Валюта жүйесі және валюта қатынастар

0
16

Тақырыбы: Валюта жүйесі және валюта қатынастар

Жоспар 

Кіріспе

  1. Валюта жүйесі және валюта қатынастар

1.1. Валюталық жүйесі мен валюта қатынастарының түсінігі

1.2 Валюта бағамы және оның қалыптасуына әсер етуші факторлар

1.3. Валютаның бағамын реттеу туралы қазіргі теориялар

IІ. Халыққаралық валюта қатынастары

2.1 Қазақстан Республикасы валюталық жүйесінің түсінігі мен белгілері

2.2 Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүргізу ережелері және реттеу органдары

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Бүгінгі әлемде экономикалық және шаруашылық қатынастар күннен-күнге даму барысында халықарылық валюта қатынастарының өркендеуі өндіргіш күштерін қарқынды өсуімен дүниежүзілік рыноктың қалыптасуы-мен халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуімен шаруашылық байланыстарының интернационалдану және жанандануымен сипатталады.

Халықаралық валюталық қатынастар халықаралық экономикалық қатынастардың дамуына жалпылама түрде. Халықаралық валюталық жүйе дүниежүзілік шаруашылықтың шеңберіндегі сатып алу және сату айналымын туындыратын әдістер құрал жабдықтар және мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрі даму экономикасы халықаралық ақша кеңістігіндегі адекватты шарттарды талап ететін ұлттаралық капитал үрдісінің объективті дамуын бейнелейді. Халықаралық валюталық жүйенің негізгі құраушы элементтері ретінде әлемдік ақшалай тауар және халықаралық өтімділік, валюталық курс, валюталық рыноктар, халықаралық валюта қаржылық ұйымдар және мемлекетаралық валюталық келісім шарттарды атауға болады.

Курстық жұмыстың өзектілігі еліміздің әлемдік рынокта алдынғы қатарлы елдер санатына қосылуы үшін ішкі экономикалық өсуімен қатар, халықаралық экономикалық қатынастарымыз дамып соның ішінде өзекті саласы халықаралық валюталық қатынастардың дамуы еліміз үшін маңызды. Өйткені біздің экономикамызда теңгеміз еркін айналысқа шыққандықтан әлемдегі валюта өзгерістері бізге де әсер етеді.

Сондықтан мен экономикалық теория пәнінен курстық жұмысының тақырыбын бүгіндегі өзекті мәселелердің бірі «Қазақстан Республикасындағы ұлттық валютаны тұрақтандыру мен нығайту проблемалары» деп алдым.

Бұл тақырыпты таңдаудағы мақсатым біріншіден, жалпы халықаралық валюталық жүйенің түсінігіне және құрлымына оның пайда болу себептері мен негізін қараушы элементтеріне валюталық бағам және оған әсер етуші факторларға тоқталып екіншіден Қазақстан Республикасының ұлттық валюта жүйесіндегі орнын, еліміздегі валюталық операциялар мен валюта бағамының жағдайын қарастырып өту және оларды ұлттық экономика дамуына қосар үлесін қарастыру.

Валюталық жүйені талдамас бұрын «валюта» терминінің мәнін ашып алайық. Ол Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес, валюта деп мемлекеттердің заңды төлем құралы ретінде қабылданған ақша бірліктері немесе банкноттар, қазыналық билеттер мен тиындар, соның ішінде қымбат жасалған тиындар (айналымнан алынған немесе алынатын,бірақ айналымда жүрген ақша белгісімен айырбастауға жататынын қоса алғанда) түріндегі қолма – қол және аударым нысандарының құнның ресми стандарттары, сондай-ақ шоттардағы соның ішінде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірліктеріндегі қаражаттарды білдіреді.

Енді осы валюталық қатынастарға олардың қызмет етуіне, валюта   бағамына кеңінен тоқталайық.

 І. Халық валюта қатынастары және валюта жүйесі.

1.1. Валюталық қатынастар мен валюта жүйесінің

түсінігі.

Халықаралық валюта қатынастары – дегеніміз дүние-жүзілік шаруашылықта орын алатын валюталық іс әрекеттермен кезінде қалыптасатын және ұлттық шаруашылықтар қызметі нәтижелерінің өзара айырбасын жүзеге асатын қоғамдық қатынастар жиынтығы. Валюталық қатынастардың жекелеген элементтері векселдік және айырбастау әрекеттері түрінде ежелгі Греция мен Римде орын алғандығы тарихтан белгілі. Валюталық қатынастар дамуының келесі кезеңі ортағасырлық Лион Антвериен қалаларындағы «вексельдік жәрменкелер» болып табылады. Капиталистік өндіріс әдістері қалыптаса бастаған кезеңдерінде халықаралық есептеу жүйесі банктер арқылы дами бастады.

Халықыралық валюта қатынастары өркендеуі өндіргіш күштерін қарқынды өсуімен дүние жүзілік рыноктың қалыптасуы мен халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуімен шаруашылық байланыстарының интернационалдану және жихандануымен сипатталады.

Халықаралық валюта қатынастар халықаралық экономикалық қатынастардың дамуына жалпылама түрде өзінің онды әсерін тигізеді.

Халықаралық экономикалық қатынастар материалдық өндіріс арасында тікелей және кері байланыстар қалыптасқан. Олардың абективті негізгі халықаралық тауарлар, капиталдар, қызмет көрсетулер айырбасын туындататын қоғамдық ұдайы өндіріс процесі болып табылады.

Валюталық қатнастар жағдайы ұлттық және дүниежүзілік экономикалық дамуын ақ саяси себептерден тәуелді, сондай – ақ халықаралық қатынастарға тән әріптестік және қайшылық сияқты екі үрдестер арақатынасына да тығыз байланысты болып келеді. Сыртқы экономикалық байланыстарда соның ішінде валюталық байланыстар да бар саясат пен экономика дипломатия мен коммерция өнеркәсіп өндірісі мен сауда араласып жататындықтан валюталық қатынастар ұлттық өндірісімен мен сауда араласып жататындықтан валюталық қатынастар ұлттық және дүниежүзілік шаруашылықта ерекше орын алады. Дүниежүзілік рыноктың капиталдар айналымы процесіне қосылуы ақша капиталы бір бөлігінің ұлттық ақшадан шетелдік валютаға және шетелдік валютаға және шетелдік валютаның ұлттық ақшаға айналып жатқанын көрсетеді мұның өзі халықаралық есептеулерде валюталық, кредиттік және қаржылық операцияларда орын алып жатады.

Валюталық қатынастар удайы өндіріске қатысты екіншілей болғанымен бұл қатнастардың салыстырмалы дербестігі бар және олар удайы өндіріске қарама қарсы әсер етеді шаруашылықтың интернационалдануы жағдайларында ұдайы өндіріске қарама – қарсы әсер етеді. Шаруашылықтың интернационалдану жағдайларында ұдайы өндірісінің сыртқы факторлардан дүниежүзілік өндірістің динамикасынан шетелдік ғылым мен техника деңгейінен халықаралық сауданың дамуынан, шетелдік капиталдардың келуінен тәуелділігінің күшейе түседі. Халықаралық валюта қатынастары ұймдастыру және реттеу формасы. ¥лттық дүниежүзілік халықаралық валюталық жүйелер ажыратылады.

Халықаралық валюта қатынастары шаруашылық байланыстарының интернациалдануы негізінде бірте-бірте белгілі бір формаларды иемдене бастады. Нәтижесінде валюта жүйе қалыптасты. Валюталық жүйе дегеніміз- ұлттық заңнамамен немесе мемлекет аралық келісіммен бекітілген валюталық қатнастарды ұйымдастыру және реттеу формасы.

¥лттық, дүниежүзілік, халықаралық валюталық жүйелер ажыратылады.

Дүниежүзілік валюта жүйесінің ғаламдық шаруашылықтағы мақсаттары және қызметі мен реттелуі механизмдерінің ерекшеліктері бола тұра оның өзі ұлттық валюта жүйелерімен тығыз байланыста болады. Бұл байланыс сыртқы экономикалық әрекеттерге қызмет көрсететін елдердің валюталық саясатын мемлекетаралық реттеу мен үйлестіру аясында көрініс табады.

¥лттық және дүниежүзілік валюта жүйелерінің өзара байланысы олардың ұқсастығын көрсетпейді себебі олардың мақсаттары мен міндеттері, қызметі мен реттелуі жекелеген елдердің экономикасына және дүниежүзілік шаруашылыққа әсері әртүрлі.

¥лттық валюта жүйесінің негізгі элементтеріне мыналар жатады:

– ұлттық валюта;

– ұлттық валютаның айырбасталу, аударылу(конвертациялау)мүмкіндіктері;

– ұлттық валютаның паритеті (құны)

– ұлттық валюта курсының (бағанының) режимі;

– валюталық шектеулердің бары немесе жоғы валюталық бақылау;

– ел валютасының халықаралық өтімділігін ұлттың реттеу;

– халықаралық кредиттік құралдар айналымын пайдалануы ережесі;

– елдің халықаралық есептеулер ережелері;

– ұлттық валюталық рынок пен алтын рыногының режимі (тәртібі);

– елдің валюталық қатынастарын басқарушы және реттеуші ұлттық органдар;

– ал дүниежүзілік валюта жүйесінің негізгі элементтері болып төменде көрсетілгендер саналады;

– резервтік валюталар халықаралық есептеуге арналған валюталық бірліктер.

– валюталардың өзара айырбасталу шартары;

– валюталық шектеулерді мемлекетаралық реттеу;

– халықаралық есептеулердің негізгі факторларын үйлестіру;

– мемлекетаралық валюталық реттеуді жүзеге асырушы халықаралық ұйымдар;

¥лттық валюта жүйесінің негізін осы мемлекеттің заңымен бекітілген ұлттық валюта – ақша бірлігін құрайды. Халықаралық экономикалық қатынастарда пайдаланылатын ақшалар валюта болып есептеледі. Халықаралық есептеулерде әдетте шетелдік валюта басқа елдердің ақша бөлігі пайдаланылады. Шетелдік валютадағы кез келген төлем құралы – девиз түсінігі анықтауышысы болып табылады.

Шетелдік валюта валюталық рыноктардағы сатып алу – сату объектісі болып табылады, халықаралық есептеулерді пайдаланылады, банктік есепшоттарда сақталады, бірақ осы мемлекет аумағында заңды төлем құралды бола алмайды. Кез келген елді күшті инфляция мен дағдарысты жағдай орыналғанда ұлттық валютасы одан гөрі тұрақты шетелдік валюта ығыстырады. Қазіргі кезде мұндай валютаға доллар жатады. Еуроодоқ елдерінің ортақ валютасы еуро да соңғы уақыттарда доллармен тайталаса алу мүмкіндіктердің көрсетіп бағуда. «Валюта» категориясы ұлттық және дүниежүзілік шаруашылықтың өзара әрекеті мен байланысын қамтамасыз етеді.

Дүниежүзілік ақша деп халықаралық экономикалық, саяси, мәдени қатынастарға қызмет көрсететін ақшаларды атайды. Дүниежүзілік ақшалардың қызметтерінің формалалары ұлттық ақшалар түрін өткен алтын ақшалардан кредиттік ақшаларға дейінгі жолда қайталайды. Нәтижесінде XX ғасырдың валюта жүйесі бір немесе бірнеше ұлттық валютаға негізделеді.

Айырбасталу мүмкіндігі бар ұлттық валютаның ерекше категориясына резервтік валюта жатады. Резервтік валюта халықаралық төлем және резервтік қаражат қызметін басқа елдер үшін валюталық паритет пен валюталық бағам рөлін атқарады сондай – ақ дүниежүзілік валюта жүйесіне қатысушы елдердің валюталары бағамын реттеу мақсатында валюталық интервенция үшін қолданылатын құрал болып табылады. Қазіргі кезде резервтік валюта ретінде АҚШ-тың доллары еуроодақтың еуросы пайдаланып отыр.

Резервтік валюта мәртебесі оны шығарушы елге мынадай артықшылықтар береді; төлем, балансын тапшылығын ұлттық валюта есебінен жабу мүмкіндігі дүниежүзілік рыныктағы бәсекелік күресте ұлттық экспотерлердің позициясын нығайту. Сонымен қатар ұлттық валютаны резервтік валюта рөлін жоғарлату сол елдің экономикасына белгілі бір міндеттер жүктейді Олар; осы валютаның салыстырмалы тұрақтылығын қамтамасыз ету девальвацияға бармау сондай – ақ валюталық және сауда шектеулерін алып тастау.

Валюта жүйесінің келесі элементі оның шетель валютасына айырбасталу дәрежесі еркін айырбастайтын валюталық шектеулерден сақталған жартылай айырбасталатын валюталар бар екендігі белгілі.

Валюталық шектеулерден бар немесе жоқ болуы да валюта жүйесін элементтерінің біріне жатады. Валюталық құндылықтарымен операцияларды шектеуде халықаралық валюта қоры арқылы мемлекетаралық реттеу объектісі болып саналады.

Халықаралық валюта өтімділігін реттеу валюта жүйесінің тағы да бір элементі болып саналады және оның өзі халықаралық шектеулерді қажетті төлем қаражаттармен қамтамасыз ету қызметін атқарады.

Халықаралық валюта өтімділігінің көрсеткіші ретінде әдетте ресми алтын – валюта резервтері сомасының бір жылдық тауар импорты сомасына қатынасы қолданылады.

Валюталық рынокжәне алтын рыногы режимі ұлттық және халықаралық реттеу объектісі болып табылады. Валюта жүйесініңең маңызды элементіне институционалдық элементжатады. Бұған елдер валюталық қатынастарды ұлттық басқару мен реттеу органдары (ұлттық банк, қаржы және экономика министрліктері, кейбір елдерде валюталық бақылау жатады.

¥лттық валюталық заңнама ұлттық және шетелдік валютамен операцияларды реттейді (иемдену, әкелу және әкету, сатып алу-сату құқықтары).

Халықаралық валюталық реттеуді халықаралық валюта қоры жүзеге асырады, ал Еуропада бұл мәселелермен Еуропа орталық банкі шұғылданады. Аталған институттар Халықаралық валюта-кредиттік және қаржылық қатынастарды қаупсіз, дағдарыссыз дамыту режимін талдау жасап, оның тұрақтылығын қамтамасыз етуге болады.

Валюталық гегемония орталықтары-валюта сферасындағы үстемдіктер елдер дамуының біркелкі болмауының кезендік ауысуларға тап болып тұратын жағдайы бар. Мысалы, бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін валюталық үстемдік ¥лыбританияның қолында болды. Дүниежүзілік соғыс нәтижесінде қаржылық орталық Еуропадан АҚШ-қа қарап аусты. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бірден-бір үстем валюта ролін доллар атқарып кетті.

XX ғасырдың 70-90 жылдары валюталық үстемдіктің үш бірдей орталығы қалыптасып үлгерді. Олар: Батыс Еуропа, АҚШ және Жапония. Мұның өзі доллардың монополиялық тұғырын едәуір шайқалтқан еді.

1.2 Валюта бағамы және оның қалыптасуына әсер етуші факторлар

Жоғарыда айтқанымыздай валюта жүйесінің маңызды элементінің бірі валюта бағамы болып табылады. Себебі, халықаралық экономикалық қатынастар дамуы әрбір елдің валюталары құнының арақатынасы өлшемін талап етеді.

Валюта рыноктарының қызметі және алыпсатарлық операциялар туралы айтсақ онда қандай бір болмасын валютаның қалыптасқан бағамынан төмендеу үрдісі байқалса бұл ситуацияда фирмалар мен банктер сол валютаның алдын ала тұрақтылығы жоғары валютаға сатып жіберуге тырысады. Мұның өзі әлсіреген валюта пазициясын одан ары құлдыратады. Валюта рыноктары экономика мен саясаттағы өзгерістерге бағамдық арықатынастар тербелістеріне дерек үн қатып қосылады.Сонысымен олар валюта алып-сатарлығы мен «бос» ақшалар қозғалысына дем беріп мүмкіндіктерін кеңейте түседі.

Дүниежүзілік және ұлттық рыноктарында валютаға сенім деңгейін ел экономикасы жағдайы мен қалыптасқан саяси ахуал анықталады. Диллерлер экономикалық өсу қарқыны инфляция, валюталық сатып алу деңгейі, валютаға сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы факторлармен қатар олардың динамикасы перспективасын да есептеп сарптап отырады. Кейбір уақыттарда тіпті сауда және төлем балансы туралы немесе сайлау нәтижелері жөніндегі ресми басылымдарды күтудің өзі валютаға деген сұраныс пен ұсынысқа және оның бағамына әсер етеді.

¥лттық валюта бағамының төмндеуі экспорттауға қолайлы себебі олар қымбаттап кеткен шетелдік валютаны арзандаған ұлттық валютаға айырбастаудан экспорттық сияқты табады сонымен қатар тауарларды орта әлемдік бағадан төмен бағадан өткізуден байып түседі, ал мемлекет материалдық шығындар тарта бастайды. Бұған қоса ұлттық валюта бағамының төмендеуі импорттық қымбаттарды мұның өзі елдегі бағалардың өсуіне ықпал етеді.

¥лттық валютаның бағамының жоғарлауы ішкі бағалары бәсекелік мүмкіндіктері кемітеді экспорттың тиімділігі азаяды, бұл болса экспорттық сомаларды қысқаратын қана қалмай жалпы қалмай жалпы ұлттық экономикаға зардабын тигізеді.

1.3. Валютаның бағамын реттеу туралы қазіргі теориялар

Валюта бағамын сипаттауға қатысты қазіргі батыстық теорияларға мынадай белгілер бар;

1) Құнның еңбек теориясық валюта бағамының құндылық негізін жаратылысын қабылдамау.

2) айырбас концепциясын-өндірістік факторлардың әсерін төмендете қарастырып, айналым сферасы рөлін артық бағалау.

3) ақшаның сандық және номиналистік теорияларын халықаралық тепе-теңділік концепциясымен жалғастыру.

Валюта бағамының нормативтік теориясы валюта бағамын экономиканы реттеуді қосымша құралы ретінде қарастырады. Олар мемлекет қадағалайтын икемді бағам режимын қолдайды. Бұл теория нормативті деп аталады, себебі теория авторының пікірінше,валю-та бағамынхалықаралық органдар бекіткен паритеттермен келісімдерге негіздеуші тиіс. Дж Мид, И.Миндели, Е.Берибаули сияқты оқымысты-экономистер валюталық бағамдар мемлекетаралық ұйымдар ұйғарған халықаралық паритетер негізінде тербелуі қажет деп есептейді.

Қалықтау бағамы теорияның көптеген идеялары іс тәжірибеде жүзеге аспай қалды, себебі төлем баланстарының автоматты тепе-теңдігін қамтамасыз ететін әмбебап теория әлі өмірге келе қойған жоқ. Сондықтан да шығар американдық маман Л.Дракерердің бізге құн теориясына негізделген шынайы экономикалық теория қажет деп жазып жүргені. Шекті пайдалылық концепциясына негізделген валюта бағамы теориясының әлсіздігінен болар соңғы уақыттарда кейбір батыс экономистері К.Маркстың еңбек қун теориясына қарай ойыса бастады. Олардың пікірінше маркстік еңбек құн теориясына қайта оралып оны қазіргі рыноктың экономикада жүзіп жатқан өзгерістерге орайластырып, жаңа оқылымын жүзеге асыру қажеттіліктері де айтылып қалып жүр.

ІІ. Халықаралық валюта қатынастары

Халықаралық валюталық құқықтың қалыптасуы және дамуы дүние жүзі мемлекеттерінің экономикалық ынтымақтастығының кеңейюі мен тереңдеуіне тікелей байланысты.

Халықаралық валюталық құқықтың маңызы мен мәні дүниежүзілік шаруашылығының қатынастары мейлінше күрделеніп олардың ұйымдық-құқықтық нысандары дамыған сайын арта түседі.

Халықаралық валюталық құқықтың түсінігі қарастырмасан бұрын осы түсінік төңірегіндегі біраз мәселелерін анықтап алуға тура келеді. Бұл арада айтарымыз, біріншіден Қазақстан Распубликасында валюталық қатынастарды реттейтін құқықтың саласының және оның нормаларының жасап қолданушы институттардың негізін қалыптасып бола қойған жоқ. Бірқатар ғылымдар құқықтың бұл саласын халықаралық төлемдер мен не -сиелер құқығы т.с.с деп жалғастыра береді.

Валюталық қатынастарға тартылған топтардың ерекшеліктері дүниежүзілік және ұлттың деңгейлерде орнықтырылған қағидалар мен ережелер айқындалады.

Халықаралық валюта қатынастары субъектілерінің біріңғай еместігі олардың арасында бір-біріне мүлде ұқсамайтын валюталық қатынастар жүйесін туындатады. Ал мұның өзі аталған қатынастарды құқықты реттеу үшін қолданылатын әдістермен мемлекет сондай-ақ валюта кредиттік ұйымдар мемлекеттік банктер бір жағдайларда ұйымдастырушылық қызметтер атқаратын болса, екінші бір жағдайда нақты валюталық қатыстардың тікелей қатысушылары болып шығады.

Халықаралық валюта қатынастары өрісінің ерекшеліктеріне едәуір мен беріп, онда жүріп жатқан норма шығармашылығына процесіне әсерін тигізетін басқа субъектілердің де әрекетін қарастыруды ұмытпаған жөн. Бұл арада әңгіме сол субъектілерінің өздерінің валюталық қатынастарға тікелей қатысуы мәселесі төңірегіндегі болып отыр. Әңгіме халықаралық банктер мен қорлар сиақты институционалдық құрылымды құру мен олардың атқаратын қызметін реттеу жөнінде іс-шаруалар кешенін жасау шеңберінде әрбісе керек. Айталық МВФ, МБРР алмақтық банктер мен даму қорлары сиақты құрылымдардың іс-қимыл тәртібін құқықтық регламенттеу біріншіден халықаралық банктер мен қорлардың заңдық мәртебесін анықтау,

құқықтық мүмкіндіктерінің көлемімен мазмұның анықтау, заңдық мәні мен негізгі шарттарын пайымдау аталған институттар мен оларға мүше мемлекеттердің міндеттеріне сәйкес өзара жауапкершіліктерің дәлел-деп көрсету арқылы жүргізіледі.

Халықаралық валюта қатынастарына аталған банктер мен қорларды енгізу олардың заңдық болмасы бар халықаралық құқық субъектілері екендігін дәлелдейді. Сондықтан да белгілі бір жағдайларда банктер мен қорлар халықарлық – құқықтық қатынастарға белсенді түрде қатысады. Мысалы өздері орын тепкен елдері штаб пәтерлері жөнінде мүше емес елдермен ынтымақтастықты ұйымдастыруды және оның принциптерін орнықтырудың шарттары туралы, мүшелелері – мен бірлескен арнайы қорларды басқару жөнінде келісім шарттар жасайды. Дегенмен халықаралық банктермен қорлар қатысатын құқықтық қатынастардың көпшілігі азаматтық құқықтық қатынастар жиынтығы болып келеді.

Валюталы сфераға мемлекеттердің халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ азаматтық-құқықтық және басқа да субъектілердің қатысуы сфераны құқықтық регламенттейтін және сонымен қатар институционалдық механизмдері ерекшеліктерін де айқын көрсететін субъектілер екендігінің дәлелі болып табылады.

Халықаралық валюта қатынастары регламенттеудің бұл ерекшеліктеуді аталған құқық қатынастары кешеннің құқықтың бір саласының шеңберіне (мысалы, халықаралық бұқаралық немесе халықаралық жеке құқық, адамзаттық-әкімшілік немесе қаржылық құқық сыймайтындығын көрсетеді.

Мемлекеттердің өзара валюталық (валюталық кредиттік) ынтымақтастығын ұйымдастыру барысындағы іс-әрекеттерді басқа субъектілердің (Мысалы банктердің) валюталық-құқықтық қатынастарына тікелей әсер етеді. Басқа субъектілердің келісім шарты орындау деңгейі (дер кезінде орыңцай алмауы немесе тіпті орныдамай қоюі) мемлекетаралық құқық қатынастары кері әсерін тигізеді.

2.1. Қазақстан Республикасы валюталық жүйесінің түсінігі мен белгілері

Қазақстан ұлттық валюта жүйесі қазіргі кезде өзінің қалыптасу және даму дәуірін бастан көшіріп отыр. Дегенімен оның негізгі тенденциялары мен пішіні жеткілікті түрде анықталды деп айтуға болады. Біздің мемлекет дүниежүзілік шаруашылыққа интеграциялануға бағыт алып, 1992 жылдың 15 шілдесінде Халықаралық валюта қорына (МВФ) мүше болып кіреді.

Ұлттық валюта жүйесі дүниежүзілік валюта жүйесінің құрылымдық принциптеріне сәйкес қалыптасты. Қазақстан Республикасының қазіргі валюталық жүйесі мен оның негізгі элементтерін (белгілерін) мұқият қарастырып көруге мүмкіндіктер жеткілікті деп есептейміз.

¥лттық валюта жүйесі дегеніміз ұлттық заңдармен немесе мемлекетаралық келісім-шарттармен бекітілген валюталық қатынастарды ұйымдастыру мен реттеу нысаны. Ұлттық, дүниежүзілік, халықаралық, аумақтық деп жіктелетін валюталық жүйелерді мақсаты мен атқаратын рөліне сәйкес ажыратуға болады.

¥лттық валюта жүйесінің дүниежүзілік валюта арнаулы лицензиясы бар тұлғаларға ғана беріледі.

ҚР-дағы ақша айналымы тауарлар айналымы процесін, қызмет көрсетулерді және әртүрлі төлемдер үшін пайдаланылатын қолма-қол және қолма-қол емес ақша қозғалысынан тұрады.

Жалған банкноттар мен монеталар жасаған адамдар заңмен құдаланады.

Халықаралық кредит қаражаттары айналымына келсек, бұл мәселеде Қазақстан үйлестірген халықаралық нормаларды соның ішінде Женева конвенциясын басшылыққа алады.

ҚР-дағы банктер мен есептеу орталығындағы құжаттар айналымы ¥лттық банктің «Бұрынғы одақтас республикалар банктері арасындағы есептеулерді ұйымдастыру туралы» ережелеріне сәйкес атқарылалады.

Қазақстанның валюталық жүйесінің тағы бір элементі халықаралық валюта өтімділігін реттеу болып табылады.

Халықаралық валюта өтімділігі дегеніміз-елдің халықаралық міндеттемелерін кредиторға ұнамды төлем қаражаттары арқылы дер кезінде төлеу мүмкіндігі. Халықаралық валюта өтімділігі қысқаша айтқанда елдің төлем қабілетінің көрсеткіші.

Қазақстан Республикасы банк жүйесін бұдан былайғы реформалау Ұлттық Банктің бағдарламасына сәйкес валюталық рыноктың банк аралық рыногын тереңдету, форвардтық валюта келісімдерін кеңейту мен валюта рыногын хеджирлеу аспаптарын дамыту бағытында өрістемек. Мұның өзі шетелдік инвесторлардың мүддесін қорғау және олар үшін қолайлы ахуал орнықтыру ісінде маңызды қадам болары даусыз.

Қолма-қол шетел валютасы саудаланатын ішкі рыноктың даму банктен тыс айырбастау пунктерінің әрекетіне бақылауды күшейту бағытында жүргізіледі.

¥лттық Банктің интервенциялары валюта бағамының қысқа мерзімді шайқалуларын тоқтатумен шектеліп ақша базасының негізгі параметрлерін сақтау кажеттіліктері шеңберінен шықпайтын жүйесімен байланысы сыртқы экономикалық әрекеттерге қызмен көрсетуші ұлттық банктер арқылы жүзеге асады.

¥лттық және дүниежүзілік валюталық жүйелердің өзара байланысы олардың ұқсастығын емес, керісінше ерекшеліктерінің айғаған паш етеді. Олардың мақсаты, қызмет ету жағдайлары мен реттелуі жекелеген елдер экономикасы мен дүниежүзілік шаруашылыққа әсері әртүрлі деңгейлі екендігін күнделікті практика көрсетіп отыр.

Ақша қаражаттарын шығару олардың айналымын ұйымдастыру және айналымына шек қою тек қана Ұлттық банктің шешімімен жүзеге асады. Банкноттар мен монеталардың қажетті санын анықтаушы оларды өндіруді қамтамасыз етуші және сақтаушы да ¥лттық банк болып табылады.

Теңгенің баға маштабы ҚР-да орнықтырылмаған және дүниежүзілік тәжірибеге сәйкес теңгенің алтын құрамы белгіленбеген. 1976 жылы Халықаралық валюта қорының Кингстондағы (Ямайка) кезекті кеңесінде валюта жүйесінің жаңа негіздері қаланғаны белгілі. Аталғаны кеңістің шешімдеріне сәйкес алтынының құн өлшемі ретіндегі және валюта бағам-дарын анақтаушы қызметі жойылды сөйтіп бұдан былай алтын бағасы еркін анықталытын кәдуілгі тауарға айналды.

Қазақстан Республикасының ¥лттық банкі бұқаралық ақпарат құралдарында теңгенің алтын-валюта резервтерімен қамтамасыз етілуі туралы оқтың-оқтың жариялап тұрады. Бұл хабарламалардың сыртқы эконо-микалық қатнастардағы маңызы жоғары, ал ішкі айналымдағы ақша бірлігі көрсетілген құнына сәйкес қабылдау барлық тұлғалар үшін міндетті болып табылады Қазақстан Республикасындағы бірден-бір төлем құралы қазақстандық теңге. Қазақстан аумағындағы жәке және заңды тұлғалардың ішкі есептеулер үшін теңгеден басқа төлам құралдарын пайдалануға құқықтары жоқ. Ондай құқық ¥лттық банктің арнаулы лицензиясы бар тұлғаларға ғана беріледі.

ҚР-дағы ақша айналымы тауарлар айналымы процесін, қызмет көрсетулерді және әртүрлі төлемдер үшін пайдаланылатын қолма-қол және қолма-қол емес ақша қозғалысынан тұрады.

Жалған банкноттар мен монеталар жасаған адамдар заңмен құдаланады.

Халықаралық кредит қаражаттары айналымына келсек, бұл мәселеде Қазақстан үйлестірген халықаралық нормаларды соның ішінде Женева конвенциясын басшылыққа алады.

ҚР-дағы банктер мен есептеу орталығындағы құжаттар айналымы ¥лттық банктің «Бұрынғы одақтас республикалар банктері арасындағы есептеулерді ұйымдастыру туралы» ережелеріне сәйкес атқарылалады.

Қазақстанның валюталық жүйесінің тағы бір элементі халықаралық валюта өтімділігін реттеу болып табылады.

Халықаралық валюта өтімділігі дегеніміз-елдің халықаралық міңцеттемелерін кредиторға ұнамды төлем қаражаттары арқылы дер кезінде төлеу мүмкіндігі. Халықаралық валюта өтімділігі қысқаша айтқанда елдің төлем қабілетінің көрсеткіші.

Қазақстан Республикасы банк жүйесін бұдан былайғы реформалау. ¥лттық Банктің бағдарламасына сәйкес валюталық рыноктың банкаралық рыногын тереңдету форвардтық валюта келісімдерін кеңейту мен валюта рыногын хеджирлеу аспаптарын дамыту бағытында өрістемек. Мұның өзі шетелдік инвесторлардың мүддесін қорғау және олар үшін қолайлы ахуал орнықтыру ісінде маңызды қадам болары даусыз.

Қолма-қол шетел валютасы саудаланатын ішкі рыноктың даму банктен тыс айырбастау пунктерінің әрекетіне бақылауды күшейту бағытында жүргізіледі.

Ұлттық Банктің интервенциялары валюта бағамының қысқа мерзімді шайқалуларын тоқтатумен шектеліп ақша базасының негізгі параметрлерін сақтау кажеттіліктері шеңберінен шықпайтын болады.Сонымен қатар, айырбас бағамына қатысты саясат бәсекелікті арттыру бағытында экспортты мейлінше дамыту және елдің импортты алмастыратын салаларын ынталандыру мақсатында өрбиді.

¥лттық банк өзінің негізгі сатып алушы рөлін сақтап қалдыдек ғана бурын Қаржы министірлігі төлеген 20 проценттік қосылған құнға салық ұлттық банктың шығындарына жатқызылды. Мұның өзі, әрине, ¥лттық банктың ішкі рыноктағы әрекеттеріне бірқатар кедергі жасайтыны да рас еді.

¥лттық банктің лицензиялары Халықтық банкке, Туран әлем банкіне, Казкаммерцбанкіне, Центркредит банкіне берілген. Лицензия алуға дәмесі бар бірқатар коммерциялық банктердің өтініші қарастырылуы үстінде.

2.2. Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүргізу ережелері және реттеу органдары

Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүргізу тәртібін 2001 жылғы 21 сәуірдегі ҚР ¥лттық Банкі бекіткен «Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргізу ережесі» реттейді.

Қазақстан Республика аумағында резиденттер мен резидент еместер жүргізетін валюта операцияларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктік нормативті-құқықтық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда уәкілетті банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын уәкілетті ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Резиденттер мен резидент еместер уәкілетті банктердегі банктік есепшоттық ¥лттық Банктің нормативті-құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен ашады, жүргізеді және жабады. Резидент және резидент емес валюта операцияларын жүзеге асы-рылған кезде, уәкілетті банкке Қазақстан Республикасынның валюта заңнамасына сәйкес ұсынылатын талап етілген құжаттарды беруге міндетті. Осы ережеде және ¥лттық Банктің басқа да нормативтік-құқықтық актілерінде көзддалген жағдайларды қоспағанда резидент және резидент емес мұндай құжаттарды бермесе, уәкілетті банк олардың төлемдерін немесе ақша аударымын жүзеге асыруға құқылы емес.

Резидент ¥лттық Банктің лицензиясын және тіркеу куәлігінің болуы талап етілетін валюта операциялар бойынша төлем жасаған немесе ақша аударған кезде, резидент уәкілетті банкке осындай лицензиясының және тіркеу куәлігінің тұпнұсқалары мен натариат куәландырған көшірмелерін ұсынуға міндетті.Берілген құжаттар тексерілгеннен кейін олардың көшірмелері уәкілетті банкте қалады.ал тұпнұсқалары резидентке қайтарылады.

Резиденттер арасында операциялар бойынша барлық төлемдермен ақша аударымдары валюта операциялары валюта операцияларын жүргізу Ережесінде, ¥лттық Банктің басқа да нормативті-құқықтық актілерінде салық және кеден заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда. Қазақстан Республикасында ұлттық валютасымен ғана жүргізілуі тиіс. Уәкілетті банктер резиденттерінің және резидент еместердің валюталық операцияларды жүргізу жөнінде банктік қызметке арқылы траптардың келісуі арқылы ұлттық валютамен немесе шетел валютасымен алады. Резиденттер арасында жасалған шарттар бойынша, оның ішінде банктік қызмет көрсету көзделген шарттар бойынша тұрақсыздық ойынпұлдары (өсімпұлдары) ұлттық валютамен төленеді.

Төлем карточкаларын пайдалана отырып,валюта операцияларын жүргізу тәртібі осындай қатнастарды реттейтін Ұлттық Банктің нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленеді.

Валюталық реттеу қызметін жүзеге асыратыннегізгі орган – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.Оның өзіндік.дара құқықтық дәрежесі бар және валюталық мәселелерді шешетін,сондай-ақ нормативтік актілерді талап жасайтын орган болуымен қатар, өзінің валюталық операцияларын жүзеге асырылатын жанама ретеу органы екендігімен органы екендігімен де анықталады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі біртұтас мемлекеттік саясатын үйлестірілетін және бақылайтын үйлестіретін және бақылайтын басты атқарушы орган.

Министірлік өзінің қызметін атқаруда ҚР-сы конституциясы мен заңдарын Президент Жарлықтарын басшылыққа алады.

ҚР-сы ¥лттық банкі өз әрекеттерінде ҚР-сы Конституциясын Президкнттің заң күші бар «ҚР-дағы банктер және банк қызметі туралы «1995 жылдың 31 тамызындағы және Президенттің заң күші бар «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі туралы» 1995 жылдың 30 наурызындағы және 1997 жылдың 11 маусымда қабылданған Қазақстан Республикасының «ҚР-ның банктік қызметтері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгертулер мен қосымшалар кіргізу туралы» Заңын басшылыққа алады.

¥лттық банк өз міндеттеріне сәйкес барлық банктердің орындауы міндетті нормативтік-құқықтық актілер шығарады. ¥лттық банктің негізгі міндетіне ҚР-сы ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету ісі жатады.

Валюталық реттеу саласында ¥лттық банк шетелдік валюталар мен құнды қағаздың ҚР-дағы айналым өрісі мен тәртібін белгілейді, сондай-ақ резиденттер мен резидент еместердің валюталық операцияларын жүргізудің ережелерін бекітеді.

¥лттық банк валюталық құндылықтарды алып кету тәртібі мен нормаларын орнықтырады, сондай-ақ қолма-қол ұлттық валютаны әкелу мен әкетуді және ұлттық валютадағы төлем құралдарының қозғалысын қадағалайды.

¥лттық банк банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүргізуші басқа банктер мен ұйымдарға лицензия беру тәртібін бекітіп,оны беруді ұйымдастырады. Валюталық заңцарды бұзғаны үшін банктерден берілген лицензияларды қайта шақырып алады.

¥лттық банк халықаралық есеп айырысуларды ұйымдастырады, шетелдермен валюта-қаржылық және кредит-есептесу қатынастарын жетілдіреді шетелден кредиттер келтіру мәселесінің шешімін ұсынады т.с.с.

¥лттық банктің маңызды қызметтерінің бірі – ұлттық валюта бағамын шетелдік валютаға қатысты реттеу қызметі.

¥лттық банктің алтын-валюта резервтері қазақстандық теңгенің тұрақтылығының қамтамасыз етуі тиіс. 2003 жылдың қараша айында Қазақстанның ұлттық валюта енгізгеннен он бес жыл толды. Бұл жылдар егеменді Қазақстандық Ұлттық банкінің орталық банкі ретенде қалыптасу және даму жылдары болады.Оның мәні айтарлықтай өзгереді. ¥лттық банк Үкіметтен және Парламенттен тәуелсіз негізгі реттеуші бақылаушы органның міндетін күшейте түсті.

¥лттық банк Қазақстан Республикасының Президентіне есеп береді.Қазақстан ¥лттық банкінің жоғары басқару органы- басқарма, оның құрамына төраға мен оның орынбасарларынан басқа Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің өкілдеріне кіреді.

Қазақстан Республикасының банк жүйесі екі деңгейден тұрады. ¥лттық банк банк жүйесінің жоғары (бірінші) деңгейі болып табылады. Банк жүйесінің екінші деңгейіне негізінен комерциялық банктер жатады.

1993-94 жылдары инфляцияның жоғары деңгейде болған кезінде ¥лттық банк еркін айырбас бағамы режимін ұстанып және реттеу құралдарын жетілдіре отырып.қатаң ақша-кредит саясатын жүргізді. Осындай ақша-кредит және валюта саясаты ¥лттық банктің инфляция қарқынын және теңгенің құнсыздану қарқының төмендетіп оң нәтижелерге жетуіне мүмкіндік береді.

ҚР-сының жеткілікті әкімшілік-аумақтық әкілетті және атқарушы органдарына арнайы экономикалық аумақтардың әкімшіліктеріне,сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдарға қандай бір нысанда болмасын шеттен зайымдар келтіруге тыйым салынған.

Мемлекеттік кредиттер қайтарымды және мақсатты негізде жүзеге асырылады. Кредиттік қаржылардың мақсатты тексереді.

Мемлекеттік емес зайымдарды ҚР-сының резиденттері белгіленген шектеулер шенгінде дербес және қажетті көлемде алып пайдалана береді. Мемлекеттік емес сыртқы зайымдар ҚР-сының мемлекеттік кепілдігімен де келтірілуіне мүмкіндіктер бар.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктері тиісті қаржылық жылға республикалық бюджет құрамында бекітілген лимит шегінде беріледі.

ҚР-сының мемлекеттік кепілдіктері Үкіметтің жыл сайын бекітетін экономиканың басым секторлары тізбесіне сәйкес қарастырылып береді. Кепілдік беру туралы келісім-шарт тараптар қол қойған күннен бастап өз күшіне кіреді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктерінің барлығы да тіркеуден өтуі қажет.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта келгенде, халықаралық валюталар қатынастар – ұлттық шаруашылықтарының қызметкерлерінің нәтижесінен өзара қызмет ететін және әлемдік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасқан қоғамдық қатынастар жиынтығын білдіреді.

Халықаралық валюта қатынастары шаруашылық байланыстарының интернационалдануы негізінде бірте-бірте белгілі бір формаларды иемдене бастады. Нәтижесінде валюталық жүйе қалыптасты.

Валюталық жүйе дегеніміз – ұлттық заңдылықтармен немесе мемлекет аралық келісім шарттарымен бекітілетін валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасын білдіреді.

Валюталық жүйелер 3 түрге бөлінеді:

  1. ¥лттық валюталық жүйе;
  2. Дүниежүзілік валюталық жүйе;
  3. Аймақтық немесе мемлекет аралық валюталық жүйе

Валюталық рыноктарда валюталық операциялады жүргізуге халықаралық сауда мен оған байланысты көрсетілген қызметтер және халықаралық капиталдар мен несиелер қозғалысы негіз болып табылады.

Валюталық бағам дегеніміз – бұл бір елдің ақша бірлігінің басқа бір елдің ақша бірліктеріне бейнеленген бағасы. Әрбір елдің ұлттық валюталарын салыстыру оларды өндіріс және айырбас процесінде пайда болатын объективті құндық қатнастарына негізделеді. Валюталық бағамы валюталарға сұраныс пен ұсынысқа ықпал етуші көптеген факторларға байланысты өзгереді.

Тауарлармен, қызметтермен саудаласқанда, капиталдар мен несиелердің қозғалысы кезінде, дүниежүзілік және ұлттық рыноктардың бағаларын сонымен бірге әр алуан елдердің ұлттық немесе шетелдік валюталарға шаққандағы құндық көрсеткіштерді салыстырған құндық көрсеткіштерді салыстырған уақытта валюталық бағам аса қажет.

¥лттық валюта жүйесі дүниежүзілік валюта жүйесінің құрылымдық принциптеріне сәйкес қалыптасты. Ұлттық валюта жүйесінің негізін осы мемлекеттің заңымен бекітілген ақша бірлігі құрайды. Қазақстанның ұлттық валютасы Елтаңбасының 1993 жылға 12 қарашасындағы «Қазақстан ұлттық валютасын енгізу туралы» жарлығы негізінде 1993 жылдың 15 қарашасынан бастап айналымға теңге еңгізілді.

Қазақстан дүниежүзілік шаруашылыққа интеграциялануға ұмтылысы оның халықаралық валюта-қаржы және несие қатнастарына белсенді түрде қатысуын талап етеді. Еліміздің бүгінгі таңдағы негізгі валюталық саясаты теңге құнының тұрақтылығын орнықтыру және оны еркін ауысатын валюталарға айырбастауды мейлінше ырықтандыру.

Қазақстан 1992 жылдың шілдесінде Халықаралық валюта қорға мүше болып кіргеннен бастап өзінің валюта қатынастарын «Ямайка» валюта жүйесінің құрылымдық қағидалармен қордың жарғысына сәйкес қалыптастыруда. Валюта қатынастарын ұйымдастырушы үшін 1993 жылдың 14 сәуірінде «Валюта реттеу туралы» ҚР-ның алғашқы заңы қабылданды. Ол кезде Қазақстан Кеңес экономикасы аймағында болғандықтан шетелдермен жеке валюталық байланыстар жоқтың қасында болатын. Қабылданған заң бойынша валютаны ырқына жіберу деңгейіне сәйкес келіп кейбір жағдайларда байланысты дамып келе жатқан валюта қатынастарына тіпті қарама – қайшы сипатта болды. 1996 жылы 24 желтоқсанда Қазақстанда «Валюталық реттеу туралы» жаңадан заң қабылданды.

Қазақстанның дүниежүзілік шаруашылыққа интеграциялануына ұмтылыстарына қарыз капиталының дүниежүзілік рыногына шығуына, портфелдік және тікелей инвестициялар операцияларына қатысуына мол мүмкіндіктер береді.

ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІ3ІМІ:

  1. Аникии А. В. Адам Смит. М.: Молодая гвардия, 1968.
  2. Блауг М. Экономическая мысль в ретроспектяве. М.: «Дело Лтд/ 1994.
  3. Жид. Ш. Рист. Ш. История экономических учений. М.: Экономика, 1995.
  4. Кондратьев Н. Д. Избр. соч., М.: Экономика. 1993.
  5. РоббинсЛ. Предмет политической теории //ТНЕSIS. Зима. 1993. Т.1, Вып. 1.
  6. Самуэльсон П. Экономика. В 2-х т. М.: Алгон. 1992.
  7. Смит А. Исследование о природе и причинах богатства народов. М.: Соцэкгиз. 1962.
  8. Смпт А. Исследование о природе и причинах богатства народов. 1-2 кн. // Анталогия экономической классики. М.: Эконов. 1993. т. 1.
  9. Шумпетер И. Теория экономического развития М.: Прогресс, 1982.
  10. Липкпн А. В. Юность науки. М.: Полиздат, 1985.
  11. Блат М. Экономическая мысль в ретроспективе. М.: «ДелоЛтд?1. 1994.
  12. Дроздов В. В. Франсуа Кенэ. М.: Экономика, 1988.
  13. Жид Ш., Рист Ш. История экономических учений. М.: Экономика, 1995.
  14. Кенэ Ф. Избранные экономические произведенмя. М.: Соцэкгиз, 1960.
  15. Кондратьев Н. Д. Избр. соч. М.: Экономика, 1993.

16 Леонтьев В.В. Экономические эссе. Теории, исследования, факты политика. М.. Политиздат. 1990.

  1. Мигбура Е. М Введение в историю экономической мысли. От пророков до профессоров. М.: Дело, Вит-пресс, 1996.
  2. Маркс К., Энгельс Ф. Соч. 2-е изд.Т. 20.
  3. Маркс К., Энгельс Ф. Соч. 2-е изд. Т. 26, ч. 1.
  4. Псттп В. Избранные работы: «Трактат о налогах и сборах»: и – слово мудрым»: «Разное о деньгах» М.: «Ось – 89». 1997.
  5. Петтн У. Трактат о налогах и сборах: Антология экономической классики. М.: Эконов, 1993. т. 1.
  6. Петти У. Экономические и статистические работы. М.: Соцэкгиз, 1940

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету