Валюта нарығындағы валюталық реттеудің нысаны мен әдістері

0

Жоспар
Кіріспе…………………………………………………………………………………………………..2

1. Есептің қойылымы (мақсаты, шарты)……………………………………………3
2. Мәліметтер базасын басқару жүйесі……………………………………………..3
2.1. Мәліметтер базасын құру техникасы………………………………………….5
2.3. Database Desktop көмегiмен кесте құру……………………………………….6
3. Кіру құжаты (формасы, атауы)……………………..…………………….. .8
3.1. Кесте қасиетiн анықтау………………………………………………………………9
3.2. Өрiстердi (поле) беру……………………………………………………………….12
3.3. dBase және Paradox форматының кестелері………………………………14
3.4. BDE Administrator-да мәлiметтер қоры драйверлерiн және жалған
аттарын құру және көру……………………………………………………………14
3.5. Мәлiметтер қорымен жұмыс жасайтын жобалар құру……………….16
3.6. Программалық жабдықтау………………………………………………………..17
4. Терминологиялық сөздер…………………………………………………………….20
5. Листинг……………………………………………………………………………………..21Қорытынды………………………………………………………………………………………….29
Әдебиеттер тізімі………………………………………………………………………………….30

Кіріспе
Ақпараттық жүйелер (АЖ) – экономикалық объектіні басқаруға қажетті ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өндеу және шығарып беру жүйесі. Экономиканы басқарудың әр түрлі деңгейлері мен салаларына қызмет көрсететін АЖ-ның айырмашылығына қарамай, олар келесі ерекшеліктермен сипатталады:
— экономикалық ақпараттың негізгі құрамдық өлшем бірлігін экономикалық көрсеткіштер мен құжаттарды өндеуге бағытталуымен;
— мәліметтерді үлгілік (модельдік) өңдеу мен есеп айырысу–есептеу кезеңінің байланыстылығымен;
— уақытқа қарай – экономикалық есептер мен оның шешімдерін қажетті мәліметтермен жабдықтау зәрулігімен;
— уақытша іс тәртібімен ұйымдастыру құрылымына басқарылатын жүйені қатар тізу қажеттілігімен.
Қазіргі уақытта әр түрлі мақсатта қолданылатын АЖ–ның көптеген саны қызмет етеді. Олардың бір–бірінен өзгешелігі келесі белгілермен түрлендіріледі:
— басқару объектісінің сипатымен;
— АЖ–ны тұрғызу мен жұмыс істетудің жинақталған тәжірибесімен;
— басқару және басқарылушы жүйелерінің құрылымымен;
— мәліметтерді жинауда, өткізіп беруде және өндеуде қолданылатын жабдықтармен;
— АЖ–ны басқару объектісінің жетекшілік тұрғысымен және т.б.
АЖ – бұл ақпараттық жүйелер жобасы мен акпаратты-есептеу жүйесінен (АЕЖ) тұратын күрделi жүйе.
Мұндағы АЖ жобасы – бұл АЖ-ны тұрғызу мен жұмыс iстету шешiмдерi сипаттап жазылған техникалық құжат.
Ал, АЕЖ — деп ақпараттық жүйелер жобасын жұмыс iстетуге бағытталған ұйымдастыру-техникалық кешенiң түсiнуге болады. АЕЖ мәлiметтердi жинауды, өткiзiп берудi, өңдеудi, сақтауды, жинақтап толтыруды және шығарып берудi АЖ жобасындағы шешiмдерге сәйкес қамтамасыз етедi.
АЖ-ның келесi есебi – шешiмдердi қабылдау үшiн мәлiметтердi алу. Бұл жерде шешiмдi қабылдау деп әдетте алға қойылған белгiлi-бiр мақсатқа жету жолдарының бiрiн таңдауды ұғуға болады.
Оның негiзгi есебi АЖ-ның үлкен көлемдегi жеке есептерiн қамтиды.
— жүйенiң iшiнде және сыртында болып жатқандар туралы ақпаратпен жабдықтау;
— шешiмдер ережесi туралы ақпаратпен жабдыктау (нұсқаулар, мөлшерлер, сiлтемелер, алгоритмдер және т.б);
— шешiмдердi қабылдауға, қолдануға болатындай объектiнiң ортасы туралы мәлiметтердi тiркеу, талдау және бағалау;
— басқарылатын кезеңдер барысын бақылау және басқарылатын жүйелердiң нақты күйi туралы мәлiметтердi өңдеудiң өзiн жабдықтау;
— шешiм қабылдау үшiн өңделген мәлiметтерден керектi түрдегi және қажеттi көлемдегi ақпаратты тауып алу;
— шешiмдi қабылдау үшiн әкiмшiлiк және себептiк ақпарат алу;
— қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылау.

Есептің қойылымы (мақсаты, шарты)
Бұл курстық жұмыстың программасының мақсаты – пайдаланушыға программаны қолдануға лайықты етіп құру, деректер базасын құру және онымен жұмыс істеу. Программа тақырыбы – “валюта айырбастау пункті”. Күнделікті валюта курсы туралы ақпараттарды күніне екі рет енгізу, жинақтау. -*Delphi программалық жүйесінде деректер базасын құру оңай болғандықтан мен осы программалық тілде курстық жұмысты жасадым.

Мәліметтер базасын басқару жүйесі
Мәліметтер базасы (МБ) — бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйенің (АЖ) әр түрлі тапсырмалары үшін қолданылатын сәйкестендірілген мәліметтер жиынтығы ретінде анықталады.
Мәліметтер базасын басқару теориясы жеке пән ретінде шамамен жиырмасыншы жүзжылдықтың 50-ші жылдарының басында дами бастады. Осы күнге дейін фундаметальді түсініктер жиыны белгілі — бір жүйе ретінде қалыптасқан. Осылардың бірнешеуін айтып өтейік.
Пәндік облыс деп басқару саласын ұйымдастыру және басқару кезеңдерін автоматтандыру мақсатында зерделейтін әлемнің нақты бір бөлігін айтамыз. Алдағы берілетін мәліметтерде біз ең алдымен пәндік облыстың экономика және қаржы саласымен байланысты қызуғышылықтарын көрсететін және қарастыратын боламыз.
Объект дегеніміз — мәліметтер базасында мәлімет ретінде сақталған ақпараттар жүйесінің элементін айтамыз. Кейбір жағдайларда объект негіз деп те аталады.
Объектілер класы деп — бірыңғай жинақталған қасиеттерге ие объектілер.
Атрибут – бұл объектілер қасиетінің ақпараттық түрдегі көрінісі.
Атрибут немесе атрибуттар тобы — бұл әрбір объект мәліметтерінің түйіндік элементі ретінде басқа элементтерінің негізін анықтайды.
Мәліметтер жазбасы – мәліметтердің байланысқан элементтерінің мағыналық жинағы.
Бастапқы кілт – объектінің әр данасын бірегей мағынада сәйкестендіретін атрибут немесе атрибуттар тобы.Екінші кілт деп — мағынасы объект даналарының бірнеше жазбалары үшін ғана қайталанатын атрибут немесе атрибуттар тобын айтамыз. Ең алдымен, екінші кілт жазбаларды іздеу амалдарында пайдаланылады.
Мәліметтерді базада сақтау тәртібі бірнеше жалпы қағидаларға бағынады, соның ішінде алғашқы кезекте қарастыратынымыз:

.Тұтастық және мәліметтердің қайшы келмеуі, бұдан түсінетініміз мәліметтердің физикалық сақталуы, сонымен қатар мәліметтерді дұрыс қолданбауын болдырмау, мағыналарындағы ұштастыру ұйғарымын қолдау, құрылымдық бұрмаланудан және рұқсат етілмеген деректерді алудан қорғау.

.Мәліметтердің минималды артықтығы, кез келген элемент базада бір түрмен сақталуы қажет, себебі бұл амалдардың қосарлану мүмкіндігінен қорғайды.
Мәліметтер базасын басқару жүйесі (МББЖ) – бұл мәліметтер базасымен жүргізетін операцияларды бағдармалық қамтамасыз ету.
Мәліметтер базасын басқарудың бағдармалық жүйесі .
МББЖ класына қатысты нақты бағдармалық өнімдерге қысқаша тоқталайық. Барлық жалпы деңгейде МББЖ былай бөлуімізге болады:

. профессиональды немесе өнеркәсіпті ;
. персоналды ;

Профессионалды өнекәсіпті МББЖ – күрделі экономикалық объектілерді басқарудағы автоматтандырылған жүйені жасаудың негізін көрсетеді. Осылар базасында ірі мекемелердің ақпараттары, банк пен немесе тіпті толық мағлұматтар салалардың басқару кешені құрылады.
Профессионалды МББЖ қанағаттандыратын алғашқы деңгейдегі талаптар мынадай:

.Қатар жүргізіліп отырған жұмыстарды ұйымдастырғандағы көптеген пайдаланушылар қатарын анықтау;

.Ауқымдалу, бұл дегеніміз кеңеюге пропорционалды түрде басқарудың объект жүйесінің өсу мүмкіндігін, түрлі ақпараттық және бағдармалық тұғырнамаларға тасымалдануы.

.Әр түрлідегі жинаққа қатынасты тұрақтылық, оның ішіндегі сақталған мәліметтердің жинақтылығының көп деңгейлік жүйесі.

.Сақталынған мәліметтердің қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі және оған дамыған құрылымдық жүйесінің қол жеткізілуі.
Өнеркәсіптің МББЖ бүгінгі таңда бай даму тарихы бар. Нақты атап айтқанда 70-ші жылдардың соңы мен 60-шы жылдардың басында үлкен есептік машиналар базасында құрылған МББЖ Абабас автоматтандырылған жүйелер жатады.Қазіргі уақыттағы МББЖ-ның кәсіптік өкілдері мынадай бағдармалық өнімдері: Oracle, DB2, Sybase, Informix Progress.

Oracle МББЖ негізін қалаушылар американдық зерттешілер тобы (Ларри Эллисон, Роберт Майнер және Эдвард Оутс) болып табылады. Олар осыдан жиырма жыл бұрын Relational Sorfware Inc.
Фирмасын құрып, өздерінің алдына тәжірибе жүзінде Э.Ф.Кодда мен К.Д.Дейттің жұмыстарына қойылған идеяларды жүзеге асырушы жүйе құру туралы тапсырма қойды.

Мәліметтер базасы — деп деректердің электрондық сақтаушысын айтады. Оларға қатынас, бір немесе бірнеше компьютерлер көмегімен іске асады. Әдетте деректер базасы деректерді сақтау үшін жасалады.
Мәліметтер базасы – ақпаратты сақтауды және де мәліметтерге ыңғайлы, тез кіруді қамтамасыз етеді. Мәліметтер базасы өзінен белгілі бір ережелерге сай құрылған деректер жиынтығын құрайды. Деректер базасындағы ақпарат:
— қайшылықсыз
— артықсыз
— тұтас
Мәліметтер базасын басқару жүйесі деректер базасын құруға, толтыруға, жаңартқанға, жоюға, арналған программалық жабдық болып табылады.

Мәліметтер базасының байланысы

Мәліметтер базасын құру техникасы
Қарапайым ақпараттық жүйенi құруда Delphi-дiң МБ-мен жұмыс iстеуiн қарастырайық. Бұл АЖ-нi код жазбай-ақ атқаруға болады. Барлық керектi операциялар Database Desktop, форманың конструкторы, объектiлер инспекторы көмегiмен жүзеге асады. АЖ-де жұмыс iстеу келесi басты кезеңдерден тұрады:
• МБ-ын құру;
• жоба құру;
Мәліметтер базасымен (МБ) жобадан басқа АЖ-ге есептеу жүйесi мен мәліметтер базасын басқару жүйесі (МББЖ) кiредi. Компьютер немесе компьютерлiк желi бар делiк, және олардың характеристикалары болашақ АЖ-нiң қажеттiлiктерiн өтейдi делiк. МББЖ ретiнде Delphi-дi таңдаймыз.
Қарапайым кезде МБ бiр кестеден тұрады. Егер кестелер бар болса, онда бiрiншi кезең орындалмайды. Айта кететiн жайт, Delphi-мен қоса жобаның көптеген мысалдары, сонымен қатар МБ-ның жобасы да берiледi. Осы жобаға арналған кестелердiң файлдары С:/Program Files/CommonFiles/BorlandShared/Data каталогында орналасқан.
Мәліметтердің ұйымдастыру — түріне байланысты мәліметтер базасындағы деректердің негізгі модульдері келесі түрде болады:
— иерархиялық
— желілік
— реляциялық
— объектілі–бағытталған
Иерархиялық модельде деректер ағаштәріздес (иерархиялық) құрылым түрінде беріледі. Деректердің осындай ұйымы иерархиялық реттелген ақпараттармен жұмыс жасағанда ыңғайлы, бірақ қиын логикалық байланыстармен жұмыс жасағанда иерархиялық модель әлсіз.
Желілік модельде деректер ерікті граф түрінде ұйымдастырылады. Желілік модельдің кемшілігі болып, құрылымының қаттылығы және оны ұйымдастырудың қиындылығы болып табылады. Сонымен қатар, иерархиялық және желілік модельдерінің кемшіліктерінің бірі болып, деректер құрылымының деректер базасын жобалау кезінде берілуі және деректерге қатынау барысында өзгертуге келмейді.
Объектілі–бағытталған модельде мәліметтер базасының жазбасы объект түріне беріледі. Объектілі–бағытталған модель желілік және реляциялық модель ерекшеліктерін қамтып, күрделі мәліметтер базасын құруда пайдаланылады.
Реляциялық модельде деректер кесте түрінде беріледі. Деректердің мұндай түрінде ақпараттармен жұмыс жасау ыңғайлы және ұйымдастыруға оңай.

Database Desktop көмегiмен кесте құру
Database Desktop-ты жүктейік. File / New командасын таңдау арқылы бiз келесi қосымша менюдi көре аламыз:
QBE Query Визуальды сұраныстарды құру және оларды файлға жазу
SQL File SQL-де сұраныстар жасау және оларды файлға жазу
Table Жаңа кесте құру
Table — командасын таңдап алыңыз. Төмендегi суретте көрсетiлгендей сұхбат терезесi ашылады. Сырғымалы тiзiмнен МББЖ таңдап алуға болады. Қалыпты жағдайда Paradox 7-нi таңдап алып ОК түймесін басыңыз.
Төменгi суретте көрсетiлгендей кестенiң құрлымын құрушы терезе ашылады.

Деректер базасын құрайтын кестелер қатты дискідегі каталогта тұрады. Кестелер файлдарда сақталып, бөлек құжаттарға немесе электрондық кестелерге ұқсас. Кестелерді көшіруге, орнын ауыстыруға болады. Бірақ, құжаттарға қарағанда, деректер базасының кестелері көп қолданбалы қатынау режимін қолдайды, яғни бірнеше қолданбалармен бір мезгілде қолданылуына болады. Бір кесте үшін (деректер, кілттер, индекстер т.б. құрайтын) бірнеше файлдар жасалады. Осылардың ішінде негізгісі болып кестенің атымен аталатын деректер файлы болып есептеледі. Кестені таңдағанда, әсіресе оның негізгі файлы таңдалады. Мысалы: dBase кестесі үшін кеңейтіндісі DBF болатын файл, ал Paradox кестесі үшін DB кеңейтіндісі болып табылады. Деректер базасының әрбір кестесі жолдан және бағаннан тұрады, бір типті объектілердің ақпараттық жүйелер деректерін сақтауға негізделген.
Өріс мүмкін болатын типтің деректерін қамтиды. Кестенің негізін оның өрісінің сипаты құрайды. Әрбір кестенің кем дегенде бір өрісі болуы тиіс. Кестенің құрылымдық түсінігі өте кең және оның құрамына:
— өріс сипаты
— кілт
— индекс
— өрістің мәтініне шек қою
— кестелер арсындағы біртұтастықты сақтау
— парольдер
кіреді. Кестені құрғанда кестенің аты және құрылымы беріледі. Кестенің атын өзгерткенде кесте және оның файлдары жаңа атқа ие болады. Бұл үшін деректер базасының кестелерімен жұмыс істейтін арнайы программалар қолданылады. Мысалы: DataBase немесе Data Pump. Дискіден кестені жойғанда, оның барлық файлдары да жойылады.
Ал енді мәліметтер базасымен жұмыс жасамас бұрын, біз оның каталогын құрып алайық. Ол каталог бізде D:POS. Деректер базасын құру DataBase Desktop (DBD) утилит көмегімен іске асырылады. DBD утилит көмегімен кестені құруға және оның құрылымын өзгертуге, оның біріншілік кілттерін және индекстерін, жазбалар құру және өзгертулер жасауға болады.
Жаңа кестені құру келесі команда бойынша іске асады: ПускПрограммыBorland Delphi7Database Desktop. DBD кірген мезетте жұмыс істейтін каталогты таңдап алу керек. Ол үшін DBD менюінде FileWorking Directory және көрсетілген терезеден D:POS каталогына сілтеме жасаймыз. Менің жағдайымда кестені құру үшін FileNewTable. DBD Creat Table терезесін шығарады, оның форматын таңдап алу керек.
Құрылып жатқан кестенің әрбір өрісіне бір жазба сәйкес келеді. Field Name бағанына өріс атын, Type – символ, өрісте сақталынатын мәліметтердің типін анықтайды. Size бағанына – сан қойылады, өрістің ұзындығын анықтайды, Key-«*» символы, егер бұл өріс бойынша біріншілік кілт қою керек болса.

Кiру құжаты
Кiру құжаты – бұл ақпаратты жүйелер функциясының орындалуына қажет, клавиатурадан терiлген, құжат, мәлiмет, сигнал түрiнде берiлетiн ақпарат.
Жоба екі кестеден тұрады. Ол кестенің жалпы құрылымы төменде анықталған. Кестелер валюта туралы жалпы ақпаратты жинақтайды.

Реттік нөмері Кесте өрісінің аты Кесте өрісінің шамасы
1. KodBa (валютаның коды) Alpha (мәтіндік шама)
2. Name (валютаның аты) Alpha (мәтіндік шама)

Реттік нөмері Кесте өрісінің аты Кесте өрісінің аты
1. Key (Реттік номер. Кілттік өріс) AutoIncrement (сандық шама)
2. KodBa (валютаның коды) Alpha (мәтіндік шама)
3. Data (енгізілген дата) Date (датаны көрсетеді)
4. InBal (шетелдік валюта) $-money (ақша бірлігі)
5. LocBal (жергілікті валюта) $-money (ақша бірлігі)

Кесте қасиетiн анықтау
Ендi төменгi суреттегi терезенiң оң жағына назар аударыңыздар. Ол жерде кесте қасиетi берiледi (Table properties). Жоғарғыдағы сырғымалы тiзiм.

Validity Checks – бұл қасиет кестенің мәндерінің дұрыстығын тексереді.
Оң жақтағы бөлiкте өрiстердiң мынандай характеристикаларын бере аласыз:
Required Field Бұл индекатор арқылы әр жазбада мiндеттi түрде болу керек өрiстер белгiленедi. Бiздiң мысалда бұндай өрiстер Fam, Nam, Par.
Minimum Ең кiшi мән. Бұл қасиеттi сандық өрiстерге берген пайдалы. Мысалы Year_b өрiсi үшiн.
Maximum Ең үлкен мән. Бұл қасиеттi сандық өрiстерге берген пайдалы. Мысалы Year_b өрiсi үшiн.
Default Қалыпты жағдайдағы мән. Бұл қасиеттi сандық, логикалық және кейбiр символдық өрiстерге берген пайдалы. Мысалы Year_b және Sex өрiстерi үшiн.
Picture Мәлiметтердi енгiзу шаблоны берiледi. Мысалы телефон номерi берiлген өрiске беруге болады. (# # # — # # — # #)
Assist Picture шаблонын беру үшiн сұхбат терезесiн шақырады.

Table Lookup – бұл бөлім берілген кестенің өрісін басқа көрсетіліп отырған кестенің өрісімен байланысын көрсетеді. Table Lookup-ті таңдағанннан кейін Define – аңықтау батырмасы шығады. Бұл терезеде драйверлер мен псевдонимдерді қолдана аламыз. Келесi бөлiм кестедегi бiр өрiстi келесi бiр кестедегi екiншi өрiспен байланыстырады. Table Lookup таңдап алғанда терезеде Define – анықтау кнопкасы ғана көрiнiп тұрады.

Secondary Indexes – бұл бөлім ары қарай жұмыс барысына керекті екінші индекс құруға мүмкіндік береді. Жаңа индекс құру үшін Define – анықтау батырмасын басу керек. Бұл батырманы басқанда көру диалогтық терезесі ашылады. Сырғымалы тiзiмдегi кестенiң келесi қасиетi – екiншi индекс құруға негiзделген. Сол жақ терезеде Fields мүмкiн өрiстер тiзiмi берiлген. Indexed fields екiншi индекске керек деген өрiстер тiзiмiн реттеп орналастырса болады. Сол жақ терезеден оң жақ терезеге өрiстi өткiзу үшiн оны белгiлеп алып стрелкасы бар кнопканы басу керек. Change order стрелкаларымен оң жақтағы терезедегi өрiстердiң орналасу ретiн өзгертуге болады. Index options радиокнопкалар панелi келесi характеристикаларды орнатуға мүмкiндiк бередi:
Unique Мысалы fio индексi үшiн кестеде бiрдей атпен, фамилиямен қызметшiлердiң болмауын қамтамасыз етедi.
Descending Кесте кему ретiмен реттеледi (қалыпты жағдайда өсу ретiмен орналасады).
Case Sensitive Символдардың енгiзiлу регистiрi есепке алынады.
Maintained Бұл опция белгiленулi тұрған кезде кесте өзгерген сайын индекс жаңарып отырады.

Referential Integrity – бұл бөлім әр түрлі кестелердің арасында бүтін сілтеме байланыстарды қамтамасыз ету үшін қолданылады. ала-алатын өрiс көрсетiледi. Сiлтеме денгейiндегi бүтiндiлiк бөлек кестелердегi мәлiметтердiң өзара тұрақты байланысын қамтамасыз етедi. Егер екi кесте арасында осындай байланыс орнатылса, олардың бiрi — негiзгi (аналық), екiншiсi — қосымша (көмекшi), қосымша кестеде негiзгi кестедегi кiлттiк өрiстен ғана мәндердi ала-алатын өрiс көрсетiледi. Сонымен қатар, бас кестедегі кілттік өрістің өзгерістеріне қосымша кестенің өзгеруін қамтамасыз ететін операция көрсетуге болады. Бұндай бүтін сілтеме деңгейі барлық кестелерге тән емес, бірақ Paradox 7 – де барлығы қарастырылған. Осындай байланысты орнату үшiн ең алдымен екi кесте де орналасқан жұмысшы каталогты баптау керек. Ол File / Working Directory командасы арқылы орындалады.

Password Security — бұл қасиет арқылы кестеге пароль беруге және әр өрiске немесе жалпы кестеге белгiлi бiр операцияларды жүргiзуге болатынын анықтауға болады. Define кнопкасын басу арқылы төмендегi суреттегi Password Security терезеciн ашуға болады. Ол жерде негiзгi парольдi — Master Passwords беруге болады және оны нақтылауға Verify masterpassword болады. Осыдан кейiн Auxiliary Passwords қосымша парольдар кнопкасын басу арқылы екiншi терезенi ашу керек. Current Password терезесiнде парольдi беру керек (ол алдыңғы берiлген парольдермен бiрдей болуы мiндеттi емес). Table Rights (кестеге кiру мүкiндiгi) кестеге кiру мүмкiндiгiнiң жалпы денгейiн анықтауға болды.

All Кез келген операцияларды жүргiзуге болады. Кесте құрлымын, парольдi өзгерту немесе кестенi, парольдi жою.
Insert & Delete Жазбалар үшiн кез келген операцияларды жүргiзуге болады (өзгерту, жою, енгiзу). Бiрақ кесте құрлымын өзгертуге болмайды.
Data Entry Мәлiметтердi енгiзуге, жазбаларды қоюға болады, бiрақ жазбаларды, өрiстердi жоюға және кесте құрлымын өзгертуге болмайды.
Update Кестелердi көруге болады және кiлттiк емес өрiстердi өзгертуге болады.
Read Only Кестенi тек көруге болады.

Field Rights кнопкасымен әр өрiстiң қосымша мүмкiндiгiн анықтай аламыз.
All Өрiске барлық рұхсат берiледi.
Read Only Өрiстегi мәлiметтердi тек оқуға рұхсат берiлген.
None Өрiстi көруге, редакциялауға болмайды.

Update Rule – радиобатырмалар тобы егер бас кестеде кілттік өрісті өшіргенде қосымша кестеде болатын өзгерістерді анықтайды. Егер Prohibit – ті таңдасақ, онда Database Desktop бұндай операцияны болдыртпайды. Егерде Cascade опциясы тұрса, онда кілттік өрісі бар бас кестеде өзгеріс болса, онда қосымша кестеде де өзгеріс болады. Ал егер сіз бас кестеден кілт өрісі бар жазбаны өшірсеңіз, онда қосымша кестеде сол кілттік өрісі бар жазба автоматты түрде өшеді.
Strict Referential индекстерін орнатқанда Paradox –тың алғашқы версияларына (соның ішінде Paradox for DOS) кестелердің ашылуын және бұзылуына жолбермейді. Барлық операциялар біткеннен кейін құрылған сілтеме атын беру керек.
Table Language – бұл бөлім BDE Administrator арқылы кестенің тілін көсетуге (егер көрсетілмесе) немесе анықтауға (Modify батырмасы) мүмкіндік береді.
Dependent Tables – бұл бөлім Referential Integrity сілтемелі деңгейіндегі кестелерді көруге мүмкіндік береді.
Барлық керекті құрылымдық мәліметтер кестеге еңгізілгеннен кейін Save As батырмасын басу керек, сол кезде Windows – тағы стандартты сақтау терезе шығады. Кәдімгі терезеден айырмашылығы Alias тізімнің болуында. Бұл тізімде әр түрлі мәліметтер базасының псевдонимдері бар. Сіз тізімнен керекті псевдонимді таңдап, кестені сақтайсыз.

Өрiстердi (поле) беру
Әр өрiске ең алдымен ат (Field Name) берiледi. Ол өрiс идентификаторы деп аталады және 25 символдан тұруы мүмкiн. Бос орыннан басталмауы керек (iшiнде бос орын бола бередi). Біздің мысалда ол идентификаторлар жоғарғы кестеде, екінші жолда көрсетілген. Содан кейiн өрiстiң типiн (Type) анықтау керек. Өрiс типiн тышқанның оң жақ түймешелiгiн немесе бос орын түймешесін басу арқылы контекстiк менюден таңдап алуға болады. Paradox 7 – де мынандай мүмкiн типтер бар:
Белгiленуi Размерi Тiзiмдегi белгiленуi Түсiнiктеме
А 1-255 Alpha Жолдық өрiс.
N Number Нақты сандар – 10307 –10308.
$ Money Оң және терiс сандар, Number — ден берiлу формасы мен ақша бiрлiгi символымен ерекшеленедi.
S Short Қысқа бүтiн сандар: – 32 767 ден 32 767 дейiн.
I Long Integer Үзын бүтiн сандар: -2 147 483 648 ден 2 147 483 647 дейiн.
# 0-32 BCD BCD форматтағы сандар. Жоғарғы нақтылықты қажет ететiн есептеулер үшiн пайдаланылады.
D Date Датаны көрсететiн мән.
T Time Уақытты көрсететiн мән.
@ Timestamp Датаны және уақытты сақтайтын мән.
M 1-240 Memo Ұзындығы шектелмеген мәтiндерге арналған өрiс.
F 0-240 Formatted Memo Форматталған мәтiндер сақталатын өрiс.
G Graphic .bmp форматтағы файлдағы суреттер.
O OLE OLE типтi мәлiметтер – суреттер, дыбыстар, құжаттар. Database Desktop бұл форматтарды қолдамайды. Бұл өрiстер мәнiн Paradox 7 мен Delphi жобаларында ғана көруге болады.
L Logical Логикалық өрiстер. Қалыпты жағдайда – true және false деген мәндер қабылдайды.
+ Autoincrement 1 мөлшерге өсiп отыратын ұзын бүтiн сан. Тек оқуға арналған. Өшiрiлген кезде қалған өрiстердiң мәнi өзгермейдi.
dBase кестесінің өріс типі.
Кейбiр типтерге мысалы, Alpha типiне қосымша өлшемін беру керек (Size). Ол символдардың саны. Ал кiлттiк өрiс * символы арқылы берiледi.

dBase және Paradox форматының кестелері
Delphi–дің өзіндік кестелік форматы жоқ, бірақ ол dBase және Paradox кестелерімен жұмыс істей береді. Осы кестелердің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар.
dBase кестесі персоналды компьютерлерге арналған бірінші форматтық кестелердің біріне жатады. dBase кестесінің негізгі қасиеті болып, оның қолданылуының қарапайымдылығы және көп қолданбалармен бірігіп жұмыс істеуі болып табылады.
dBase кестесі жеткілікті қарапайым және дискіде едәуір аз физикалық файлдарды сақтауда қолданылады. Файлдың кеңейтіндісіне қарап, оның құрамында қандай деректер бар екенін көруге болады.
DBF – кестелік деректер.
DBT – үлкен екілі объекті деректер, немесе BLOB – деректер (Binary Large Object)
MDX – колданба индекстер
NDX – dBase форматтық кестесін колдамайтын индекс. Осындай кестемен жұмыс істегенде программист бұны өзі өңдеу керек.
dBase кестесінде өріс аты әріптер мен сандардан құралу керек және ол әріптен басталуы керек. Аттың максимал ұзындығы 10 символдан тұрады. Атты жазғанда арнайы символ және пробел жазуға болмайды.
dBase кестесінің кемшілігі болып, оның парольдік қорғаныстың болмауы және байланыстын бақылаудың болмауы. Сондықтан программист өзі осы істерді кодтау керек.
Paradox кестесі деректер базасын құруға және онымен жұмыс істегенде ыңғайлы болып табылады.
Оның негізгі артықшылықтарын атап өтейік:
— деректердің тұтастығын
— әртүрлі типті деректерді ұсынуға арналған өрістік типті
— енгізілген деректерді тексеруді
— кестенің парольдық қорғанысын қамтамасыз етеді.

BDE Administrator-да мәлiметтер қоры драйверлерiн және жалған аттарын құру және көру
BDE Administrator программасы түрлi типтегi BDE мәлiметтер қорының жаңа драйверлерiн көруге, құруға, түзетуге мүмкiндiк бередi.
Программа терезесi екi беттен тұрады: Databases – мәлiметтер қоры, Configuration – конфигурация. Сол жақ панелде мәлiметтер қорының жалған аттарының бұтақшасын көре аласыңдар. Кез келген бiр жалған атты ерекшелеп оң жақ панелден Definition оның характеристикаларын көре аласыңдар. Paradox мәлiметтер қоры үшiн STANDART драйверi қолданылады және минималь характеристикалар: Type – драйвер аты, PATH – мәлiметтер қорына жол. PATH параметрiн ерекшелеп коп нүктелi кнопканы көремiз. Ол кнопканы басқанда жаңа каталогты таңдауға мүмкiндiк беретiн қарапайым Windows сұхбат терезесiн көремiз.
Бiздiң мысалдағы кестеге жалған ат құру үшiн Object / New командасын орындаймыз. Нәтижесiнде төмендегi сұхбат терезе ашылады. Сырғымалы тiзiмнен STANDART драйверiн таңдап алу керек. Бұл драйвер Paradox, dBASE, FoxPro кестелерiн қолдайды.

ОК кнопкасын басу арқылы сол жақтағы жалған аттар бұтақшасына жаңа жалған ат қосамыз. STANDART сөзiн өз қалауыңызша атауға болады. Path параметрiн ерекшелеп ондағы көп нүктелi кнопканы басу арқылы кесте орналасқан каталогты таңдап аламыз. Содан кейiн құрал-саймандар тақташасындағы Apply кнопкасын басамыз. Ашылған сұхбат терезесiндегi ОК кнопкасын басамыз.
BDE Administrator DELPHI қолданбасы деректер базасына қатынауды BDE (Borland DataBase Engine – Borland фирмасының деректер базасының процессоры) арқылы жүзеге асырады. BDE өзінен деректерге қатынайтын динамикалық кітапханалар және драйвер жиынтығын құрайды. BDE деректер базасымен жұмыс істейтін барлық компьютерлерге орнатылуы тиіс. Деректер базасына BDE арқылы жіберілген сұраныс, қолданушы сұрақтар деректерді алады.

 

Кіру жолы — Borland delphi – BDE Administrator – Object – New — Sandard
Осы құжаттан кейін мына батырманы басамыз.
Деректер базасымен жұмыс, ережеге сай, бірқолданушылық режимде жұмыс істейді. STANDART драйверлер үшін, әдетте Paradox деректер базасы, мінездемелер псевдонимі жиынтығы минималды болады: Type – драйвер және аты және PATH – деректер базасына жол. PATH параметрін басқанда, сіз көп нүктелі батырманы көресіз. Оны басқанда Windows–тің жаңа каталогты таңдау стандартты диалогы ашылады, ол арқылы біз керекті каталогты таңдап аламыз.
STANDART типті драйверлерді тек Paradox, dBase, FoxPro кестелері үшін қолдануға болады.
Жергілікті деректер базасына қатынау үшін BDE деректер базасының процессоры стандартты драйверлерді қолданады. Олар dBase, Paradox, FoxPro және текстік файлдарымен жұмыс жасайды. Жергілікті деректер базасын қолданғанда, желіде деректер базасына көпқолданушылық қатынауды ұйымдастыруға болады. Бұл жағдайда деректер базасының файлдары және осымен жұмыс істейтін қолданбалар желінің серверінде орналасады. Сонда әрбір қолданушы өз компьютерінде қолданбаның көшірмесі іске асады.

Мәлiметтер қорымен жұмыс жасайтын жобалар құру
Мәлiметтер қорымен жұмыс жасайтын қарапайым жоба жасап көрейiк. Paradox — та жасалған алдыңғы мысалдағы кестенi пайдаланамыз.
Жаңа жоба ашып формаға BDE кiтапханасынан Table компанентiн орналастырамыз. Сонымен қатар Data Access бетiнен мәлiметтер көзi болатын Data Source компанентiн орналастырамыз. Бұл компаненттер жобаны орындау барысында көрiнбей тұрады сондықтан оны форманың кез келген жерiне орналастыруға болады. Кестедегi мәлiметтердi көру үшiн DBGrid компанентiн Data Control бетiнен алып формаға қою керек. Осы компаненттiң Align қасиетiне alBottom мәнiн беру керек. Кестенiң жұмысын реттеушi тағы бiр қосымша компанент – Data Control бетiндегi DBNavigator компанентi. Бұл компаненттi де формаға орналастырамыз.

 

DBGrid компанентiнiң негiзгi қасиетi Data Source. DBGrid1 компанентiн ерекшелеп оның Data Source қасиетiне Data Source1 мәнiн беремiз. Data Source1 компанентiнiң Data Set қасиетiне Table1 мәнiн беру керек. DBNavigator компанентi үшiн де Data Source қасиетiне Data Source1 мәнiн беру керек.
Ендiгi кезекте Table1 компанентiн мәлiметтер қоры кестесiмен байланыстыру керек. Бұл компаненттiң негiзгi екi қасиетi бар: DatabaseName және TableName. Бiрiншi DatabaseName қасиетiн баптау керек. Сырғымалы тiзiмнен кестеге деген алғашқы мысалдарда жасаған жалған атты беру керек. Осыдан кейiн TableName қасиетiнiң мәнiн беруге болады. Мән ретiндеValut кестесiн таңдап аламыз.

Программалық жабдықтау
Программалық жабдықтау деп, ТЖЖ–ны жұмыс істетуде жабдықтайтын АЖ–ның қызметін жүзеге асыратын программалардың бірігуін үғуға болады. Ол математикалық жабдықтау негізінде құрастырылып және оның нақты «жұмыс істейтін» пішіні болады. Программалық жабдықтау екі бөлімнен тұрады: жалпы программалық жабдықтау, арнаулы программалық жабдықтау.

Жалпы программалық жабдықтау – бұл жабдықтаудың кең көлемдегі қолданушыларға есептелген және ақпаратты өңдеу есебінде жиі кездесетін, есептеу кезеңінің «және–немесе» шешімін ұйымдастыруға арналған программалардың бірігуін бейнелейтін АЖ–ны программалық жабдықтаудың бөлімі.
Амалдық (операциялық) жүйе – ол есептеу кезеңін тиімді ұйымдастырып және есептеу жүйесінің қорларын (жедел жадыны, процессорды, арналарды және т.б.) тиімді тиеуді орындайды. Бұл жүйеге амалдық жүйелер мен жеке программалардың (драйверлердің) мүмкіндігін кеңейтетін программалар жатады.
Есептеу кезеңін ұйымдастырудың тиімділігі АЖ–ның тәсілін, оның генерациясының параметрлерін және оған тиімді қолданбалы программалар пакетін (ҚПП) қосуды үйлесімді таңдаумен жүзеге асырады. Әдетте программалық өнімді тұрғызу жабдығы бар болып отырған амалдық жүйеде қамтылмаған көптеген осы заманғы программалау жабдықтары да бар. Бұл өнімдер АЖ–дағы программалық жабдықтауда өте қажет.
Сынаққа арналған программалар (тесттер) ДЭЕМ–нің жұмыс қабілетін тексеріп, егер жөндеу қажет болса, оны анықтап, машинаның немесе жүйе жұмысының ақауына ат қойып (диагноз), оны шектеп тоқтатады.
Арнаулы программалық жабдықтауға ҚПП мен бөлек функцияларды орындайтын және АЖ–ның әр түрлі функционалды ішкі жүйесінің нақты есептерін шешетін программалар кіреді. ҚПП – жалпы жүйелік және функционалдық болып екі топқа бөлінеді. Мұндағы жалпы жүйелік ҚПП кез–келген АЖ–да қолданылуы мүмкін.

Мәліметтерді фильтрлеу
Table компоненті мәліметтерді бейнелеп, реттеп, түзетіп қана қоймай, оған қоса белгілі бір шарттарға сәйкес фильтрлеуге мүмкіндік береді. Фильтрация – Table компонентінің Filter, Filtred, Filter options қажеттері арқылы беріледі.
Filtred – фильтрацияны қосып, ажыратады (true, false).
Filter – өріс мәнін шектейтін жолдық түрде шартты көрсетеді.
Filter options – фильтрациялау ерекшілігін беру.
Фильтрацияны есептелінетін өрістерге қолдануға болмайды.

Мәліметтерді іздеу
Жазбаларды іздеу, белгілі — бір шарттарды қанағаттандыратын, сол жазбаға өту дегенді білдіреді. Іздеу көбінесе фильтрацияға ұқсайды, себебі іздеу процессінде белгілі шартқа сәйкес жазбаларды тексереді. Айырмашылығы тек іздеуде жазбалар саны мәліметтер жинағында өзгермейді. Ол үшін Locate және Lookup амалдары қолданылады.
Locate функциясы жолдың берілген мәнімен іздейді. Егер де іздеу шартын қанағаттандыратын жазбалар болса, онда көрсеткіш ағымдағы жазбаның басына орналасады. Ал жазба табылмаса функция True мәнін қайтарады, керісінше – False мәнін.
Options параметрі жолды іздеу барысында мін беруге рұқсат етеді. Бұл параметр көпшілік TlocateOptions-ке жатады және келесі міндерді қабылдайды:
• LoCaseInsensitive (әріп регистрі саналмайды);
• LoPartialKey (мәндердің бөліктік сәйкес келуін қабылдайды);

Терминология

МББЖ Мәлiметтер базасын басқару жүйесi.
МБ МББЖ мәлiметтерiн, объектiлерiн сақтауға арналған файл. Әдетте МБ нақты бiр қолданбалы тапсырмаға арналып құрылады.
Кесте МБ-ның негiзгi объектiсi, ақпараттың сақтаушысы. Ол өрiстен(баған) және жазбадан(жол) тұрады.
Мәлiмет Сақтауға және бiрнеше рет хабарласуға болатын нәрсе. Бұл мәтiн, сан, дата, сурет және т.б болуы мүмкiн.
Форма Мәлiметтердi экранда көрсетуге және оларды басқаруға арналған бейне.
Отчёт Мәлiметтердi печатьқа шығаруды көрсететiн бейне.
Жазба Кестедегi жол аналогы . Ол кестедегi мәлiметтердi cақтаудың , запростағы , формадағы мәлiметтердiң таңдамасының стандартты блогы болып табылады.
Өрic Delphi-дегi кесте элементi.
Кiлттiк өрiс Өрiс, оның мағынасы кестедегi бiрыңғай анықталған жазба үшiн қызмет iстейдi. Кiлттiк өрiс iздеу, әртурлi кестедегi мәлiметтердi байланыстыру және сақтауды эффектiлi түрде ұйымдастыруға көмектеседi.

Листинг
unit UMain;

interface

uses
Windows, Messages, SysUtils, Variants, Classes, Graphics, Controls, Forms,
Dialogs, StdCtrls, Mask, DBCtrls, DB, ExtCtrls, Grids, DBGrids, DBTables,
TeeProcs, TeEngine, Chart, DbChart, ActnList, Menus, ComCtrls, ToolWin,
ImgList;

type
TFrmMain = class(TForm)
MainMenu1: TMainMenu;
ActionList1: TActionList;
ImageList1: TImageList;
StatusBar1: TStatusBar;
ToolBar1: TToolBar;
TBStart: TToolButton;
TBBalut: TToolButton;
N1: TMenuItem;
MMStar: TMenuItem;
MMBalut: TMenuItem;
MMClose: TMenuItem;
MMExit: TMenuItem;
N6: TMenuItem;
N7: TMenuItem;
TBExit: TToolButton;
AcZapusk: TAction;
AcValuta: TAction;
AcClose: TAction;
AcExit: TAction;
DateTimePicker1: TDateTimePicker;
ToolButton1: TToolButton;
procedure Button1Click(Sender: TObject);
procedure AcValutaExecute(Sender: TObject);
procedure AcCloseExecute(Sender: TObject);
procedure AcExitExecute(Sender: TObject);
procedure AcZapuskExecute(Sender: TObject);
procedure FormCreate(Sender: TObject);
procedure ToolButton1Click(Sender: TObject);
procedure N7Click(Sender: TObject);
private
{ Private declarations }
public
{ Public declarations }
end;

var
FrmMain: TFrmMain;

implementation

uses Unit2, UPassw, UBalut, UDiag, UAboutBox;

{$R *.dfm}

procedure TFrmMain.Button1Click(Sender: TObject);
begin
form2.Show;
end;

procedure TFrmMain.AcValutaExecute(Sender: TObject);
begin
TFrmBalut.Create(self);
end;

procedure TFrmMain.AcCloseExecute(Sender: TObject);
begin
ActiveMDIChild.Free;
end;

procedure TFrmMain.AcExitExecute(Sender: TObject);
begin
Close;
end;

procedure TFrmMain.AcZapuskExecute(Sender: TObject);
begin
PasswordDlg.ShowModal;
end;

procedure TFrmMain.FormCreate(Sender: TObject);
begin
StatusBar1.Panels[0].Text:=’Текущая дата: ‘+DateToStr(DateTimePicker1.Date);
end;

procedure TFrmMain.ToolButton1Click(Sender: TObject);
begin
FrmDiag.ShowModal;
end;

procedure TFrmMain.N7Click(Sender: TObject);
begin
AboutBox.ShowModal;
end;

end.

unit UAboutBox;

interface

uses Windows, SysUtils, Classes, Graphics, Forms, Controls, StdCtrls,
Buttons, ExtCtrls;

type
TAboutBox = class(TForm)
Panel1: TPanel;
ProgramIcon: TImage;
ProductName: TLabel;
Version: TLabel;
Copyright: TLabel;
Comments: TLabel;
OKButton: TButton;
procedure OKButtonClick(Sender: TObject);
private
{ Private declarations }
public
{ Public declarations }
end;

var
AboutBox: TAboutBox;

implementation

uses UMain;

{$R *.dfm}

procedure TAboutBox.OKButtonClick(Sender: TObject);
begin
Close;
end;

end.

unit UPassw;

interface

uses Windows, SysUtils, Classes, Graphics, Forms, Controls, StdCtrls,
Buttons;

type
TPasswordDlg = class(TForm)
Label1: TLabel;
Password: TEdit;
OKBtn: TButton;
CancelBtn: TButton;
procedure OKBtnClick(Sender: TObject);
private
{ Private declarations }
public
{ Public declarations }
end;

var
PasswordDlg: TPasswordDlg;

implementation

uses UMain;

{$R *.dfm}

procedure TPasswordDlg.OKBtnClick(Sender: TObject);
begin
if Password.Text=’111’ then begin
FrmMain.MMStar.Enabled:=false;
FrmMain.MMBalut.Enabled:=true;
FrmMain.TBStart.Enabled:=false;
FrmMain.TBBalut.Enabled:=true;
end;
end;

end.

unit UBalut;

interface

uses
Windows, Messages, SysUtils, Variants, Classes, Graphics, Controls, Forms,
Dialogs, Grids, DBGrids, ExtCtrls, StdCtrls, Buttons, DBCtrls;

type
TFrmBalut = class(TForm)
Panel1: TPanel;
DBGrid1: TDBGrid;
BitBtn4: TBitBtn;
DBNavigator1: TDBNavigator;
procedure FormClose(Sender: TObject; var Action: TCloseAction);
procedure BitBtn4Click(Sender: TObject);
private
{ Private declarations }
public
{ Public declarations }
end;

var
FrmBalut: TFrmBalut;

implementation

uses UMain, UModul, UDiag, UDinamic;

{$R *.dfm}

procedure TFrmBalut.FormClose(Sender: TObject; var Action: TCloseAction);
begin
Action:=cafree;
end;

procedure TFrmBalut.BitBtn4Click(Sender: TObject);
begin
DataModule2.TblDinamic.Append;
FrmDinamica.DBEdit2.Text:=DataModule2.TblBalutKodBa.Value;
FrmDinamica.ShowModal;
end;
end.

unit UModul;

interface

uses
SysUtils, Classes, DB, DBTables;

type
TDataModule2 = class(TDataModule)
TblBalut: TTable;
DSBalut: TDataSource;
TblDinamic: TTable;
DSDinamic: TDataSource;
TblBalutKodBa: TStringField;
TblBalutName: TStringField;
TblDinamicKey: TAutoIncField;
TblDinamicKodB: TStringField;
TblDinamicData: TDateField;
TblDinamicInBal: TCurrencyField;
TblDinamicLocBal: TCurrencyField;
procedure DataModuleCreate(Sender: TObject);
procedure DataModuleDestroy(Sender: TObject);
private
{ Private declarations }
public
{ Public declarations }
end;

var
DataModule2: TDataModule2;

implementation

uses UBalut, UDinamic, UDiag;

{$R *.dfm}

procedure TDataModule2.DataModuleCreate(Sender: TObject);
begin
TblBalut.Open;
TblDinamic.Open;
end;

procedure TDataModule2.DataModuleDestroy(Sender: TObject);
begin
TblBalut.Close;
TblDinamic.Close;
end;

end.

unit UDinamic;
interface

uses
Windows, Messages, SysUtils, Variants, Classes, Graphics, Controls, Forms,
Dialogs, ExtCtrls, DBCtrls, StdCtrls, Mask;

type
TFrmDinamica = class(TForm)
Label1: TLabel;
DBEdit1: TDBEdit;
Label2: TLabel;
DBEdit2: TDBEdit;
Label3: TLabel;
DBEdit3: TDBEdit;
Label4: TLabel;
DBEdit4: TDBEdit;
Label5: TLabel;
DBEdit5: TDBEdit;
DBNavigator1: TDBNavigator;
private
{ Private declarations }
public
{ Public declarations }
end;

var
FrmDinamica: TFrmDinamica;

implementation

uses UBalut, UModul;

{$R *.dfm}
end.
unit UDiag;

interface

uses
Windows, Messages, SysUtils, Variants, Classes, Graphics, Controls, Forms,
Dialogs, TeEngine, Series, ExtCtrls, TeeProcs, Chart, DbChart;

type
TFrmDiag = class(TForm)
DBChart1: TDBChart;
Series2: TLineSeries;
private
{ Private declarations }
public
{ Public declarations }
end;

var
FrmDiag: TFrmDiag;

implementation

uses Unit1, UModul, UMain;

{$R *.dfm}
end.

Қорытынды
Аталмыш курстық жұмыс өз деңгейінде жазылды. Қойылған алғышарттардың барлығы орындалып, ең бастысы “валюта айырбастау пункті” тақырыбына құрылған мәліметтер базасының бүтінділігі сақталды, программа пайдаланушының кез-келген дерлік сұранысын орындауға қабілетті, барлық жүктелген операциялар (келтірілген мәліметтерді өңдеу, толықтыру,өшіру, қосу, іздеу, сұрыптау, реттеу, кескіндеу, өзгерту, т.б.) толыққанды орындалады.
Сонымен дайындалған жұмыс көздеген мақсатқа жетті — құрылған бағдарлама бойынша кез келген қолданушы “валюта айырбастау пункті” туралы мәліметтерді қолдануға мүмкіндік алады. Бағдарлама келешекте одан ары күрделендірілуге, байытылуға, қолданысқа ыңғайлы.
Бұл курстық жұмыстың студентке берген пайдасы көп болды. Студенттің өзінің іздену қабілетін арттырды десек те болады. Сонымен қатар автоматтандырылған жүйелердің еліміздегі озық оқу орындарының жұмысында маңызды рөл атқаратындығын байқадық.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. А.Я. Архангельский. Программирование в Delphi7. Москва, 2004ж.
2. А. Хомоненко, В. Гофман, Е. Мещеряков, В. Никифоров. Delphi 7. Санкт – Петербург, 2004ж.
3. С. В. Федотова. Создание Windows – приложениий в среде Delphi. Москва, 2004ж.
4. А. Я. Архангельский. Приемы программирования в Delphi. Москва, 2003ж.
5. Халықова, Бостанов, Тұрғанбаев. “Объектілі бағдарланған программалау жүйелерінің негіздері”. Алматы, 2004ж.
6. Шпак.Ю.А.- Delphi на примерах
7. Шумаков — База данных в срде Delphi
8. Баженова.И.Ю — Delphi7 самоучитель программиста
9. Сухарев.М.В. основы Delphi профессиональный подход