттық нарықтағы бағаларды және құндық көрсеткіштерді салыстыру;
  • Фирмалардың және банктердің шетел валютасындағы счеттарын үздіксіз қайта бағалап отыруға.

4) Валюталық шектеудің болуы немесе болмауы элементі.  Валюталық  шектеу    резиденттерi  мен  резидент  еместердiң  валюталар  және  басқадай  валюталық  құндылықтармен  жасалатын  операцияларын  заңды  түрде  немесе  әкiмшiлiк  түрде  тиым  салуын, шектеуiн  бiлдiредi. Валюталық  шектеу, валюталық  бақылаудың  құрамдас  бөлiгi  болып  табылады. Валюталық шектеу  валюталық  заңдылықтармен  бекiтiледi .

Валюталық  шектеудiң  мақсаттары  келесiдей :

  • төлем балансын теңестiру;
  • валюталық бағамды қолдау;
  • ағымдағы және  стратегиялық  мiндеттердi  шешу  үшiн  мемлекеттiң  қолында валюталық бағалықтардың  шоғырлануы;

Валюталық  шектеу  келесiдей  қағидаларға  сүйенедi :

  • валюталық операцияларды  Орталық  және  өкiлеттi  банктерде  орталықтандыру;
  • валюталық операциялар  жасау  үшiн  рұқсат қағазының  берiлуi ;
  • валюталық шоттарды  жартылай  немесе  толық  жабу;
  • валюталардың қайтарымдығын  шектеу.

5) Төрт қосындыдан тұратын (елдің ресми алтын және валюта резервтері, СДР есепшоттары, еуро) ХВҚ резервтік бағыты және елдің сыртқы қарыздарын өтеу мүмкіншілігін білдіретін мемлекеттің халықаралық валюта өтімділігі нреттеу.

6) Халықаралық несиелік айналым құралдары мен халықаралық есеп айырысу формаларын қолдану тәртібін белгілеу;

7) Валюта нарығы мен алтын нарығының ережелері;

8) Валюта қатынастарын реттейтін ұлттық органдардың статусы. Оларға елімізде: Ұлттық банк, Қаржы министрлігі, валюталық бақылау ұйымдары және т.б. жатады.

Ұзақ тарихт даму нәтижесінде дүниежүзілік валюта жүйесінің негізгі элементеріне келесілер жатады:

  • Әлемдік ақшаның міндетті формасы (алтын, резервтік валюта, халықаралық валюталық өлшем);
  • Валюталардың айырбасталу шарттарын белгілеу;
  • Валюталық паритет пен валюталық бағам тәртібін үйлестіру;
  • Валюталық шектеу көлемін тәртіптеу;
  • Халықаралық валюталардың өтімділігінің құрамдас бөліктерін белгілеу (СДР-ді, еуроны);
  • Несиелік айналым қорларының халықаралық айналымын үйлестіру;
  • Әлемдік валюта нарығы мен алтын нарығының ережесі;
  • Мемлекетаралық реттеу институттарының статусы – 1944 жылдан бастап «Халықаралық валюта қоры» бекітілді.

II-ТАРАУ. ВАЛЮТАЛЫҚ БАҒАМ ЖӘНЕ ТӨЛЕМ БАЛАНСЫ ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТІ РЕТІНДЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУІ

2.1 Валюталық бағам және оның экономикадағы маңыздылығы

Валюталық бағам – шетелдің ақша бірлігіне шаққандағы бір елдің ақша бірлігінің бағасы. Сол бойынша экспорттаушы саудадан түскен шетел валютасын ұлттық валютаға ауыстырады. Басқа елдің валюталары сол мемлекеттің  аумағында заңды және төлем құралы ретінде қолданылмайды. Өзге елден сатып алынған тауарға төлеу үшін импорттаушы ұлттық ақшаны шетел валютасына алмастырады. Берешектерін өтеуді және сыртқы заемдар бойынша пайыздарды төлеуді мақсат еткен борышқор шетел валютасын ұлттық ақшаға айырбастайды.

Валюталық жүйенің негізгі элементтерін қарастыру үшін оларды ұлттық және халықаралық деңгейлерге жіктеуге тура келеді. Осыларға жеке тоқталып, олардың элементтерінің қызмет етуіндегі байланыстары мен ерекшеліктерін қарастрайық.

Валюталық  жүйенiң  маңызды  элементтерi – валюталық бағам болып табылады. Оның  пайда  болуы: тауарлармен  көрсетiлген қызметтердiң  халықаралық  барысында, капитал  және несиенiң қозғалысында валюталармен  өзара  байланыстардың  қажеттiлiгiнен: дүниежүзлiк және  ұлттық  нарықтағы бағаларды, сондай-ақ ұлттық    немесе  шетелдiк валюталарды  бейнелеген  әр  түрлi  елдердiң  құндық  көрсеткiштерiн  салыстыруға  банктер  мен  формалардың  шетел  валютасындағы  шоттарын уақытылы  қайта  бағалап  отыра  байланысты негiзделедi.

Валюталық  бағам  –  бұл  бiр  елдiң  ақша  бiрлiгiнiң  басқа  бiр елдiң ақша бiрлiктерiне  бейнеленген  бағасы. Әрбiр елдiң ұлттық ваюталарын салыстыру  оларды өндiрiс  және  айырбас  процесiнде  пайда  болатын  обьективтi  құндық  қатынастарына  негiзделедi. Валюталық  бағалы  валюталарға  сұраныс  пен  ұсынысқа ықпал  етушi  көптеген  факторларға  байланысты  өзгередi.

Бағамның  қалыптасуына  ықпал  ететiн  үш  факторлар  тобын  бiлiп  қарастыруға  болады;

Саяси  тұрақтылық  валюталық  заңдылықтардың  ырықтандырылуы, валюталық  саясат  және  т.б.

Экономикалық, халықаралық тәжиiрбиеде анықталатын  экономикалық  тiк  бұрыштың  шыңы  сияқты:  экономикалық  өсу, валюта  тұрақтылығы және  инвляцияның  төменгi  қарқыны, жұмыссыздықтың  төменгi  деңгейi, дүниежүзлiк  нарықтағы  тепе — теңдiк;

Психологиялық: жаппай  сұраныс, негiзгi  капиталды  тәуекелден  қорғануға  ұмтылыс  және  т.б.

Валюталық  бағамның  дамуы  жай  тауар  өндiрiсiнен  қазiргi  дүниежүзiлiк  шаруашылыққа  қозғалыстың  тарихи  процесiн  көрсетедi.

Монометализм  тұсында  –  алтын  немесе  күмiс  валютылық  бағамның  базасы  монеталық  паритет болып  табылады, яғни  ол  әр  түрлi  елдердiң  ақша  бiрлiктерiннiң  олардың металдық  құрамына  байланысты арақатынасын  сипаттайды. Ол  валюталық  паритет  ұғымымен  сәйкес келедi.  / (1) /

Валюталық  бағам  валюталық  паритет  шеңберiнде  аутқиды. ХВК-ның  жарғысы бойынша  1978  жылдан  бастап  валюталық  паритет  СДР  немесе  ЭКЮ-да  валюталық  “қоржын”  базасында  бекiтiледi .

Жалпы  алғанда  валюталық  бағамның  қозғалысының  бағытырын  анықтайтын  факторларды  3 топқа  бөлуге  болады: фундаментальдi, техникалық, қысқа  мерзiмдi  күтпеген факторлар.

Валюталық  нарыққа  қатысушылардың  арасындағы  валюталық  операцияларды  айырбастаусыз  және  олардың  пропорцияларын  анықтаусыз  жүзеге аспайды. Бiр  валютаны  басқа  валютаға  айырбастау  деп  шетел  валютасының   ұлттық  валютаға  немесе  басқа  валюталарға  сату немесе  сатып  алу , ал  оларды  айырбастау пропорциялары  валюталық  каперотив  арқылы  анықталады.

Валюталық  мәмiлелердiң  түрлерiне  байланысты  ағымдағы  және  мерзiмде    факторлар  бағамдары болады. Ағымдағы  валюталық мәлiметтердi  жасағанда  валюта  айырбасы  сол  сәтте ағымдағы  валюта  бағымы бойынша  жүзеге  асады . мерзiмдi  валюталық мәмленi  жасағанда  валютаны  айырбастау  алдынала  белгiленген  мерзiмде  бекiтiлген  форвард  бағымы  бойынша  жүзеге  асады .

Кейбiр  мемлекеттерде  операцияның  әр  түрi  бойынша  қолданылатын  ұлттық  валюта  бағымдарының  бiрнеше түрi  бар. Бельгияда  2  бағам  қолданылады: бiреуi — комерциялық, екiншiсi — қаржылық  операциялар  бойынша.

Айырбас  валюталық  бағамдардан  басқа  статистикалық және  экономикалық  талдау  кезiнде  колданылатын  есептеу  бағамдары  бар . Оған  жататын  орташа  бағамдар – сатушы  және  сатып    алушы  бағамдарының  арифметикалық  ортасы . Шын  мәнiнде  айтсақ  мұндай  бағам  жоқ , бiрақ  оның  мөлшерi  күнделiктi  ақпарат  құралдарында  жарияланады.

Батыста  көптеген  валюталық  бағымдардың  индекстерi  тараған. Көптеген  валюталық  бағам  бiрдей  өзгеруi  мүмкiн  болғандықтан, жеке  ақша  бiрлiктерiнiң  басқаларымен  салыстырғанда  арзандау  дәрежемен  анықтауға  мүмкiндiк  бар. Валюта  бағымдарының  өзгеру  дәрежесiн  өлшеу  үшiн  арнайы  индекстер  есептелiнедi, олардың  негiзiнде  валюталық  қоржындар  болады.

Көбiнесе  валюталық  бағымдардың  индекстерi туарлардың  бәсекелестiк  қабiлеттiктерiне  әсер  ету, ұлттық  ақша  бiрлiгiнiң  бағымдарына  әсер  ету, сондай-ақ  елдiң  төлем  және  сауда  балансына  әсер  етуiн  бағалау  үшiн  қолданылады. Сондыктан  осы  индекстердiң  валюталық  қоржындарының  құрылымы  осы  елдiң  импорты   мен  экспортын бөлудi  сақтандыру  және  осы  елмен  саудада  негiзгi  сауда  әрiптерiнiң  үлес  салмағын  көрсетедi.

Валюта  бағымдарының  ағымын  талдау  барысында  номиналдық  және  нақты  валюталық  бағымдардың  индексi  кеңiнен  қолданылған . Нақты  валюта  бағымының  индексi  сәйкес  келетiн  екi  елдiң  iшкi  бағаларындағы  өзгерiстерге  қатысты  түзiлетiн  валюта  бағымының  индекссiн  бiлдiредi .

Нақты  тиiмдi  валюта  бағымның индексi  аталан  топға  жататын  елдердегi  олардың  өзгерiстерi  бойынша  сол  елдiң  iшкi  бағаларының  өзгеруiне  қатысты  түзiлетiн  тиiмдi  валюта  индексiн  бiлдiредi .

Қазiргi  кезде  АҚШ  долларының  тиiмдi  бағымының  индексi  номиналды  және  нақты  түрде  есептеледi.

Ұлттық валюталық жүйенің негізгі элементтері:

1) Ұлттық валюта.  1993 жылы 12 қарашада Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаев “Қазақстан Республикасында Ұлттық валютаны енгiзу түралы” Жарғыға қол қойды және осы жарғымен 1993 жылы 15 қарашада сағат 8-ден бастап ұлттық валюта – «теңге» енгiзiлдi.  Ал 1999 жылы ұлттық валютамызды ұлттық және әлемдiк валюталық қатынастарды еркiн рыноктық түрде дамыту үшiн еркiн айналымға жiбердiк. Бүгiнгi таңда ұлттық валютамыз күннен-күнге нығайып, елiмiздiң тұрақты экономикалық өсуiне даңғыл жол ашуда.

2) Ұлттық валютаның шетел валютасына айырбасталу жағдайлары, яғни: а) еркін айырбасталатын және ә) жарым-жартылай немесе айырбасталмайтын (тұйық) валюта. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы теңге еркін айырбасталатын валюта болып табылады.

3)  Валюталық паритеттің бірдейлік ережесі – валюталардың алтын құрамына байланысты өзара қатысы.  Сондай-ақ 1970 жылдардан бастап Еуропа елдерінде және 1991 жылдан бастап Қазақстанда ХВҚ-ның Жарғысы бойынша валюта паритеті тек СДР (арнайы қарыз алу құқығы) – арнаулы ақша өлшемімен немесе басқа халықаарлық валютамен өлшенуі мүмкін, бірақ алтын емес.

Сонымен валюталық паритет дегеніміз – валюталық бағамның негізі болып табылатын заңлы тәртіпте белгіленетін екі валюта арасындағы шекті қатынас. Мұнда егер ұлттық валюта теңгеге, яғни елдің ақша бірлігіне негізделсе, ал дүниежүзілік валюталық жүйе – бір немесе бірнеше резервтік валюталарға немесе халықаралық есептеу бірліктеріне негізделеді.

Резервтік валюта – бұл басқа елдер үшін валюталық паритет пен валюталық бағамды анықтауда негізі ретінде қызмет ететін және валюталар бағамын реттеу мақсатында валюталық интервенция жүргізуге пайдаланылатын халықаралық төлем және резерв құралы қызметін атқаратын әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің еркін ауыстырылатын ұлттық валюталарын сипаттайды. (мысалы, АҚШ доллары мен еуро ақша бірліктері).

70 жылдардан бастап паритеттер валюта қоржыны негізінде анықталуға көшті. Валюта қоржыны деп бірнеше валюталардың белгілі бөліктерінің сомасын сол валюталардың нарықтық бағамына көбейтіп, оларды АҚШ долларына бөлумен анықталатын бір валютаның орташа өлшенген бағамын айтады.

3)  Валюталық  жүйенiң  маңызды  элементтерi – валюталық бағам болып табылады. Оның  пайда  болуы: тауарлармен  көрсетiлген қызметтердiң  халықаралық  барысында, капитал  және несиенiң қозғалысында валюталармен  өзара  байланыстардың  қажеттiлiгiнен: дүниежүзлiк және  ұлттық  нарықтағы бағаларды, сондай-ақ ұлттық    немесе  шетелдiк валюталарды  бейнелеген  әр  түрлi  елдердiң  құндық  көрсеткiштерiн  салыстыруға  банктер  мен  формалардың  шетел  валютасындағы  шоттарын уақытылы  қайта  бағалап  отыра  байланысты негiзделедi.

Валюталық  бағам  валюталарға  сұраныс  пен  ұсынысқа ықпал  етушi  көптеген  факторларға  байланысты  өзгередi.   Валюталық бағамның қажеттігі:

  • Тауар және қызметтермен сауда-саттықта, капиталдар мен несиелер қозғалысы барысында өзара валюталарды айырбастайды. Ипортер ұлттық валютаны шетелден тауар алғаны үшін шетел валютасына алмастырады;
  • Дүниежүзілік және ұлттық нарықтағы бағаларды және құндық көрсеткіштерді салыстыру;
  • Фирмалардың және банктердің шетел валютасындағы счеттарын үздіксіз қайта бағалап отыруға.

4) Валюталық шектеудің болуы немесе болмауы элементі.  Валюталық  шектеу    резиденттерi  мен  резидент  еместердiң  валюталар  және  басқадай  валюталық  құндылықтармен  жасалатын  операцияларын  заңды  түрде  немесе  әкiмшiлiк  түрде  тиым  салуын, шектеуiн  бiлдiредi. Валюталық  шектеу, валюталық  бақылаудың  құрамдас  бөлiгi  болып  табылады. Валюталық шектеу  валюталық  заңдылықтармен  бекiтiледi .

Валюталық  шектеудiң  мақсаттары  келесiдей :

  • төлем балансын теңестiру;
  • валюталық бағамды қолдау;
  • ағымдағы және  стратегиялық  мiндеттердi  шешу  үшiн  мемлекеттiң  қолында валюталық бағалықтардың  шоғырлануы;

Валюталық  шектеу  келесiдей  қағидаларға  сүйенедi :

  • валюталық операцияларды  Орталық  және  өкiлеттi  банктерде  орталықтандыру;
  • валюталық операциялар  жасау  үшiн  рұқсат қағазының  берiлуi ;
  • валюталық шоттарды  жартылай  немесе  толық  жабу;
  • валюталардың қайтарымдығын  шектеу.

5) Төрт қосындыдан тұратын (елдің ресми алтын және валюта резервтері, СДР есепшоттары, еуро) ХВҚ резервтік бағыты және елдің сыртқы қарыздарын өтеу мүмкіншілігін білдіретін мемлекеттің халықаралық валюта өтімділігі нреттеу.

6) Халықаралық несиелік айналым құралдары мен халықаралық есеп айырысу формаларын қолдану тәртібін белгілеу;

7) Валюта нарығы мен алтын нарығының ережелері;

8) Валюта қатынастарын реттейтін ұлттық органдардың статусы. Оларға елімізде: Ұлттық банк, Қаржы министрлігі, валюталық бақылау ұйымдары және т.б. жатады.

Ұзақ тарихи даму нәтижесінде дүниежүзілік валюта жүйесінің негізгі элементеріне келесілер жатады:

  • Әлемдік ақшаның міндетті формасы (алтын, резервтік валюта, халықаралық валюталық өлшем);
  • Валюталардың айырбасталу шарттарын белгілеу;
  • Валюталық паритет пен валюталық бағам тәртібін үйлестіру;
  • Валюталық шектеу көлемін тәртіптеу;
  • Халықаралық валюталардың өтімділігінің құрамдас бөліктерін белгілеу (СДР-ді, еуроны);
  • Несиелік айналым қорларының халықаралық айналымын үйлестіру;
  • Әлемдік валюта нарығы мен алтын нарығының ережесі;
  • Мемлекетаралық реттеу институттарының статусы – 1944 жылдан бастап «Халықаралық валюта қоры» бекітілді.

Өз кезегінде валюталық бағам айырбасқа қатысушылар үшін валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың арақатынасымен айқындалатын бір валютаны екіншіге  қайта есептеу коэффициенті болып табылады. Дегенмен, тауарларға, қызмет көрсетуге, инвестицияларға белгіленген бағалардың орташа ұлтық деңгейін көрсететін сатып алу қабілеттігі валюталық бағамның құндық негізі болып есептеледі. Тауар өндірушілер мен сатып алушылар валюталық бағамның көмегімен ұлтық бағаларды өзге ел бағаларымен салыстырады. Сондай салыстырудың нәтижесінде сол елде қандай да бір өндірісті немесе сырт жерде инвестицияны дамытудың  тиімділік дәрежесі айқындалады.

Валюталық бағам мынадай факторлардың әсерінен қалыптасады:

  1. Құнсыздану (инфляция) қарқыны. Валюталық бағамға құнсыздану қарқыны әсер етеді. Елдегі құнсыздану қарқыны неғұрлым жоғарылаған сайын валюталық бағам да соғұрлым төмендейді. Ақшаның құнсыздануы елде сатып алу қабілетінің  және валюталық бағамның төмендеуіне апарып соғады. Валюталық бағамның құнсыздануға тәуекелділігі әсіресе тауарлардың, қызметтердің және капиталдың халықаралық айырбасының көлемі үлкен елдерде жоғары болады. Экспорттық баға базасында бағамды есептеген кезде байқалатын валюталық бағам серпіні мен құнсыздануының салыстырмалы қарқыны арасындағы тығыз байланыс арқылы мұны түсіндіруге болады.
  2. Төлем базасының жағдайы. Экспорттың импорттан асып кету, яғни активті төлем балансы ұлттық валюта бағамының жоғарылауына ықпал етіп, шетелдік борышқорлар жағынан оған деген сұраныс күшейеді. Пассивті төлем балансы ұлттық валюта бағамының төмендеу беталысына себепші болып, өздерінің сыртқы міндеттемелерін өтеу үшін борышқорлар оны шетел валютасына сатады.
  3. Әр түрлі елдердегі пайыз мөлшерлемесінің айырмашылығы. Пайыз мөлшерлемесінің елдегі өзгерісі басқаша тепе-теңдік жағдайда халықаралық, ең алдымен қысқа мерзімді капиталдыңі қозғалысына әсер етеді. Пайыз мөлшерлемесінің жоғарлауы шетел капиталының құйылуын ынталандырса, оның төмендеуі капиталдардың, оның арасында ұлттық капиталдардың шекараның арғы жағына ауысуына дем береді.
  4. Алып-сатарлық валюта операцияларының қызметі. Валюта бағамының төмендеу беталысы байқалса ондайда фирмалар мен банктер оны әлсізденген валютаның қалпын нашарлататын мейлінше тұрақты валюталарға күні бұрын сатып жібереді. Экономиканың саясаттағы өзгерістерді, бағамдық арақатынастардың ауытқуын валюталық нарықтарын тез сезінеді. Сол арқылы олар валюта алып сатарлығы мен ақшаның берекесіз қозғалысының аясын кеңейтеді.
  5. Белгілі бір валютаның еуронарықта және халықаралық есеп айырысуда пайдалану дәрежесі.
  6. Ұлттық және дүниежүзілік нарықтарда сенімділік дәрежесі. Елдегі экономиканың жағдайымен және саяси ахуалымен, сонымен бірге валюта бағамға ықпал ететін жоғарыда қарастырылған факторлармен айқындалады. Сонымен бірге диллер экономикалық өсу қарқынын құнсыздануды, валютаның сатып алу қабілетінің деңгейін, валютаның сұранысы мен ұсынысының арақатынасын ғана емес, сонлай-ақ олардың серпіндерінің келешегінде есепке алады.

Кез келген елдің валюта бағамы  белгілі тәртіптеме бойынша жұмыс атқарады. Елдің халықаралық валюта-қаржы  және несие қатынастарына қатысуының, сонымен бірге сыртқы экономикалық қызметті реттеудің тиімділігінің деңгейі валюталық бағамның тәртіптемесіне тәуелді болады. Қазіргі кезда халықаралық қатынастарда валюталық бағамның негізгі жеті тәртіптемесі әрекет етеді:

  • Валютаға сұраныс пен ұсыныстың ықпал етуімен еркін өзгеретін құбылмалы бағамдар;
  • Орталық банктердің басшылық шектері арқылы бағамдардың ауытқуына шек қоятын валюталық дәліздер;
  • Алдын-ала белгіленген шамада бір бағытта тұрақты өзгеріп отыратын шектеулі құбылыс;
  • Күні бұрын белгіленген деңгейде валюталық бағамды орталық банк ұстап тұратын реттелмелі құбылыс;
  • Таңдап алынған шетел валютасына ұлттық ақшаның тіркелген бағамын қолдануға ақша-несие саясаты айрықша бағытталатын валюталық басқарыу;
  • Бір топ ел бірыңғай валюта енгізетін валюталық одақ;
  • Елде өзге мемлекеттің ұлттық валютасы қолданылатын долларландыру саясаты;

Ұлттық валютаның ауыстырымдылық тәртіптемесін валюталық бағамды реттеудің маңызды құралы болып саналады. Валюталық ауыстырымдылық дәрежесі валюталық нарыққа қатысушылардың санына және жүзеге асырылатын операциялардың көлеміне әсер етіп, өзінен өзін валюталық бағамның серпінін анықтай алады.

2.2 Төлем балансы валюталық жүйедегі елдер  қатынастарының сауда жағдайын анықтайтын негізгі

көрсеткіш

Халықаралық есеп  айырысу  баланстары  агрегаттық экономикалық  көрсеткiштер жүйесiнде  маңызды  орын  алады, себебi ол  ұлттық  табысты  елдер  арасында  қайта  бөлудi  көрсетедi. Сондықтан  жиынтық  ұлттық  өнiммен  ұлттық  табысты бөлгенде  халықаралық  талаптар мен мiндеттемелердiң  таза  сальдосы есептелiнедi.

Халықаралық  есеп  айырысу  баланстары – ол  бiр  мемлекеттiң  басқа  мемлекеттерге  қарағанда  ақшалы  талаптары  мен  мiндеттемелерiнiң  және  түсiмдерi  мен  төлемдерiнiң  арақатынасы.

Халықаралық  есеп  айырысу  баланстарының  негiзгi  түрлерi  мыналар

  1. төлем балансы;
  2. есеп айырысу  балансы;
  3. халықаралық қарыз  баланысы;

Төлем  балансы  дегеніміз — белгiлi  бiр  уақыт  аралығында  мемлекеттiң  шетелге  төлеген  валюталық  соммасымен оған  шетелден  түскен  соманың арақатынасы. Белгiлi  бiр  мерзiмiнiң  және  бiр  күндiк  төлем  балансы  болады.

Бiр күндiк төлем балансы статистикалық көрсеткiш ретiнде  жарияланбаса, ол  белгiлi  бiр  датаға  орындалуға  тиiс  төлемдер  мен  түсiмдердiң  арақатынасындағы  өзгерiстердi  көрсетедi белгiлi  бiр  мерзiмнiң  тқлем  балансы  осы  уақыт  аралығында  қзгерiстердi  көрсетдi. белгiлi-бiр  мерзiмнiң  төлем  балансы осы  уақыт  аралығындағы  төлем  мен  тұсiмдердiң арақатынасын көрсетiп, мемлекеттiң халықаралық экономикалық қатынастарындағы өзгерiстерiн  және  елдiң  экономикасының  жағдайын  бiлуге  көмектеседi.

Егер  валюталық  түсiм  төлемнен  артық  болса, онда  төлем  балансы  активтi, ал егер  төлем  түсiмнен  төмен  болса, онда  төлем  балансы  пассивтi  деп  аталады.

Төлем  балансымен  есеп айырысу  баланстарының  бiр-бiрiнен  айырмашылықтары  төмендегiей:

  • төлем балансына  тек  iс  жүзiнде  жүргiзiлген  түсiмдермен  төлемдер  кiредi;
  • есеп аыйрысу бағасына  елдiң  шетелге  қойған  талаптарымен  мiндеттемелерi  кiредi;
  • есеп айырысу балансында  барлық алынған  және  берiлген  несиелер  көрсетiледi, оның  iшiнде  төлем  балансына, кiрмейтiн  өтелменген  несиелерде  көрсетiледi, оның  iшiгде  төлем  балансына  кiрмейтiн  өтелмеген несиелерде  көрсетiледi;
  • төлем және есеп  айырысу  баланстарының  ақырғы  сальдосы-активтiк  немесе пасивтiк  бiрбiрiне  сәйкес келмейдi, әдетте олар  қарама-қарсы  болады,  себебi  несие берушiлердiң  есеп  айырысу баланстары  акивтiк  болады, ал төлем  баланысы  әлсiн-әлсiн, әсiресе  ағымдағы  операциялар  бойынша пассивтiк  болады;
  • төлем балансына тек  төленген  экспорт  және  импорт  кiргiзiледi, ал есеп айырысу  балансы  болашақта  несие  алумен  төленетiн  тауар  айналымының  төленбеген  бөлiгiн  қамтиды.

Сөйтiп, төлем  және есеп  айырысу  баланстарының  бiр-бiрiнен  айырмашылықтары  көбiнесе халықаралық  қатынастарының  дамуымен  айқындалады. Төлем  балансының   құрылымын  қарастырып  өтейiк. Операцияларының  сипатына  қарай  басылымдарда  жарияланатын  төлем  балансы  негiзгi  екi  бөлiмдi  бiрiктiредi.

Төлем  балансының  құрылымы

1) “Ағымдағы  операциялар  балансы”

  1. сауда балансы  ( сыртқы  сауда  операциялары бойынша төлемдер мен түсiмдер):

а)  экспорт

б)  импорт

  1. Қызметтер балансы  және  комерциялық  емес  төлемдер  (патент  бойынша төлем  техникалық  көмек  үшiн төлем )

2) “Капитал  және  несие  қозғалысының  балансы”

Сауда  балансы – экспорты  бойынша  түсiммен  және  импорт  бойынша  төлемдердiң  арақатысы. Егер  тауар  шығару  оны  әкелуден  астам  болса, онда активтiк  сауда балансы  болады, ал  егер  импорт  экспорттан  артық  болса, онда  сауда  балансы  пассивтiк  сальдосы  пайда болады

Көрсетiлген  қызметтер  балансы – ол  формасы  бойынша   да  және  экономикалыө  мазмұны  бойынша  да  әр  түрлi, сонымен   бiрге  коммерциялық  операциялар  емес  операциялар  бойынша  төлемдер  мен  түсiмдер  бiрiктiрiледi.

Капитал  және  несие  қозғалысының   балансы – ол   жеке  және  мемлекеттiк  капиталдарды  әкелу  және  жетiлдiру  бойынша , алынған  және  берiлген  халықаралық  несиелер  бойынша    төлемдер  мен  түсiмдердiң  арақатысы.

Халықаралық  қарыз  балансы — өркендеген  және  өркендеушi  елдердiң  статисикасында  кең  орналасатын  мәлiмiеттер  жиынтығы. Оның  есеп  айырысуы  балансына  ұқсас  болғанмен  одан қаралатын  тауарларының  жиынтығымен  кейбiр  елдердiң  өз  ерекшелiгiмен  айрықшаланады .

Төлем  балансының  сальдосын анықтағанда  оның  тараулары  негiзгi  және  баланстандырушы  болып  екiге  бөлiнедi. Негiзгi  тарауларға – ағымдағы  операциялар  ұзақ  мерзiмдi капиталдың  қозғалысы  ал  баланстандырушы  тараулырға —  валюталық  резервтiк  қозғалысы, ал  баланстандырушы  тарауларға – валюталық  резервтердiң  қозғалысы , қысқа  мерзiмде  активтердiң  өзгерiстерi, шетел  көмегмен  кейбiр  түрлерi, сыртқы  мемлекеттiк  зайымдар, халықаралық валюта – несиелiк  ұйымдардың  несиелерi  және  т.б. төлем  балансының  сальдосының  толықтырушы  көздерi  жатады. Баланстың  негiзгi  және  баланстандырушы  тараулардың  қорытынды  көрсеткiштерi  бiрiн-бiрi  өзара  өтеу  қажет,  яғни  баланс  формальды  тепе-тең  болуы  қажет.

Төлем  балансының  тепе-теңдiкке  әкелетiн  ақырғы  әдiс – мемлекеттiң ресми  алтын  валюталарын  қолдану. Халықаралық  мiндеттемелердi  өтеу  құралы – еркiн  айырбасталатын  шетел  валютасын  алу  үшiн – ХВК – ның  бiр  елдiң  шотнан екiншi  елдiң   шотына  валюта  аудару  арқылы – СДР  қолданыла  бастады. Ал  1979  жылдан  ЕВЖ-ге  мүше  елдер  осы  мақсатқа  ЭКЮ-да  қолдана  бастады.

Төлем  балансының  көмекшi  баланстандырушы  құралы  болып  шетел  ұлттық  бағалы  қағаздарды  шетел  валютасына  сату, сол  сияқты  жәрдем, сыйлық, несие  түрiндегiлерi  шетел  “көмектерi”  де  есептелiнедi.

Халықаралық есеп айырысу бойынша елімізде келесі операциялар іске асырылады::

  • Құжатталған аккредитивпен есеп айырысу операциялары;
  • Құжатталған инкоссомен есеп айырысу операциялары;
  • Банктiк операиялар бойныша есеп айырысу операциялары.

Құжатталған аккредитив – акккредитивке  көрсетiлген құжаттарға қарсы экспортердың пайдасына өзiнiң  бұйырушы клиентерiнiң  өтiнiшi бойынша жасайтын аккредив ашушы банктiң  мiндеттемесi.

Құжатталған никассо- эмитент – банктiң, сенiм бiлдiрушiнiң берген құжаттарын төлеушiге төлеу үшiн ұсынуға  немесе ақшасын алып беруге өзiне алған мiндеттемесi.

Банктiк аударым – банктiк аударым жасаушының  жасаған тапсырмасы  негiзiнде барлық есеп  айрысудағы валюталық түсiмдердi өкiлеттi банктердiң шотына  есепке алынуын бiлдiредi.

  1. Валюталық қаражаттарды тарту және орналастыруға қарай:
  2. Депозиттердi тарту:
  • жеке тұлғалардан;
  • заңды тұлғалардан оның iшiнде банкаралық депозиттер;
  1. Несиелер беру:
  • жеке тұлғаларға;
  • заңды тұлғаларға;
  1. Банкаралық нарықтық несиелердi орналастыру.

III-ТАРАУ.  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІ

Рынокқа өту  кезеңiнде  Қазақстан  егемендi  ел  ретiнде өзiнiң  саяси  дамуы  кезеңiнде ұлттық валюталық жүйесін құрып және валюталық  саясаттарын жүргiзуi  керек. Қазақстанның  алдында  шетелдермен  дербес  валюта  қатынастарын құрумен   қатар  халық  шаруашылығын  қайта  құру  оны  нарық  рельстерiне  түсiру  мәселелерiн  бiрге  шешу  мiндеттерi  тұр.

Қазақстан  1992  жылдың  шiлдесiнде  ХВК-ға (Халықаралық валюталық қорға) мүше  болып  кiргеннен  бастап  өзiнiң   валюта  қатынастарын  «Ямаика валюта  жүйесiнiң»  құрылымдық  қағидаларымен  қордың  жарғысына  сәйкес  қалыптастыруда. Валюта  қатыныастарын  ұйымдастырушы  үшiн  1993   жылдың 14  сәуiрiнде  “Валюталық  реттеу  туралы” алғашқы  заң  қабылданды. Ол  кезде  Қазақстанның ұлттық валютасының болмауы және Ресей валюта  аймағында  болғандықтан  шетелдермен  жеке  валюталық  байланыстар  жоқтың  қасында  болатын.  Жоғарыда  аталған  заңға қоса, “ Қазақстан  республикасының  ақша  жүйесi  туралы ” 1993  жылдың  13  желтоқсандағы  заң; “Қазақстан  Республикасының  ұлттық банкi  туралы ” 1995 жылдың  30  наурыздағы  заң; “Асыл  тастар  және  қымбат  бағалы  метелдармен  байланысты  қатынастарды  мемлекеттiк  реттеу  туралы”   1995  жылдың  20  шiлдедегi  заң; сонымен  қатар  ҚР  Президентiнiң  Жарлықтары  үкiмет  қаулылары  мен  ұлттық  банк  басқалырымен нормативтiк  активтiлерi.

Ұлттық валюта жүйесiнiң негiзiн осы мемлекеттiң заңымен бекiтiлген ақша бiрлiгi құрайды. Қазақстанның ұлттық валютасы Елбасының 1993 жылғы 12 қарашасындағы “Қазақстан ұлттық валютасын енгiзу туралы” жарлығы негiзiнде 1993 жылдың 15 қарашасынан бастап айналымға теңге енгiзiлдi. Осы ұлттық валютамыз теңгенің шыққан күнінен бастап Ұлттық валюталық жүйенің толық қанды қызмет етуі басталды деп айтсақ болады.

Қабылданған  заң  бойынша ырқына  жiберу  деңгейiне  сәйкес  келiп  кейбiр жағдайларға  байланысты  дамып  келе  жатқан  валюта  қатынастарына  тiптi  қарама – қайшы  сипатта  болды. 1996  жылы  24  желтоқсанда  Қазақстанда  “ Валюталық  реттеу  туралы ”  жаңадан  заң  қабылданды.  Қазақстан  заңдары  бойынша  валюталық  обьектiсi  болып  шетел  валютасы, шетел  валютасындағы  бағалы  қағаздар, валюталық  құндылықтарды, аффинирленген  алтын  мен  басқа  металдарды  республикаға  әкелу, алып кету  және  жiберу  тәртiбiн  белгiлеу  болып  есептелiнедi.

Нарыққа өту  кезеңiнде  Қазақстан  егемендi  ел  ретiнде өзiнiң  саяси  дамуында  валюталық  саясат жүргiзуi  керек. Қазақстанның  алдында  шетелдермен  дербес  валюта  қатынастарын құрумен   қатар  халық  шаруашылығын  қайта  құру  оны  нарық  рельстерiне  түсiру  мәселелерiн  бiрге  шешу  мiндеттерi

Қазақстан  валюталық  бақылауды  валюталық  бақылау  органдары  және  олардың  агенттерi  жүргiзедi. Валюталық  бақылау  органдары  болып  заң  бойынша  валюталық  бақылау  қыметiн   жүргiзетiн  ұйымдар, валюталық  операциялар  жүргiзетiн өкiлеттi  банктер  жүргiзедi.

Валюталық реттеу және валюталық бақылауда Қазақстан Ұлттық Банкi басты мекеме болып табылады және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 ж. 30 наурыздағы N 2155 Қазақстан Республикасының Заңы бойынша келесі қызметтерді атқарады:

  • Қазақстан Республикасында шет ел валютасының және шет ел валютасындағы бағалы қағаздар айналысының аясы мен тәртiбiн белгiлейдi, шет ел валютасында операциялар жүргiзуге қажеттi шектеулер енгiзедi, соның iшiнде осындай операциялар мен сыйақы ставкаларының көлемiне де енгiзiледi;
  • Резиденттердiң және резидент еместердiң Қазақстан Республикасында валюталық құндылықтармен операциялар жүргiзу ережелерiн белгiлейдi;
  • Валюталық құндылықтарды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету және жiберу тәртiбiн белгiлейдi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы резиденттерінің шетел банктерiнде шоттар ашу тәртiбiн айқындайды;
  • Қазақстан Республикасының валюталық заңдарына сәйкес валюталық операцияларды, валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті лицензиялау, валюталық операцияларды тiркеу және олар туралы хабарлау, айырбастау пункттерiн тiркеу тәртiбiн белгiлейдi, сондай-ақ айырбастау пунктiнiң тiркеу куәлiктерiн бередi және олардың қолданылуын тоқтата тұрады;
  • Қазақстан Ұлттық Банкiнiң басқармасы айқындайтын тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгiлейдi;
  • Алтын-валюта активтерiн құрайды және солармен операциялар жасайды;
  • Мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша олардың құзыретiне сәйкес Қазақстан Республикасындағы резиденттер мен резидент еместер орындауға мiндеттi валюталық операциялар бойынша есепке алудың және есептiлiктiң тәртiбi мен нысандарын белгілейдi;
  • Банктер мен өзге тұлғалардың Қазақстан Республикасының банктiк және валюталық заңдарын бұзу фактiлерi анықталған жағдайда, банктiк және валюталық заңдарда көзделген санкцияларды қолдануға құқылы;
  • Халықаралық есеп айырысуды ұйымдастырады, шет елдермен қаржы — валюталық және кредиттiк-есеп айырысу қатынастарын жетiлдiредi;
  • Жасасылған мемлекеттiк шарттарға сәйкес шетелдiк және халықаралық ұйымдармен шет ел валютасын тартады;
  • Қазақстан Ұлттық Банкi валюталық реттеу және валюталық бақылау жөнiнде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да функцияларды орындауға құқылы.

1999 жылы еркін құбылатын айырбас бағамының енгізілуі принцип бойынша валюталық бағам деңгейін еркін нарықтық жағдайда анықтайтынын білдіреді. Яғни, валюталық бағам сұраныс пен ұсыныстың нақты арақатынасын қамтып көрсетуі тиіс. Валюта бағамының деңгейі төлем балансының тұрақты міндеттіне сәйкес деңгейде, яғни ерекше қаржыландыру болжай алмайтын жағдайда жеткізу қажет болғанда Ұлттық банк валюталық нарықты бейтараптандырады. Осындай мақсатты көздеген Ұлттық банк Қазақстан теңгесінің құнсыздануын инфляция деңгейінде тұруы үшін валюталық бағамды реттейді. Құбылмалы валюталық бағамның тәртіптемесіне көшкенге дейін Ұлттық банк теңгенің айырбас бағамының жоғарғы шегіне бақылау жасап отырды.  Сол уақытта нарық негізінен «төмеге» бағыт алып тұрған. Валюталық бағамның өзгеруіне және сауда балансының оң сальдосына ие болуына байланысты Ұлттық банк теңгенің долларға ара қатынасына қаарй деңгейін көрсете отырып, төменгі шегін қорғайды.

Соңғы 2005 және 2006 жылдары елімізде айналыста жүрген жалпы ақша жиынының өсуіне қарамастан (2005 жылы 1650,1 млрд. теңге, ал 2006 жылғы 6 айдың көлемі 1833,3 млрд. теңге) ұлттық валютамыз теңгенің тұрақтылығы сақталуда. Бұл өз кезегінде экономиканың өндіріс салаларының дамуын, елде халық табысының өскендігін, экспорттық сальдоның оң нәтижеге шыққандығын білдіреді.

Қазір ұлттық валютамыз теңгенің АҚШ доллары бойынша айырбас бағамы 127-128 теңге шамасында сақталуда және долларға қатысты соңғы уақыттарда нығаюда. Бұл Қазақстан экономикасы үшін үлкен жетістіктердің бірі болып отыр.

Ұлттық банк бұл пайыз өсірулерді капитал келуіне мәселелер туғызбайды. Себебі, Қазақстанға капитал ағымы пайыз қойылымына байланыссыз болып отыр. Оның мөлшері жеткілікті деңгейде сақталуда. Яғни ол тікелей шетел инвестицияларына қатыссыз, ал спекулятивті капитал ағымдарына керісінше тосқауыл қояды. Сонымен қатар Қазақстандық банкаралық рынок әлемдік рыноктарға соншалықты интервенцияланбаған, бағалы қағаздар  нарығында нақтылы қысқа мерзімді капиталдар кездеспейді, өйткені қазақстандық пайыздар оларды ынталандырмай отыр.

Ұлттық банк арқылы коммерциялық банктерминималды резервтік талаптарға жауап беруге міндетті болады. Ақша-несие саясатының басты жетістіктерінің бірі Қазақстанда валюталық режимді ары қарай либеризациялау. Валюталық режим либеризация  жоспары бойынша 2007 жылы 1 қаңтардан бастап резидент еместердің капиталдық операцияларына толықтай либеризация жүргізу керек. Бұл өз кезегінде валюталық операцияларды ұлттық валюта теңгенің толық қанды қызмет етуін қамтамасыз етеді.  Айырбас бағамына қатысты саясатта Ұлттық банктің алдағы уақыттарда қандай да бір белгіленген шаралармен емес, еркін қалқымалы айырбас бағамы саясатын жалғасытра береді. Осылайша қазақстандық барлық қаржы жүйелермен бірге еліміздің Ұлттық банкі өзінің дамуы барысында сапалы түрде жаңа кезеңге өтті. Ол дамыған елдердің ақша-несие саясаты стандарттарына өте бастауымекн көрініс табуда.  Бұл стандарттардың негізі валюта режимдерін либеризациялау және инфляциялық таргеттеу принциптері, банкаралық төлем карточкалары жүйесін дамыту, қаржы жүйесіндегі алдағы уақыттардағы даму және тұрақтылықты сақтау, сонымен қатар Қазақстан Республикасы төлем жүйесін дамыту концепциясы.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта келгенде, халықаралық  валюталар  қатынастар – ұлттық  шаруашылықтарының  қызметкерлерiнiң  нәтижесiнен  өзара қызмет  ететiн  және  әлемдiк шаруашылықтағы  валюталардың  қызмет  етуi  барысында  қалыптасқан  қоғамдық  қатынастар  жиынтығын  бiлдiредi.

Халықаралық валюта қатынастары шаруашылық байланыстарының интернационалдануы негiзiнде бiрте-бiрте белгiлi бiр формаларды иемдене бастады. Нәтижесiнде валюталық жүйе қалыптасты.

Ваюталық  жүйе дегенiмiз — ұлттық  заңдылықтарымен  немесе  мемлекет  аралық  келiсiм шарттарымен  бекiтiлетiн  валюталық  қатынастарды  ұйымдастыру  және  реттеу  формасын  бiлдiредi .

Валюталық жүйелер 3  түрге  бөлiнедi:

  1. Ұлттық валюталық  жүйе;
  2. Дүниежүзлiк валюталық  жүйе;
  3. Аймақтық немесе  мемлекет  аралық  валюталық  жүйе

Валюталық рыноктарда  валюталық  операциялады  жүргiзуге  халықаралық  сауда  мен  оған  байланысты  көрсетiлген  қызметтер  және  халықаралық  капиталдар  мен  несиелер  қозғалысы  негiз  болып  табылады.

Валюталық  бағам дегенiмiз  –  бұл  бiр  елдiң  ақша  бiрлiгiнiң  басқа  бiр елдiң ақша бiрлiктерiне  бейнеленген  бағасы. Әрбiр елдiң ұлттық ваюталарын салыстыру  оларды өндiрiс  және  айырбас  процесiнде  пайда  болатын  обьективтi  құндық  қатынастарына  негiзделедi. Валюталық  бағамы  валюталарға  сұраныс  пен  ұсынысқа ықпал  етушi  көптеген  факторларға  байланысты  өзгередi.

Тауарлармен, қызметтермен саудаласқанда, капиталдар мен несиелердiң қозғалысы кезiнде, дүниежүзiлiк және ұлттық рыноктардың бағаларын, сонымен бiрге әр алуан елдердiң ұлттық немесешетелдiк валюталарға шаққандағы құндық көрсеткiштердi салыстыраған уақытта валюталық бағам аса қажет.

Ұлттық валюта жүйесi дүниежүзiлiк валюта жүйесiнiң құрылымдық принциптерiне сәйкес қалыптасты. Ұлттық валюта жүйесiнiң негiзiн осы мемлекеттiң заңымен бекiтiлген ақша бiрлiгi құрайды. Қазақстанның ұлттық валютасы Елбасының 1993 жылғы 12 қарашасындағы “Қазақстан ұлттық валютасын енгiзу туралы” жарлығы негiзiнде 1993 жылдың 15 қарашасынан бастап айналымға теңге енгiзiлдi.

Қазақстанның дүниежзiлiк шаруашылыққа интеграциялануға ұмтылысы оның халықаралық валюта-қаржы және несие қатынастарына белсендi түрде қатысуын талап етедi. Елiмiздiң бүгiнгi таңдағы негiзгi валюталық саясаты теңге құнының тұрақтылығын орнықтыру және оны еркiн ауысатын валюталарға айырбастауды мейлiнше ырықтандыру.

Қазақстан  1992  жылдың  шiлдесiнде  Халықаралық валюталық қорға  мүше  болып  кiргеннен  бастап  өзiнiң   валюта  қатынастарын  “Ямаика” валюта  жүйесiнiң  құрылымдық  қағидаларымен  қордың  жарғысына  сәйкес  қалыптастыруда. Валюта  қатыныастарын  ұйымдастырушы  үшiн  1993   жылдың 14  сәуiрiнде  “Валюталық  реттеу  туралы” ҚР-ның алғашқы  заңы  қабылданды. Ол  кезде  Қазақстан  Кеңес экономикасы аймағында  болғандықтан  шетелдермен  жеке  валюталық  байланыстар  жоқтың  қасында  болатын. Қабылданған  заң  бойынша валютаны ырқына  жiберу  деңгейiне  сәйкес  келiп  кейбiр жағдайларға  байланысты  дамып  келе  жатқан  валюта  қатынастарына  тiптi  қарама-қайшы  сипатта  болды. 1996  жылы  24  желтоқсанда  Қазақстанда  “Валюталық  реттеу  туралы”  жаңадан  заң  қабылданды.

Қазақстанның дүниежүзiлiк шаруашылыққа интеграциялануына ұмтылыстары қарыз капиталының дүниежүзiлiк рыногына шығуына, портфелдiк және тiкелей инвестициялар операцияларына қатысуына мол мүмкiндiктер бередi.

Жалпы валюталық қатынастардың дамуы елiмiздiң экономикалық тұрақтылығын, әлемдiк экономикадағы ұлттық экономикамыздың орнын көрсетедi.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. “Қ.Р-да ұлттық валютаны енгiзу туралы” Қ.Р.  Президентiнiң  заң күшi бар жарлығы // 12.11.1993.
  2. “Қ.Р-ның ақша жүйесi туралы” Қ.Р-ның Заңы //  12.1996.
  3. “Валюталық реттеу туралы” Қ.Р –ның заңы   //   24.12.1996.
  4. Баян Көшенова, Оқу құралы / Ақша,  несие,  банктер,  валюта қатынастары, — Алматы: “Экономика” 2000ж.
  5. Байгiсиев Майдан-Әлі / Халықаралық валюта қатынастары және валюталық құқық: Оқу құралы. Алматы: Қазақ университетi, 2004. – 302 бет.
  6. Ақша, несие,  банктер:  Оқулық /  Ғ.С. Сейiтқасымов. – Алматы : Экономика,  2001, — 466 б.
  7. С.Б. Мақыш , Оқу құралы / “Ақша айналысы және несие” – Алматы,    Қазақ университетi, — 2000ж.
  8. Экономическая теория./ А.И. Добрынина, Л.С. Тарасевича. Санк-Петербург 2001г.
  9. Деньги, кредит,  банки:   Учебник  /  Под. Ред.  О.И Ловрушина,  Изд. 2-е,  — Москва: 1999г.
  10. Бұхарбаев Ш.М. “Валюталық бағамның және оның атқарылуы тәртiптерiнiң елдiң сыртқы экономикалық қызметiне әсерi” // Банки Казахстана. №1.- 2005 ж.
  • С.Б.Мақыш “Валюталық операциялар және валюталық мәмiлелер” // ҚазҰУ хабаршысы. №5, — 2003 ж.
  • Бертаева К.Ж. «Наличные и срочные валютные операции» // Банки Казахстана, №3, 2004г.
  • Вестник Национального банка РК , 2006 ж. №1,2.