Валюталық бағам және оның экономикадағы орны
ЖОСПАР
Кіріспе…………………………………………………………………………………….. 3
1 ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТІ РЕТІНДЕ ВАЛЮТАЛЫҚ БАҒАМНЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН РӨЛІ …………………………………4
1.1 Валюта жүйе және оның негізгі элементтері ………………………………………..4
1.2 Валюталық бағам және төлем балансы …………………………………………………9
2 ВАЛЮТАЛЫҚ БАҒАМНЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ОРНЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ………………………………………………………………….14
2.1 Экономикадағы валюталық бағамның орны және бағам өзгерісіне әсер етуші факторлар ………………………………………………………………………………………14
2.2 Ұлттық валюталық жүйе және валюталық бағамды реттеп отырудың еліміз үшін маңызы …………………………………………………………………………………17
Қорытынды ……………………………………………………………………………………………23
Қолданылған әдебиеттер ………………………………………………………………………..24
КІРІСПЕ
Жалпы экономиканың қызмет етуі бұл елдер арасындағы экономикалық және сауда, қаржы қатынастарына тікелей байланысты. Осы аталған қатынастардың жүзеге асуы негізінен валюталық нарыққа немесе валюталық бағамға тиесілі. Яғни, экономиканың негізі ақша немесе қаржы болса, әлемдік әр елдің ақша бірлігінің бір-біріне деген ара-салмағын айқындау көрсеткіші валюталық бағамға жүктеледі. Сондықтан, қай-қайсы елдің валюталық жүйесінің маңызды элементі валюталық бағам болып табылады. Себебi, халықаралық экономикалық қатынастар дамуы әрбiр елдердiң валюталары құнының арақатынасы өлшемiн талап етедi.
Бүгiнгi әлемде экономикалық және шаруашылық қатынастар күннен-күнге даму барысында халықаралық валюта қатынастарының өркендеуi өндiргiш күштердiң қарқынды өсуiмен, дүниежүзiлiк рыноктың қалыптасуымен, халықаралық еңбек бөлiнiсiнiң тереңдеуiмен, шаруашылық байланыстарының интеннационалдануы және жаһанданумен сипатталады. Ваюталық жүйе — ұлттық заңдылықтарымен немесе мемлекет аралық келiсiм шарттарымен бекiтiлетiн валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасын бiлдiредi.
Курстық жұмыстың өзектiлiгi Қазақстан Рсепубликасының әлемдiк экономикалық қатынастарда ұтылмауы және әлемдік нарықта алдынғы қатарлы 50 елдің қатарына қосылуы үшiн iшкi экономикалық өсумен қатар, халықаралық экономикалық қатынастарды дамыту, соның iшiнде өзектi саласы халықаралық валюталық қатынастардың дамуы және валюталық бағамды ұлттық деңгейде тұрақтандырудың елiмiз үшiн маңызы зор. Өйткенi бiздiң экономикамызда теңгемiз еркiн айналысқа шыққандықтан, әлемдегi валюта өзгерiстерi бiзге де зор әсер етедi. Сондай-ақ бүгінгі таңда барлық экономиканың, қаржы жүйесінің және банктердің қызмет ету барысы тікелей валюталық бағамның өзгерісіне немесе оның жағдайына тікелей байланысты болады.
Осыған орай курстық жұмыс тақырыбын “Валюталық бағам және оның экономикадағы орны” деп алдым. Бұл тақырыпты жазудағы негiзгi мiндеттерiме мыналар жатады:
— Валюталық жүйенiң түсiнiгiн анықтап, оның пайда болуының себептерiн талдау және оның мәнін ашу;
— Валюталық жүйенің маңызды элементі ретінде валюталық бағамның оның экономикалық маңызы мен мәнін ашу;
— Валюталық бағамға әсер етуші факторларды талдау және оның экономиканың тиімді әрі тұрақты дамуына қосар үлесін атап өту;
— Валюталық бағамды реттеуге байланысты операцияларды талдау және оның еліміздегі жүргізілу барысын көрсету болып табылады.
- 1. ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТІ РЕТІНДЕ ВАЛЮТАЛЫҚ БАҒАМНЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН РӨЛІ
1.1 Валюта жүйе және оның негізгі элементтері
Валюта ( италиян сөзi , сөзбе — сөз – құн ) – елдiң ақша бiрлiгi , оның шартты түрi, халықаралық төлем есеп айырысу айналымының каналдары арқылы ұлттық ақшаларды қолданудың ерекше формасы.
Шаруашылық жағдайларын интернационалдыру және әлемдiк еңбек бөлiнiсiн интенсивтендiру халықаралық нарықтың құрылуына себепшi болды. Өндiрiс күштерiнiң дамуымен iшкi рыноктағы өркендеген салалардың өнiмiн сатуда туындайтын қиындықтар, тауарлар тасымалы жағдайларын жетiлдiру – мiне осылардың бәрi әлемдiк сауда саттық байланыстардың кеңеюiне әсер еттi.
Әлемдiк шаруашылық байланысы өнеркәсiбi дамыған мемлекеттердiң өзара қарым қатынастардың тереңдеуi және осы елдердiң экономикалық жағдайын анықтайтын барлық факторлардың өндiрiс пен әлемдiк айырбастың, жалақы мен бағаның өсу қарқынына үлкен әсер еттi. Әлемдегi елдердiң қарым – қатынастарына тауарлар, қызмет, капитал және несие иегi жылдан – жылға ұлғая түсуде. Ұлттық қоғамдағы ұдайы өндiрiс процесiнде қалыптасқан тауар айналымы тұрақты түрде әлемдiк нарыққа ұласады және де әрбiр егемен мемлекеттiң заңды төлем құралы болып оның ұлттық ақшасы саналады. Халықаралық тауар айналымында, әдетте, шетел валютасы қолданылады.
Елдердiң әлемдiк шаруашылыққа интеграциялауына ақша капиталының бiр бөлiгiнiң ұлттық ақшадан шетел валютасына және керiсiнше айналуын туындатады. Ол халықаралық валюта есеп айырылысу және несие – қаржы қатынастарында жүзеге асады.
Халықаралық валюталар қатынастар – ұлттық шаруашылықтарының қызметкерлерiнiң нәтижесiнен өзара қызмет ететiн және әлемдiк шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуi барысында қалыптасқан қоғамдық қатынастар жиынтығы бiлдiредi .
Валюталық қатынастардың жекеленген елементтерi ерте Грецияда және ертедегi Римдегi вексел түрiнде пайда болған. келесi даму кезеңiне Лиондағы және батыс европа елдерiнiң басқада сауда орталықтарында орта ғасырлық вексель жәрмеңкерлерi жатады . Мұнда аудармалы вексел бойынша есеп айырусылар жүргiзiлген. Феодолизм қарсаңында және өндiрiстiң капиталистiк тәсiлiнiң құрылуымен байланыста банктер арқылы халық аралық есеп айырысулар жүйелерi дами түстi.
Халықаралық валюталық қатынастар халықаралық экономикалық қатынастарды жалғастырады. Валюталық қатынастардың ұлттық және әсемдiк экономиксының дамуына, саяси тұрақтылыққа, елдер арсындағы күштердiң шектi қатынастарына тәуелдi болып келедi. Сыртқы экономикалық байланыстарда, оның iшiнде валюталық байланыстарда саясат пен экономика, дипломация мен комерция, өнер кәсiптiк сауда мен өндiрiс бiр – бiрiмен өзара бетеме байланысуы валюталық қарыс – қатынастардың ұлттық және әлемдiк шаруашылықтағы орны ерекшелiгiн көрсетедi.
Капиталдың шеңбер айналысы процесiнде ұлттық нарықтан әсемдiк нарыққа қосылуы нәтижесiнде ұлттық ақшалардың iшiндегi ақшалай капиталының бiр бөлiгi шетел валютасына айналады немесе керiсiнше . Ол көрiнiстi халықаралық есеп айырысуларда, валюталық, несиелiк және қаржылық операциялардың барысында байқауға болады.
Шаруашылықтың интернационализациялануы жағдайында ұдайы өндiрiстiң сыртқы факторларға: әлемдiк өндiрiс динамикасы; шетелдiк ғылым деңгейiне, халық аралық сауданың дамуына, шетел капиталы ағымына арта түседi. Сондықтан да бұл валюталық қатынастар мен ұдайы өндiрiстiң арасында тiкелей және керi байланыстың болатынын көрсетедi. Халықаралық сауданың дамуына, валюталық қатынастар тұрақсыздығы мен валюталық дағдарыс ұдайы өндiрiс процентiне керi әсерiн тигiзедi.
Ваюталық жүйе ұлттық заңдылықтарымен немесе мемлекет аралық келiсiм шарттарымен бекiтiлетiн валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасын бiлдiредi .
Валюталық жүйелер 3 түрге бөлiнедi:
- ұлттық валюталық жүйе;
- дүниежүзлiк валюталық жүйе;
- аймақтық немесе мемлекет аралық валюталық жүйе тарихта, ұлттық валюталық жүйе ең бiрiншi қалыптасқан.
Ұлттық валюталық жүйе – халықаралық төлем айналымын жүзеге асыратын, ұдайы өндiрiс процесiне қажеттi валюталық ресурсты сұрайтын және оны пайдалануға қөмектесетiн экономикалық қатынастар жиынтық бiлдiредi.
Ұлттық валюта дүниежүзлiк валюталық жүйемен тығыз байланысты. Дүниежүзлiк валюталық жүйе XIX ғасырдың ортасына қарай құрылған.
Дүниежүзлк валюталық жүйе – бұл халықаралық несие қаржы институттары мен валюталық құралдардың қызмет етуiн қамтамасыз ететiн халықаралық келiсiм шарттары мен мемлекет аралық құқұқтардың нормалар кешенiн құрайды .
Аймақтық валюталық жүйе өнеркәсiбi дамыған елдердiң әлемдiк валюталық жүйе тереңдiгiне құрылады . Мысалы , европалық валюталық жүйе бұл еуропалық қоғамдастыққа мүше елдердiң қоғамдастық валюта аймағында ұйымдастырылуы эконномикалық формасындағы катынастырды бiлдiредi.
Ұлттық және дүниежүзлiк валюталық жүйелер арасындағы байланыстар мен айырмашылықтары олардың негiзгi элементтерiнен көрiнедi. Оны келесi суреттен көре аламыз.
Ұлттық және дүниежүзілiк валюталық жүйенiң негiзгi элементтерi
Ұлттық валюталық жүйе
|
Дүниежүзлiк валюталық жүйе |
1.Ұлттық валюта.
|
Резервтк валютлар, халықаралық есептесу, валюталық бiрлiктер. |
2.Ұлттық валютаның алмастырылу шарты .
|
Валюталрдың өзара алмастырылуы |
3. Ұлттық валюта паритетi.
|
Валюталық паритеттiң ортақ режимi |
4. Ұлттық валюта бағамының режимi | Валюталық бағамдар режимiнiң регламентациясы.
|
5. Валюталық шектеудiң, валюталық бақылаудың болуы немесе болмауы . | Валюталық шектеудi мемлекет аралық реттеу
|
6. Елдiң халықаралық валюталық өтiмдiлiгiн реттеу. | Халықаралық валюталық өтiмдiлiктi мемлекет аралық реттеу.
|
7. Халықаралық несиелiк айналыс құралдарын пайдалануды регламенттеу. | Халықаралық несилiк айналыс құрылыстарды пайдаланудың ережелерiнiң бiртұтастығы
|
8. Елдiң халықаралық есеп айырысуларын регламенттеу. | Халықаралық есеп айырысудың негiзгi формаларының бiр тұтастығы.
|
9. Ұлттық валюталық рынок пен алтын рыногiнiң режимi. | Дүниежүзлiк валюталық рыноктар мен алтын рыноктарының режимi.
|
10. Елдiң валюталық қатынастарын басқаратын және реттейтiн үлттық ұйымдар. | Мемлекет аралық валюталық реттеудi жүзеге асыратын халықаралық ұйымдар.
|
Экономикалықадағы төлем балансында көрiнетiн өзгерiстер түбiнде келiп валюта курсына ықпал жасайды. Валюта нарығы өз жағынан пассивтiк бiлдiрмей, белсендi түрде экономикадағы процестерге әсер етедi. Мемлекетiк валюта нарығын реттеу саясаты оның экономика процестерiне қатынасуының әр түрлi дәрежесiмен сипатталады.
Валюталық жүйелердiң даму заңдылықтары ұдайы өндiрiс белгiлерiне байланысты анықталып отырып, ұлттық және әлемдiк шаруашылықтың негiзгi даму кезеңдерiн көрсетедi.
Дүниежүзлiк валюталық жүйелердiң арсындағы дағдарыс тұсында оның құрылымдық қағидаларының әрекетi бұзылып, аяқ асты валюталық қайшылықтар орын алды. Дүниежүзлiк валюталық жүйедегi дағдарыс ескi жүйенiң бұзылып және оның орнына валюталық тұрақтылықты қамтамасыз ететiн жаңа жүйемен ауысуына әкеледi.
Жаңа дүниежүзлiк валюталық жүйенi құру үш басты кезеңнен жүргiзiледi:
1-шi кезең, жаңа жүйенiң қағидаларының қалыптасуы, алғы шарттардың түзiлуiн, анықталуын қамтиды, мұнда бұрынғы жүйемен өзара байланыс сақталады.
2-шi кезең, жаңа жүйенiң қағидаларының құрылымдары толығымен аяқталып, бiртiндеп iске қосылады.
3-шi кезең, толық қызмет ететiн жаңа дүниежүзлiк жүйе құрылады.
Дүниежүзлiк ваюталардың жүйенiң мынандай эвалюциялары белгiлi:
- Жаңа валюталық жүйенiң құрылуының алғы шарттары.
- Париждiң валюталық жүйесi.
- Генуэз валюталық жүйесi.
- Бреттон – Вудс валюталық жүйесi.
- Ямайка валюталық жүйесi.
- Еуропалық валюталық жүйесi.
1929-1936 жылдарда дүниежүзлiк валюталық дағдарыстың басты ерекшелiктерi келесiдей:
- циклдiк сипат: валюталық дағдарыс дүние жүзлiк экономикалық және ақша несиесiмен байланысты болды;
- құрылымдық сипат: дүниежүзлiк валюталық жүйенiң алтын девиздiк стандарт қағидасы құлдырауға ұшырады;
- ұзаққа созылуы: 1929 жылдан 1936 жылдың күзiне дейiн болуы.
БҰҰ–ның Бреттон–Вудстағы 1944 жылы болған валюталық қаржылық конференциясында дүниежүзлiк сауданың ұйымдастырудың, валюталық, несиелiк және қаржылық қатынастарды ұйымдастырудың ережелерi бекiтiлiп үшiншi валюталық жұйе дүниеге келдi.
60 жылдардың аяғынан бастап, Бреттон – Вудс валюталық жүйенiң дағдарысқа ұшырауы. 1976 жылғы қаңтардағы ХВҚ — ға мүше елдердiң Кинготондағы келiсiмi ХВК – дың жарғысына өзгерiстер енгiзе отырып, төртiншi валюталық жүйенiң келесiдей бағыттарын бекiттi:
- Алтын – девиз стандартты орнына СДР стандарты енгiзiлдi;
- Елдерге кез-келген валюталық бағам режимiнiң таңдауға құқық берiлдi.
СДР-дiң қызмет етуiнiң мынандай басты мәселесi болды:
- эмиссиялау және басу;
- қамтамасыз ету;
- бағамды анықтау әдiсi;
- СДР-дiң пайдалану ауқымы;
Еуропалық валюталық жүйе, экономикалық интеграциялану процесiн ынталандыру мақсатында құрылды. Интеграцияналдану процесiнiң даму себептерiне: шаруашылықтың интеграциялануы, өндiрiстiң қарсылас орталықтардың дүниежүзлiк нарықтағы өзара қарсы күресi және валюталық тұрақсыздағы жатады . Еуропалық экономикалық қоғамдастық – бұл батыс еуропа елдерiнiң бiршама дамыған аумақты интеграцияналдыру тобын бiлдiредi , ол 1957 жылы наурызда алты елдiң: ФРГ, Франция, Италия, Бельгия, Нидерландия, Люксембург, Рим елдерiнiң арасыында жасалған келiсiм шартында қабылданып, 1958 жылдың 1 каңтарында басты қызмет етедi.
Батыс еуропалық интеграция өзiнiң iрi ерекшелiктерiмен ажыратылады:
Бiрiншiден, ЕҚ құрылуы көмiрдiң ортақ нарығынан басталады және шаруашылық кешен интегралданғанға дейiн 6 ел және 12 саяси одақ болса, бiрiншi уақытта 15-16 мемлекетке жеттi.
Екiншiден, ЕҚ – ның институционалдық құрылымы мемлекеттiң құрылымына жақын және мынадай ұйымдардан тұрады:
- Еувропалық кеңес;
- Министiрлер кеңесi – заң шығарушы орган;
- ЕҚ комисиясы – атқарушы орган
- Еуропалық парламент – кеңес берушi орган. Бұл орган ЕҚ және министiрлер кеңесiнiң қызметiн бақылайды, ЕҚ бюджетiн бекiтедi.
ЕҚ соты – құқықтық нормаларын сақтамаудың қадағалау ұйымы.
Үшiншiден, интеграцйиялық процестiң материялдық негiзi болып, ЕҚ – тың бюджетiнiң бiр бөлiгiнен құралған көп бiрлескен қорлар қызмет етедi.
1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Евро қолма – қолсыз төлемдер үшiн мемлекеттердiң жаңа қағаздарын орналастыру енгiзiлiп, эволюциялық одаққа мүше елдердiң ұмтық ақша бiрлiктерi 2002 жылы 1 шiлдесiнен бастап өз қызметтерiн жойды делiнген.
Бiрiншiден, Еуро – алтынмен жартылай қамтамасыз етiлген; екiншiден, ЕҚ – қа бiрлестiгi үшiн 207 кг мөлшерiнде бiрлескен алтын қоры құралған.
- Валюталық бағам және төлем балансы
Жоғарыда айтқанымыздай валюта жүйесiнiң маңызды элементiнiң бiрi валюта бағамы болып табылады. Себебi, халықаралық экономикалық қатынастар дамуы әрбiр елдердiң валюталары құнының арақатынасы өлшемiн талап етедi.
Валюта бағамының өлшемi төмендегi жағдайлар үшiн қажет:
- Тауарлар мен көрсетiлген қызметтердiң халықаралық сауда барысында өзара айырбастау, капиталдар мен несиелердiң қозғалысын реттеу үшiн, экспорттаушы шетелдiк валютадағы түсiмiн ұлттық валютаға айырбастауда, импорттаушы шетелден сатып алған тауар бағасын өтеу үшiн шетелдiк валютаны алу кезiнде, валюталармен өзара байланыстардың қажеттiлiгiнен;
- Дүниежүзлiк және ұлттық нарықтағы бағаларды, сондай-ақ ұлттық немесе шетелдiк валюталарды бейнелеген әр түрлi елдердiң құндық көрсеткiштерiн салыстыру негiзiнде;
- Банктер мен фирмалардың шетел валютасындағы есеп-шоттарын уақытылы қайта бағалап отыруыа байланысты.
Валюталық бағам дегенiмiз – бұл бiр елдiң ақша бiрлiгiнiң басқа бiр елдiң ақша бiрлiктерiне бейнеленген бағасы. Әрбiр елдiң ұлттық ваюталарын салыстыру оларды өндiрiс және айырбас процесiнде пайда болатын обьективтi құндық қатынастарына негiзделедi. Валюталық бағамы валюталарға сұраныс пен ұсынысқа ықпал етушi көптеген факторларға байланысты өзгередi.
Тауарлармен, қызметтермен саудаласқанда, капиталдар мен несиелердiң қозғалысы кезiнде, дүниежүзiлiк және ұлттық рыноктардың бағаларын, сонымен бiрге әр алуан елдердiң ұлттық немесешетелдiк валюталарға шаққандағы құндық көрсеткiштердi салыстыраған уақытта валюталық бағам аса қажет.
Валюталық бағам мынадай факторлардың ықпалымен қалыптасады:
- Құнсыздану қарқыны. Сатып алу қабiлетiне қарай құндылық заңының әрекетiн бейнелейтiн валюталар арақатынасы валюталықбағамның өзiне тән қызмет етедi. Сондықтан валюталық бағамға құнсыздану қарқыны әсер етедi. Басқа факторлар қарсы әрекет етпесе, елдегi құнсыздану қарқыны неғұрлым жоғарылаған сайын валютаның бағамы да соғырлым төмендейдi.
Ақшаның құнсыздануы елде сатып алу қабiлетiнiң және валюта бағамының төмендеуiне апарып соқтырады. Валюталық бағамның құнсыздануға тәуелдiлiгi әсiресе тауарлардың, қызметтердiң және капиталдардың халықаралық айырбасының көлемi үлкен елдерге жоғары болады.
- Төлем базасының жай күйi. Активтi төлем балансы ұлттық валюта бағамының жоғарылауына ықпал етiп, шетелдiк борышқорлар жағынан оған деген сұраныс күшейедi. Пассивтi төлем балансы ұлттық валюта бағамының төмендеу беталысына себепшi болып, өздерiнiң сыртқы мiндеттемелерiн өтеу үшiн борышқорлар оны шетел валютасына сатады.
- Әралуан елдердiң процент мөлшерлемесiнiң айырмашылығы. Пайыз мөлшерлемесiнiң елдегi өзгерiсi басқаша тепе-тең жағдайда халықаралық, ең алдымен қысқа мерзiмдi капиталдардың қозғалысына әсер етедi. Пайыз мөлшерлемесiнiң жоғарылауы шетел капиталының құйылуын ынталандырса, оның төмендеуi капиталдардың шекарының арғы жағына ауысуы дем бередi.
- Валюталық рыноктағы және алып сатарлық валюта операцияларының қызметi. Егр қандай да бiр валюта бағамының төмендеу беталысы байқалса, онда фирмалар мен банктер оны әлсiзденген валютаның қалпын нашарлататын мейлiнше тұрақты валюталарға күнi бұрын сатып жiбередi. Экономикалық саясаттағы өзгерiстердi , бағамдық арақатынастардың ауытқуының валюталық рыноктарын тез сезiнедi;
- Белгiлi бiр валютаның еуронарықта және халықаралық есеп айырысуда пайдалану дәрежесi;
- Валютаның бағамдық арақатынасына төлемдердi жеделдету немесе кiдiрiс те әсер етедi.
- Ұлттық және дүниежүзiлiк нарықтарда сенiм дәрежесi. Ол елдегi экономиканың жағдайымен және саяси ахуалымен, сонымен бiрге валюта бағамға ықпал ететiн жоғарыдағы қарастырылған факторлармен айқындалады.
Бағамның қалыптасуына ықпал ететiн үш факторлар тобын бiлiп қарастыруға болады;
Саяси тұрақтылық валюталық заңдылықтардың ырықтандырылуы, валюталық саясат және т.б.
Экономикалық, халықаралық тәжиiрбиеде анықталатын экономикалық тiк бұрыштың шыңы сияқты: экономикалық өсу, валюта тұрақтылығы және инвляцияның төменгi қарқыны, жұмыссыздықтың төменгi деңгейi, дүниежүзлiк нарықтағы тепе — теңдiк;
Психологиялық: жаппай сұраныс, негiзгi капиталды тәуекелден қорғануға ұмтылыс және т.б.
Валюталық бағамның дамуы жай тауар өндiрiсiнен қазiргi дүниежүзiлiк шаруашылыққа қозғалыстың тарихи процесiн көрсетедi.
Монометализм тұсында – алтын немесе күмiс валютылық бағамның базасы монеталық паритет болып табылады, яғни ол әр түрлi елдердiң ақша бiрлiктерiннiң олардың металдық құрамына байланысты арақатынасын сипаттайды. Ол валюталық паритет ұғымымен сәйкес келедi.
Валюталық бағам валюталық паритет шеңберiнде аутқиды. ХВК-ның жарғысы бойынша 1978 жылдан бастап валюталық паритет СДР немесе ЭКЮ-да валюталық “қоржын” базасында бекiтiледi .
Жалпы алғанда валюталық бағамның қозғалысының бағытарын анықтайтын факторларды 3 топқа бөлуге болады: фундаментальдi, техникалық, қысқа мерзiмдi күтпеген факторлар.
Валюталық нарыққа қатысушылардың арасындағы валюталық операцияларды айырбастаусыз және олардың пропорцияларын анықтаусыз жүзеге аспайды. Бiр валютаны басқа валютаға айырбастау деп шетел валютасының ұлттық валютаға немесе басқа валюталарға сату немесе сатып алу, ал оларды айырбастау пропорциялары валюталық каперотив арқылы анықталады.
Валюталық мәмiлелердiң түрлерiне байланысты ағымдағы және мерзiмде факторлар бағамдары болады. Ағымдағы валюталық мәлiметтердi жасағанда валюта айырбасы сол сәтте ағымдағы валюта бағымы бойынша жүзеге асады. мерзiмдi валюталық мәмленi жасағанда валютаны айырбастау алдынала белгiленген мерзiмде бекiтiлген форвард бағымы бойынша жүзеге асады .
Кейбiр мемлекеттерде операцияның әр түрi бойынша қолданылатын ұлттық валюта бағымдарының бiрнеше түрi бар. Бельгияда 2 бағам қолданылады: бiреуi — комерциялық, екiншiсi — қаржылық операциялар бойынша.
Айырбас валюталық бағамдардан басқа статистикалық және экономикалық талдау кезiнде колданылатын есептеу бағамдары бар. Оған жататын орташа бағамдар сатушы және сатып алушы бағамдарының арифметикалық ортасы. Шын мәнiнде айтсақ мұндай бағам жоқ, бiрақ оның мөлшерi күнделiктi ақпарат құралдарында жарияланады.
Батыста көптеген валюталық бағымдардың индекстерi тараған. Көптеген валюталық бағам бiрдей өзгеруi мүмкiн болғандықтан, жеке ақша бiрлiктерiнiң басқаларымен салыстырғанда арзандау дәрежемен анықтауға мүмкiндiк бар. Валюта бағымдарының өзгеру дәрежесiн өлшеу үшiн арнайы индекстер есептелiнедi, олардың негiзiнде валюталық қоржындар болады.
Көбiнесе валюталық бағымдардың индекстерi туарлардың бәсекелестiк қабiлеттiктерiне әсер ету, ұлттық ақша бiрлiгiнiң бағымдарына әсер ету, сондай-ақ елдiң төлем және сауда балансына әсер етуiн бағалау үшiн қолданылады. Сондыктан осы индекстердiң валюталық қоржындарының құрылымы осы елдiң импорты мен экспортын бөлудi сақтандыру және осы елмен саудада негiзгi сауда әрiптерiнiң үлес салмағын көрсетедi.
Валюта бағымдарының ағымын талдау барысында номиналдық және нақты валюталық бағымдардың индексi кеңiнен қолданылған. Нақты валюта бағымының индексi сәйкес келетiн екi елдiң iшкi бағаларындағы өзгерiстерге қатысты түзiлетiн валюта бағымының индекссiн бiлдiредi.
Нақты тиiмдi валюта бағымның индексi аталан топға жататын елдердегi олардың өзгерiстерi бойынша сол елдiң iшкi бағаларының өзгеруiне қатысты түзiлетiн тиiмдi валюта индексiн бiлдiредi.
Қазiргi кезде АҚШ долларының тиiмдi бағымының индексi номиналды және нақты түрде есептеледi.
Ұлттық валютаның ауыстырымдылық тәртiптемесiн валюталық бағамды реттеудiң маңызды құралы болып саналады.
Халықаралық есеп айырысу баланстары агрегаттық экономикалық көрсеткiштер жүйесiнде маңызды орын алады, себебi ол ұлттық табысты елдер арасында қайта бөлудi көрсетедi. Сондықтан жиынтық ұлттық өнiммен ұлттық табысты бөлгенде халықаралық талаптар мен мiндеттемелердiң таза сальдосы есептелiнедi.
Халықаралық есеп айырысу баланстары – ол бiр мемлекеттiң басқа мемлекеттерге қарағанда ақшалы талаптары мен мiндеттемелерiнiң және түсiмдерi мен төлемдерiнiң арақатынасы.
Халықаралық есеп айырысу баланстарының негiзгi түрлерi мыналар
- төлем балансы;
- есеп айырысу балансы;
- халықаралық қарыз баланысы;
Төлем балансы дегеніміз — белгiлi бiр уақыт аралығында мемлекеттiң шетелге төлеген валюталық соммасымен оған шетелден түскен соманың арақатынасы. Белгiлi бiр мерзiмiнiң және бiр күндiк төлем балансы болады.
Бiр күндiк төлем балансы статистикалық көрсеткiш ретiнде жарияланбаса, ол белгiлi бiр датаға орындалуға тиiс төлемдер мен түсiмдердiң арақатынасындағы өзгерiстердi көрсетедi белгiлi бiр мерзiмнiң тқлем балансы осы уақыт аралығында қзгерiстердi көрсетдi. белгiлi-бiр мерзiмнiң төлем балансы осы уақыт аралығындағы төлем мен тұсiмдердiң арақатынасын көрсетiп, мемлекеттiң халықаралық экономикалық қатынастарындағы өзгерiстерiн және елдiң экономикасының жағдайын бiлуге көмектеседi.
Егер валюталық түсiм төлемнен артық болса, онда төлем балансы активтi, ал егер төлем түсiмнен төмен болса, онда төлем балансы пассивтi деп аталады.
Төлем балансымен есеп айырысу баланстарының бiр-бiрiнен айырмашылықтары төмендегiей:
- төлем балансына тек iс жүзiнде жүргiзiлген түсiмдермен төлемдер кiредi;
- есеп аыйрысу бағасына елдiң шетелге қойған талаптарымен мiндеттемелерi кiредi;
- есеп айырысу балансында барлық алынған және берiлген несиелер көрсетiледi, оның iшiнде төлем балансына, кiрмейтiн өтелменген несиелерде көрсетiледi, оның iшiгде төлем балансына кiрмейтiн өтелмеген несиелерде көрсетiледi;
- төлем және есеп айырысу баланстарының ақырғы сальдосы-активтiк немесе пасивтiк бiрбiрiне сәйкес келмейдi, әдетте олар қарама-қарсы болады, себебi несие берушiлердiң есеп айырысу баланстары акивтiк болады, ал төлем баланысы әлсiн-әлсiн, әсiресе ағымдағы операциялар бойынша пассивтiк болады;
- төлем балансына тек төленген экспорт және импорт кiргiзiледi, ал есеп айырысу балансы болашақта несие алумен төленетiн тауар айналымының төленбеген бөлiгiн қамтиды.
Сөйтiп, төлем және есеп айырысу баланстарының бiр-бiрiнен айырмашылықтары көбiнесе халықаралық қатынастарының дамуымен айқындалады. Төлем балансының құрылымын қарастырып өтейiк. Операцияларының сипатына қарай басылымдарда жарияланатын төлем балансы негiзгi екi бөлiмдi бiрiктiредi.
Төлем балансының құрылымы
1) “Ағымдағы операциялар балансы”
- сауда балансы ( сыртқы сауда операциялары бойынша төлемдер мен түсiмдер):
а) экспорт
б) импорт
- Қызметтер балансы және комерциялық емес төлемдер (патент бойынша төлем техникалық көмек үшiн төлем )
2) “Капитал және несие қозғалысының балансы”
Сауда балансы – экспорты бойынша түсiммен және импорт бойынша төлемдердiң арақатысы. Егер тауар шығару оны әкелуден астам болса, онда активтiк сауда балансы болады, ал егер импорт экспорттан артық болса, онда сауда балансы пассивтiк сальдосы пайда болады
Көрсетiлген қызметтер балансы – ол формасы бойынша да және экономикалыө мазмұны бойынша да әр түрлi, сонымен бiрге коммерциялық операциялар емес операциялар бойынша төлемдер мен түсiмдер бiрiктiрiледi. Капитал және несие қозғалысының балансы – ол жеке және мемлекеттiк капиталдарды әкелу және жетiлдiру бойынша , алынған және берiлген халықаралық несиелер бойынша төлемдер мен түсiмдердiң арақатысы.
Халықаралық қарыз балансы — өркендеген және өркендеушi елдердiң статисикасында кең орналасатын мәлiмiеттер жиынтығы. Оның есеп айырысуы балансына ұқсас болғанмен одан қаралатын тауарларының жиынтығымен кейбiр елдердiң өз ерекшелiгiмен айрықшаланады .
Төлем балансының сальдосын анықтағанда оның тараулары негiзгi және баланстандырушы болып екiге бөлiнедi. Негiзгi тарауларға – ағымдағы операциялар ұзақ мерзiмдi капиталдың қозғалысы ал баланстандырушы тараулырға — валюталық резервтiк қозғалысы, ал баланстандырушы тарауларға – валюталық резервтердiң қозғалысы , қысқа мерзiмде активтердiң өзгерiстерi, шетел көмегмен кейбiр түрлерi, сыртқы мемлекеттiк зайымдар, халықаралық валюта – несиелiк ұйымдардың несиелерi және т.б. төлем балансының сальдосының толықтырушы көздерi жатады.
2 ВАЛЮТАЛЫҚ БАҒАМНЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ОРНЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕТТЕУ
2.1 Экономикадағы валюталық бағамның орны және бағам өзгерісіне әсер етуші факторлар
Валюталық бағам – шетелдің ақша бірлігіне шаққандағы бір елдің ақша бірлігінің бағасы. Сол бойынша экспорттаушы саудадан түскен шетел валютасын ұлттық валютаға ауыстырады. Басқа елдің валюталары сол мемлекеттің аумағында заңды және төлем құралы ретінде қолданылмайды. Өзге елден сатып алынған тауарға төлеу үшін импорттаушы ұлттық ақшаны шетел валютасына алмастырады. Берешектерін өтеуді және сыртқы заемдар бойынша пайыздарды төлеуді мақсат еткен борышқор шетел валютасын ұлттық ақшаға айырбастайды.
Валюталық жүйенің негізгі элементтерін қарастыру үшін оларды ұлттық және халықаралық деңгейлерге жіктеуге тура келеді. Осыларға жеке тоқталып, олардың элементтерінің қызмет етуіндегі байланыстары мен ерекшеліктерін қарастрайық.
Валюталық жүйенiң маңызды элементтерi – валюталық бағам болып табылады. Оның пайда болуы: тауарлармен көрсетiлген қызметтердiң халықаралық барысында, капитал және несиенiң қозғалысында валюталармен өзара байланыстардың қажеттiлiгiнен: дүниежүзлiк және ұлттық нарықтағы бағаларды, сондай-ақ ұлттық немесе шетелдiк валюталарды бейнелеген әр түрлi елдердiң құндық көрсеткiштерiн салыстыруға банктер мен формалардың шетел валютасындағы шоттарын уақытылы қайта бағалап отыра байланысты негiзделедi.
Валюталық бағам – бұл бiр елдiң ақша бiрлiгiнiң басқа бiр елдiң ақша бiрлiктерiне бейнеленген бағасы. Әрбiр елдiң ұлттық ваюталарын салыстыру оларды өндiрiс және айырбас процесiнде пайда болатын обьективтi құндық қатынастарына негiзделедi. Валюталық бағам валюталарға сұраныс пен ұсынысқа ықпал етушi көптеген факторларға байланысты өзгередi.
Бағамның қалыптасуына ықпал ететiн үш факторлар тобын бiлiп қарастыруға болады;
Саяси тұрақтылық валюталық заңдылықтардың ырықтандырылуы, валюталық саясат және т.б.
Экономикалық, халықаралық тәжиiрбиеде анықталатын экономикалық тiк бұрыштың шыңы сияқты: экономикалық өсу, валюта тұрақтылығы және инвляцияның төменгi қарқыны, жұмыссыздықтың төменгi деңгейi, дүниежүзлiк нарықтағы тепе — теңдiк;
Психологиялық: жаппай сұраныс, негiзгi капиталды тәуекелден қорғануға ұмтылыс және т.б.
Валюталық бағамның дамуы жай тауар өндiрiсiнен қазiргi дүниежүзiлiк шаруашылыққа қозғалыстың тарихи процесiн көрсетедi.
Монометализм тұсында – алтын немесе күмiс валютылық бағамның базасы монеталық паритет болып табылады, яғни ол әр түрлi елдердiң ақша бiрлiктерiннiң олардың металдық құрамына байланысты арақатынасын сипаттайды. Ол валюталық паритет ұғымымен сәйкес келедi.
Валюталық бағам валюталық паритет шеңберiнде аутқиды. ХВК-ның жарғысы бойынша 1978 жылдан бастап валюталық паритет СДР немесе ЭКЮ-да валюталық “қоржын” базасында бекiтiледi .
Жалпы алғанда валюталық бағамның қозғалысының бағытырын анықтайтын факторларды 3 топқа бөлуге болады: фундаментальдi, техникалық, қысқа мерзiмдi күтпеген факторлар.
Валюталық нарыққа қатысушылардың арасындағы валюталық операцияларды айырбастаусыз және олардың пропорцияларын анықтаусыз жүзеге аспайды. Бiр валютаны басқа валютаға айырбастау деп шетел валютасының ұлттық валютаға немесе басқа валюталарға сату немесе сатып алу , ал оларды айырбастау пропорциялары валюталық каперотив арқылы анықталады.
Валюталық мәмiлелердiң түрлерiне байланысты ағымдағы және мерзiмде факторлар бағамдары болады. Ағымдағы валюталық мәлiметтердi жасағанда валюта айырбасы сол сәтте ағымдағы валюта бағымы бойынша жүзеге асады . мерзiмдi валюталық мәмленi жасағанда валютаны айырбастау алдынала белгiленген мерзiмде бекiтiлген форвард бағымы бойынша жүзеге асады .
Кейбiр мемлекеттерде операцияның әр түрi бойынша қолданылатын ұлттық валюта бағымдарының бiрнеше түрi бар. Бельгияда 2 бағам қолданылады: бiреуi — комерциялық, екiншiсi — қаржылық операциялар бойынша.
Айырбас валюталық бағамдардан басқа статистикалық және экономикалық талдау кезiнде колданылатын есептеу бағамдары бар . Оған жататын орташа бағамдар – сатушы және сатып алушы бағамдарының арифметикалық ортасы . Шын мәнiнде айтсақ мұндай бағам жоқ , бiрақ оның мөлшерi күнделiктi ақпарат құралдарында жарияланады.
Батыста көптеген валюталық бағымдардың индекстерi тараған. Көптеген валюталық бағам бiрдей өзгеруi мүмкiн болғандықтан, жеке ақша бiрлiктерiнiң басқаларымен салыстырғанда арзандау дәрежемен анықтауға мүмкiндiк бар. Валюта бағымдарының өзгеру дәрежесiн өлшеу үшiн арнайы индекстер есептелiнедi, олардың негiзiнде валюталық қоржындар болады.
Көбiнесе валюталық бағымдардың индекстерi туарлардың бәсекелестiк қабiлеттiктерiне әсер ету, ұлттық ақша бiрлiгiнiң бағымдарына әсер ету, сондай-ақ елдiң төлем және сауда балансына әсер етуiн бағалау үшiн қолданылады. Сондыктан осы индекстердiң валюталық қоржындарының құрылымы осы елдiң импорты мен экспортын бөлудi сақтандыру және осы елмен саудада негiзгi сауда әрiптерiнiң үлес салмағын көрсетедi.
Валюта бағымдарының ағымын талдау барысында номиналдық және нақты валюталық бағымдардың индексi кеңiнен қолданылған . Нақты валюта бағымының индексi сәйкес келетiн екi елдiң iшкi бағаларындағы өзгерiстерге қатысты түзiлетiн валюта бағымының индекссiн бiлдiредi .
Нақты тиiмдi валюта бағымның индексi аталан топға жататын елдердегi олардың өзгерiстерi бойынша сол елдiң iшкi бағаларының өзгеруiне қатысты түзiлетiн тиiмдi валюта индексiн бiлдiредi .
Қазiргi кезде АҚШ долларының тиiмдi бағымының индексi номиналды және нақты түрде есептеледi.
Ұлттық валюталық жүйенің негізгі элементтері:
1) Ұлттық валюта. 1993 жылы 12 қарашада Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаев “Қазақстан Республикасында Ұлттық валютаны енгiзу түралы” Жарғыға қол қойды және осы жарғымен 1993 жылы 15 қарашада сағат 8-ден бастап ұлттық валюта – «теңге» енгiзiлдi. Ал 1999 жылы ұлттық валютамызды ұлттық және әлемдiк валюталық қатынастарды еркiн рыноктық түрде дамыту үшiн еркiн айналымға жiбердiк. Бүгiнгi таңда ұлттық валютамыз күннен-күнге нығайып, елiмiздiң тұрақты экономикалық өсуiне даңғыл жол ашуда.
2) Ұлттық валютаның шетел валютасына айырбасталу жағдайлары, яғни: а) еркін айырбасталатын және ә) жарым-жартылай немесе айырбасталмайтын (тұйық) валюта. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы теңге еркін айырбасталатын валюта болып табылады.
3) Валюталық паритеттің бірдейлік ережесі – валюталардың алтын құрамына байланысты өзара қатысы. Сондай-ақ 1970 жылдардан бастап Еуропа елдерінде және 1991 жылдан бастап Қазақстанда ХВҚ-ның Жарғысы бойынша валюта паритеті тек СДР (арнайы қарыз алу құқығы) – арнаулы ақша өлшемімен немесе басқа халықаарлық валютамен өлшенуі мүмкін, бірақ алтын емес.
Сонымен валюталық паритет дегеніміз – валюталық бағамның негізі болып табылатын заңлы тәртіпте белгіленетін екі валюта арасындағы шекті қатынас. Мұнда егер ұлттық валюта теңгеге, яғни елдің ақша бірлігіне негізделсе, ал дүниежүзілік валюталық жүйе – бір немесе бірнеше резервтік валюталарға немесе халықаралық есептеу бірліктеріне негізделеді.
Резервтік валюта – бұл басқа елдер үшін валюталық паритет пен валюталық бағамды анықтауда негізі ретінде қызмет ететін және валюталар бағамын реттеу мақсатында валюталық интервенция жүргізуге пайдаланылатын халықаралық төлем және резерв құралы қызметін атқаратын әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің еркін ауыстырылатын ұлттық валюталарын сипаттайды. (мысалы, АҚШ доллары мен еуро ақша бірліктері).
70 жылдардан бастап паритеттер валюта қоржыны негізінде анықталуға көшті. Валюта қоржыны деп бірнеше валюталардың белгілі бөліктерінің сомасын сол валюталардың нарықтық бағамына көбейтіп, оларды АҚШ долларына бөлумен анықталатын бір валютаның орташа өлшенген бағамын айтады.
2.2 Ұлттық валюталық жүйе және валюталық бағамды реттеп отырудың еліміз үшін маңызы
Валюталық жүйенiң маңызды элементтерi – валюталық бағам болып табылады. Оның пайда болуы: тауарлармен көрсетiлген қызметтердiң халықаралық барысында, капитал және несиенiң қозғалысында валюталармен өзара байланыстардың қажеттiлiгiнен: дүниежүзлiк және ұлттық нарықтағы бағаларды, сондай-ақ ұлттық немесе шетелдiк валюталарды бейнелеген әр түрлi елдердiң құндық көрсеткiштерiн салыстыруға банктер мен формалардың шетел валютасындағы шоттарын уақытылы қайта бағалап отыра байланысты негiзделедi.
Валюталық бағам валюталарға сұраныс пен ұсынысқа ықпал етушi көптеген факторларға байланысты өзгередi. Валюталық бағамның қажеттігі:
- Тауар және қызметтермен сауда-саттықта, капиталдар мен несиелер қозғалысы барысында өзара валюталарды айырбастайды. Ипортер ұлттық валютаны шетелден тауар алғаны үшін шетел валютасына алмастырады;
- Дүниежүзілік және ұлттық нарықтағы бағаларды және құндық көрсеткіштерді салыстыру;
- Фирмалардың және банктердің шетел валютасындағы счеттарын үздіксіз қайта бағалап отыруға.
Валюталық шектеудің болуы немесе болмауы элементі. Валюталық шектеу резиденттерi мен резидент еместердiң валюталар және басқадай валюталық құндылықтармен жасалатын операцияларын заңды түрде немесе әкiмшiлiк түрде тиым салуын, шектеуiн бiлдiредi. Валюталық шектеу, валюталық бақылаудың құрамдас бөлiгi болып табылады. Валюталық шектеу валюталық заңдылықтармен бекiтiледi .
Валюталық шектеудiң мақсаттары келесiдей :
- төлем балансын теңестiру;
- валюталық бағамды қолдау;
- ағымдағы және стратегиялық мiндеттердi шешу үшiн мемлекеттiң қолында валюталық бағалықтардың шоғырлануы;
Валюталық шектеу келесiдей қағидаларға сүйенедi :
- валюталық операцияларды Орталық және өкiлеттi банктерде орталықтандыру;
- валюталық операциялар жасау үшiн рұқсат қағазының берiлуi ;
- валюталық шоттарды жартылай немесе толық жабу;
- валюталардың қайтарымдығын шектеу.
Ұзақ тарихи даму нәтижесінде дүниежүзілік валюта жүйесінің негізгі элементеріне келесілер жатады:
- Әлемдік ақшаның міндетті формасы (алтын, резервтік валюта, халықаралық валюталық өлшем);
- Валюталардың айырбасталу шарттарын белгілеу;
- Валюталық паритет пен валюталық бағам тәртібін үйлестіру;
- Валюталық шектеу көлемін тәртіптеу;
- Халықаралық валюталардың өтімділігінің құрамдас бөліктерін белгілеу (СДР-ді, еуроны);
- Несиелік айналым қорларының халықаралық айналымын үйлестіру;
- Әлемдік валюта нарығы мен алтын нарығының ережесі;
Өз кезегінде валюталық бағам айырбасқа қатысушылар үшін валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың арақатынасымен айқындалатын бір валютаны екіншіге қайта есептеу коэффициенті болып табылады. Дегенмен, тауарларға, қызмет көрсетуге, инвестицияларға белгіленген бағалардың орташа ұлтық деңгейін көрсететін сатып алу қабілеттігі валюталық бағамның құндық негізі болып есептеледі. Тауар өндірушілер мен сатып алушылар валюталық бағамның көмегімен ұлтық бағаларды өзге ел бағаларымен салыстырады. Сондай салыстырудың нәтижесінде сол елде қандай да бір өндірісті немесе сырт жерде инвестицияны дамытудың тиімділік дәрежесі айқындалады.
Валюталық бағам мынадай факторлардың әсерінен қалыптасады:
- Құнсыздану (инфляция) қарқыны. Валюталық бағамға құнсыздану қарқыны әсер етеді. Елдегі құнсыздану қарқыны неғұрлым жоғарылаған сайын валюталық бағам да соғұрлым төмендейді. Ақшаның құнсыздануы елде сатып алу қабілетінің және валюталық бағамның төмендеуіне апарып соғады. Валюталық бағамның құнсыздануға тәуекелділігі әсіресе тауарлардың, қызметтердің және капиталдың халықаралық айырбасының көлемі үлкен елдерде жоғары болады. Экспорттық баға базасында бағамды есептеген кезде байқалатын валюталық бағам серпіні мен құнсыздануының салыстырмалы қарқыны арасындағы тығыз байланыс арқылы мұны түсіндіруге болады.
- Төлем базасының жағдайы. Экспорттың импорттан асып кету, яғни активті төлем балансы ұлттық валюта бағамының жоғарылауына ықпал етіп, шетелдік борышқорлар жағынан оған деген сұраныс күшейеді. Пассивті төлем балансы ұлттық валюта бағамының төмендеу беталысына себепші болып, өздерінің сыртқы міндеттемелерін өтеу үшін борышқорлар оны шетел валютасына сатады.
- Әр түрлі елдердегі пайыз мөлшерлемесінің айырмашылығы. Пайыз мөлшерлемесінің елдегі өзгерісі басқаша тепе-теңдік жағдайда халықаралық, ең алдымен қысқа мерзімді капиталдыңі қозғалысына әсер етеді. Пайыз мөлшерлемесінің жоғарлауы шетел капиталының құйылуын ынталандырса, оның төмендеуі капиталдардың, оның арасында ұлттық капиталдардың шекараның арғы жағына ауысуына дем береді.
- Алып-сатарлық валюта операцияларының қызметі. Валюта бағамының төмендеу беталысы байқалса ондайда фирмалар мен банктер оны әлсізденген валютаның қалпын нашарлататын мейлінше тұрақты валюталарға күні бұрын сатып жібереді. Экономиканың саясаттағы өзгерістерді, бағамдық арақатынастардың ауытқуын валюталық нарықтарын тез сезінеді. Сол арқылы олар валюта алып сатарлығы мен ақшаның берекесіз қозғалысының аясын кеңейтеді.
- Белгілі бір валютаның еуронарықта және халықаралық есеп айырысуда пайдалану дәрежесі.
- Ұлттық және дүниежүзілік нарықтарда сенімділік дәрежесі. Елдегі экономиканың жағдайымен және саяси ахуалымен, сонымен бірге валюта бағамға ықпал ететін жоғарыда қарастырылған факторлармен айқындалады. Сонымен бірге диллер экономикалық өсу қарқынын құнсыздануды, валютаның сатып алу қабілетінің деңгейін, валютаның сұранысы мен ұсынысының арақатынасын ғана емес, сонлай-ақ олардың серпіндерінің келешегінде есепке алады.
Кез келген елдің валюта бағамы белгілі тәртіптеме бойынша жұмыс атқарады. Елдің халықаралық валюта-қаржы және несие қатынастарына қатысуының, сонымен бірге сыртқы экономикалық қызметті реттеудің тиімділігінің деңгейі валюталық бағамның тәртіптемесіне тәуелді болады. Қазіргі кезда халықаралық қатынастарда валюталық бағамның негізгі жеті тәртіптемесі әрекет етеді:
- Валютаға сұраныс пен ұсыныстың ықпал етуімен еркін өзгеретін құбылмалы бағамдар;
- Орталық банктердің басшылық шектері арқылы бағамдардың ауытқуына шек қоятын валюталық дәліздер;
- Алдын-ала белгіленген шамада бір бағытта тұрақты өзгеріп отыратын шектеулі құбылыс;
- Күні бұрын белгіленген деңгейде валюталық бағамды орталық банк ұстап тұратын реттелмелі құбылыс;
- Таңдап алынған шетел валютасына ұлттық ақшаның тіркелген бағамын қолдануға ақша-несие саясаты айрықша бағытталатын валюталық басқарыу;
- Бір топ ел бірыңғай валюта енгізетін валюталық одақ;
- Елде өзге мемлекеттің ұлттық валютасы қолданылатын долларландыру саясаты;
«Қазақстан Республикасының валюталық реттеу туралы» Заңына сәйкес “валюталық операцияларға” төмендегiдей түсiнiк берiлген:
1) меншiк құқығының және өзге де құқықтардың валюталық құндылықтарға ауысуына байланысты операциялар соның iшiнде төлем құралы ретiнде шетел валютасындағы өзге төлем құралдарын пайдаланумен байланысты мәлiмелер;
2) валюталық құндылықтарды кезкелген тәсiлмен Қазақстан Республикасына әкелу және жөнелту, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан әкету және жөңелту мәмілелері;
3) ұлттық валютаға, сондай-ақ номиналы мен құны ұлттық валютада көрсетілген бағалы қағаздар мен төлем құралдарына меншік құқығы мен басқа құқықтардың ауысуына байланысты резиденттер мен резидент еместердің арасындағы операциялар.
Мұндағы валюталық құндылықтарға мыналар жатады:
- Шетел валютасы;
- Номиналы шетел валютасында көрсетiлген бағалы қағаздар мен төлем құралдары;
- Тазартылған құйма алтын;
- Ұлттық валюта, резиденттер мен бейрезидентттер арасында олармен операциялар жасалған жағдайда құны ұлттық валютамен көрсетiлген бағалы қағаздар және төлем құжаттары.
Кейбiр экономикалық әдебиеттерде валюталық құндылықтар қатарына бағалы металдар (алтыннан басқа да) мен табиғи асыл тастарды (алмаз, рубин, изумруд, сапфир, александрид, және жемчуг) жатқызады.
Бүгінгі таңда Қазақстанның алдында шетелдермен дербес валюта қатынастарын құрумен қатар халық шаруашылығын қайта құру оны нарық рельстерiне түсiру мәселелерiн бiрге шешу мiндеттерi тұр.
Қазақстан 1992 жылдың шiлдесiнде ХВК-ға (Халықаралық валюталық қорға) мүше болып кiргеннен бастап өзiнiң валюта қатынастарын «Ямаика валюта жүйесiнiң» құрылымдық қағидаларымен қордың жарғысына сәйкес қалыптастыруда. Валюта қатыныастарын ұйымдастырушы үшiн 1993 жылдың 14 сәуiрiнде “Валюталық реттеу туралы” алғашқы заң қабылданды. Ол кезде Қазақстанның ұлттық валютасының болмауы және Ресей валюта аймағында болғандықтан шетелдермен жеке валюталық байланыстар жоқтың қасында болатын. Жоғарыда аталған заңға қоса, “ Қазақстан республикасының ақша жүйесi туралы ” 1993 жылдың 13 желтоқсандағы заң; “Қазақстан Республикасының ұлттық банкi туралы ” 1995 жылдың 30 наурыздағы заң; “Асыл тастар және қымбат бағалы метелдармен байланысты қатынастарды мемлекеттiк реттеу туралы” 1995 жылдың 20 шiлдедегi заң; сонымен қатар ҚР Президентiнiң Жарлықтары үкiмет қаулылары мен ұлттық банк басқалырымен нормативтiк активтiлерi.
Ұлттық валюта жүйесiнiң негiзiн осы мемлекеттiң заңымен бекiтiлген ақша бiрлiгi құрайды. Қазақстанның ұлттық валютасы Елбасының 1993 жылғы 12 қарашасындағы “Қазақстан ұлттық валютасын енгiзу туралы” жарлығы негiзiнде 1993 жылдың 15 қарашасынан бастап айналымға теңге енгiзiлдi. Осы ұлттық валютамыз теңгенің шыққан күнінен бастап Ұлттық валюталық жүйенің толық қанды қызмет етуі басталды деп айтсақ болады.
Қабылданған заң бойынша ырқына жiберу деңгейiне сәйкес келiп кейбiр жағдайларға байланысты дамып келе жатқан валюта қатынастарына тiптi қарама – қайшы сипатта болды. 1996 жылы 24 желтоқсанда Қазақстанда “ Валюталық реттеу туралы ” жаңадан заң қабылданды. Қазақстан заңдары бойынша валюталық обьектiсi болып шетел валютасы, шетел валютасындағы бағалы қағаздар, валюталық құндылықтарды, аффинирленген алтын мен басқа металдарды республикаға әкелу, алып кету және жiберу тәртiбiн белгiлеу болып есептелiнедi.
Нарыққа өту кезеңiнде Қазақстан егемендi ел ретiнде өзiнiң саяси дамуында валюталық саясат жүргiзуi керек. Қазақстанның алдында шетелдермен дербес валюта қатынастарын құрумен қатар халық шаруашылығын қайта құру оны нарық рельстерiне түсiру мәселелерiн бiрге шешу мiндеттерi
Қазақстан валюталық бақылауды валюталық бақылау органдары және олардың агенттерi жүргiзедi. Валюталық бақылау органдары болып заң бойынша валюталық бақылау қыметiн жүргiзетiн ұйымдар, валюталық операциялар жүргiзетiн өкiлеттi банктер жүргiзедi.
Валюталық реттеу және валюталық бақылауда Қазақстан Ұлттық Банкi басты мекеме болып табылады және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 ж. 30 наурыздағы N 2155 Қазақстан Республикасының Заңы бойынша келесі қызметтерді атқарады:
- Қазақстан Республикасында шет ел валютасының және шет ел валютасындағы бағалы қағаздар айналысының аясы мен тәртiбiн белгiлейдi, шет ел валютасында операциялар жүргiзуге қажеттi шектеулер енгiзедi, соның iшiнде осындай операциялар мен сыйақы ставкаларының көлемiне де енгiзiледi;
- Резиденттердiң және резидент еместердiң Қазақстан Республикасында валюталық құндылықтармен операциялар жүргiзу ережелерiн белгiлейдi;
- Қазақстан Республикасының валюталық заңдарына сәйкес валюталық операцияларды, валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті лицензиялау, валюталық операцияларды тiркеу және олар туралы хабарлау, айырбастау пункттерiн тiркеу тәртiбiн белгiлейдi, сондай-ақ айырбастау пунктiнiң тiркеу куәлiктерiн бередi және олардың қолданылуын тоқтата тұрады;
- Қазақстан Ұлттық Банкiнiң басқармасы айқындайтын тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгiлейдi;
- Алтын-валюта активтерiн құрайды және солармен операциялар жасайды;
- Мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша олардың құзыретiне сәйкес Қазақстан Республикасындағы резиденттер мен резидент еместер орындауға мiндеттi валюталық операциялар бойынша есепке алудың және есептiлiктiң тәртiбi мен нысандарын белгілейдi;
- Банктер мен өзге тұлғалардың Қазақстан Республикасының банктiк және валюталық заңдарын бұзу фактiлерi анықталған жағдайда, банктiк және валюталық заңдарда көзделген санкцияларды қолдануға құқылы;
- Халықаралық есеп айырысуды ұйымдастырады, шет елдермен қаржы — валюталық және кредиттiк-есеп айырысу қатынастарын жетiлдiредi;
- Жасасылған мемлекеттiк шарттарға сәйкес шетелдiк және халықаралық ұйымдармен шет ел валютасын тартады;
- Қазақстан Ұлттық Банкi валюталық реттеу және валюталық бақылау жөнiнде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да функцияларды орындауға құқылы.
Бәрімізге белгілі 1999 жылы еркін құбылатын айырбас бағамының енгізілуі принцип бойынша валюталық бағам деңгейін еркін нарықтық жағдайда анықтайтынын білдіреді. Яғни, валюталық бағам сұраныс пен ұсыныстың нақты арақатынасын қамтып көрсетуі тиіс. Валюта бағамының деңгейі төлем балансының тұрақты міндеттіне сәйкес деңгейде, яғни ерекше қаржыландыру болжай алмайтын жағдайда жеткізу қажет болғанда Ұлттық банк валюталық нарықты бейтараптандырады. Осындай мақсатты көздеген Ұлттық банк Қазақстан теңгесінің құнсыздануын инфляция деңгейінде тұруы үшін валюталық бағамды реттейді. Құбылмалы валюталық бағамның тәртіптемесіне көшкенге дейін Ұлттық банк теңгенің айырбас бағамының жоғарғы шегіне бақылау жасап отырды. Сол уақытта нарық негізінен «төмеге» бағыт алып тұрған. Валюталық бағамның өзгеруіне және сауда балансының оң сальдосына ие болуына байланысты Ұлттық банк теңгенің долларға ара қатынасына қарай деңгейін көрсете отырып, төменгі шегін қорғайды.
Осылайша, экономиканың тиімді әрі тұрақты дамуының негізгі элементінің бірі валюталық бағам болып отырып, соңғы жылдарда Қазақстан экономикасының тұрақты және қаржы саласының тиімді дамып келе жатқандығына орай ұлттық валютамыз теңгенің шетел валюталарына байланысты бағамы уақыт өткен сайын мығымдалып келе жатыр. Сонымен қатар соңғы бірнеше күндегі ұлттық валютамыздың теңгенің әлемдік ақша жасаудың стандарттарына сай жаңа түрлерінің айналысқа шығуы ұлттық валюта бағамының алдағы уақыттарда бекімделе түсетіндігіне кепіл бола алады. Қазіргі кезде теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы 127-129 теңге шамасында бірнеше ай аралығында тұрақты сақталуды.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келгенде, валюталық бағам дегенiмiз – бұл бiр елдiң ақша бiрлiгiнiң басқа бiр елдiң ақша бiрлiктерiне бейнеленген бағасы. Әрбiр елдiң ұлттық ваюталарын салыстыру оларды өндiрiс және айырбас процесiнде пайда болатын обьективтi құндық қатынастарына негiзделедi. Валюталық бағамы валюталарға сұраныс пен ұсынысқа ықпал етушi көптеген факторларға байланысты өзгередi.
Өз кезегінде валюталық бағам валюталық жүйенің маңызды элементі болып табылады. Валюталық жүйе дегенiмiз — ұлттық заңдылықтарымен немесе мемлекет аралық келiсiм шарттарымен бекiтiлетiн валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасын бiлдiредi .
Тауарлармен, қызметтермен саудаласқанда, капиталдар мен несиелердiң қозғалысы кезiнде, дүниежүзiлiк және ұлттық рыноктардың бағаларын, сонымен бiрге әр алуан елдердiң ұлттық немесешетелдiк валюталарға шаққандағы құндық көрсеткiштердi салыстыраған уақытта валюталық бағам аса қажет.
Валюталық бағамның қалыптасуы және оның ылғи да өзгерісіне ықпал ететін экономикалық факторларды келесідей топтастыруға болады:
- Құнсыздану (инфляция) қарқыны. Валюталық бағамға құнсыздану қарқыны әсер етеді. Елдегі құнсыздану қарқыны неғұрлым жоғарылаған сайын валюталық бағам да соғұрлым төмендейді
- Төлем базасының жағдайы. Экспорттың импорттан асып кету, яғни активті төлем балансы ұлттық валюта бағамының жоғарылауына ықпал етіп, шетелдік борышқорлар жағынан оған деген сұраныс күшейеді.
- Әр түрлі елдердегі пайыз мөлшерлемесінің айырмашылығы.
- Алып-сатарлық валюта операцияларының қызметі.
- Белгілі бір валютаның еуронарықта және халықаралық есеп айырысуда пайдалану дәрежесі негізінегі факторлар әсер етеді.
- Ұлттық және дүниежүзілік нарықтарда сенімділік дәрежесі.
Қазақстан Республикасының ұлттық валюта жүйесi дүниежүзiлiк валюта жүйесiнiң құрылымдық принциптерiне сәйкес қалыптасты. Ұлттық валюта жүйесiнiң негiзiн осы мемлекеттiң заңымен бекiтiлген ақша бiрлiгi құрайды. Қазақстанның ұлттық валютасы Елбасының 1993 жылғы 12 қарашасындағы “Қазақстан ұлттық валютасын енгiзу туралы” жарлығы негiзiнде 1993 жылдың 15 қарашасынан бастап айналымға теңге енгiзiлдi. Аталған ұлттық валютамыз 1999 жылы еркін қалқымалы айналымға шықты, яғни теңге шетел валюталарына еркін түрде айырбастала бастады. Осы уақыттан бастап және ел экономикасының нарықтық бағытта дамуы, елде шетел компанияларының көптеп қызмет етуі қаржы жүйесінің және Ұлттық Банктің валюталық бағам туралы саясат жүргізуін және оны реттеп отырудың өте маңызды екендігі бәрімізге белгілі.
Қазақстан Республикасында 1999 жылы еркін құбылатын айырбас бағамының енгізілуі принцип бойынша валюталық бағам деңгейін еркін нарық жағдайында анықтайтынын білдіреді. Яғни, еркін құбылатын айырбас бағамның енуі валюталық бағам сұраныс пен ұсыныстың нақты арақатынасын қамтып көрсетуге тиіс. Бір сөзбен айтқанда валюта бағамы нарықтық заңдармен реттеліп, оның бағамдық өзгерістері анықталады. Бүгінгі таңда осы жүргізілген валюталық реформаларға сәйкес ұлттық валютамыз тұрақтанып, шетелдік валютаға қарағанда ( АҚШ доллары) соңғы уақыттарда құнының артуы байқалады. Әрине бұл үлкен жетістік деп те айтсақ артық болмас.
Қазақстан Республикасында қазiрдiң өзiнде теңгенiң ел iшiнде еркiн ауысуына iс жүзiнде қол жеткiзiп отырмыз. Жоғарыда атап өткендей соңғы жылдары теңге құнының халықаралық резервтік валюталар бойынша тұрақты сақталып, Қазақстанның экономикалық тиімді өсуіне септігін тигізіп отыр.
Сонымен қатар кешегі 2006 жылдың 15 қараша жұлдызында ұлттық валютамыз теңгенің өзгеріске ұшырауы, айналымға жаңа формадағы теңгенің шығуы, оның бұрыңғы ақшаларға қарағанда сақтық қорғаныштарының мықтылығы жалпы әлемдік экономикада немесе саудада теңге бағамының нығайа түсуіне өз үлесін қосатыны айқын болып табылады. Бұл да еліміздің және қаржы секторының валюталық бағамды реттеу мен нығайтудағы қадамдарының бірі болып табылады.
Қазақстанның дүниежзiлiк шаруашылыққа интеграциялануға ұмтылысы оның халықаралық валюта-қаржы және несие қатынастарына белсендi түрде қатысуын талап етедi. Елiмiздiң бүгiнгi таңдағы негiзгi валюталық саясаты теңге құнының тұрақтылығын орнықтыру және оны еркiн ауысатын валюталарға айырбастауды мейлiнше ырықтандыру.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
- “Валюталық реттеу туралы” Қ.Р –ның заңы // 12.1996.
- “Қ.Р-да ұлттық валютаны енгiзу туралы” Қ.Р. Президентiнiң заң күшi бар жарлығы // 12.11.1993.
- “Қ.Р-ның ақша жүйесi туралы” Қ.Р-ның Заңы // 12.1996.
- Ақша, несие, банктер: Оқулық / Ғ.С. Сейiтқасымов. – Алматы : Экономика, 2001, — 466 б.
- Деньги, кредит, банки: Учебник / Под. Ред. О.И Ловрушина, Изд. 2-е, — Москва: 1999г.
- С.Б. Мақыш , Оқу құралы / “Ақша айналысы және несие” – Алматы, Қазақ университетi, — 2000ж.
- Баян Көшенова, Оқу құралы / Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары, — Алматы: “Экономика” 2000ж.
- Байгiсиев Майдан-Әлі / Халықаралық валюта қатынастары және валюталық құқық: Оқу құралы. Алматы: Қазақ университетi, 2004. – 302 бет.
- Бұхарбаев Ш.М. “Валюталық бағамның және оның атқарылуы тәртiптерiнiң елдiң сыртқы экономикалық қызметiне әсерi” // Банки Казахстана. №1.- 2005 ж.
- С.Б.Мақыш “Валюталық операциялар және валюталық мәмiлелер” // ҚазҰУ хабаршысы. №5, — 2003 ж.
- Вестник Национального банка РК , 2006 ж. №1,2.